Ішкі сезімдік құбылыстардың көрініс табуы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ішкі сезімдік құбылыстардың көрініс табуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы психологияның негізгі зерттеу объектісі тұлға екенін негізге алсақ, оның мінез-құлқы мен жай-күйі де есепке алынады. Әр уақытта адам жан-дүниесіндегі сезімдерді түрлі көңіл күй сезімдері арқылы сыртқа шығарады. Көңіл күй көріністері мен олардың қалыптасуы сыртқы ортаның әсерінен туындайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ішкі сезімдік құбылыстардың көрініс табуы


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті мамандар дайындайтын жоғары оқу орны. Мемлекеттің бәсекеге қабілетті болуы білім мен ғылымның жаңа жағдайға сай өркендеуіне негіз болады. Дамудың басты кілті білім екенін ескере кетсек, көз ілеспес жылдамдықпен болып жатқан өзгерістерге сай болу біздің басты мақсатымыз. Осы тұрғыда білімге құштар студенттің ортақ қара шаңырағында «Философия және саясаттану» факультеті, «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а Жубаназарова Назираш Сулейменованың басшылығымен «Басқару психология» пәнін терең меңгерудеміз. Бұл біздің психологияны жетік білумен қатар, өз мамандығымызбен байланыстыра отырып, өз қажеттілігімізді толықтырып жатқанымызды айғақтайды. Тек теориялық білім алып ғана қоймай, практикалық тұрғыда айқындау үстіндеміз.

Жалпы психологияның негізгі зерттеу объектісі тұлға екенін негізге алсақ, оның мінез-құлқы мен жай-күйі де есепке алынады. Әр уақытта адам жан-дүниесіндегі сезімдерді түрлі көңіл күй сезімдері арқылы сыртқа шығарады. Көңіл күй көріністері мен олардың қалыптасуы сыртқы ортаның әсерінен туындайтыны белгілі. Педагог-психолог Мағжан Жұмабаев осы тұста әрбір жанның іштегі сезімі қалай да болсын сыртқа шығады, себебі жан қуанса не әлсіресе тәннен міндетті түрде көрініс табады деген болатын.

Адам эмоциясының жалпы екі түрі қалыптасқан. Бірі жағымсыз болса, енді бірі жағымды. Жағымды әсер бұл өмірден ләззат алғанда, алға қарай жылжуға өз септігін тигізсе, жағымсыз эмоция бұл өмірден түңіліп не қорыққанда, енді тіпті жалғыздықты сезінгенде қалыптасады. Эмоциялар психикалық үрдістермен, негізінен, ойлаумен, қиялмен, еспен тығыз байланысты.

Осы орайда М.Жұмабаев «адамда ішкі сезімнің ұзақ болуы – жай күйі деп аталады»,-дейді. Адам өмірден қағажу көрсе, ұзақ уақыт бойы қайғырса жан күйі де соған толы болмақ, бірақ бұл күй ұзаққа созыла қоймас.

Әдебиеттегі ақын-жазушылардың өмір-шындығын да осы адам психологиясымен ұштастыра отырып, олардың өмірден қағажу көрген тұстары аз болмағанын байқауға болады. Әрбір ақынның поэзиясы - оның жанының күбірі. Мысалы: Абай ақынның «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да, алдамаған кім қалды тірі жанда» деп жырлауы оның жақын адамдарынан сескеніп, қоғамнан күдерін біржола үзгенін байқауға болады. Ал енді Мағжан Жұмабаевтың «талпындым, түстім ізіне, оңалмады бір ісім» деген өлең жолы барлық адамның өмірде болатын сәтсіздігін көрсетеді. Адамдар ылғи да сәтсіздікке ұшырап, көздеген мақсатына жете алмаса, жанын қоярға жер таппайды. Мұндайда адамның қабағы қатыңқы, ренішті күйде жүреді. Сондықтан қазақта «Адам көңілден азады» немесе «Көңілсізден күлкі шықпас» деуі бекер емес. Адам жаны табиғатпен тығыз байланысты қамтитыны рас. Мезгіл  не қай уақыт болса да күннің  атуы мен батуы, ағаштың гүлденуі мен қурауы бар секілді өмірдің де қуанышы мен қайғысы бар екенін ақын өлеңдерінде барынша жеткізіледі. Түн – өткенді еске түсіріп, өз ойымен еркін қалып, қауырт тіршіліктен арылып, тыныштықта табиғатпен оңаша қалатын сәт. Кейде адамдар мұңын шағатын сырласы болмағандықтан, табиғат құбылысына келіп бар сыры мен шерін ақтарыла сөйлейді. Бұл апатиялық күйзеліске жатады. Адам бұл уақытта құрдастары мен ата-анасынан алшақ кетіп, оңаша өмір кешеді.

Ақын өлеңдері  адам жанының  ішкі толғаныстарын, психологиясын жеткізуші ретінде  түсінсек қателеспейміз. Адамзат баласына ортақ жек көру, күйіну, жылау, құса болу, зарығу, қамығу, налу – осының бәрі адам баласының психикалық тоқырау кезеңін сипаттайтын сезімдер.Ал, бұл сезімдер жалғыз ақынның ғана емес, күллі өзі өмір сүріп жатқан әлеуметтік ортаның хал- жағдайымен бірдей болмақ.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.

Жубаназарова Н.С

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

1-курс магистранты

Бақ С.К

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2023
148
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі