Материалдар / «ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ – ЗАМАН ТАЛАБЫ»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ – ЗАМАН ТАЛАБЫ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұны туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2020
233
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Селеубаева Раушан Жаксыновна

Тараз қаласы, Төле би атындағы №8 гимназия

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ – ЗАМАН ТАЛАБЫ»

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында дамудың  жеті басым бағытын айқындады, оларды жүзеге асыру әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына біздің еліміздің де қосылуына жол ашатын міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Осындай ең өзекті басымдылықтардың бірі қазіргі білім беру мен озық ғылымды дамыту болып табылады. Білім беру жүйесі – бұл ұлттық мәдениеттің, ұлттық сана – сезімнің даму көрсеткіші болып отыр. Бүгінгі таңда заман ағымына сай жас ұрпақтарды тәрбиелеуде ұстаздардың алдындағы жауапкершілік салмақтана түскендей. Жаңа формациялы мұғалім кәсіби шеберлігін жетілдіретін жаңа стильдегі тұлғалық-адамгершілік бағыттарын, педагогикалық шындықты және ондағы үздіксіз іс – әрекетті, жүйелі түрде қабылдау қабілеттерін, пән саласындағы еркін бағытты меңгеріп және қазіргі педагогикалық технологияларды игеруі тиіс. Білім беру талаптарын өзгерту, біліктілікті арттыру жүйесін жаңашылдандыру міндетін алға қояды, ал оның мақсаттарын жүзеге асыру біздің алдымыздағы міндетіміз. Білімді ұрпақ – болашақ еліміздің жарқында кемелденген көшін алға бастайтын білімді де білікті  жеке тұлға қалыптасуы тиіс.

Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – оқушының ұстазы. Қай кезеңде болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білімі мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын саналы азаматты қалыптастырып, жетілдіру-мұғалімге жауапты міндет. Қазіргі таңда Қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде.  
ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер», - деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Ұстаздық тәжірибемде алдыма қойған мақсатым - баланы қалайда өзінше қызықтыратын, қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Ұлы Абай «Тегінде адам баласы бір-бірінен ілім, білімі жағынан ерекшеленіп тұрады»,- дегендей мұғалімнің құзыреттілігі, ең біріншіден, өзін-өзі дамытып, жан-жақты көрсетуіне байланысты деп ойлаймын.

Мұғалім кәсіби біліктілігін өзіндік дамытуы үшін өзінің іс-тәжірибесіне педагогикалық-психологиялық талдау жасауы, озық тәжірибелерді оқып үйренуі, ғылыми әдебиеттермен қарулануы, әріптестермен тәжірибе алмасуы, ата-аналарымен бірлесіп, мәселелерді шеше білу құзыреттілігін игеруі қажет. 

Қазіргі кезде білім берудің әлемдік озық тәжірибелерін саралай отырып, бүгінгі оқытуда жасөспірімдерден күтілетін нәтиже, негізгі құзыреттіліктердің қалыптасуымен айқындалады.  Жалпы құзыреттілік дегеніміз-дара тұлғаның білім,білік дағдыларды және өзіндік қабілеттерді жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.

Білім беру мазмұнындағы өзгерістер, тұлғаға бағытталған оқытуды жүзеге асыру-мұғалімнің шеңберінің кеңдігін қажет етеді. Заман талабына сай болу үшін мұғалім әрқашан ізденіс үстінде болу керек. Ендеше қазіргі таңдағы қазақ педагогикасының міндеті де осы қасиеттерді кез-келген қазақ оқушысының бойында қалыптастыру. Ертеңгі күні қазақ мектебін бітірген, соның ішінде ауыл мектебін бітірген, жас шәкірт қоғам алдында дәрменсіздік көрсетпеуі үшін, шаруашылықтың кез-келген саласына қажетті ортақ білік, дағдыны қалыптастырып мектептен алып шығуы тиіс. Өз ұлтымызды, мемлекетімізді өркендететін білімді, болашақ данышпан шәкірттер тәрбиелеу үшін, бірінші кезекте балалардың сезімталдығын, ойын, тілін дамытуды жолға алған жөн деп ойлаймын. «Мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол - нағыз ұстаз»,- деп айтқандай мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзыреттілігі арқылы айқындалады. Мұғалім құзыреттілігін дамыту, оқушылардың сабақтан алған білімдері арқасында шығармашылығын қалыптастырады.

Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану — заман талабы. Қазіргі жаңа талаптар оқушыға емес, қазіргі заман мұғаліміне қойылады, мұғалімдер тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра алатын адам болуы керек. Педагогикалық технологияларды іске асыру үшін қалыпты емес жағдайда жұмыс істей алатын, технологиялық ұйымдастырылған білім беру процесін түсінетін, жаңа рөлді қабылдай алатын педагог болуы қажет. Ол үшін ол жаңашылдыққа дайын болуы керек. Осы жерде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Адам үшін XXI ғасыр-жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында» деп атап көрсетті. Оқу процесінің тиімділігін арттырудың бірден-бір жолы - заманауи педагогикалық технологияларды қолдану. Жаңа заман  мұғалімдерінің білім мазмұнына өзгеріс енгізе алатын, оқыту мен тәрбиеге жаңа әдістер мен технологияларды енгізе алатын зор шығармашылық әлеуеті бар.

Қазіргі заманда оқушылардың белсенді танымдық және шығармашылық қызметі сұранысқа ие болу керек. Оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамытуда екі альтернативтік мәселені шешіп алу керек:

1) «Ұйқыдағы» оқушыларды ояту керек, яғни ортақ мақсатқа жету үшін белсенділігі жоғары оқушылардың арқасында белсенділігі төмен оқушыларды оқу процесіне тарту керек.

2) Заманауи қоғамның  шынайы проблемаларын шешуге тарту арқылы дарынды оқушылардың әлеуетін барынша ашу керек.

Менің бүгінгі тоқталғым келіп отырған нақты мәселемнің бірі — сабақта критериалды бағалаудың тиімділігі.

Критериалды бағалау - бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу- танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын-ала оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріс.

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: Мектепте оқыту сапасын жоғарылату. Мектеп оқушыларының білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру

Критериалды бағалаудың міндеттері: Сабақтың әр  бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының  әділдігіне көзін жеткізуге;

Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;

Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: Алдын ала ұсынылған бағалау шәкілі; Анық, айқындылығы; Бағаның әділдігі; Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.

Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері: Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;

Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;

Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;

Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;

Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.

Критериалды бағалау артықшылықтары:

Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;

Оқушының жұмысын бағалау алдын-ала ұсынылған критерийлерге негізделеді.

Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі;

Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі;

Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады;

 Критерий арқылы  бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді;

Білім берудің сапасы артады.

Критериалды бағалау:

Мұғалімдерге: Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;

Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;

Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;

Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;

Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді

Оқушыларға: Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;

Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;

Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.

Ата- аналарға: Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;

Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;

Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Критериалды бағалау  бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие.  Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.

Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз:

Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау;

Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу;

Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау;

Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (Өздік жұмыс, ҚБ, үй жұмысы т.б);

Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау;

Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз.

Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:

-заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;

-жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;

оқушылардың білім сапасын арттырады;

-оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;

-тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.

Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу - жиынтық бағалаудың нәтижелі, сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.

А.Байтұрсынов: «Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ. Ғылым да, тіл де, табиғат та дамиды. Осындай дамуды, өзгерісті басынан өткеретін күрделі құбылыс та – тіл» деп жазған. Жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше. Әлеуметтік топтарда, қоғамдық түрлі әлеуметтік орындарда тұлғалармен қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және басқа тілдерді меңгеру – заман талабы. Білім алушының тіл құзыреттілігін жетілдіруге критериалды бағалау жүйесінің ықпалы өте зор. Қазіргі заманда дамытудың нақты, бағытты, жүйеленген әдістемелері жасалып, психологиялық қолайлы жағдайлар тудырып отырса, кез келген ерекше қабілетті оқушы дарынды оқушыға айнала алады. Ал дарынды ұрпақ – елдің ертеңі екенін, оқушы жастан белсенді азаматтық позициясымен ерекшеленетін бала қоғамымыздың ертеңгі интеллектуалдық потенциалы, зияткерлік тобы екенін үнемі есімізден шығармайық.

Адамның жақсы білім алуын, табысты оқуын, ақыл-ойының дамуын жоғары дәрежеде ұйымдастыру егеменді елімізді одан әрі дамытатын азаматтарды тәрбиелеуде маңызды қадам болып табылады. Терең білім – білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаматтығымыздың алдаспаны деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылағым келеді.




























Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. 2016-2017 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ережелері туралы.Әдістемелік нұсқаулық хат.Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016.- 258б.

2. Орта білім мазмұнын Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі негізінде жаңарту. Әдістемелік құрал. -Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014.-43 б.

3. Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқыту әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы/ «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014.-188б

4. Брунер Дж. Процесс обучения (Оқу үдерісі): Пер. С англ./Под.ред.А.П.Лурия.-М:АПН РСФСР,1962.-82 с.

5. Ғылыми жаратылыстану циклы пәндері бойынша жобалық тапсырмалар. Әдістемелік құрал.-Астана:Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015.-80б.

6. Камалова С.Т.Сыныпта оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау: оқу-әдістемелік құрал.-Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО, 2014.-44б.
























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!