Материалдар / Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану

Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ











Мақала


Тақырыбы: Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану

















Орындаған: Түленбай А.Б









Шымкент, 2023ж.

Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану


    Жас ұрпақ-ел тірегі ертеңіміздің кепілі. Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. «Қыран - түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз - шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген.
    «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде Елбасы айтқандай ұстаздарды өз Отанын шексіз сүйетін, еліміздің болашығына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын білімді жеткеншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр.
    Қазіргі танда біздің Республикада білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігінде енуге батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсаты үйрете жүріп, үйрену.
    Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқыту әдістемесін өзгертеді.Менің биология пәнін оқытуда озық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға білім беру процесінде көмектесу. Оған: оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік жұмыстар ерекше орын алады.
Оның мақсаты: жаңа ақпараттық дамыған қоғамда оқушыларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайындау. Бұл мақсатқа жету үшін жаңа  технологияларды сабақ беру процесіне енгізу болып отыр.
Сабақта жаңа  технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.
    Педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа әдістемелерді қолдануды оқу үрдісіне енгізудің маңызы ерекше. Сабақтың тиімділігін оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін тақырып материалдарын оқып үйренуде, олардың әртүрлі ізденушілік бағыттағы тапсырмаларды орындауларынан байқауға болады. Оқытудың осындай жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануда мұғалімде, оқушыда табысқа жетіп, білімін шыңдай түседі.
    Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жанаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе . Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден де күрделі маңызды. Өйткені бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге лайық ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті мойынымызда. Барлық кедергілерді жеңу табысқа талпыну өз қолымызда деп білемін. «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпайды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп көрсетілген . Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында білім ордаларында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі мақсатын айқындап алуда, яғни «берілген үлгі бойынша өнім алу», оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру.

    Оқыту жаңа технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты оқыту процесі ретінде сипатталады. Осыған орай, бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогика ғылымы алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңа көзқарастар қалыптасуда.

    Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар ке­ңістігінде дұрыс бағытты таң­дауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа ақпа­раттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Педагог мамандарды ақпа­рат­тық-коммуникациялық техно­логия негiзiнде дайындауда ке­­лесi қағидалар негiзге алынған:
– вариативтiлiк – әрбiр бi­лiм беру қызметкерлерiнiң жа­сақ­та­ған материалдарына сәйкес бi­лiк­тiлiктi көтеру жүйесiн ба­ғыт­тайды;
– болашаққа негiзделген –күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың ба­ғытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған курстың жалпылама мақсатын анық­тайды;
– рефлексивтi-креативтi – жа­ңа ақпараттық технологиялар­ды меңгерту бiлiмдерiн ұй­ым­дас­ты­руда курстың бағыты да­ра­лық-шығармашылық негiзге бағыт­талуы қажет;
– iзгiлiктiлiк – бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап ете­дi, бiлiктiлiктi көтеру жүйе­сiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау;
– тәжiрибеге бағытталған – оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi қол­дану ой-пікірі жүзеге асырылады және нақытылы iс-әре­кет­тер бойынша тыңдаушылардың танымдық үдерістерінің өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;
– жекелеген кеңес беру – тыңдаушыларға кеңес беру ұсы­нылады.

    Білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа  технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі замандағы  технология әрбір тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүм­кіндіктер береді. Дәл осы жаңа  технология мен әрбір тұлғаның өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол бе­ретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгер­ме­лі бейімделінуі есебінен оқу үдерісінің біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүм­кіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде тұлғаның оқу үдері­сінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа бі­лім алу технологиясын түбегей­лі өзгертуді тығыз байланыстырады.
    Бiлiм берудi ақпараттан­ды­ру­дың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бi­лiм­дiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақ­па­раттық технологияны пайдала­ну­ға, Қазақстан Республика­сын­дағы ақпараттық кеңiстiктi әлем­дiк бiлiм беру кеңiстiгiмен са­бақтастыруға мүмкiндiк бередi.
Бiлiм берудi ақпараттанды­рудың негiзгi мiндеттерi:
–  ақпараттық және телеком­му­никациялық техникалық құ­ралдармен қамтамасыз ету;
–  бiлiм берудi ақпараттан­дыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
–  оқу-тәрбие үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны ен­гi­зу­дi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүр­гiзу;
– пәндер бойынша жасақта­латын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiс­темелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiл­дiру бiлiм берудi басқаруда ақ­параттық жүйенi құру;
– бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн бағдарла­ма­лық-техникалық құралдарды қам­тамасыз ету және мульти­ме­диа­лық бағдарламаларды, элек­трондық оқулықтарды жасақтау;
– педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қыз­меттерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандар­дың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі екендігі даусыз. Педагог маман­дардың біліктілігін көтеруді ақ­параттандыру, қажеттілікті шешу барысында педагог маман­дардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану, педагог мамандар­дың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Әлемдік өркениетке қадам басқан Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени да­мудағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім деңгейін, оқыту әдіснамасын же­тілдіруде тың ізденістер жа­сауға мүмкіншілік туғызып отыр­ғандықтан  алдыма мынадай мақсаттар қойдым.

жаңа  технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
– жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
– жаңа  технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;
– бiздiң елiмiздегi  жинақталған ақпарат­тық ресурстарға жедел ену;
– мультимедиалық электрон­дық оқулықтарды пайдалану.
– отандық бiлiм беру жүйе­лерiн бiртұтас әлемдiк ақпарат­тық бiлiмдiк кеңiстiкке ену ар­қылы сабақтастыру және т.б.
Қазір «Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да, қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар – өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар.
Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.
ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.
Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады.
Электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.
Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.
Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.
Осылайша жаңа технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.
Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа  технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.
Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық – коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.

Педагогикалық жаңа технология оқыту барысында жүзеге асырылатын педагогикалық жаңартылған жүйе. Жаңа технология түрлерін сабақ үдерісіне пайдалану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып,шығармашылық ,интеллектік қабілетінің дамуына ,өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.

Бүгінге дейін,әлі де қолданыста жүрген бірқатар технология түрлеріне тоқталайық:

1. Ойын технологиясы.

2. Проблемалы оқыту технологиясы.

3. Деңгейлік саралап оқыту технологиясы.

4. Жекелеп оқыту технологиясы.

5. Топтық технология.

6. Кезеңдеп оқыту технологиясы

7. Жеке пәндік педагогикалық технология.

8. Өзіндік дамыту технологиясы

9. Дамыта оқыту технологиялары.

10. Модульдік оқыту технологиясы.

11.Тірек сызбалар арқылы оқыту технологиясы

12.Жаңа педагогикалық технология (Сындарлы оқыту теориясына негізделген оқыту)

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісімен қоса орта білім беру жүйесіндегі әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым оқыту әдістемелері арасында кең тараған сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсілдер енгізілуде. Сындарлы / Конструктивный / Сonstructive - салиқалы, сабырлы, парасатты.

Сындарлы оқу / Обучение конструктивистское / Constructivist learning -

талдау, эксперимент, жетекшілік ету арқылы жүргізілетін зерттеу, тапсырмаларды шешу, ойлану сияқты белсенді зерттеу әдістерін пайдалану кезінде түсініктер мен

дағдыларды қалыптастыру арқылы оқу. Сындарлы оқу дағдылардың ықпалдасып,мәселені/проблеманы терең түсінуге көмектеседі.

Сындарлы оқыту- Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.

ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. ХХІ ғасырдағы оқушыны сапалы біліммен қамтамасыз етумен қатар мұғалімге оқушының функционалдық сауаттылығы мен өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамыту маңызды болып отыр.

Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Мұғалім оқушылардың бойына мұндай дағдыларды қалыптастыру үшін,ең алдымен өзі жан-жақты жаңа педагогикалық технология әдістерімен қарулануы тиіс.Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен шеберлікті талап етеді. Сындарлы оқыту теориясы яғни,бұл заманауи оқыту әдістемесінің негізі жеті модульді қамтиды: 1) Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, 2) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, 3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, 4) АКТ-ны қолдану, 5) Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс, 6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты білім беру және оқыту, 7) Оқытудағы басқару және көшбасшылық

(слайдпен түсіндіру)

1.Оқыту мен оқудағы тәсілдер:

«Қалай оқу керектігін үйрену» деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеялар мен әдіс-тәсілдерді оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болады. Оқыту мен оқудағы негізгі тәсілдер диалогтік оқыту және топтық жұмыс.

Топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырады. Екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Үшіншіден, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды. Бұл әдіс сонымен қатар топ болып ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауға,ойын еркін ортаға салуға, оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу, проблемаларды шешу және топ ішінде шығарманы,тапсырманы жан-жақты талдауға,уақытты үнемдеуге көмектеседі.Топтық жұмыс үш деңгейдегі және оқу,қабылдау стилдері әртүрлі оқушылар(аудиалдар,визуалдар,кинестетиктер) үшін қолайлы.ЖАДА-ны

қалыптастыруға,бір-біріне сын көзбен қарап,өзін бағалауға,кемшіліктерін көріп,саралауға септігін тигізеді.

Топтық жұмыстың тиімділігі:

Оқушылар өзара достық қатынаста болады;

Бір-бірінен сұрай отырып білімдерін жетілдіреді

Өзгелерге ойын жеткізу үшін өз шешімін дәлелдеп үйренеді;

Менен сұрап қалады-ау деп қорықпайды,топ болып жауап береді;

Уақыттары қызықты әрі тиімді өтеді.

Топтық жұмыста бос отыратын оқушы болмайды.

Диалогтік оқытудың тиімділігі:

Диалогті оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға болады.Оқушылар өзара пікірлер мен болжамдар айта отырып, бірлесе жұмыс жасайды. Жұмыс жасау барысында оқушыларға жетекші сұрақтар қойып,білімін шыңдауға,оқушының сұрақты дұрыс қоюына және топ ішінде бір-бірінің ойларына толықтырулар енгізулеріне мүмкіндік болады.Әңгімелесудің үш түрі бар,олар: -Әңгіме-дебат барысында; -Топтық әңгіме барысында; -Зерттеушілік әңгіме барысында байқалады.Әңгімелесу барысында оқушы мен мұғалім арасында жақсы қарым-қатынас орнайды.

2. Сыни тұрғыдан ойлау

Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады:

- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту;

- мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды қарастырады. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімнің өзінің оқыту және оқу тәжірибесіндегі проблемаларды анықтап, мойындауға, оларды шешудің тиімді жолдарын табуға, тәжірибеде болып жатқан өзгерістер жайлы орынды дәлелдемелерді жинап, жіктеуге және сенімді қорытындылар жасауға негізделеді.

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалаудың түрлері:

1)Оқуды бағалау

- Жиынтық(Суммативтік ) бағалау– тарау бойынша немесе тоқсандық қорытынды бағалар

2) Оқыту үшін бағалау

- Қалыптастырушы(Формативтік) бағалау – баланы оқыту үшін ынталандыру,мадақтау (ауызша,жазбаша,смайликтер арқылы т.б.)

4. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану

АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір мұғалім үшін жеке тұлға үшін қажетті өте маңызды болып табылады. Қоғамдағы ақпарттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты

дамыған,сауатты, жаңа технологияны меңгерген тұлға қалыптастыруды талап етеді. Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:

· Интерактивті тақта;

· Компьютер;

· Мультимедия;

· Интернет кеңістігі;

· Электронды оқулық;

Жаңа заманғы білім беру жүйесі жаңа міндеттерді жүктейді. Қазіргі білім берудің жаңа ақпараттық технологияларын игермейінше, сауатты, жан-жақты, білімді маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру әрбір оқытушының оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. ХХІ ғасырда АКТ-ны пайдалана алмаған адам заман ағымынан кеш қалған болып саналады.Әсіресе мұғалімдер үшін АКТ-ды қолдану өте маңызды.Кез-келген мұғалім бұл құралдармен жұмыс жасауды игеруі тиіс.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту

Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғары жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Алайда мұндай сайыстық құрылымдар талант пен қабілетті өрістетудің, барлық балалар әлеуетін дамытудың жалғыз тәсілі емес. Талантты және дарынды оқушыны анықтау, оларды дамытатын тапсырмаларды дайындау, оқушыларды шыңдау,дарындылықты дамыту мұғалімге жүктеледі.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқыту

Бұл модуль оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Алайда бұл модуль балалар дамуының оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты және де «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулімен өзара байланысты.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әдістер,тапсырмалар,

материалдар,ресурстарды дайындау.

Мәселен, түрлі жастағы балаларда байқалатын метасана деңгейі, балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы, әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі.

7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық

Шағын топтарда жұмыс жасату арқылы көшбасшылықты анықтау, оқушыны көшбасшылыққа жетелеу, баланың көшбасшылығын көре білу, үлкен топтарға көшбасшылыққа ұмтылуға бағыттау және оқытуда мұғалімнің көшбасшылығына қолдау көрсету. Мұғалімдер идеялар аясында өз тәжірибелері туралы ой-тұжырымдарға сүйене отырып өзгереді. Олар осы идеяларға сәйкес өз тәжірибелерінің жекелеген тұстарын анықтайды, зерттейді, бағалайды және дамытады.

Материалды жүктеу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ