Материалдар / Жас мамандарға арналған семинар-практикум
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жас мамандарға арналған семинар-практикум

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға әдістемелік көмек
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жаңа Қазақстан- салауатты білімді ұрпақтың бастауы» тақырыбындағы Жаратылыстану апталығы аясында жас мамандарға ұйымдастырылған Семинар-практикум

Тақырыбы: « Ғажайып үштік»

Мақсаты: Оқытуды ұйымдастыру барысындағы негізгі үш талапты айқындап.

Оларды орындау бағытында нақты білім мен дағдылар қалыптастыру

Тәжірбие алмасу

Күтілетін нәтиже:

* Жас ұстаздарда жаңа білім мен дағды қалыптасады

* Жас ұстаз бойында сенімділік пайда болады

*Ізденуге ұмтылады


Ұйымдастыру бөлімі:

Өз аттарын айтып—таныстырып топқа бөлу

1 Тапсырма

«Барлығы өз қолымызда» \Прича \ Аңыз әңгіме

Көбелекпен жұмыс .... оң қанатқа не күтетіңізді жазыңыз...... сол қанатқа семинар соңында алған әсерімізді жазамыз.


Негізгі бөлім:

- Семинарымыздың «Ғажайып үштік» аталу сыры неде?

Себебі бүгін жұмыс барысында білім алудың ең негізгі, ең маңызды үш талабымен жұмыс жүргіземіз.

Ол үштік:

  1. Сабаққа қойылатын талаптар

  2. Мұғалімге қойылатын талаптар

  3. Әдіс –тәсілдер шеберханасы

Осы Ғажайып үштікті меңгерген маман өз ісінің шебері болмақ....

-Ендеше барлығымызға сәттілік!!!!!


Бірінші ғажайып - Сабаққа қойылатын талаптар

Сабақтың құрылымы бөлімі бойынша алдарыңызда Дәстүрлі және жаңартылған сабақтың этаптары жазылған қағаздар бар.

Тапсырма- берілген уақытта осы сабақтардың құрылымдарын дұрыс орналастыру.

Айырмашылығын атап көрсету


Дәстүрлі сабақ құрылымы

  1. Ұйымдастыру бөлімі 3 мин

  2. Үй тапсырмасын тексеру 7 мин

  3. Жаңа білімді игеру 15 мин

  4. Жаңа білімді бекіту 10 мин

  5. Үй тапсырмасын беру 3 мин

  6. Сабақты қорытындылау /Кері байланыс /5 мин

Жаңа форматтағы сабақ

  1. Мотивациялық кезең 10 мин

  2. Операциялық кезең 20 мин

  3. Үй тапсырмасын беру \Рефлексиялық кезең 10 мин


Екінші ғажайып - Мұғалімге қойылатың талаптар

Тапсырма: Қатысушылар арнайы даярланған парақшалардағы теориялық мәліметтерді қолдана отырып талаптарды сәйкестендірулері шарт .

Сабақта мұғалімнің шеберлігі оқыту әдістемесін жақсы меңгерумен қатар педагогикалық ғылымдағы жаңа әдіс - тәсілдер мен шығармашылық жұмыстарды ұтымды пайдалануы қажет.Осы орайда мұғалімге сабақта қойылатын келесі талаптар айқындалған


Педагогикалық талаптар

  • өз пәнін сүйетін, терең білімді, шығармашылықпен жұмыс істейтін, ізденгіш, әдіскер болуы

  • өз пәнін талдай алатын теориялық білімі мол, сауатты болуы

  • мұғалім шебер ұйымдастырушы , өз пәніне қызықтыра білуі.


Психологиялық талаптар

  • Шәкірттермен қарым - қатынасының жоғары мәдениеттілігі

қойған талапты зорлықпен емес, саналылықпен орындау

  • Түрлі психикалық, эмоциялық көңіл - күйлеріне ерік бермей өзін дұрыс ұстай білуі

  • Оқушылардың жеке басын танып, зерттеу арқылы сабақ үстінде оларды мадақтап, қолдап, көмек беріп және сол сияқты сабаққа үнемі қатысып отыруын ұйымдастыру


Гигиеналық талаптар

  • сынып бөлмесіндегі гигиеналық талаптардың сақталуы, қалыпты температура мен жарықтың мол болын қадағалау

  • оқушыларға шектен тыс физикалық немесе миға, жүйкеге салмақ салатындай ауыр тапсырмаларды бермеу.

  • дененің әр түрлі сезім мүшелері бірдей жұмыс түрлерін ұсыну.


3-ғажайып -- Әдіс-тәсілдер шеберханасы

Сызбада бірнеше әдіс-тәсіл берілген

Тапсырма әдіс-тәсілді анықтап...сабақтың қай бөлімінде қолдануға болатының өз пәнінің мысалында түсіндіру.


Рулетка әдісінің тапсырмалары

«ПАДЛЕТ ТАҚТАСЫ»

«ҚАЗЫМЫР ОҚУШЫ»

«АКВАРИУМ» ӘДІСІ

«СӘЙКЕСТЕНДІРУ» ӘДІСІ

«ФИШБОУН» ӘДІСІНІҢ

«АВТОР ОРЫНДЫҒЫ»

«КУБИЗМ»

«TARSIA» ӘДІСІ

 «КЕМПІРҚОСАҚ» ӘДІСІ

« INSERT» ӘДІСІ

«QR КОД» ӘДІСІ

«ФЛИПЧАРТ» ӘДІСІ

«РУЛЕТКА» ӘДІСІ

«KAHOOT» ӘДІСІ

«ТІРЕК–СЫЗБАЛАР» ӘДІСІ

«БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ» ӘДІСІ


Оқу-білім туралы нақылдар ТАРСИЯ әдісіне сұрақтар


  1. Барлық істің басшысы.............білім мен ұғым.

  2. Оқу білім бұлағы...білім өмір шырағы

  3. Ақыл – тозбайтын тон.................Білім – таусылмайтын кен.

  4. Білім – арзан…............ білу - қымбат.

  5. Кітап …....алтын қазына.

  6. Киіміне қарап, қарсы алады.....Біліміне қарап шығарып салады.

  7. Бір Аллаға сиынып.... Кел, балалар, оқылық \ Ыбрай Алтынсарин \

  8. Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. 

\Н.Ә. Назарбаев\ 

  1. Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.   \Константин Ушинский\

  2. Білімдіден шыққан сөз.. Талаптыға болсын кез

  3. Оқу ....инемен құдық қазғандай

  4. Оқысаңыз балалар.... шамнан шырақ жағылар

  5. Оқусыз білім жоқ.... білімсіз күнің жоқ

  6. Мұғалім .... мектептің жүрегі \Ыбырай Алтынсарин\

  7. Тәрбиесіз берілген білім....... адамзаттың қас жауы \ Әл-Фараби\

  8. Білім...... инемен құдық қазғандай


Қорытынды бөлімі:

Көбелекпен жұмыс .... оң қанатқа не күтетіңізді жаздық, енді, сол қанатқа семинар соңында алған әсерімізді жазамыз.

Көбелектерімізді көк шалғынға қондырамыз

Баршаңызға рахмет!!!

Бүгінгі алған білім мен дағдыларыңызды өз іс-тәжірбиеңізге еңгізеді деп сенім білдіремін...


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!