Материалдар / "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі" мақала
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі жас маман ұстаздардың білім берудегі атқаратын қызметі. Бүгінгі ұрпақ- ел ертеңі. Бұл материал мектептегі ұстаздарға немесе студенттерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қырқүйек 2018
476
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жаңғырту жолындағы жас маман рөлі»

Ерте замандардан бері қазақ халқының «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген асыл қазынасында қалған сөзі бар. Бұл мақалдың өзі қазіргі таңда үлкен мән мен мағынаға ие болып отыр. Қазіргі заман білекке емес, білімге сенетін заман болғандықтан заман талабы да басқаша. Заманауи әлемде елдің елдігі мен бірлігі ең алдымен білім мен ғылымда болатын уақытқа келіп жетті. Сондай-ақ сол білімді өмірімізге, тұрмысымызға дұрыс пайдалануымызбен ғана бағаланады. Мына алмағайып заманның сипатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев былайша жеткізеді «Инемен құдық қазғандай, қиын күрделі, орасан қажыр қайрат пен ерлік-жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл».Қазақ халқының өткені тарих болып есімізде қалды, ендеше, ата тарихтың шабысында «Кеше», «Бүгін» және «Ертең» деп аталатын үш ұлы бөлікке бөлуге болады. Бұл үш ұғым бір-бірінен ажырағыссыз, бір мезгілде бөлек- бөлек, бір мезетте біртұтас ғұмыр кешіп, тағылым мен танымның, парасат пен пайымның тұнығын адамзат баласының шөлін қандырып отырады. Еліміз Тәуелсіз елге аяқ басқаннан бергі қадамдарға көз салсақ, осы ұлы қағидат бірден көзге түседі. Тарихқа шолу жасасақ, ең бірінші-аумалы-төкпелі ел жағдайы, саяси белгісіздік, сансыратқан тапшылық, жұмыссыздық тағы да басқа ел басындағы алмағайып істерді есімізге түсіреміз. Қазіргі осындай тегеуріні мықты елге айналып отырғанымыз Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасы, салиқалы ұрпақтың жемісі. Ендеше, Тәуелсіздігімізді баянды етудің жолында Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағытында жүргізіп отырған істері еліміздің бас пайдасы үшін өте маңызды. «Білімдінің күні жарық» деген сөзді берік ұстанған Елбасшымыз білімнің маңыздылығын жете түсініп, эканомикалық және қаржылық тапшылықтарға қарамастан бар көңілін білім жолына қаратып отыр. Сондай-ақ, білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екенін, тек рухани қару емес, аса зор өндіргіш күш екенін жете түсінуіміз керек. Білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық-рухани күш, қуат көзі жоқ екені белгілі. Өйткені, білім – тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен қатар, тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күре тамыры, ел дамуының алтын қаруы. Әрқашанда білімі мықты елдің, бірлігі де, елдігі де кемел болады. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке де толастамайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жолдауында оқыту үрдістеріне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу мәселелері кеңінен баяндалып, талқыланған. Осы бағытта мемлекет тарапынан ауқымды істер атқарылуда. Еліміздің келешегі мен болашағы жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Елімізді жаңғырту мақсатында ең алдымен қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты екендігіне жұртшылықтың назарын аударуымыз қажет. Н.Ә.Назарбаев мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, 12 жылдық оқыту моделі, кәсіптік және техникалық білім беру, жоғары білім берудің сапасы, интеллектуалды мектептер, жаңа халықаралық университтер сынды істер алға қойылды. Білім саласының қызметкерлерінің бүгінгі таңда жауапкершілігі мен маңызы күшейіп отыр. Өйткені, сапалы білім беру елімізді индустрияландырудың және инновациялық даму жолына түсірудің басты алғышарты болып табылады. Білімсіз қоғамда прогресс және жаңа өрлеу мүмкін емес. Ендеше, жаңғыру жолындағы жас мамандардың атқаратын істері өте көп. Ең біріншіден сапалы білім алып, оны мемлекет қажетіне дұрыс пайдалану. Мемлекет тарапынан жасалынып жатқан бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға әрбір жас маманның шамасы жетеді, бірақ ол үшін алға деген ұмтылысы болу қажет. Өмір ағымы тоқтамақ емес, күн артынан күн шығатыны сияқты, жастық шақтың да жарқ етіп өте шығары баршаға мәлім. Қашанда болашағын алыстан бағамдайтын қазақ «қыстың қамын жаз ойла» демеуші ме еді...Еліміздің жастары жалынды, өршіл намысты, биік рухты болса сол елдің керегесі мықты болмақ! Қазақстанның жарқын болашағы үшін қандай да бір іс тындыруға міндетті екенімізді ұмытпайық жас маман!Ел ертеңі білімді жастар. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, қазақ жастарын білімге бағыттайық. Елбасы өз сөзінде «Қазақстанның болашағы бүгінгі жалынды жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деп атап көрсеткен. Еліміздің болашағы жастардың еңбекқорлығына, арман-мұратына, талап-тілегіне байланысты. Олар ата-бабадан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерімізді жаңғыртып, оны алға бастыртып қана қоймай, экономикасын ғылымын да дамытуға, жігерлене ел үшін, жер үшін еңбек етуге міндетті. Жаңа заман тәуелсіз ел мұраты-жастардың білімі мен біліктілікке талпынып әрекеттенуін, еңбектеніп өсуін талап етіп отыр. «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың, көркеюі жолында теріңді төгіп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,- дейді Елбасы өз сөзінде. Сондықтан, жастарға білім беретін ұстаздар мен жас маман иелері, ұлы мұрат жолында жалынды еңбек етуге бірге атсалысайық!Сартай Ақжарқын ДіллабайқызыОҚО, Мақтарал ауданы, Асықата кенті,«Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміТелефон: 8778-554-21-96

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!