Орта білім мазмұнын жаңарту- «өмірлік білім алудан» - «өмір бойы білім алуға», «білімді үнсіз тыңдаудан – ізденімпаздыққа», «білімнен – құзыреттілікке» жетелеу
«Балаға күштеп білім беруден гөрі,
баланың білімге деген құштарлығын ояту
ең маңызды мақсат» деген К.Д.Ушинский.

2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап республиканың 30 пилоттық мектептерінде (бірінші сыныптарда) жаңартылған оқу бағдарламалары мен жоспарларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу басталғаны мәлім. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында жасалған бағдарлама туралы сөз қозғағанда, әрине, «Не өзгерді? Неге?» деген сұрақтар туындайды.
Апробациялау міндеттерінің бірі:
- әзірленген оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешен және критериалды бағалау жүйесін енгізудің тиімділігін іс-тәжірибе жүзінде тексеру.
Өскемен қаласындағы № 39 пилот- мектеп НЗМ ДББҰ тарапынан Н.Ж Даулеткереева, Ж.А Максутова, Ж.А . Сыздықова, Г.Ш. Жанаева сынды авторлар ұсынған «Қазақ тілі» оқулығын 1- сыныптарда апробациядан өткізді. Осы мақсатта үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені интеграциялап, инновациялық білім беру моделін жүзеге асырып жатқан Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдерімен жыл көлемінде тығыз қарым- қатынаста болдық. Әріптестер бірлесе отырып осы оқыту жүйесін іске асырудың жоспарына негізделген тәжірибелерді оқып талдадық. НЗМ тарапынан өткізілген тәжірибе алмасу, бір- біріміздің сабақтарымызға қатысу, семинарлар, тренингтер пилот мектеп ұстаздарының біліктілігін арттыруға зор үлесін тигізді.
Апробациялау алаңы болып отырғандықтын тәжірибемізде кездескен кедергілер де аз болған жоқ. Себебі жаңа нәрсені бастау, оның теориясын түсініп, тәжірибемен ұштастыру қашан да болсын қиын соғатыны белгілі. Бірақ «Менің ішкі талпынысым сыртқы кедергілерге еш тәуелді болмауы керек» деп фолософ Кант айтқандай, бұл сыртқы кедергілерді өз талпынысымызбен шешуге тырыстық.
Пилот мектептегі Жаңартылған білім бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының 4 тілдік (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Әлемдік тәжірибе бойынша тілді тиімді меңгерту төрт дағды арқылы жүзеге асырылады десек, бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналасқан және бір –бірімен тығыз байланысты.
ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Қазақ тілін оқыту осы дағдылардың әрқайсысының өзіне тән ішкі дағдылары мен оны үйрету жолдарын, яғни ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді ұйымдастыру арқылы іске асты. Сабақты аталған дағдылар ерекшелігін ескеріп құру, тілді тиімді меңгеруге септігін тигізді.
М
әселен, «Аңдар» тақырыбын өткенде
сабақтың қызығушылықты
ояту бөлімінде жануарлар әлемі
жайлы 2 минуттық видеодан бастау себебіміз оқушыларға ой тастай
отырып, сабақ тақырыбына, мазмұнына талпыныс білдірулерін көздедік.
Бұл жұмыста оқушылардың нақты бір объектіге
бағытталған мақсат қойып тыңдауы мен қажетті ақпаратты алу үшін
тыңдауына қол жеткіздік. Оқушыларға сұрақтар қойылып,
сұхбатты жалғастыра отырып, сабақ тақырыбы мен мақсаты, күтілетін
нәтиже айқындалды.
Жұптық жұмыс. Жұпта аңдардың суретінен пазл құрату барысында жануарлардың, аңдардың атаулары т.б. сөзді айтқызу арқылы сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру, байқағыштық қабілетін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыстағы ақпарат оқушылардың қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтеді және оқушылардың тәжірибелік әрекет дағдыларын дамытады. Байқампаз балалар суреттерді тез атап, орналастыра білді.
Б
ағалау. Бұл жұмыс оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сай смайликтермен
бағаланды.
Жеке жұмыс. Оқушылар суреттер арқылы жаңа сөздерді жинауы үшін және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажыратып, қайда мекендейтіндерін тауып берілген суреттерді жапсыру тапсырылды.
Б
ағалау. "Сұқ саусақ"
әдісімен
Сергіту сәті. "Жануарлар шеңбері"
Оқушылар жануарлар шеңберін құрып, «Бір аңды бейнеле» ойынын ойнауда мұғалім құлағына айтқан сөздегі аңды бейнеледі. Ал қалған оқушылар ол аңды атап, аңдардың іс- әрекеттерінің сәйкес келуін тексеру керек. Шеңбердегілер бұл сөзді қатты дауыстап айтулары қажет.
Б
ұл
айтылымның мақсаты: Табиғат бұрышындағы жануарлар
мен аңдардың атын қазақ тілінде айта білуге үйрету. Суреттер
бойынша әңгімелету, “Не? Қайтті? Не істеді?” деген сұрақтарға жауап
беруге жаттықтыру, ауызша сөйлеуге үйрету, олардын қалай
дыбыстайтындары, әркеттерін іс- қимылмен
көрсеттіру.
Айтылым тілдік төрт дағдының бірі және ол жазылым сияқты продуктивті дағдылар қатарына жататындықтан, яғни тілді қолдану, сөйлеу көрініс тауып отырды.
Дәптермен жұмыс.
Д
әптердегі
тапсырмада оқушыларға "Айналадағы жануарлар" тақырыбындағы аңдардың
суреттерін өз түстеріне сай бояу ұсынылды.
Пәнаралық байланыс
Математика пәніне ғылымға кіріспе ретінде дәптердегі фигуралар қай әріптің сұлбасына және қандай математикалық пішінге ұқсайтынын айттыру арқылы іске асты.
Жазылымда берілген әріптерден жануарлардың аттарын құрастыруды, мысалы А- әрпінен басталатын аңдардың аттарын табу сияқты жұмыстар орындалды.
Кері байланыс – оқушылардың білім мен дағдыларды меңгеру деңгейін анықтайтын ең маңызды әрекет десек, бұл сабақта «Сөйлеуді тоқтатпаймыз» стратегиясымен тоқтамай 2 минут сөйлеу арқылы жасалды.
Бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендіктері «Білемін- жасыл», «толық білмеймін- сары», «білмеймін – қоңыр» түстермен парақшадағы домалақты бояу барысында бағаланды.
«Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» деген К.Д.Ушинский. Сондықтан сабақта ұйымдастырылған белсенді оқыту әдістері негізінен оқушының өздігінен білім алуына бағытталғаны жөн.
Бұл бағдарлама жетістіктері мен оны енгізудің тиімділігі:
|
|
Дәстүрлі |
Жаңартылған бағдарламада |
|
Нормативтік құжаттар |
Пән бағдарламасы, Оқу жоспары |
Үшінші құжат «Бағалауға арналған нұсқаулық» |
|
Оқу жоспары тек грамматиканы немесе ережені меңгертуге негізделген |
Оқу жоспарында әр сабақтың мақсаттары пән мазмұны мен тілдік дағдыларға негізделген |
|
|
Оқыту үрдісі |
білімді дайын қалпында беру, қайталау мен жаттауға, тек есте сақтауға негізделген |
Жеке, жұппен, топпен орындалатын белсенді әрекеттер мен әр дағдыны жетілдіруге арналған қызықты стратегияларға негізделген |
|
СТО |
ойлаудың «білу», «түсіну» деңгейлеріне ғана басты назар аударылса |
ойлаудың жоғары деңгейлері «қолдану», «талдау», «жинақтау», «бағалау» кезінде нәтижелі іс- әрекеттер жоспарлауға бағытталған |
|
Бағалау |
|
оқушының жұмысы әділдік пен нақтылықты көрсететін жетістік критерийі арқылы бағаланады |
|
Оқушы |
білім мазмұнын игеру ғана емес |
өмірде қажетті дағдыларды да меңгеріп шығады |
|
«өмірлік білім алудан» - «білімді үнсіз тыңдаудан» «білімнен» – |
«өмір бойы білім алуға» «ізденімпаздыққа» «құзыреттілікке» |
|
|
оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде үш тілді еркін меңгерген, ынталы, сенімді, өзіндік сыни көзқарасын дәлелді жеткізе алатын, барлық жерде құзырлылық таныта алатын тұлға қалыптасуына ықпал ету |
||
Бұл бағдарлама «өмірлік білім алудан» - «өмір бойы білім алуға», екіншіден, «білімді үнсіз тыңдаудан – ынталылыққа», үшіншіден «білімнен – құзыреттілікке» жетелейді.
PISA зерттеуінде ойлау, дәйектеу, мәселені қою және шешу, модельдеу, нәтижелерді ұсынудың түрлі әдістерін пайдалану секілді қабілеттер бағаланатыны аян. Оқыту үрдісі осы бағдарламамен жүргізілсе оқушылардың функционалдық сауаттылығы да жоғарылайтыны анық.
Дәстүрлі оқытуда «өмір бойы азық боларлықтай білім беру» деп келсек, енді «өздігімен үйрену» қағидасын басты назарда ұстаймыз. Ол үшін оқытуда жаңашыл және белсенді әдістерді қолдану, оқу және оқытуды бағалау маңызды. Оқушыға оқулықтағы білім мазмұнын ғана меңгертіп қоймай, оның жан- жақты дамып, өмірге қажетті дағдыларды, білім көздерін меңгеруіне баса назар аударылуы тиіс екені бүгінде айқын сезілуде. Дәстүрлі жүйедегі білім дайын қалпында беріліп, қайталау мен жаттауға негізделетін, тек есте сақтау дәрежесінде болатын. Дәстүрлі оқытуда ұстаздар білім мазмұнын құрастырып, оқушыда басты мәселе тек «білу» еді. Ал бүгінгі таңдағы оқыту жүйесі –жаңа бағдарламамен және әр мұғалім сыныпта «оқуға үйрететін» білім ортасын құра алуы тиіс. Демек, қайталау емес өздігінен білім құрастыру үшін әр сабақтағы белсенді әрекеттердің маңызы зор.
«Маған айтып берсең- ұмытып қаламын, көрсетсең- есте сақтармын, ал- өзіме жасатсаң- үйренемін» деп көне қытай ғұламасы Конфуций айтқандай, яғни білім үйренушіден, түсіну, қолдану, талдау, сол ақпарат бойынша жаңа мазмұн құрастыру немесе креативті нәтиже көрсету, бағалау күтіледі. Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оқушы бойындағы тілдік дағдыларды дамытудың маңыздылығы да міне, осында.
Сондықтан біздің еліміздің мұғалімдері осындай форматтағы бағдарламалар мен оқыту үрдісін жылы қабылдап және онымен жұмыс істеуге дайын деп үміттенгіміз келеді. Ұстаздар қауымы неліктен өзгеруі керек? Себебі заман талабы бізден талмай еңбек етуді, ескіше көзқарастан, дәстүрлі оқытудан алшақтап, жұмысты жаңаша орындауды талап етеді.
Өскемен қаласы №39 пилоттық
мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі
Меирманова Назгуль Серикбековна
Әдебиеттер тізімі
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы: 2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 226 б.
-
Тілдік төрт дағды бойынша белсенді оқыту тапсырмалары, оқу-әдістемелік құрал
-
UNIVERSITY OF CAMBRIDGE Faculty of Education Center of Excellence Nazarbayev Intellectual Schools Мұғалімге арналған нұсқаулық (Үшінші негізгі деңгей)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңартылған бағдарлама мектепте тәжірбиесінде

шағым қалдыра аласыз