"Жасыл энергетика - ел дамуының болашағы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жасыл энергетика - ел дамуының болашағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жасыл энергетика - ел дамуының болашағы"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Еліміздің бас қаласы Астанада бүкіл әлем көз тіккен «EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі «Болашақ энергия» ұранымен өтті. Жалпы, статистикаға жүгінсек, көрме 178 елден келген төрт миллионға жуық адамдардың жүрегін жаулап үлгеріпті. Көрменің ғылыми тұжырымдамасы өте қызықты, көрмелік кешеннің аумағы су тамшысын еске түсіреді. Мамандандырылған көрменің ортасында Қазақстанның ұлттық павильоны орналасқан диаметрі 80 метрге жететін «Нұр Әлем» сферасы атты ірі бірегей ғимарат тұр. Павильонның 2396 шаршы метрлік органикалық пішіні мен оның өзгермелі түстер үйлесімі бар қасбеті келген адамның көзін қуантады. Болашақта энергияны өндіру мен қамтамасыз ету кезінде адамзат алдынан қандай жаһандық түйткілдер шығады? Көрменің басты тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп бекерден-бекер аталмады, себебі энергия адамның тіршілік етуінің және қоғам дамуының негізін құрайтын құрамдас бөлік болып табылады. Климаттың өзгеруі – бүкіл әлем үшін ортақ проблемалардың бірі екені түсінікті болып келеді, бірақ оны шешудің келешекті тәсілдері де ғаламның кез келген нүктесінде қолжетімді. Жердегі климаттың өзгеріске ұшырауы бес негізгі қатердің пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін: ауыл шаруашылығындағы өнімділіктің төмендеуі, су тапшылығының ұлғаюы, қысылтаяң табиғи жағдайлардың көбеюі, экожүйенің бұзылуы мен аурулардың таралуы. Халықаралық энергетика агенттігінің есебіне сай, 2050 жылға таман пайдалы қазбаларға, жел энергиясына, су электр энергиясы мен ядролық энергияға қарағанда, күн энергиясы электрдың ірі көзіне айналуы ықтимал. Астанаға келгенде, бірінші кезекте, мені жаңа «Нұрлы жол» теміржол вокзалы жағымды жағынан таңғалдырды, оның ТМД елдерінде баламасы жоқ және ол әлемде соңғы кездері салынған заманауи теміржол вокзалдарының бірінен саналады. Жаңа сапаржай елорданың іскерлік орталығына жақын орналасқан және заманауи әуежайды көз алдыңа елестетеді. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне келер болсақ, онда алыстан көз тартатын үлкен шар – біздің ғаламшарымызды бейнелейтін «Нұрлы Әлем» қазақстандық павильоны орталық болып есептеледі. Көрменің аумағына аяқ бассаң, өзге бір өлшемдегі әлемнен топ ете түскендей әдемі қалашыққа тап боласың және әр түрлі елдердің павильондарында энергия мен энергияны үнемдеу технологияларын тиімді пайдалану бойынша өте көп қызық ғылыми жобалар, идеялар мен дүниелер бар. Өз отандастарымның қызықты инновациялық ізденістерімен және де шетелдік ғалымдардың зерттеулерімен бөліскім келеді. Германияның павильонында «Энергия – дұрыс жолда» ұранымен елдің жаңа энергетикалық саясаты ұсынылған. «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі неміс павильоны бірнеше залдардан тұрады. Павильонның «Болашақ картасы» дейтін бірінші залында өзгеріп жатқан әлемнің ауқымды картасы көрсетілген.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2020
308
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі