Материалдар / Ислам дінінің жағдайы және мұсылмандық білім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ислам дінінің жағдайы және мұсылмандық білім

Материал туралы қысқаша түсінік
Ресей империясының Қазақстандағы діни саясатының келесі бір бағыттарының бірі Исламдініне қатысты білім беру және діни сауаттылық жолдарын қалыптастыру мен дамыту болды. Дала өлкесі мен Түркістан өлкесінің діни мекемелерінде және арнайы оқу орындарында мұсылманша білім беру жұмыстары діни саладағы басты мәселелердің қатарынан орын алды. Ислам діні мен мұсылманша білім беру Ресей тарапынан көрсетілген әр түрлі кедергілерге қарамастан, өз бетінше дами берді. ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысы қазақтар мен басқа да түркі-мұсылман халықтары арасында діни сауат ашу орыс мектебі мен түземдіктерге арналған мұсылман мектептерімен қатар жүріп отырды.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ислам дінінің жағдайы және мұсылмандық білім

Ресей империясының Қазақстандағы діни саясатының келесі бір бағыттарының бірі Исламдініне қатысты білім беру және діни сауаттылық жолдарын қалыптастыру мен дамыту болды. Дала өлкесі мен Түркістан өлкесінің діни мекемелерінде және арнайы оқу орындарында мұсылманша білім беру жұмыстары діни саладағы басты мәселелердің қатарынан орын алды. Ислам діні мен мұсылманша білім беру Ресей тарапынан көрсетілген әр түрлі кедергілерге қарамастан, өз  бетінше дами берді. ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысы қазақтар мен басқа да түркі-мұсылман халықтары арасында діни сауат ашу орыс мектебі мен түземдіктерге арналған мұсылман мектептерімен қатар жүріп отырды.

Бұл кезеңде, Ресей билігі үшін тек қазақтар ғана емес, Шығыстағы түркі халықтарын заманауи педагогикалық үлгіде оқыту проблемасы тұрды. Бұл жерде түркі халықтарының білі мен географиялық орналасуынан бөлек діни, яғни исламдық фактор тұрды. Ол әрине, біраз қиындықтар тудырды. Осыншама үлкен географияда өмір сүрген халқы көп аймақтың халқын Ресей Заңымен және ортақ бағдарламамен оқыту өте қиын еді. дегенмен Ресей бұл мәселені шешуге кірісті. Әр түрлі шаралар жүргізілді. Жоғарыда аталғандай, Ресейді бұл кезде еуропалық педагогикадағы реформаторлық бағыт қызықтырып, Ресей билігі өзінің Шығысындағы түркі-мұсылман халықтарын қалай оқыту мәселелерін шешуге кірісті. Түркі халықтарының білімі туралы мәселе Орта Азия мен Шығыстың басқа «өзге тілді халықтары» сияқты мәдени сипатқа ие болып қана қоймай, сонымен қатар саяси тақырыпқа ие болды. Нәтижесінде, бұл мәселені терең және жан-жақты зерттеу үшін білім министрлігінің бір қызметкері Алжирге Франция үкіметі ұйымдастырған «Мұхаммед мектебіне» оқуға жіберілді. Сондай-ақ, ағылшын Үндістандағы мектептердің жағдайы туралы ақпарат алынды. Мұның бәрі тәжірибе жинақтау үшін жасалып, түркі халықтарын мұсылмандық негізде оқыту көзделді. Осылайша Ресейдегі түркі халықтары мұсылманша білім алуды жалғастыратын болды және оған тиісті педагогикалық реформалар енгізілетін болды.

«Түземдіктерді» жаңа білім беру жүйесін енгізу басқа міндеттерді де қойды. Осыған байланысты Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы Орынбор өлкесіндегі қырғыз (қазақ), башқұрт және казак мектептерін Халық ағарту министрлігінің басшылығына беру туралы өтініш жасайды. Сол кезеңде Қазан білім беру округінің сенімді өкілі «Мұхаммед мектептері (магометанские школы)» (мектептер мен медреселерді) Халық ағарту министрлігіне беру туралы ұсыныс жасады. Бұл жерде татарлар мен башқұрттардың да орнының мықтылығын айтқан орынды. Мұхаммед мектептері (магометанские школы) деген алғашқыда татарлар арасында айтылды. Татарлар Ресей империясында түркі халықтарының ішінде зайырлы және мұсылманша білім алып, педагогикалық білімнің алғашқы заманауи әдістері мен бағыттарын меңгерген халықтардың бірі болып саналады. Олар мұсылманша білім алып, мектеп пен медреселерден тәлім алды және сонымен қатар университетке де оқып зайырлы білім ала білді [69].

Мұндай дәстүр уақыт өте Дала өлкесінің халқы – қазақтарға да келіп жетті. Әуелде Батыс Сібір мен Орынбор генерал-губернаторлықтарына біріктірген қазіргі Қазақстан жерінің үлкен бөлігінің халқы мұсылманша хат танып, кейіннен медреседе білімін жалғастырды. Содан соң ЖОО-да оқуға түсе алған. Ғасырлар бойы Ислам дінінің қазақтың дүниетанымына тереңдеп енуі, әдет-ғұрпы және мәдениетімен араласып кетуі Ресей әкімшілігін қатты толғандырды. Сақтықпен болса да орыс әкімшілігінің қазақтың мәдени өміріне қол сұғуын қазақтар қаламай, оған наразылық білдіре бастады. Патша өкіметі мектеп, медресе, мешіт және басқа да діни орталықтарының ашылуына тиым салғанына қарамастан, қазақтар өз қаражаттарына мұсылмандық оқу орындарын ашты, балаларын орыс мектептеріне бермеді және аралас мектептердің ашылуына қарсы шығып, қаражат жинамады.

Мұндай қарсылықтар Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда, оңтүстігінде көптеп көрініс тапты. Сондықтан, ХІХ ғасырдың екінші жартысында мұсылман оқу орындар Оңтүстік Қазақстанда басым болды. Дегенмен орыс әкімшілігінің мұсылмандыққа қарсы атқарған шаралары, қазақтың дәстүрлі және идеологиялық қызметіне тосқауыл бола алмады. Керісінше, орыс әкімшілігі саясатының қатаюы, қазақтардың ұлттық мүддесі мен намысын қ.ғауға деген ұмтылысын одан сайын қуаттандыра түсірді. Ресей империясы Исламға қысымшылық жасаған сайын мұсылмандар бірігуін тоқтатпады. Оның бір айғағы ретінде Әндіжан көтерілісі болды. Бұл көтеріліс Оңтүстік Қазақстанға да өз әсерін тигізіп, орыс әкімшілігінің үрейін ұшырған-ды.

Сол кезде қоғам өкілдері мен белсенділер империялық биліктің әрекетін әкімшілік исламдандыру ретінде діни дүниетанымға мүлдем жат деп қабылдады. Мұсылман заңдарын ешқашан қазақтар қабылдаған емес және сыртқы бұйрықтардың бюрократиялық шешімдерімен бірге Үкіметтік бастама арқылы діни салаға және оқу жүйесіне енгізілді. Жергілікті халық арасында «Біз Исламды халықтың өзі толық қабылдамаған жерде Ресей үкіметінің нені көздейтіні білмейміз және түсіне алмаймыз. Қазақстандағы мұсылмандыққа қатысты осындай күрт қатаңдату Исламды христиан дініне ауыстыру әрекетімен қабылданды деп болжаймыз». Қысым көрсету жағдайлары бір жағынан, мұсылмандарға "христиандарға" қатысты заңнамалық актілердегі уәделерді ынталандырумен, екінші жағынан, араб графикасына тыйым салумен, мектептердің жабылуымен және басқа да радикалды шаралармен қатар жүрді. Мұсылмандыққа қарсы санкциялар тек мектептердің жабылуымен ғана емес, мешіттердің де, діни кітаптардың тәркіленуімен, Сібірге жер аудару қаупімен христиан дініне күшпен жүгінумен, орыс грамотасын міндетті түрде оқытумен қатар жүрді [70].  

1870 жылы 26 наурызда «Ресейде тұратын өзге халықтарға білім беру шаралары туралы» келесі жарлық шықты, бұл белгілі бір дәрежеде мәселенің күрделілігін төмендетіп жіберді. Онда: «Мұхамметтің дінін ұстанатын татарлардың балалары үшін және жалпы алғанда христиандар емес балалар үшін қалалық және ауылдық бастауыш мектептерде оқу курсынан өту жеңілдіктерін ескере отырып аудандық мектептер мен гимназиялардағы сияқты, Құдай Заңының сабақтарына қатысқанына қарамастан, мұндай балалардың барлығы босатылуы керек болды. Сондай-ақ қалалық, ауылдық бастауыш мектептерде шіркеу славян кітаптарын оқудан, аудандық мектептерде - шіркеу славян тілін оқудан босату керек және мұндай жеңілдіктермен басқа пәндер бойынша толық гимназия курсын сәтті аяқтаған адамдар үшін құқықтар мен артықшылықтарды шектемеу қажет» деп көрсетілді [71].

Патша үкіметінің радикалды іс-шараларының контенті жергілікті халық билікке жүгінген жағдайда, мысалы, Торғай қаласында оның жанынан орыс сыныбы бар медресе ашу туралы Шубұлақ болыстық қазақтар қоғамының қолдаухаты жағдайында неғұрлым жұмсақ іс-қимылдармен алмастырылды. Торғай мектебінің бірінші инспекторына үндеуде көршілес Орынбор және Уфа губернияларындағы осындай оқу орындарының қызметінің мысалдары келтірілді. Өтінішхатта діни ілімдерді таратқан түрлі шарлатандардың, татар-фанатиктердің және басқа да ортаазиялық көшіп келушілердің далаға тарап кетуінің жағымсыз салдарлары ерекше атап өтілді.

Аталған мекемені ашу зиянды ілімдерге оңай бой алдырған қазақ халқының адамгершілік деңгейін арттырады деп болжанған еді. Өтінішхатта медресенің ашылуы қазақ балаларының бойында Исламның дұрыс негіздерін және ең бастысы, егжей-тегжейін қалайтыны көрсетілді. Дереккөзде қосымша растау алған тән құбылыс 1868 жылы қабылданған уақытша ережелерге сәйкес діни мекемелердің қызметіне қатаң үкіметтің бақылауы болды, ол діни табынудың жаңадан келген министрлерін жоюға бағытталған. Бұл туралы Шубұлақ болыс қоғамының үндеуінде былай делінген: "қазақтардың діни-адамгершілік бастауларын орнықтырумен қатар, жақын болашақта жоғарыда аталған зиянды элементтерді кең даланың барлық бұрыштарынан толығымен ығыстыру"перспективасы бар. 1902 жылы 7035 адам тұрған Шұбұлақ болысында медреселер ғана емес, бастауыш мектептер де болған жоқ: "...жергілікті қазақ халқының жас ұрпағы осы себептен өз дінінің догмалары туралы дұрыс түсініктен айырылған болып шықты" [62, 70-71 с.].

ХІХ ғасырдың соңынан Ресей империясы қазақ даласында Исламды тарату саясатынан бас тартып, шоқындыру арқылы орыстандыру саясатына бет бұрды.  Ал бұл саясатты орыс әкімшілігі мұсылман оқу орындарын отар әкімшілігінің қарамағына өткізіп, оның дамуына шек қоюға тырысты. Қазақстанда діни мәселелерде қаталдықтың пайдасынан зияны көп екеніне көзі жеткен орыс шенеуніктері, бірден мұсылман мектептердің қызмет атқаруына тиым салудан бас тартып, мектеп медреселермен қатар, орыс-түзем мектептердің санын арттырды. Қазақ балаларының жоғары деңгейде білім алуынан шошынған Н.И. Ильминский “Түземдіктерді жоғарғы деңгейде сауатын ашу біздің жүргізіп отырған саясатымызға нұқсан келтіруі мүмкін. Тіпті, қырғыздарды біздің орта дәрежелі оқу орындарында оқыту аса қауіпті”- деп, орыс саясатының астартын мақсатын ашып берді. Осының салдарынан Түркістан өңірінде жаңа мешіттер, мектептер мен медреселерді ашуға немесе салуға бақылау орнатылды.

Маңызды факторлардың бірі ретінде ХІХ ғасырда Ресейде білім саласының реформаторы танылған Н.И. Ильминскийдің Қазақстандағы мектеп жүйесінің қалыптасуына қатысты миссионерлік қызметін атап өтуге болады. Татар және Бұхара молдаларының (Орта Азиядан көшіп келгендер) ықпалынан қорыққан ол орыс-қазақ мектептерін дамытуды талап етті. 1870 жылы оқу министрі Д.А.Толстойға ұсынылған «Қырғыздарды оқыту шаралары туралы пікір» жазбасында ол былай деп жазды: «Қырғыздардың (қазақтар) өзіндік білім беру түрлерінде және олардың мүдделері үшін мемлекет, қажет: солар арқылы бағыт татар-мұхаммедтік емес, қырғыз-орыс болсын деп көрсетті.

Сондықтан, қырғыз мектептерінде Мұхаммедтікі емес, орысша және әмбебап ақпарат пен идеяларды үйрету, сонымен қатар қырғыз тілінде емес, татар тілінде». Н.И. Ильминскийдің татар халқына қарсы болғандығы, керісінше, ол білім мен мәдениетті таратуға ұмтылған адамдарға үлкен құрметпен қарағаны жазбадан шықпайды. Ол, биліктің саясатында көрсетілгендей қазақтарды «татарландыру» мәселесіне алаңдамады, бірақ жүз пайызға жуық татарлардан тұратын «татар-мұхаммедтік білім», фанатик, реакцияшыл мұсылман дінбасыларынан алаңдады. Ескі мектепте оқыту араб тілінде жүргізілді, араб кітаптары бойынша мұғалімдер молдалар және басқа да дінбасылары болды. Оқыту схоластикалық тәсілмен, ескірген сөзбе-субъективті тәсілмен жүзеге асырылды. Мұндай жағдайда Н. Ильминскийдің қызметін қазақтың немесе басқа халықтардың қалыптасуына қарсы ниетпен байланыстыруға болмайды. Ол негізінен діни білімді қолдаған жоқ. Татарлар мен қазақтардың бірлесуіне немесе бірге оқуына да қарсы болмай, ең бастысы зайырлы білім алуды, оның ішінде ең негізгісі орыс тілін араластырып оқытуды ұсынды.


Орындаған : Бултекова Ұлжан

Жетекшісі: Нұржан Лесбекович

Почта:ulzhanbultekova@mail.ru

Телефон:+7 (700) 676-19-26


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!