2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Жарты жылдық есеп

Жарты жылдық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеу
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Мұғалімнің аты-жөні

Туған жылы

Санаты

Пед. стаж

Бітірген оқу орны, жылы

Проблемалық тақырыбы

1

Рзабаева Жанат Кажкеновна


17.09.1973

педагог

9 жыл

ШКГК


Ойын элементтері арқылы баланың ой-өрісін дамыту

2

Макулбекова Жанат Токтажанқызы

30.07.1983

педагог

14жыл 11 ай

ВКГУ

Ойын элементтері арқылы баланың ой-өрісін дамыту

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің

«Әбдікерім атындағы Шыңғыстай орта мектебі»КММ

мектеп жанындағы «Балдырған» шағын орталығының

2024-2025 оқу жылының І жартыжылдықта

жүргізілген жұмыстарының есебі.





2024-2025 оқу жылының І –жартыжылдығында мектеп жанындағы шағын орталық «Үлгілік» бағдарламасын басшылыққа ала отырып жұмыс жасауда. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың физикалық белсенділігіне уақыт бөлінді. Мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде «Үлгілік» оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениеті, салттары мен дәстүрлерін таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы музыканы тыңдау, ән айту, әндерді жаттату, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар, шулы балалар аспаптарында ойнау және басқа да музыкалық әрекеттерге уақыт бөлінеді.

Мектеп жанындағы шағын орталықтың жұмыс оқу жоспары 2024жылдың 29 тамызында өткен №1 педагогикалық кеңестің шешімімен бекітілді.

Шағын орталықтың өзекті тақырыбы «Ойын элементтері арқылы баланың ой-өрісін дамыту». Ұйымдастырылған іс-әрекеттері кіріктіру арқылы жүзеге асырылды.

Аталған оқу жылында шағын орталыққа 18 бала қамтылып отыр. Оның 12-і қыз, 6-ы ұл, бала. Балалардың іс-қағаздары уақытымен реттеліп, ата-аналармен түсінік жұмыстары өткізіліп, қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды, шағын орталыққа уақытымен әкеліп-әкету ұйымдастыру шаралары қарастырылды. Әрбір кабинет талапқа сай жабдықталған.

І–ші жартыжылдықта ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері перспективалық жоспарға сай өтіп, балалардың қызығушылықтарын арттырып, белсенділіктерін нығайтты.мысалы:«Ойыншықтар сыры» және «Күзгі бақ» атты ұйымдастырылған іс әрекеттер кезінде балаларға көрнекіліктер арқылы түсінікті етіп, жүргізілді. Мақсаты: Ойыншықтармен ойнау арқылы балалардың ой өрістерін дамытып, айналаны тануды үйрету. Балалардың тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін және ой өрістерін дамытуға, ұқыптылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Оқу іс –әрекеті кезінде балалар бір-бірімен татулықты, сыйластықты, достықты, жауапкершілікті, топтасып жұмыс істеуді үйренді.

Шағын орталықтың тәрбие жұмысына келер болсақ қазан айында ұстаздар күніне орай ұстаздарды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз еңбегін бағалай білуге баулу мақсатында «Ұстаз- ұлы тұлға» және қарттар күніне «Қарттарым асыл қазынам» құттықтау ұйымдастырылды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет ету мақсатында ұйымдастырылған құттықтауда балалар өздерінің ұстаздарына, ата-әжелеріне арнап би билеп,өлеңдерін оқып, тақпақтарын айтты. Тәрбиеленушілердің Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, елін құрметтеуге, отанын қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында 25-қазан Республика күніне орай «Қазақ елі- менің Отаным» атты ертеңгілік өтті. «Күз жомарт» атты ертеңгілік өткізіліп, онда балаларға күз мезгіліне байланысты, табиғаттағы өзгерістер туралы және табиғаттың адамға берер сыйы туралы түсініктер берілді. Балалардың ой-өрістерін дамыта отырып, есте сақтау мен тілдерін дамыту мақсатында «Шалқам» ертегісінен көрініс көрсетілді, оған балалар қызыға қатысты.




Желтоқсан айында балаларды Отанды сүюуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақстаныда «Тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты ертеңгілік өтті. Желтоқсан айының аяғында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ойын-сауығы өткізілді. Барлық ертеңгіліктерде балалар Айым, Айшуақ,Фируза, Ерке, Асылым, Көркем, Алихан, Диар, Еркеназ,Ботагөз билерін билеп; Көркем,Алихан Аяна, Еркеназ әсем әндерін айтты. «Бауырсақ» ертегісіне, көрініске де балалар қызыға қатысты.




Бұдан басқа балалармен таза ауада серуендеу, таңертеңгі

жаттығу жұмыстары, мейірбикемен жұмыстар жоспар бойынша жүргізілді. Ата-аналармен тығыз қарым –қатынаста болдық. Балаларды шағын орталықтан себепсіз қалдырмау, балалардың жеке бас гигиенасы туралы мәселелер ескерілді. Мерекелік іс-шараларға ата-аналар көмек көрсетіп,өз демеушіліктерін жасады.











Тәрбиеленушілер жетістігі:

Жетістік атауы

ФИО

Сыныбы

Жетекшісі

Орны

Деңгейі

1

Республикалық білім орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Бояулар құпиясы -Табиғат -асыл қазына» сурет конкурсы

Батырқызы Ерке

Шағын орталық

Макулбекова Ж

1




Республикалық

2

Республикалық білім орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Бояулар құпиясы -Табиғат -асыл қазына» сурет конкурсы

Советбек Асылым Жарасқызы

Шағын орталық

Рзабаева Ж

1

Республикалық




Тәрбиеші жетістігі:

Ф.И.О

Жетістік атауы

Орын

Деңгейі

1

Рзабаева Жанат Кажкеновна

Катонқарағай ауданды бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген "Үздік ойындар" атты үздік бейне сабақтар байқауына

2

Аудандық

2

Рзабаева Жанат Кажкеновна

Жанат Кажкеновна «Үздік тәрбиеші» конкурсына

3

Аудандық



Мектеп жанындағы «Балдырған» шағын орталығындағы балалардың біліктері мен дағдылары дамуының бастапқы бақылау нәтижелері бойынша сараптамасы

2024-2025 оқу жылы

Мектепке дейініг тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасын игеру бойынша мониторинг жүргізу үшін, критерийлерге сәйкес ортаңғы «Балдырған» шағын орталығының біліктері мен дағдыларының даму деңгейіне бақылау жасалынды

«Балдырған» шағын орталығында барлығы 18бала қатысты.

Балалардың физикалық қасиеттерінің дамуы бойынша:

Физикалық қасиеттерді дамыту

Жоғары деңгейде – 39% -7 бала

Орташа деңгейде – 28%-6 бала

Төменгі деңгей – 33%- 5 бала

Тәрбиеленушілер физикалық қасиеттерді дамытудағы көрсеткіштерді меңгеруде

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Жоғары деңгейде – 6 % -1 бала

Орташа деңгейде – 44 %-8 бала

Төменгі деңгей – 50 %- 9 бала

Тәрбиеленушілердің критерийлерге сәйкес меңгеруі орташа деңгейде. Себебі балалардың көбі толық сөйлей алмайды және мүлдем сөйлемейтін балалар

Балалар өз отбасы мүшелерін, ойыншықтар жайлы сұрақтарға жауап береді. Айшуақ, Фируза , Асылым 2-3 сөзден тұратын сөйлемдерді айтады, ақпараттар мен бөліседі, бұл балалармен жеке жұмыс жасалуда. Сонымен қатар әлі тілдері шықпаған балалар да бар Айбар, Бақдәулет,Ералы, Айзада, Аяна, Сабина артикуляциялық жаттығуларды көптеп қолдану керек.

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Жоғары деңгейде – 0 % -

Орташа деңгейде – 50 %-9 бала

Төменгі деңгей – 50 %- 9 бала

Танымдық дағдыларды дамытуда берілген критерийлерге байланысты жұмыстар жүргізілуде. Балалардың көбі 5 ке дейін анық санау біледі, бірақ кері санауды тәрбиешінің көмегімен санайды. Түстерді ойын арқылы ажыратып үйренуде.

Шығармашылық дағдыларын дамыту

Жоғары деңгейде – 17% - 3 бала

Орташа деңгейде – 39 %-7 бала

Төменгі деңгей – 44 %- 8 бала

Балалардың шығармашылық дағдыларын дамыту үшін түрлі-түсті карандаш, гуашпен, ермексазбен жұмыс жасауға көп көңіл бөлу керек

Әлеуметтік дағдыларын дамыту

Жоғары деңгейде – 0% - бала

Орташа деңгейде – 44 %-8 бала

Төменгі деңгей – 56 %- 10бала

Әлеуметтік эмоционалдық дағдыларды дамытуда ең бастысы отбасынан бастап ұлттық құндылықтарды меңгеру, ұлттық ойындарды ойнату.

Қорытынды: Мектепке дейінгі балалардың даму мониторингін, оның түрлі кезеңдердегі дамуына сараптама жасап, жеке балалармен жұмыс жүргізу.








Мектеп жанындағы «Балдырған» шағын орталығындағы балалардың біліктері мен дағдылары дамуының аралық бақылау нәтижелері бойынша сараптамасы

2024-2025 оқу жылы


Мектепке дейініг тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасын игеру бойынша мониторинг жүргізу үшін, критерийлерге сәйкес ортаңғы «Балдырған» шағын орталығының біліктері мен дағдыларының даму деңгейіне бақылау жасалынды

«Балдырған» шағын орталығында барлығы 18бала қатысты.

Балалардың физикалық қасиеттерінің дамуы бойынша:

Физикалық қасиеттерді дамыту

Жоғары деңгейде – 39% -7 бала

Орташа деңгейде – 39%-7 бала

Төменгі деңгей – 22%- 4 бала

Тәрбиеленушілер физикалық қасиеттерді дамытудағы көрсеткіштерді меңгеруде

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Жоғары деңгейде – 22 % -4 бала

Орташа деңгейде – 34 %-6 бала

Төменгі деңгей – 44 %- 8 бала

Тәрбиеленушілердің критерийлерге сәйкес меңгеруі орташа деңгейде. Себебі балалардың көбі толық сөйлей алмайды және мүлдем сөйлемейтін балаларда бар.

Балалар өз отбасы мүшелерін, ойыншықтар жайлы сұрақтарға жауап береді. Бастапқыға қарағанда Айшуақ, Айбар, Аяна, Бақдәулет 5-6 сөзден тұратын сөйлемдерді айтады, ақпараттар мен бөліседі, бұл балалармен әліде жеке жұмыс жасалуда. Сонымен қатар әлі тілдері шықпаған балалар да бар Айбар, Асылым, Ералы, Айзада, Сабина артикуляциялық жаттығуларды көптеп қолдану керек.

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Жоғары деңгейде – 22 % - 3бала

Орташа деңгейде – 34 %-7 бала

Төменгі деңгей – 44 %- 8 бала

Танымдық дағдыларды дамытуда берілген критерийлерге байланысты жұмыстар жүргізілуде. Балалардың көбі 5 ке дейін анық санау біледі, бірақ кері санауды тәрбиешінің көмегімен санайды. Бастапқыға қарағанда сандарды санауда көп ілгерілеушілік байқалады. Түстерді ойын арқылы ажыратып үйренуде.

Шығармашылық дағдыларын дамыту

Жоғары деңгейде – 28% - 5 бала

Орташа деңгейде – 33 %-6 бала

Төменгі деңгей – 39 %- 7 бала

Балалардың шығармашылық дағдыларын дамыту үшін түрлі-түсті карандаш, гуашпен, ермексазбен жұмыс жасауға көп көңіл бөлу керек

Әлеуметтік дағдыларын дамыту

Жоғары деңгейде – 16% - 3 бала

Орташа деңгейде – 39 %- 7бала

Төменгі деңгей – 45 %- 8 бала

Әлеуметтік эмоционалдық дағдыларды дамытуда ең бастысы отбасынан бастап ұлттық құндылықтарды меңгеру, ұлттық ойындарды ойнату.

Қорытынды: Мектепке дейінгі балалардың даму мониторингін, оның түрлі кезеңдердегі дамуына сараптама жасап, жеке балалармен жұмыс жүргізу.









Мектеп директоры: Г.Ч.Нурмышева



30 Наурыз 2025
29
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі