«Жаңа технологиялық
әдіс-тәсілдерді теория мен практикада ұштастыра отырып қолдан. Біз
осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды
ойлай білетің осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра
алмаймыз.»
Н.Ә.Назарбаев
«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң,
тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда
тұрғандай» - деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің алдыңғы
қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу
саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбігейлі өзгерістер еңгізіп,
жаңа талаптар қойылып отыр.
Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Оқушылардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету – мұғалімнің басты міндеті.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» -деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімді адамдар заманның, қоғамдық дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер оқыту процесін белгілі мөлшерде дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі-баланаң оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, іздемпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Ал Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада «Е-learning» электронды оқыту жүйесі бойынша білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен оқушыларды ең жақсы білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді.
Әйгілі зерттеуші Л.С. Выготскиидің «Дәстүрлі оқыту –бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың сөңында жүрсе», жаңаша оқыту – «дамуды өзімен бірге ала жүреді» -деген болатын. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай оқытушы әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыру тиіс. Сабақты мұғалім бірсарынды өткізуі баланың пәнге деген қызығушылығын төмендетіп және білім денгейінің құлдырауына әкеп соғады. Сондықтан мұғалімге ең бастысы методикалық тұрғыдан өте бай болғаны жөн. Мұғалім әр сабағын түрлендіріп, бір сабағын екіншісіне мүлде ұқсамайтындай өткізсе оқушының ынтасы, қызығушылығы арттырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдылынады.
Қазіргі кезде жаңа
педагогикалық технологиялар түрлері көбейе түсуде. Сондықтан жаңа
технологиялардың ішінен өз қажеттісін таңдап алу – әр мұғалім үшін
жауаптылық пен іскерлікті қажет ететін еңбек. Соның ішінде сын
тұрғысынан ойлау технологиясына тоқталайық. Сын тұрғысынан ойлау
технологиясы оқушылардың таным белсенділіктері мен ойлау
қабілеттерін дамыту үшін қолдануға болады. Сын тұрғысынан ойлау
технологиясының мақсаты: білімге құштар, ой-өрісі еркін дамыған
ашық қоғам азаматтарын тәрбиелеу. Бұрынғы әдетке айналған оқу
үрдісінде мұғалімге басымдылық рөл берілісе, ал казірге
технологияларда оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оқушыны оқытпайды,
ол өздігінен оқып білім алуы керек. Сол арқылы оқушы өз қажеттігін
біліп, өз жолын таңдап, жетістікке жетуге мүмкіндік алуда. Ал,
мұғалім әр оқушының жеке қызығуын және қабілеттерін ашыға
көмектеседі. Оқушының өз бетінше еркін ойлай алуын, ой өрісін
дамытуда төмендегідей қағидаларды ұстанамыз:
- Оқушы мен оқытушы арасындағы тепе теңдік жағдай, екі тұлға да
үйренушілер, үйретушілер.
- Оқушыны өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін
құрметтеу.
- Оқушының ойлау, талдау, іздену қабілеттерін арттыру.
- Сабақта шешуші рөл атқаратын оқытушы емес, керісінше, оқушы екені
туралы пікір қалыптастыру.
- Әрбір оқушының білім дәрежесін басқа оқушымен салыстыру емес,
оқушының кешегі нәтижесін бүгінгі және ертеңгі нәтижелерімен
салыстыру арқылы даму динамикасына мониторинг құру.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ережесі:
1. Тыныштық.
2. Жылдамдық.
3. Белсенділік.
4. Ұйымшылдық.
5. Толық қатысым.
6. Уақытпен санасу.
Оқушылардан осы ереженің орындалуын талап ету қажет.
Сабақ кезеңдерінде қолданылатын стратегия: Оқушылардың таным-
белсенділігін «іске қосып» одан туындаған ойды шешуге бағыттау үшін
сол ойдың белгілі жақтары болуы керек және шығармашылық
іздестіруге, ойлануға итермелейтін бостапқы мәліметтері болуы тиіс.
Мысалы:
Кубизм
стратегиясы кубик жасалып оның 6
қырында 6 түрлі тапсырмалар жазылады:
1. Ассоциация.
2. Суреттеу.
3. Талдау.
4. Дәлелдеу.
5. Ұсыныс.
6. Салыстыру.
«Кубизм» стратегисымен сабақ өткізу үшін оқушыларды топқа бөліп
отырғызу керек.
Мысалы «Металдар» тақырыбын осы стратегиямен өткізу үшін,
тақырыптағы мағлұмат кубиктің алты қырындағы тапсырмаларға
сәйкестестендіріп қарастырылады. Әр топ кубикті лақтыру арқылы
тапсырмаларын анықтайды.
1. Ассоциация. «Металдар» сөзін естігенде көз алдыңа не елестейді?
(қызығушылық ояту)
2. Суреттеу. Металдадың физикалық қасиеттері суреттеледі.
3. Талдау. Металдардың химиялық қасиеттері талданып, реакция
теңдеулері жазылады.
4. Дәлелдеу. Металдардың шығу тарихы. Металдардың құрамын анықтап,
дәлелдеген, синтездеген ғалымдар туралы айтылады.
5. Ұсыныс. Металдардың не үшін қолданылатыны ұсынлады.
6. Салыстыру. Венн диаграммасы қолданылады, екі затты алып
салыстырады. Мысалы: Металдар мен
бейметалдар.
Эссе жазу
стратегиясы арқылы да оқушылардың
ойлау білігін арттыруға болады. Берілген тақырыптың ішкі сырын
терең түсініп, өз пікірін, ойын дұрыс жеткізіп, сабақта берілген
дәлелдемелермен бекітіп, оқылған тақырыптың негізгісін көркемдеп
жазып және сол арқылы өмір, болмыс сырын қалай түсінетіндігі
жайында ойын ашық білдіре алады.
«Білемін, білгім келеді,
үйрендім» әдісі мынадай қадамдардан
тұрады:
1. Оқушы тақырып бойынша білетін білімдерін жинайды
2. Нені білгісі келетінін жазады, сұрақ қояды, білгім келеді
бағанын толықтырады.
3. Қойылған сұрақтарға, мәтінді оқи отырып жауап береді, үйрендім
бағанын толтырады.
4. Ой толғаныс( баяндама немесе тәжірибе жасау)
Әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану, оқушыларды мәселелік жағдайға
енгізу, жалпы талқылау, топпен бірлесе жұмыс істеу және өз
мүмкіндігін ортаға салу, өзін және өзгені бағалай білу дағдысын
қалыптастыра отырып белсенді іс әрекетке тәрбиелеуге болады.
Мысалы:
Уақыт шеңбері. Бұл тәсілінің басты мақсаты: идеялар, тәжірибелер және ойлармен бөлісу. Өз-өзіңді және басқаларды түсінуді алға бастыру. Барлық оқушылар және мұғалім шеңбер құрып отырады. Сөйлеуші ғана ұстайтын зат бар/ мысалы доп/. Мұғалім Уақыт шеңберіндегі құрылымдық ережелерінің сақталуына, әр оқушының эмоциясын қорғауға және лайықты тапсырмаларды дайындауға жауапты. Уақыт шеңберінде талқылауға барлығы түгелдей қатысады, тек біреуі ғана сөйлеу керек.
Жұптық әнгіме тәсілі. Идеяларды құрастырып, белсенді тыңдап, бар ойын талқылауға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жұптарды қолдану оқушыларға сөйлесуге және үлкен топтарда өзін сенімсіз сезінетін оқушыларға көмектесуге мүмкіндік береді. Мысалы: 6 сыныпта «Гүлшоғырларын» откенде екі оқушыға бір тапсырма беріледі кеппешөптер таратылып беріп олардын гүлшоғырларын ажыратып кестеге толтыру керек.
Джигсо әдісі. Оқушылар сынып бойынша үш-төрттен орналастырылады, әр топқа дәстүрлі тасырмалар беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде беріледі. Джигсо әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсыныс, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытады.
Өкіл әдісі. Белсенді тындау, қауым алдында сөйлеу және анық баяндау, тәжірибе алмасу және өзара байланысты болу. Топтар тапсырманы орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл тұралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерің айтып береді.
Сұрақтар шеңбері . Бұл әдіс бойынша оқушылар кезектесіп сөз сөйлейді. Оқушылар төрт немесе бес адамнан тұратын топ құрайды. Өқушыларға тақырып және ол бойынша ой жинақтау үшін бірнеше минут беріледі. Содан кейін талқылау басталады, әр оқушыға үздіксіз сөйлеуге үш минут уақыт беріледі. Бұл уақытта ешкім еш нәрсе айталмайды. Әр қайсысы бір рет сөз сөйлегеннен кейін жалпы әнгіме жүргізу мақсатында шағын топтар шеңберінде сөз беріледі. Бұл кезенде оқушылардың өзінің жеке идеяларын емес, біреудің айтқандарын негізге ала отырып сөйлеуге тиіс екенінескерту керек.
Топтастыру стратегиясында мәтіннің мәнің білдіретін бірліктерің жекелеп, белгілі бір ретпен сатылаған түрде сызба нұсқа, кестелер арқылы бейнелеу. Әртүрлі жазулар арқылы оларды категорияларға біріктіріп, ерекше бөліп орналастыру арқылы кез келген нәрсені есте сақтау.
Мысалы: 6 сыныпта «Жапырақ» тақырыбын өткенде, жапырақтар жай және кұрделі болып, кұрделі жапырақтардың өзі үш құлақты, қауырсын тәрізді, саусақ салалы болып бөлінетіндігін сызба реттінде, сондаяқ 8 сыныпта «Сүйек типтерің» өткенде , 9 сыныпта «Азот қосылыстарын» өткенде кесте, семантикалық карта толтыру арқылы оқушылардын есте сақтау қабілеттерің дамытуға болады. Әр түрлі сөзжұмбақ шешу арқылы ой-өрістерің дамытуға болады.
Салыстыру стратегиясында Венн диаграммасын қолдану тиімді. Мысалы 9 сыныпа фосфор тақырыбын өткенде фосфордың аллотропиясын оқушылар оқулықпен жұмыс істеу арқылы, Венн диаграммасын толтырады.Сабақты бекіту, қорытындылау кезінде Венн диаграммасын, тест тапсырмаларын, логикалық деңгейлік есептер қолданған жөн деп санаймын.
Химия пәнінен сабақ бере отырып, оқушыларға әртүрлі тақырыпқа сай ұлттық құндылықты таба білу, оқушыға соны көрсете білу, халық педагогикасымен байланыстыра откізген дәстүрлі емес сабақтардың маңызы зор. Мұндай сабақтарды өткізу нәтижесінде оқушылардың сабаққа қызығушылықтары артып қана қоймайды, берілген материалды жан-жақты игеріп, ой-өрістері кеңіп, алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра алады. Химиялық элемент –темірді өткенде қазақ халқының темірді пайдалану дәстүрі, санаға сіңген қасиеттері туралы түсінік беру және өткен көне тарихтағы ғылыми деректерге сүйене отырып, темірдің қасиеттерің ашу мақсаты көзделді. Дәстүрлі емес сабақ нәтижесінде оқушылар химиялық элемент - темір жайлы коптеген мәліметтер алады, яғни әдебиет саласында, тарихи тұрғыдан, география және металлургия салаларынан.
Қорытынды:
Осылайша, жаңа технологиялық әдіс- тәсілдерді қолдана отырып
тапсырмаларды орындау арқылы сабақ кезеңдерінде оқушылар сабақтың
мақсат, міндетін өздері анықтайды, проблеманы шешу жолын
іздестіреді, жаңаны өздері табады, ақылдасады, кеңеседі. Аталған
әрекеттері арқылы әр оқушының проблеманы шешу, ақпараттық,
коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады, әр сабақтың өмірлік
жағдайлармен байланыстылығын түсінеді. Оқушылардың үлгерімі мен
білім сапсының жоғары болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне
байланысты. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең
алдымен оқушының оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты
ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс. Сондықтан аталған
педагогикалық технологиялар ойлау мен ұштастыра білім алуға
бағытттайтын оқыту жолы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
“Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл.
2. «Биолог анықтамалығы» педагогикалық ғылыми-танымдық журнал №1-2016ж.
3. «Химия мектепте» ғылыми –педагогикалық журнал №2 2012 ж.
4. «Биология сауаттылық негізі» журнал №1 2011ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді теория мен практикада ұштастыра қолдану

шағым қалдыра аласыз