Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Интерактивті оқыту технологиясының элементтерін пайдалана отырып оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру" атты мақала
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Интерактивті оқыту технологиясының элементтерін пайдалана отырып оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру
С.Е.Айтжан
Алматы қаласы, Алатау ауданы №180ЖББМ
ХХІ ғасыр – ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялық мәдениет дәуірі. Ғылыми-техникалық әлеумет және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Білім сапасын жақсарта отырып, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдараламасын жүзеге асыруда біздің оқытушылар инновациялық технологиялар ішінен «Интерактивті оқыту технологиясының элементтерін пайдалана отырып студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру» тақырыбын алдық.
Бұл технологияны алудағы мақсатымыз – студенттер арасында өз ойларын еркін жеткізуге, ашық шығармашылық қарым-қатынас орнату, студенттерге білімді өз бетімен ізденуге бағыт-бағдар сілтеу, студенттерге қажетті білік-дағдыларды қалыптастыру, белсенділікті дамыту.
Мақсатқа қол жеткізу үшін алдымызға қойған міндеттеріміз:
-
Зерттеу жүргізу және жоспарлау, сабақта интерактивті оқыту технологиясынің әдіс-тәсілдерін қолдану;
-
Студенттерді өз бетімен білімді игеруге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, сыни тұрғыдан ойланып, жағдаяттарды шешуге дағдыландыру;
-
Қазіргі заманғы жаңа техникаларды қолдана білу, білімдерімен және дағдыларымен қаруландыру, оқу үрдісінде кеңінен қолдану.
Күтілетін нәтиже: еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, белсенді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын студент қалыптасады.
Ағылшын тілінен келген «interactive» сөзі де осы ұғымды білдіреді. «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді, яғни интерактивті әдістер – үйренуші мен үйретушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. [1]
Интерактивті оқыту әдістері тұлға аралық қарым-қатынасқа негізделе отырып, «Жеке тұлғаны дамытуға бағытталған» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Қазіргі таңда дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі оқыту» стилі арқылы алынған білім студенттердің жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды.
Интерактивті оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр оқытушы өз бетінше топпен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Студенттерге бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйретеді, сондай-ақ жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданады.
Интерактивті оқытудың әдістері: интерактивті лекциялар мен семинарлар, пікірталастар, ойындар тренингтер, оқытудың компьютерлік технологиялары, жұптасып жұмыс істеу, сұрақтар қоюда ынталандыру, шағын топтармен жұмыс, топпен жұмыс, пікір-таластар, жағдаяттық шығарма әдістері, презентациялар, рөлдік ойындар, блиц-сұрақтар әдісі, миға шабуыл әдісі, викториналар, мини зерттеулер, іскерлік ойындар, инсерт әдісі, анкета алу әдісі және т.б. жатады. [1]
Интерактивті оқыту білім игеру үрдісін келесідей ұйымдастыруға болады:
-
барлық студенттерге бірлескен таным үрдісіне белсене араласуға мүмкіндік жасау;
-
әрбір студенттің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірге талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау;
-
студенттер білімді өздігімен құрастыратын орта құру;
-
терең ойлану, іздену, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
-
өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
-
оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік бағытын, көзқарасын, дүниетанымын кеңейту;
-
пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу.
Бұл тұлғаның тұрақты қасиеттеріне айналып, тек студенттердің ортасында ғана орын алып қана қоймай, сонымен бірге өмірдің басқа да жақтарынан тәжірибе жинайды.
Бұдан жасайтын қорытынды интерактивті оқыту технологиясы білім игеру үрдісін ұйымдастыруда студенттердің барлығын дәріс, тәжірибелік және өзіндік жұмыс сабақтарында бірлескен таным үрдісіне белсенді араласуға, жеке студенттің өзінің үйренгені мен алған білімін ортаға салып талқылауға, өз ойларын талдауға, пікір таластыруға, өз пікірін дәлелдеу негізінде ұйымдастыруға болады.
Интерактивті әдістерді қолдану арқылы сабақ барысында студенттердің белсенділігін арттыру тиімді болады. Қазіргі кезеңдегі технологиялардың дамуы барысында оқытушылардың рөлін түбегейлі өзгерту мүмкіндігі туды, оқытушы тек қана білімді алып, жүруші ғана емес, сонымен қатар студенттердің өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі.
Әрбір оқытушы алдындағы міндет - өзі оқытатын пәнінен көкірегінде сәуле бар, талантты шәкіртті тани біліп, студент дарынын ашып, оған бағыт-бағдар беріп, оны дамыта білу.
Информатика сабағын жүргізуде дидактикалық тапсырмаларға сәйкес әдістерді таңдау өте маңызды. Сабақта қолданылып жүрген рөлдік ойындар, пікір-талас, іскерлік ойындар, студенттердің баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, дәріс, диалог, тренинг, ұжымдық-танымдық оқу, иммитация әдістері осы жоғары белсенділікті дамыту әдісінің белгілері болып табылады.
Интерактивті әдістер өте көп. Сабақ барысында қолданылатын әдістерге тоқталып кететін болсақ:
«Ыстық орындық» әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық. Бұл әдіс тез ойлануға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа баулиды.
«Ми шабуылы» – бұл әдіс, берілген сұраққа кез-келген студент жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек. «Миға шабуыл» әдісі информатика пәнін оқытуда қолдануда өте маңызды. Себебі, бұл әдісті оқытуда қолданудың нәтижесінде студенттердің пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеті дамиды, өзара қарым-қатынас деңгейі артады.
«Домино» - ойыны. Студенттердің өткен тақырыптарды қалай меңгергенін тексеру үшін сабақ беру үрдісінде дидактикалық «Инфо-домино» ойынын қолдануға болады. Бұл ойынды интерактивті тақтада электронды нұсқа түрінде немесе қағаз түрінде қолдануға болады. Топты 2-3 топқа бөліп, әр топқа тақырып бойынша домино ұсынылады. Әр топ өзінің үлестірме беттерін араластырып, доминоны сұрақтың сәйкес жауаптары бойынша құрайды. Сұрақтың жауабы сәйкес келген жағдайда ғана домино ойыны ойналады. Егер қандай да бір үлестірме бет артық қалып қойса, демек топ мүшелері бір жерден қате жібергенін білуге болады. Компьютер командаларын дұрыс әрі жылдам құрастырауға, ойлау қабілеттерін дамытуға өте ыңғайлы әдіс.
Студенттерге “Ғажайыптар алаңы” деп аталатын жұмыс түрі қатты ұнайды. Түрлі түсті айналмалы дөңгелек және балдары жазылған (мысалы, 10 балл, 20 балл). Power Point қолданбалы бағдарламасы арқылы жасалған. Дөңгелек айналып келіп қандай түске тоқтаса, сол түстің тапсырмасын орындау керек. Ол жерде сұрақ болуы мүмкін, компьютерде орындалатын тапсырма болуы мүмкін тағы сол сияқты әр түрлі оңай және күрделі тапсырмалар беріледі. Студент тапсырмаларды орындай отырып балл жинап жиналған балдың санына қарай бағаланады. Осы әдіс арқылы әрбір студенттің тақырыпты қаншалықты меңгергендігі айқын көрінеді.
«Он сұрақ!» әдісі. Оқытушы бір студентті таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы топқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (иә)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ-та пайда болды.( иә)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.( иә)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (иә)
9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)
Білемін Үйрендім Үйренгім келеді (БҮҮ) стратегиясын сабақта пайдаланудың маңызы зор. Мысалы MS Excel тақырыбында сабақ басында кестеге электрондық кесте туралы не білетінін, не үйренгісі келетінін жазады. Сабақ соңында БҮБ кестесіне қайта оралып не білгенін және не үйренгісі келетін сұрақтарды жазып, кестені толықтырады.
Рөлдік ойындар. «Дербес компьютердің құрылысы» тақырыбында студенттерге монитор, жүйелік блок, принтер, сканер, колонка, камера, флешканың атқаратын қызметтерін көрсетуді тапсырылады. Бұл әдіс студенттердің шығармашылық қабілетін, ойлау қабілетін дамытады және сөздік қорын, арттырады.
Олай болса, ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету білім алушылармен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы студенттердің ойлау қабілетін қалыптастыратын және интерактивті оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін .
Пайдаланған әдебиеттер
-
Әлімов А. Интерактивті әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Алматы -2009. -63-64 бб.
-
Молдағалиев Б., Махимова А. Сатқанова Г. Интерактивті оқыту әдістері. //Қазақстан мектебі -2006., №9.,-15-17бб.
-
Короткова М.В. Методика преподавания игр и дискусий на уроках истории. –М.Владос, 2001. -256с.