Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада Жаңа Қазақстан туралы сөз қозғалады.Бұрынғы Қазақстан мен Жаңа Қазақстанды салыстырмалы түрде сипаттап,жетістіктері айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан

Тәуелсіздік алғалы бері еліміз мемлекет ретінде жаңа өмір салтына қызмет ете бастады. Ғасырлар бойғы халықтың арман, мақсаты орындалды, ата – баба алдындағы парызы өтелді. Дүниежүзілік ірі ұйымдарға мүшелікке қабылданып, ерекше қарқынмен дамып келеміз.Жаңа Қазақстан кұруды алдымызға үлкен мақсат етіп қойып,соның жолында қызмет етудеміз десем қателеспеймін.Қаншама жылдар көлемінде отаршылдықта болған қазақ елі үшін тәуелсіздік алып,өз алдына мемлекет болу және оны дамыту мен алға қарай ұмтылудың өзі жаңашылдық болды.Түсіне білген адамға қазіргі Елбасымыздың орны ерекше. Біріншіден, ол – біздің тұңғыш Президентіміз. Елді ауыр кезеңнен алып шықты. Екіншіден, мемлекет ретінде тұғыры бекіп, дүниежүзі мемлекеттерінің арасында зор беделге ие болды. Ол кісі бүгінгі күнді ғана ойлап қоймай, болашақта гүлденген Қазақстанды өркениетті елдер қатарына қосуға көп еңбек сіңіруде.

Тұңғыш президентіміздің басқаруы тұсында көптеген жаңашылдық орын алды.Мысалға алатын болсам,астананың ауысуы – тарихта алтын әріппен жазылатын үлкен тарихи оқиға. Астана қаласы біз үшін Қазақстанның жаңа айнасы. Астанамыз – болашаққа баспалдақ болуымен бірге жаңа табыстарымыздың бастауы. Мұны болашақ ұрпақ бағалай білді. Қазақстан – жаңа, рухани өркениеттің бесігі. Қазақ халқы көп қасиет шеккен халық. Біршама қиналса да, бәріне шыдап, шыңдалып өтті. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы өзінің елдігін ынтымақ пен бірліктің арқасында сақтай білді. Атам қазақ қиындықтың артынан жақсылық келеді деп бекер айтпаған. Елбасымыздың арқасында дүниежүзіне үлгі боларлықтай мемлекет дәрежесіне жетті.Ол кісі мемлекетімізді дамыту, өзге әлемдік елдерге таныту барысында көп еңбектенді.Тұңғыш президентіміздің жүргізге реформалары,басқа елдермен ынтымақтастық жасау барысындағы іс-әрекеттерінің барлығы өз жемісін жегізгенін білеміз.

Менің ойымша, жүз отыз алты ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында жиналуы да кездейсоқ емес. Мысалы, Қазақстанның байрағының түсі көк. Оның үстіне сары түсті сурет салынған. Ал көк пен сарыны араластырса – жасыл түс беретіні белгілі. Жасыл түс – ол бүкіл жер бетінің жап – жасыл гүлденген аймаққа айналуы. Жаңа дәуірдегі Қазақстанды көзге елестетсек, сіз таңғаласыз, Асан қайғының Желмаясына мініп, іздеген Жерұйығы осы тәуелсіз Қазақстан мемлекеті.Барша ауыртпашылықтар мен қиыншылықтар кезінде берілмеген,тек алға ұмтылған мемлекет!

Қазіргі тұста, мемлекет басшысы.президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың да мемлекетті жаңартуды алдына басты мақсат етіп қойғанын көре аламыз.Ол өзінің халыққа жолдауында көптеген жаңашылдықтарға үәде берген болатын. Оның ішінде заң жүйесін,партия жүйесін,депуттар жүйесі мен денсаулық сақтау және білім беру жүйелеріндегі жаңашылдықтар мен халық пайдасына сай өзгертулер бар.Біз Жаңа Қазақстан құру жолында басшымызға сенім артудамыз.Кеше ғана болған президент сайлауында жеңіске жеткен президентіміз Жаңа Қазақстанды құратынына үміттенеміз.Үміт – болашақ тірегі.Алайда, президенттер тек басқарушы,шешім кабылдаушы ретінде өз көмектерін көрсете алатынын ұмытпайық.Мемлекетіміздің жаңаруы мен болашағы оның халқына тығыз байланысты.Жаңа Қазақстанды бірге құру біздің қолымызда.Ең бастысы бірлік пен ынтымақтастықтан ажырамау деп білемін.Мемлекетімізде пандемия кезінде болған ауыр кезеңде де осы бірлігіздің арқасында шықтық деп ойлаймын.Біз мүлдем жаңа экономикалық жүйенің, демократиялық құқықтық мемлекеттің іргетасын қалыптастырып, осы заманғы қоғамдық институттарды нығайттық, өмір сапасы мен ұстындарын елеулі түрде өзгерттік.

Мелекет болғансоң әрдайым қиыншылықтар да қатар жүрері анық.Сол қиыншылықтардан басымызды тік көтеріп өтуіміз қажет.Жаңа Қазақстанды құру-бұл әлі қанаты қатая қоймаған жас тәуелсіз мемлекеттің ұлы таңдауыТәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап біз сіздермен бірге дәйектілікпен құрып жатқан Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгекеледі.Және болашақта да осы қалпымыздан таймай,берілмей,бірге жаңа мемлекетті құру мақсатымызға жетуіміз керек.Осы уақытқа дейін талмай,қайтпай келе жатқан қайсар халық ретінде бұл біздің қолымыздан келетініне сенімім мол.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2022
515
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі