Биология және биохимия кафедрасы
РЕФЕРАТ
Такырыбы: Жасуша циклы. Митоз. Атипикалық митоз және оның себептері.
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Шымкент 2099 ж
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жасушаның бөлінуі
2. Жасушаның тіршілік циклі
3. Митоз
4. Митоздың биологиялық маңызы
5. Жасушаның ДНҚ синтезіне дайындық кезеңі (Gt)
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жасушаның ашылуы оптикалық құрал — микроскоптың құрастырылуымен тығыз байланысты. Оптикалық әйнектер туралы деректер оте ерте кезден-ақ қалыптаса бастаған. XV ғасырдың басында оптикалық әйнектерді адамдар көзәйнек ретінде пайдаланған. Екі линзадан тұратын және ұсақ денелерді үлкейтіп көрсететін ең қарапайым оптикалық қүралды XVI ғасырдың аяғында ағайынды Янсендер құрастырған, бірақ ол арқылы жасушаны көруге мүмкіндік болмаған.
Жасушаны көруге мүмкіндік берген алғашқы микроскопты 1665 жылы физик Р.Гук құрастырып, сол микроскоп арқылы жасушаны ашқан. 1671 жылы М.Мальпиги, Н.Грю жасушаларды зерттеп, олардың ең негізгі құрамдық белігі — қабықшасы деп болжамдаған.
XVIII—XIX ғасырларда микроскоптың күрделенуі, микроскопиялық зерттеулер әдісінің жетілуі нәтижесінде бірте-бірте жасушаның тірі заттары ашылған.
1831 жылы ағылшын ғалымы Р.Броун жасушаның түйіршіктенген құрылымын ашып, оны ядро (nucleus) деп атаған; 1841 жылы чех ғалымы Ян Пуркинье жасушаның қоймалжың заты — тірі затын ашып, оны протоплазма деп атаған. Осылайша XIX ғасырда ғалымдардың жасуша туралы пікірі бірте-бірте өзгеріп, оның негізгі заты қабықшасы емес, тірі заты — деген ұғым қалыптасқан.
1838—1839 жылдары неміс ғалымдары Т.Шванн және М.Шлейден еңбектерінде өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының 200 жылға жуық созылған зерттеулері қорытындыланып, жасуша теориясы қалыптасқан. Сол сияқты жасуша теория-сының әрі қарай дамуына неміс дәрігері Р.Вирхов та (1858) өз үлесін қосқан.
Жасушаның бөлінуі
Бүкіл тірі ағзалардың көбеюге бейімділігі ажыратылмас бейімділік болып саналады. Олардың бұл ортақ қасиеті жасушалық бөлінумен қамтамасыз етіледі. Жасушаның жарық дүниеге келуінен келесі еншілес жасушалардың түзілуіне дейінгі тіршілігі жасушалық айналым деп аталады. Жасушалық айналым 2 кезеңге: бөлінуге даярлық - интерфаза және бөліну үдерісі - митоз (немесе өзге амалдарға) бөлінеді. Интерфаза немесе өсу фазасы жасушалық айналымның шамамен 80%-ын алады. Бұл цифр әр түрлі ағзаларға тиесі сан алуан жасуша типтерінде барынша өзгерісте болады. Интерфаза кезінде жасушалар өсіп, энергия АТФ және жұғымды заттар түрінде жинақталады, органоидтар саны артады. Пісіп жетілген, бөлінуге даяр жасушаның әдетте ядросы ірі болады. Көптеген жасуша типтерінде бөлінуге даярлық сигналы ядро көлеміне цитоплазма көлемінің қатысы қызмет етеді. Онсыз келесі бөлінудің мүмкіндігі болмайтын маңызды оқиға – еселену (репликация). Егер еселену болмаса, еншілес жасушаларға хромосома жетпей қалады да, қырғынға ұшырайды. Еселену үдерісі шамамен интерфазаның ортасында өтеді. Интерфазаның соңында және бөліне бастаған кезде жасушада хромосомалар болады, олардың әрқайсысында екі-екіден ДНҚ молекулалары орналасады. Бұл молекулалар бірінің-бірі көшірмесі болып есептеледі. Бұл молекулалар кермелену орнында (центромер) қосылып, оны ортақ нәруыз қабықшасы қаптайды. ДНҚ-ның мұндай еселенген молекулалар типі хроматидтер деп аталады. Жасуша бөліне бастаған кезде хромосоманың әрқайсысы екі жартыдан - екі хроматидтен тұрады.
Жасушаның тіршілік циклі
Көп жасушалы организмде жасушалар белгілі бір нақты құрылыс пен функцияға ие болады. Соған қарай жасушалардың тіршілік ету ұзақтығы да әр түрлі. Мысалы, жүйке және бұлшықет жасушаларында эмбриондық даму кезеңі аяқталған соң, жасушалар бөлінуді тоқтатып әрі қарай тіршілік барысында өз қызметін атқарады. Ми жасушалары эпидермис, тоқ ішек эпителийлері сияқты басқа жасушалар өздерінің арнайы функциясы барысында тез тіршілігін жояды. Сондықтан да бұл ұлпаларда үздіксіз жасушалық көбею процестері жүріп отырады. Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде, сонымен катар митоз барысында бірінен соң бірі жүретін және өзара байланысты процестер жиынтығын митоздық цикл деп атайды, ол тіршілік циклінің бір бөлігін құрайд
Митоз - сомалық жасушалардың бөлінуі. Митоз клетка көбеюінің көбірек кездесетін әдісі. Осы әдіс генетикалық материалдың жас клеткаларға тең бөлінуін және клетка ұрпақтарындағы хромосоманың ұқсастығын қамтамасыз етеді.
Митоздың биологиялық маңызы - хромосома санының екі еселенуі және олардың жас клеткаларға тең бөлінуі. Митоз процесінде бір клетка жаңа екі клеткаға бөлінуге даярлана бастаған шақта хромосомаларда таңқаларлық өзгерістер байқалады. Әр хромосома ұзына бойына екіге бөлінеді және екі бөліктің екеуі де теңбе-тең генетикалық материал алады.
Митоз процесі 4 сатыдан өтеді: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.
Интерфаза – клетканың екіге бөлінуі аралығындағы дайындық кезеңі. Бұл кезеңде боялып бекітілген ядроның боялған жіңішке жіпшелерден тұратын торлы құрылымын байқауға болады.
Профаза – ядроның бөлінуге дайындалған бірінші сатысы. Бұл кезде хромосома жіпшелерінің өз осінде шиыршықталып бұратылуының салдарынан хромосомалар қысқарып, жуандайды. Профаза кезінде хромосомалар кариолимфада кездейсоқ дерлерде орналасады, осы кезеңде ядрошықтар бұзылады. Ал профазаның аяқ кезінде ядро қабығы бұзылады да хромосомалар цитоплазмамен кариоплазманың сұйық заттарының қосындысы – миксоплазманың ортасында қалады.
Метафаза фаза сатысының екі кезеңі бар: метакинез – хромосомалар клетканың экватор аймағына жиналып шоғырланады, клетка бөлінуге дайындалады; нағыз метафаза – хромосома жіпшелері центромералармен байланысады, хромосомалар хроматидтерге жіктеледі. Клетка цитоплазмасы бұл кезде тұтқырлығын жоғалтады. Бұл кзеңде әрбір хромосоманың центромерасы дәл экваторда, ал қалған денесі экватордан тыс жазықта болуы мүмкін.
Анафаза – хроматин жіпшелерінің болашақ жас клеткалардың полюстеріне қарай созылып, ахроматин ұршығын құрау кезеңі. Ахроматин ұршығының белдеуінде хромосомалар түрліше орналасып, ең алдымен аналық жұлдызын құрайды. Сонан кейін аналық жұлдыздағы қосарланып орналасқан гомологиялық хромосомалардың ұзынынан бөлінуі нәтижесінде пайда болған жас хромосомалар клетканың полюстеріне қарай ығысады да, екі жас хромосома жұлдыздары пайда болады. Осының нәтижесінде бір клетка екіге бөлініп, жас клеткалар түзіледі. Анафазада хромосомалардың клетка полюсіне ығысуы бірден басталып, өте тез арада бітеді.
Телофаза митоздың ақырғы сатысы. Телофаза кезінде хромосомалардың қозғалуы аяқалады, митоздық аппарат бұзылады, ядрошықтар пайда болады. Клетканың қарама-қарсы полюсінде жаңа пайда болған хромосомалардың сыртынан ядролық қабық пайда болады. Жаңа ядролардың қайта құрылуымен қатар әдетте клтека денесі бөлініп, цитотомия не цитокинез өтеді де, екі клетка құрылады. Телофаза кейде цитотомиямен аяқталмай екі ядролы клетка құрылады.
Жасушаның ДНҚ синтезіне дайындық кезеңі (Gt)
Ол G символымен белгіленеді. Бұл кезеңде жасушада РНҚ мен нәруыздардың синтезі жедел түрде жүріп, ДНҚ биосинтезіне қатысушы ферменттердің белсенділігі жоғарылайды. GGjфазасы аяқталған соң, жасушада ДНҚ синтезі жүреді;
ДНҚ молекуласының редупликациялануы белгілі бір тәртіппен жүреді. Жаңа молекула абсолютті түрде ескі молекулаға ұқсас болады. Әр түрлі жасушалардағы ДНҚ синтезінің ұзақтығы бірдей емес: бактерияларда бірнеше минут, ал сүтқоректілер жасушаларында 6—12 сағат;
ДНҚ аштезінің аяқталуы мен митоздың басталу кезеңі (G2)
ДНҚ синтезінің аяқталуы мен митоздың басталу кезеңі G2 фазасы деп аталады. Бұл кезеңде жасушаның митозға дайындығы толық аяқталады. Митоздық бөліну жүзеге асу үшін жасушаға басқа да дайындық процестері қажет, яғнн жасуша орталығының 2 еселенуі және нәруыздар синтезі, олардан жасушаның өсуін аяқтайтын ахроматин жіпшелері құралады. Жасушада митоз процесі басталғанда, жасушаның функционалдық белсенділігі өзгереді. Мысалы, карапайымдылардағы және жоғары сатыдағы жануарлар лейкоциттерініңкозғалыстары мен сұйықты сіңіру қызметі, амебалардағы вакуольдерінің жиырылғыштығы тоқталады. Жасушаның арнайы құрылымдары жойылады. Мысалы, эпителий жасушалары кірпікшелері.
Қорытынды
Жасуша ашық биологиялық жүйе болып саналады. Ол арқылы үнемі заттар, энергия және ақпараттар ағыны өтіп отырады.
Заттар ағыны — жасуша тіршілігі үшін өте қажет ққбылыс. Жасушаға үнемі заттар еніп, олар зат алмасу процесінде өзгеріп (ыдырап, синтезделіп), сыртқа шығарылып отырады. Бұл процесс үздіксіз жүреді, себебі заттар ағыны тоқталса, жасуша да өз тіршілігін тоқтатады. Жасушаға түйіршік тәрізді заттар — фагоцитоз, ал сұйық заттар - пиноцитоз арқылы енеді.
Жасушаның тіршілік циклі деп оның пайда болуы, құрылысының күрделенуі, атқаратын қызметіне икемделуі, бөлінуі немесе тіршілігін жою (өліп қалу) кезеңдері жиынтығын айтамыз. Яғни жасушаның циклі оның пайда болуынан бөлінуіне немесе өлуіне дейінгі уақытты қамтиды, мысалы, ұдайы бөлінетін жасушалардың тіршідік жиынтығын мытоздық цикл деп атауға болады. Сонымен, митоздық цикл дегеніміз жасушаның митоздық жолмен екі бөлінуі арасындағы байқалатын құбылыстар жиынтығы
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Ә.Ә.Әметов. Ботаника -2000. -511 б
-
Е.Агелеуов, К.Дөненбаева, К.Агитова, С.Иманкулова. Ботаника – А.Санат,1998. -483 б
-
А.Мехаметгалиева, З.Кабаева. Өсімдіктану. Алматы,1995 -202 б.
-
Кокенов М.К. Әдекено С.М, Раұқымов Қ.Д., Исамбаев Ә.И., Сауранбаев Б.И. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. – Алматы: Ғылым, 1998-288 б
-
М.Б.Бедебаев, Г.Б.Дөненбаева, К.М.Нұғманова. Өсімдіктер систематикасы. – Шымкент, 1997-182 б
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жасуша циклы. Митоз. Атипикалық митоз және оның себептері.

шағым қалдыра аласыз