Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі
Тіл-елдің жаны, рухы, өткені мен бүгіні, келер болашағы. Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалары сөзсіз. Күні бүгінге дейін ұлтымыз не көрмеді десеңізші... Қазақ тілінің білімдік тарихында үш алфавит жүйесі болды. Олардың алғашқысы- араб әліпбиі, екінші- латын әліпбиі, соңғысы әрі қазіргі таңда қолданыстағы- кириллицаға негізделген қазақ әліпбиі. Ана тіліміздің өмірін одан әрі жалғастырып, көркейту үшін латын әліпбиіне көшу болашаққа жасалған нақты қадамдарының бірі болмақ. Осы орайда «Неге латын әліпбиіне көшуіміз керек?» деген сұрақ туындауы өте орынды. Латынға көшу- заман талабы. Бұлай деуімізге себеп өте көп.
Біріншіден, кириллицаға негізделген қазақ әліпбиін көптеген елдерден келген қазақтар не туристер түсінбей жатады. Латын тіліне әлемнің негізгі жеті тілдер қатарына кіретін ағылшын әліпбиіне ұқсас. Жазуларымызды, тілдік нормаларымызды ауыстырып, латын қаріптерін қолданатын болсақ еліміздің дамуына үлкен жетістік болар еді. Екіншіден, айналамыздағы көршілеріміз бен достық қарым-қатынасымыз жақсы елдер латын әліпбиіне көшу саясатын бастап кеткен. Көптеген турист-қонақтарды қарсы алатын Түркия мемлекеті латынға 1928 жылы көшкен болса, Өзбекстан және Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін араға уақыт салмай көшкен болатын. Үшіншіден, өткен күнге көз жүгіртсек белгілі ақын-жазушыларымыздың көптеген шығармалары латын әліпбиінде жазылған. Өкінішке орай, оның біразы кириллицаға аударылмаған. Егер латын әліпбиіне көшсек сол еңбекті түп-нұсқада, еш аудармасыз оқуға мүмкіндік алар едік. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты бағдарында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырдық. Әйтсе де, латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген ел, соның ішінде посткеңестік кейбір елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес» деген ойын білдірген. Байқап, зер қойған адамзатқа анық көрінетін бұл жайттың қыры мен сыры да мол. Өйткені, заманның өзгеруіне теңесетін латын әліпбиіне әлемнің дамушы мемлекеттерінің біршамасы көшкен. Қазақстан мемлекеті де жаһанда даму үрдісін тоқтатып, артта қалған, жұтаң республика емес. Сондықтан жоғарыда билікте отырған мемлекеттік қызметкерлердің латын әліпбиіне арналған айтуынды ұраны да орынды секілді. Дегенмен де, қоғамда әртүрлі адамдар бар. Ал, олардың әрқайсысының жеке индивид ретінде ой-пікірлері бар. Шын мәнінде ана тілімізді латын әліпбиіне көшірудің жақсы тұстарымен қоса, кері жақтары да басымырақ. Баку-славян университетінің доценті Эльмира Ахундова біздің алғашқы президентімізге, үкіметке жолдаған бір хатында: «Латын қарпіне көшкеніміз-біздің қасіретіміз болды. Әзірбайжан және ағылшын тілдерін оқып жатқан балалар кириллицаны мүлде білмейді. Олар осыған дейін басылып шыққан кітаптарды оқи алмайды» деп өзіндік пікірін хабарлаған. Расында да, алдағы уақытта тек латын қарпінде жазу жазып, білім алсақ өскелең ұрпақ бүгінге дейін жазылған талай құнды еңбектерді білмей кетеді. Оның үстіне жаңашыл дүниені жастар тез меңгергенімен, егде жасқа жақындаған жасы үлкен кісілер латын қаріпін меңгеруі екі талай екендігін де естен шығармаған жөн. «Латын әліпбиіне көшу» тақырыбы бүгінде еліміздің басты мәселелерінің бірінеайналып отыр. Жасалған сараптамымызға сүйеніп, бұл тақырыпты зерттей келе мектеп оқушыларына екі әліпбиді қатар енгізген жөн деген шешімге тоқталар едік. Қазақ тілі- мемлекеттік тіл. Оның әліпбиін латын қарпіне көшіріп,өз құндылықтарымызды өшіріп алмасақ болғаны деген тұжырымға тоқталғанымыз дұрыс болар.
Жаһандану және ұлттану үдерісінде қазақ тілі қайта жаңғырар деген сенімдеміз. Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру- уақыт талабы екенін ескерсек, заман ағымы қажет ететін шараны жүзеге асыруға бір атаның баласындай жұмылуымыз қажет. Бірақ, өз тілімізді әлі үйренбей жатып, латын әліпбиіне ұлт көше алмайтындай көрінетіні жасырын емес. Қазақ тілінде ресми іс жүргізу әлі күнге дейін толыққанды қамтамасыз етілмей жатып, латын әріпіне көшу орны толмас өкінішке әкеліп соқтырмаса болғаны...
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз