жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңа ақпараттық технологиялардың маңызы
Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
№ 14 жалпы білім беретін орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Акбанова Асем Мангытбаевна
Ақпараттық жаңа технологиялардың маңызы
Білім-қазына, мызғымайтын қорған, құтқарушы құрал, пайдалы қару, өмірлік азық. Білім- Отанымызды көркейтудің сан мың жолының ең тиімдісін таңдап алуға қызмет ететін ғажайып күш. Сонымен бірге ол үнемі қолдауды, жарнамалау мен насихаттауды қажет етеді. Болашақ жастарға сапалы білім беруге байланысты Елбасымыздың «Қазіргі заманда жастарға ақпараттықтехнологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деген сөзі, қазіргі қоғамда ақпараттық технологияға білім беру жүйесінің терең бет бұруы болып отыр. Сондықтан, білім саласында жаңа заман ағымына сай жаңа ақпараттық технологиялар қолданудың маңызы зор екендігін білдіреді.
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды тиімді қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып табылады.Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи- танымдық, педагогикалық- психологиялық жан- жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болуы керек. Әр оқытушы интерактивті тақтамен жұмыс жүргізуді толвғымен меңгеруі қажет.Мен өз сабақтарымда интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын,әсерлі идеяларын тартымды етіп көрсететіндігін аңғардым.Жаңа материалдарды бірігіп талдауда маңызы зор болды.Бұл тақта арқылы оқушы жаңа ақпараттарды жеңіл түрлендіреді, жаңа нысандарды жасауға және жылжыту тиімділігіне жеткізеді. Кейбір идеяларды түсіну үшін қойылған дұрыс сұрақтар дискуссияны өрбітіп оқушылардың материалдарды жақсы түсінулеріне жетелейді. Сонымен қатар талдау жүргізуді басқара отырып пән мұғалімі оқушылардың шағын топтарға жұмыс жасауына жол сілтейді осыны басшылыққа ала отырып мен барлық оқушылардың интерактивтік тақтаға назар аударып, алдын- ала дайындалған материалдарды жеңіл түсінулеріне ықпал жасай алдым.
Сабақ беру барысында компьютерлік желілер технологияларын қолдана отырып, бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылардың компьютердің негізгі құрамымен бірге интернеттен ақпарат іздеуді меңгеру машықтығы көрінеді. Интернеттен кез келгенаудио- визуалды ақпарат алуға және оны оғайлықпен қолдануға, сонымен қатар мұғалім мен оқушы арасында ақпаратты қарым-қатынас орнатуға кең мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологияның мұғалімдерге берер мыныандай мүмкіндіктері байқалады; мұғалім үнемі ізденіс үстінде жүреді,жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады, мектептегі басқа пән мұғалімдерімен тәжірибе алмаса отырып жас мамандардың мықты маман болуына септігін тигізеді, сабақты қызықты, жүйелі түрде өткізуге машықтанады. Ал, оқушы үшін ақпараттық технологияның берер мүмкіндігі;түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан-жақты жетілдіреді,өз беттерінше тапсырмалар орындайды,тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік алады,пәнге қызығушылығы артады, үнемі ізденеді, бейнелік, сілтемелік тапсырмалар орындайды.
Мен өзімнің сабақтарымда оқытудың ұйымдастыру формаларының жеке, топтық,ұжымдық жұмыс жасау түрлерін пайдаланамын. Сабақта жақсы оқитын оқушылар компьютерге жеке тәртіптермен кезекпен жұмыс істейді. Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін деңгейлі күрделі тапсырмаларды орындайды.Мұғалім бұл уақытта топпен үйрену деңгейіндегі материалын жан- жақты зерттейді. Мұндай сабақ оқушылардың сабақтан жалығуына, босаңсуына мүмкіндік бермейді, керісінше жеке тапсырмамен жұмвс жасауға жағдай жасайды. Сонымен жаттығу тапсырмаларының саны шектелмеген үлкейді, оқушының жұмысы ұтымды екпініне жетеді, үйренудің деңгейлі жетістгіне оңай жетеді, оқушының бүкіл сабақ бойы белсенділігі мен қызығушылығы артып отыратынын көреміз.
Қазақ әдебиеті сабағында компьютерді, мультимедиялық жәнеэлектрондық оқулықтарды және интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолданған сабақтарым өте нәтижелі өтті.
Орта мерзімді жоспар негізінде 9- сынып қазақ әдебиеті «Адам жанының құпиясы» бөлімі бойынша Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы кейіпкерлер бейнесін талдау сабағымда курс барысында оқыған жеті модульді ықпалдастыра отырып тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарладым. Мақсатым:
- сабақты дәлелдер арқылы нақтылау;
- Сабақта жеті модульді тиімді пайдалану;
- Диалогтік оқыту
Сабақ ресурстарын таңдауда оқушылардың жас ерекшеліктерін сай алдым, оларды ойлануға дағдыландыру және есте сақтау қабілеті мықты дарынды оқушыларды оқыту мен оқу үшін әдіс-тәсілдер мен бағалауды қолдандым.
Осы қолданылған модульдердін көмегімен оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады деп ойлаймын. Осыған орай жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді пайдалану — ұстаз шеберлігінің белгісі болып табылады.
Тапсырмаларды тиімді шешу білу, табу, тиісті ақпарат жинау, дәлелді пікірлер айта білуді негіздей отырып сабағымда Александердің (2001,2008) диалогік оқыту теориясына сәйкес диалогтік оқыту, «INSERT» кестесі, білу, түсіну жұмыстарын жүргізу оқушының ойын дамытуға көп көмегін тигізеді деп есептедім. Әдіс- тәсілдердің нәтижесінде оқушылар көркем шығарманың идеясы мен шығарманың композициялық құрлымын аша біледі және құнды пікрлер арқылы дәлелдей алады деп ойлаймын.
Мишра мен Келер(2006) егер жаңа технологиялар оқыту мен оқуды жетілдіру үдерісін түрлендіретін болса, онда сабақтарды жоспарлау үдерісінде пәндік білім мен оқыту технологиялары сабақтасып жатуы керек дейді. Осыған сәйкес мен сабақта АКТ арқылы қажетті ақпаратты таңдап алып, автордың айтпақ ойын анықтау мақсатында салыстыру, зерттеу, жетілдіру, бірлесе отырып пікірді дәлелдеу және бағалау жұмыстарын жүргіздім. Оқушылардың танымдық және метатанымдық тапсырмаларды орындауы мен оқушылардың білімін бағалауда АКТ-ның рөлі ерекше. «Венн» диограммасы мен «Оқырмандар мен авторлар кездесуі» әдісін пайдалану тиімді деп шештім.Өйткені маңызды мәселені анықтау мен оқиғаны ой елегінен өткізу,шығарманың идеясын ашуда автор рөліне ену, шығарманың құрлымына талдау,қорытынды пікір айту, нақты пікірлермен дәлелдей білу метатанымдық дағдыларын дамытады деп ойлаймын. Эссе жазу, тест тапсырмаларын орындауға талпынады, себебі оқушылар ақпаратты жылдам өңдейді, ерекше идеялар ұсынады, өз беттерінше жұмыс жасағанды ұнатады.
Г. Гарднер «субьектілер көп қырлы зиятқa ие» деп есептейді. Сол арқылы ол көп қырлы қабілетті адaмның өзара әлсіз қарым-қатынаста болатын көптеген зияткерлік қырлары бар екенін мойындауымыз керек» деген тұжырымына сүйене отырып, сабағымды «Крест- нөл» әдісі, «Татулық сұрау», «Кестені толтыр» тапсырмаларын орындата отырып, мақсатқа жетуге негіздедім. Нәтижесінде оқушылар топтық тапсырмаларды орындау арқылы көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін дәлелді пікірлермен аша алады,өмірмен байланыстыра отырып қорытынды ой түйе алады, жан-жақты саралай алды.Кейіпкерлерге тән сипаттама бере отырып кейіпкерлердің жағымды, жағымсыз іс- әрекеттерін айта алды. Топтық тапсырмаларда оқушылар шығармадағы көркемдегіш құралдарды(фигура, троп) тауып,талдайды. Автор стиліне баға берді.
Oқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуға арналған зерттеулердің негізгі ерекшеліктері олардың оқу сабақтарын балалар үшін қызықты, тартымды және маңызды етуге бағытталуы болып табылады.
Қорыта атқанда, мұғалім оқу үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап, сабақта шебер қолдана білгенде қалаулы нәтиже береді. «Ең бірінші кезекте мұғалімнің «өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Әрбір мұғалім алдымен өзгеру қажеттілігін сезініп, жаңа ілгерілеу қадамдарын сенімді жасауы тиіс.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген