Материалдар / Жастар кешін өткізуге арналған сценарий

Жастар кешін өткізуге арналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне, оқушыларға, студенттерге.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ!»


  1. Ашылу салтанаты

  2. «Таныстыру» айдары. (Қонақтармен таныстыру)

  3. «Өнерлі жастар» айдары (Мыңбұлақ жастарының өнерін тамашалау)

  1. «Күй» өнері – «Мұрагер» ұлт аспаптар ансамблі

  2. Елбасының жастар туралы сөзі – видео

  3. Директордың құттықтау сөзі

  4. Ән

  5. «Мыңбұлақ жастарының мектептегі өмірі» туралы видео

  6. «Би» өнері

  7. «Атқа міну мәдениеті» видео

  8. Мектеп взводы «Мен қазақпын» сапта тұрып ән айту

  9. «Шаңғы тебу» спорты видео

  10. «Ән» өнері – трио

  11. «Театр» өнері – 8 кл

  12. «Робототехника» видео

  13. Кітапхана – оқушылардың кітапханадағы бір күні (видео)

  14. Заманауи ән: «Жан досым» 10 сынып гитара

  1. «Сәтті сұқпат» айдары. (Қонақтарға сұрақ)

  2. «Марапаттау» айдары («Алғыс хат» тапсыру Н.О.Кожагелдин және Р.М.Муратаева)

  3. Ән

  4. Жабылу салтанаты
























  1. Ашылу салтанаты

Фан-фар

(«Мұрагер» ұлт-аспаптар оркестрі)

2-жүргізуші:

Алдарыңызда өнер көрсеткен Мыңбұлақ орта мектебінің «Мұрагер» ұлт аспаптар оркестрі. Жетекшісі: Қадыров Қали.

1-жүргізуші:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн!

1-жүргізуші:

Көздерiнде от ойнар,

Сөздерiнде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемiн! – деп Мағжан Жұмабаев атамыз бізге, жастарға деген сенімін осындай ерекше жолдармен жеткізген екен. Армысыздар ардақты ағайын?!

1-жүргізуші: «2019 - Жастар жылына» орай ұйымдастырылған «Жастар – ел болашағы» атты әдеби-сазды кездесу кешімізге қош келдіңіздер!

___________, жастарға сенуді ежелгі ата-бабаларымыз бастаған болса, сол сенім қазіргінің адамдарымен жалғасын табуда. Байқайсың ба?! Елбасымыздың сөзін мұқият тыңдар болсаң, ешбір сөзінде қазақ жастарын назардан тыс қалдырмайды. Сөзіме дәлел болсын, Елбасының жақында ғана айтқан сөзімен тағы да құлаққағыс етіп қоясам.

(Елбасының жастар жылы туралы сөзі – видео)

2-жүргізуші: Иә, биылғы жыл – біздің, жастардың жылы. Бұл жылы бізге мыңдаған мүмкіндіктер мен жүздеген жетістіктердің жолы ашылады. Себебі, елдің болашағы жастардың қолында екені бесенеден белгілі. Болашағымыз баянды болу үшін жастарымыз білімді, заман талабына сай, жан-жақты болуы шарт. Ал Жастардың білімді болуы білім ордасынан.

2 Мыңбұлақ орта мектебінде 14 пен 29 жас аралығындағы жалпы жастар саны 166. Оның 151 білім алушылар, 15 жас ұстаздар. Бүгін міне сол жастардың білімі мен біліктіліктерін, өнері мен өнегесін, таланттары мен дарындылықтарын паш ету үшін бас қосып отырмыз.

1-жүргізуші: Жастарымыздың өнерін тамашалай отырып, өз ақыл-кеңестерімен бөлісу үшін ауданымыздың бетке ұстар жас азаматтарын қонаққа шақырған болатынбыз. Әдеби-сазды кешіміздің құрметті қонақтарымен таныс болыңыздар!

(Қонақтармен таныстыру)

  1. Аудандық «Жаңа өмір» газетінің аға тілшісі, «Тәуелсіздік тұғыры» атты республикалық жас қаламгерлер фестивалінің лауреаты, жас ақын Дербісәлиев Нұржан Манасұлы.

  2. А.С.Пушкин атындағы орта мектеп директорының ғылыми-әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Бекназарова Малика Ермекбайқызы.

  3. Жастар ресурстық орталығы мекемесінің қызметкері, аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Ережеп Жансая Есілханқызы.

  4. «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы Телеушов Мейіржан Бегасылұлы.

  5. Мектеп директоры Кожагелдин Нарбек Ордабекұлы.

  6. Мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Муратаева Роза Махаббатқызы.

_____________________________________________________

Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Кожагелдин Нарбек Ордабекұлына беріледі.

(Директордың құттықтау сөзі)

(Ән)

(«Мыңбұлақ жастарының мектептегі өмірі» туралы видео)

1-жүргізуші:

Сіздер «Мыңбұлақ жастарының» мектептегі бір күндік өмірін тамашаладыңыздар!

2-жүргізуші: __________ , біз Мыңбұлақ жастарының сегіз қырлы, бір сырлы екендігімен мақтана аламыз. Біздің жастардың бірі мың бұрала би билесе, бірі қолына қобызы мен домбырасын алып, қоңыр үнімен ән салады.

1-жүргізуші:

Енді бірі шаңғы теуіп, күреспен айналысып, робот құрастырады. Ия, солай.

Құрметті қонақтар, назарларыңызға «Мыңбұлақ жастарының» өнерлерін ұсынамыз.

2-жүргізуші:

«Балауса» бишілер тобы. 2016 жылы құрылды. Сол аралықтан бері мектепішілік, аудандық және облыстық би жарыстарында өнер көрсетіп, жүлделі орындарды иеленіп келеді. Құрамындағы орта және жоғары буыннан құралған 4 топ өнерлерін шыңдауда. Жетекшісі: Райханова Бағдат Ержанқызы.

(Би өнері – 9кл)

1-жүргізуші:

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өткен жылдың соңында «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялаған болатын. Біз, Мыңбұлақ жастары, мақаламен толық танысып, талқылаған болатынбыз. Бізге ерекше әсер қалдырған, басты орындалуы тиіс жобалардың бірі «Атқа міну мәдениетін» ерекше қабылдадық. Экранға назар салсақ!

(«Атқа міну мәдениеті» видео)

2-жүргізуші:

Қарулы Күштер – ел қорғаны. Отан алдындағы борышын өтеуге мектеп сапынан 16 оқушы дайын отыр. Мектеп жастары алғашқы әскери дайындық сабағында әскери iстi жақсы меңгеруді, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалануды үйренуде. Ант қабылдауға біздің жастар сақадай сай. Мектеп взводының жетекшісі запастағы капитан Шамшиев Нұрлан Сарсенбайұлы.

(Мектеп взводы «Мен қазақпын» сапта тұрып ән айту)

1-жүргізуші: Мектепте «Шаңғы тебу спорты» да қарқынды дамып келеді. Жастардың қызығушылықтары да артып, жыл сайын спорттың бұл түріне тартылып жатқан оқушылар саны артуда. Назарларымызды экранға аударсақ.

(«Шаңғы тебу» спорты видео)

Естеріңізге сала кетейік, 26-қаңтар күні Шақпақ ата ауылдық округіне қарасты «Қаралма» тау шаңғысы демалыс кешенінде «Жуалы жастары салауатты өмірді қолдайды!» атта жастар арасында қысқы спорт түрлерінен өткізілген фестивальда мектеп жастары Жомартбек Береке 1-орынды иеленсе, Асқар Самат 2-орынды қанжығасына байлады. Жарайсыңдар, спортшылар! Жеңістерің құтты болсын!

2-жүргізуші:

Кұлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.

(Ән өнері – трио)

Бүгінгі күннің жастары: техникаға бейім, ізденіске құштар, жаңашылдыққа жақын жандар. Ал, кешегінің жастары қандай болды? Біздің жастар осы сұраққа жауап іздеп көрген еді. Назар аударайық!

(Театр өнері – 8 кл)

1-жүргізуші:

Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде Елбасының тапсырмасымен биыл мектебімізде «Робототехника» курсы ашылып, арнайы кабинеттер бөлініп, робототехника сабағын өткізуге лайықтап жарақталды. Қазіргі таңда құрылғының тілін түсініп, роботтың жілігін шағып, майын ішетін оқушыларымыздың қатары күн сайын өсіп келеді. Курс жетекшісі IT-маманы Сабиев Бақытжан. Жақында ғана оқушылар арасында мектепішілік «Робо-спорт – 2019» жарысы ұйымдастырылып, керемет нәтиже көрсеткен оқушыларымыз аудандық жарыстарға сақадай сай.

(«Робототехника» видео)

2-жүргізуші:

Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану барысында Мыңбұлақ орта мектебінде ән, би, домбыра, сурет, қолөнер, пікірсайыс үйірмелері мен кітапхана жұмыс жасайды. Артық білім табылатын кітапханада атақты ақын-жазушылардың сыйға тартқан кітаптарынан бастап, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты мыңдаған кітаптарды табуға болады.

Бос уақыттарын тиімді пайдаланатын Мыңбұлақ жастары – кітапханада.

(Кітапхана – оқушылардың кітапханадағы бір күні – видео)

1-жүргізуші:

Жастар...жастар...жастар...Бұл сөзді естігенде кез-клген жанның есіне жалындаған жастық шақ, мектеп қабырғасы, достар, көңілді әуезді кештер түсері сөзсіз. Ендеше, құрметті қонақтар, сіздерді балалық шаққа саяхаттауға шақырамыз.

(Заманауи ән: «Жан досым» 10 сынып гитара.)

2-жүргізуші:

Келесі біз асыға күткен «Сәтті сұқпат» айдарына да келіп жеттік. Құрметті жастар қауымы! Кешті ұйымдастырушылар арнайы біздер үшін ауданымыздың жалындаған, жан-жақты, білімнің шыңына шыққан жастарымызды шақырған болатын. Құрметті қонақтар, көкейімізде жауабын таппай жүрген сұрақтарымызды қоюға рұқсат етіңіздер?! Ал, алғашқы сұрақ менен болсын...

_______________________________________________________________

1-жүргізуші: Құрметті ________________________ , менің білгім келетіні...___________________________________________________

(залдағы оқушылар сұрақ қояды)

2-жүргізуші: Көп-көп рахмет, құрметті біздің қонақтар, берген ақыл-кеңестеріңізге, көрсеткен жолдарыңызға, бөліскен ой-пікірлеріңізге алғыс білдіреміз.

1-жүргізуші: Болашақта биік белестерден көрініп, қандай болмасын жетістікке жеткенде сіздерді еске алатын боламыз! Ендеше, кешімізді қорытындылауға, марапаттау айдарына мектеп директоры Нарбек Ордабекұлы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Роза Махаббатқызын ортаға шақырамыз!

(Қонақтарға «Алғыс хат» табыстау айдары)

(Ә.)

2-жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.

1,2-жүргізуші: Келесі кештерде жолыққанша сау саламатта болыңыздар!

ЖИ арқылы жасау
12 Қараша 2020
3335
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі