Материалдар / Жақсылық пен жамандық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жақсылық пен жамандық

Материал туралы қысқаша түсінік
Жақсы мен жаман әдет-қылықтарды ажыратуды, адамгершілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету. «Жақсылық» қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту; Балалардың ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын молайту, ойлану, көру, сезіну қабілеттерін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2023
657
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Жақсылық пен жамандық.
Сабақтың мақсаты: Жақсы мен жаман әдет-қылықтарды ажыратуды,

адамгершілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: «Жақсылық» қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту;

Түзете-дамытушылық: Балалардың ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын молайту, ойлану, көру, сезіну қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын.

Көрнекі-құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, слайд,т.б.

I апта

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Балалар, қане, бір-бірімізбен амандасып жақсы, жылы лебіздерді білдірейік.

-Армысың шұғылады алтын күн!

Армысың мейірімді жер-ана!

Сәлеметсіздерме, қонақтар!

Бәріміз күндей жарқырайық!

Бәріміз тату дос болайық!

Біздің мақсатымыз жақсы сөздерді қолдана білуге үйрету, ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу, жақсы сөздің адам өмірінде маңыздылығын білеміз.

Адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен.Бізге адалдықты, ақылдылықты, қарапайым кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді.Ол біздің ата-аналарымыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді.адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттен, ұнамсыз қылықтан аулақ болуға тырысу керек.Әдепті, ақылды балалар қандай сөздер айту керек екенін мына күннің шуағындағы сөздерді оқып білуге болады.

-Балалар ал сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

-Жарайсыңдар көрдіңдерме ертегілер өте көп.

Ендеше «Жақсылық пен жамандық» туралы ертегіні тамашалайық. Сендер мұқият тыңдандар. Ертегі «Жақсылық пен жамандық» (Ертегі жөнінде әңгімелеу)

1. Балалар кәнеки еске түсірейікші ертегі қалай аталады?

2. Ертегідегі кейіпкерлердің қандай қасиеті бар?

3. Ертегі кейіпкерлері кім?

4. Жақсы адамға қандай қасиет тән?

5. Жаман адамға қандай қасиет тән?

6. Ертегіде не женді? -Жарайсыңдар балалар, көрдіңдер ме жақсы адамның бойында көптеген қасиеттер бар. Жақсы адам болу үшін біз үлкен кісілерден көп біліп үйренуіміз керек.

Сергіту сәті: Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

II апта

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Балалар бәріміздің отбасымызда ұстанатын салт-дәстүрлеріміз бар. Кім айтады қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?

-Жарайсыңдар көп дәстүр біледі екенсіңдер. Ал кім біледі «Қасиеті жұма күнін» ол күні аналарымыз, әжелеріміз не істейді екен?

Шелпек пісіреді, құран оқытады,садақа береді, мешітке барады.

-Дұрыс балалар, жұма күні еліміздің барша адамдары шелпек пісіріп, мешітке барып, садақа береді.

-Шелпек пісіргенде майдың иісі жамандықтың бәрін қуып жібереді. Жұма кұні адамдар ұрыспай, қайта бір-бірінен кешірім сұрап, жақсылықтар жасайды.

а) Адамның бойынға жақсы, жаман қасиеттерді таныстыру.


Зұлымдық

Жамандық

қ улық

Ит – құсқа жем болды


Жақсылық

А дал

қамқор

Мақсатына жетті


ә) Жамандық пен Жақсылыққа мінездеме беру. (Венн диаграммасы бойынша)

Жағымды қасиеттер (ортақ қасиеті) Жағымсыз қасиеттер






«Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» Ә. Науаи

Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді.Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды.Сондықтан, қолдан келгенше бір-біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс. «Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді. Олардың қарым-қатынасын жақсартуға ықпал етеді.Адамдар бір-бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа, достыққа қол жеткізеді» Балалар енді тақтадағы суреттерге назарымызды аударамыз.Осы суреттерге байланысты сендерде кітапта диалогтар берілген.Олардың қайсысы мақтау, құттықтау, амандық сұрау, алғыс сөздер екендіген тауып айтасыңдар.

III апта

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Дәптермен жұмыс. Балалардың сабақтан алған білімдерін пысықтауға арналған тапсырмалар беріледі. Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді. Олардың қарым-қатынасын жақсартуға ықпал етеді. Адамдар бір-бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа достыққа қол жеткізеді.Сол себептен бір-бірімізге жақсы сөз айтуға тырысайық. Балалармен шеңбер құрып, жақсы, жылы сөздер айтып шығамыз.Уысындағы жүректі бір-біріне сыйға тартып, алақандарына салады. Суретпен жұмыс.Суреттерге мұқият қараңыз. Бұл қандай сыпайы сөздерді қолдану керек?

Сурет бойынша жұпта диалог құрастырыңыз.

Адам бойынан табылады

Қайырымсыз Жігерсіз Еріншек Талапсыз Инабатты Талапты

Қайырымды Ізденгіш

IV апта

І.Ұйымдастыру кезеңі: балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы)

Жақсылық пен Жамандық

  Ертеде Данышпан  ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық “істе” десе, жамандық “істеме” деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді.Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып:- Адам, ана балыққа көмектесіп жібер, - десе, Жамандық:- Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма, - дейді.
Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп, суда ойнақшып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді. 
Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр – шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық:
- Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит – құсқа жем боласың ғой, - дейді.
 Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:
- Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, - дейді. Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ – шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.
 Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәнінен айырып тастағысы келіп оқталады да, шыр – пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол:- Әй, адам – ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда, қол ұшыңды көрсетіп жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп – кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налыған екен.
Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады. Сөйтіп Данышпан  ата ұрпағын алдына шақырып алып: - Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол, - деп батасын береді.
Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен. 

«Жолбарыс  пен тышқан» ертегісі

Бір күні жолбарыс ұйықтап жатқан кезде, тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп өтеді . Жолбарыс оянып, тышқанды ұстап алады.Тышқан жалына бастайды: «Егер мені жіберсең, мен де саған жақсылық жасармын» , дейді ол. Жолбарыс тышқанның «жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп, оны босатып жібереді..................... ертегіні өз ойларыңызбен жалғастырыңдар.

VI. Қорытынды.Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.

VII. Бағалау.Балаларды жеке-жеке мадақтау.

Күтілетін нәтиже: жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсінді,

«Жақсылық» қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту, жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамытты.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!