Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ЖаҺандық құзыреттілік 5-9 сынып Бағдарламасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсының ұзақ мерзімді жоспары
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы « »
№ бұйрығына
-қосымша
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсының үлгілік оқу бағдарламасы
1. Жалпы ережелер
-
Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
-
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсы білім алушылардың әлемдегі өз орнын анықтау үшін қажетті құндылық бағдарларын, коммуникативтік дағдыларын, әдеплық нормалары мен мінез-құлық ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал етеді.
-
Курстың мақсаты: жаһандық азаматтық құзыреттерге ие бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
1) білім алушыларды қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндерімен таныстыру;
2) тұлғаның тұрақты даму мәдениетін қалыптастыру;
3) білім алушыларда жергілікті, өңірлік, ұлттық, жаһандық оқиғалар, олардың себептері мен салдарлары туралы талдамалық бағалау түсінігін дамыту;
4) эмпатия жағдайында басқа адамдардың қажеттіліктері мен құқықтарына тәрбиелеу;
5) мазмұнды және шығармашылық оқыту дағдыларын қалыптастыру.
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсы бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5 - сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат;
6 - сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат;
7 - сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат;
8 - сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат;
9 - сыныпта-аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат.
2. Оқу курсының базалық мазмұны
6. Курс бағдарламасы білім алушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып әзірленген алты бөлімнен тұрады.
«Парасаттылық және әдеп» юниті білім алушылардың бойында әдептілік, тілектестік, адалдық, толеранттылық, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік, ұжымда жұмыс істей білу және мінез-құлық мәдениетінің жоғары стандарттарын білдіретін жеке қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
«Азаматтылық және патриотизм» юниті қазақстандық қоғамның бірдей кодын және мемлекеттілікті құрметтеуді, азаматтық ұстаным мен жауапкершілікті қалыптастыруды, адамдардың қоғамдағы өзара қарым-қатынасын, отбасындағы өзара көмекті, халықаралық сананы қалыптастыруды насихаттайды.
«Медиа және қаржылық сауаттылық» юнитінде медиакеңістік және қаржылық сауаттылықтың негізгі ұғымдарымен және заңдылықтарымен танысады. Қоғамда белсенді өмір сүріп, әлеуметтену үшін қажетті дағды түрлерін қарастырып, ақпаратты талдау, бағалауды дамытады. Білім алушылар ақпаратпен жұмыс істеуге, материалдарды бағалауға, талдауға, жалған мәлімет пен насихатты ажырата білуге үйренеді. Қаржылық сауаттылық туралы білімдері кеңейіп, сауаттылық неден басталатыны, еңбегі арқылы жетістікке жеткен адамдар туралы ақпарат жинақтап, отбасылық бюджетті қалай үнемдеуге болатыны туралы өмірмен байланысты білімдерін дамытады. Білім алушылар қаржылық сауаттылықты жеке қаржылық әл-ауқатқа жету құралы ретінде пайдалану арқылы әлемдік экономикалық кеңістікке кірігеді.
«Өмір қауіпсіздігі» юниті адам өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, даралықты, жеке өмірге қол сұқпау және құпиялық құқығын сақтауға, қорқыту мен зорлық-зомбылықтан қорғану, адам өмірін сақтап қалу жолдарымен танысуға бағытталған.
«Экологиялық мәдениет» юнитінде білім алушылар экологияның негізгі заңдылықтарымен танысады. Өз денсаулығына, айналасындағы адамдарға және табиғатқа жағымды көзқараста болып, ұқыппен қарауды үйренеді. Табиғатты пайдаланудың моральдық-құқықтық принциптерін сақтайды. Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын белсенді жүргізетін, биосферадағы байланыстарды бұзушыларға қарсы, сондай-ақ экологиялық санасы дамыған әлеуметтік-бағдарлы тұлғаны қалыптастырады.
«Зайырлылық және дінтану» юниті (9-сынып) білім алушылардың құқықтық және діни сауаттылығын қалыптастыруға, зайырлылық қағидатын құндылық ретінде түсінуге, діннің қоғам өміріндегі орнын, әлемдік діндердің, жалған діни және деструктивті діни ағымдардың тарихы мен қазіргі жағдайын зерделеуге бағытталған.
3. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Білім алушыда:
-
кең ауқымды дағдылар;
-
әлеуметтік жауапкершілік;
-
сыни, креативті және шығармашылық ойлау;
-
өз білімі мен іс-әрекеті үшін жауапкершілік, басқаларға жанашырлық пен құрмет көрсету;
-
салауатты өмір сүру дағдысы мен айналасындағы адамдардың әл-ауқатына ықпал ету;
-
өмір бойы білім алу қажеттілігі;
-
экстремистік, террористік діни топтар мен ағымдардың идеологиялары мен тәжірибесінің ықпалына қарсы иммунитет қалыптасады.
Білім алушы
-
тәжірибеде алған білімдерін;
-
өзінің және басқаның жаңа идеяларын;
-
сыни тұрғыдан бағалауды және ақпаратпен сенімді жұмыс істеуді;
-
зерттеушілік, жобамен жұмыс жасау және волонтерлік жұмыс дағдыларын;
-
тұрақты даму мүддесіндегі ашық, мейірімді қоғам құруға бағытталған білім мен дағдыларды қолданады.
Білім алушылар
-
өзінің оқуын және жеке дамуын қолдау үшін күшті және әлсіз жақтарын;
-
өзінің және басқалардың жақсы өмір сүруі үшін өмірдің түрлі аспектілерін;
-
басқалармен ынтымақтастық қарым-қатынасын;
-
мемлекеттік, саяси және діни бірлестіктер мен мәдениетаралық қатынастардың мәнін талдай алады.
Білім алушылар
-
өз мінез-құлқы мен мәдениетін, жеке тарихын, сондай-ақ құндылықтар мен әртүрлі көзқарастарды;
-
әр түрлі жағдайларда жауапты шешімдер қабылдауды сыни бағалайды.
Осы оқу бағдарламасы негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Жаһандық құзыреттіліктер» оқу пәні бойынша қосымшада берілген Үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес іске асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда барлық сынып бойынша әр тарауда қамтылуы тиіс оқу мақсаттарының көлемі белгіленген.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Жаһандық құзіреттер» курсының Үлгілік оқу бағдарламасына қосымша
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Жаһандық құзыреттіліктер» курсының Үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспарда тақырыптар, тақырыптарды игеруге жұмсалған сағаттар саны және күтілетін нәтижелер түрінде оқу мақсаттары крсетілген.
Мұғалім тақырыптарды жоспарлау кезінде сағат санына сәйкес оқу тақырыптары мен мақсаттарын өзгерте алады, сынып ерекшеліктерін, жеке ерекшеліктерді және оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып өзгерістер енгізе алады.
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсының тақырыбы
Юнит |
5 класс |
6 класс |
7 класс |
8 класс |
9 класс |
Парасат тылық және әдеп |
Сәлем – сөздің анасы |
Өмірлік ұстанымдарыма берікпін |
«Рухани қасиеттер - адам өміріндегі ең бастысы» (Абай) |
Махаббат мәдениеті |
Отбасы және неке. Бақыт не әкеледі және бақытқа не кедергі? |
Ата-бабадан қалған ілтипат – отбасының негізі |
Ұстазым - қамқорым менің, баулыған асыл өнерге |
Жақсылықты күн шуағындай шаша біл! |
«Елің үшін еңбек қыл, отыра берме бекерге» (Дулат Бабатайұл) |
Корпоративтік жұмыс мәдениеті |
|
Еділ бол да, Жайық бол, ешкімменен ұрыспа» (Асан қайғы) |
«Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз сөз бастама» (Асан қайғы) |
«Өз мінін білген жігіттің тәлімінде мін бар ма» (Ақтамберді жырау) |
«Жақсымен жолдас болсаңыз, айырылмасқа серт етер» (Бұқар жырау) |
«Әділ деп соны айтыңыз, турасын қисық бұрмаса» (Шортанбай Қанайұлы) |
|
Дастархан басында |
Сыйға - сый, сырға – бал |
Қарым-қатынас жасау мәдениеті |
«Ендігі туған балалар, атаңның сөзін бұзбаңдар!» (Шортанбай Қанайұлы) |
Саяхат әдебі: біз өз еліміздің өкіліміз |
|
Біз қорлауға қарсымыз |
Мен өз әрекетіме жауаптымын |
Зорлық-зомбылық және қорлау: алдын алу және қорғану |
«Өзіңнен өзің есеп ал» Абай |
Қарым-қатынас мәдениеті: гендерлік рөлдер |
|
Азаматтық және патриотизм |
Отбасыдағы өзара сыйластық |
Менің әлеуметтік ортам |
Отан деген мен үшін... |
Толерантты лық деген не? |
Өзгені өзіңдей сыйла |
Өз Отанымды мақтан тұтамын! |
Мектебіміздің мақтанышы |
Өзге тілдің бәрін сүй, өз тіліңді құрметте! |
Біз – біртұтас халықпыз! |
Әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер |
|
Өз елімнің лайықты азаматымын! |
Туған өлке тарихы |
Өз елін танымал еткен тұлғалар |
Отанға арналады |
Ертеңгі жастар қандай болмақ? |
|
Түрлі көзқарас, біртұтас ұлт! |
Тарих беттерінен |
Елім деп соққан жүрегім! |
Ынтымағы жарасқан ел |
||
Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық |
Әлеуметтік желілер деген не? |
Нетикет деген не? |
Медиа кеңістікте және көпшілік алдында сөз сөйлеу |
Бейнехостинг (YouTube) |
Әлеуметтік желілердегі блогерлер |
Әлеуметтік желідегі менің аккаунтым |
Ғаламтордағы құқығым |
Телефон алаяқтары: не істеу керек? |
Прокрастинация |
Кибербуллинг |
|
Бартер деген не? |
Ақша қанша тұрады? |
Табысты арттыру жолдары |
Отбасылық табыс |
Белсенді және пассивті кірістер |
|
Алғашқы ақша қалай пайда болды және оның қызметі |
Басқа елдердің ақшасы |
Жеке кірісті қалай тиімді басқаруға болады |
Жинақтау. Қалта ақшасы |
Отбасылық бюджеттің түрлері |
|
Адамның еңбегі қалай бағаланады? |
Адамның жеке табысын қалай арттыруға болады? |
Отбасы бюджетін қалай жоспарлауға және үнемдеуге болады |
Отбасылық шығындар |
Отбасы бюджетін жоспарлау |
|
Отбасының кірістері мен шығыстары неден тұрады? |
Міндетті отбасылық шығындар мен отбасындағы қажетсіз шығындар |
Отбасының қаржылық мақсаттары |
Тұрғын үй несиесі. Ипотека |
Жинақтарды қалай сақтауға болады |
|
|
Күнделікті шығынды қалай басқаруға болады? |
Қымбат заттарды қалай сатып алуға болады? |
Ақша жинақтары қалай құрылады? |
Жоспарсыз сатып алу |
Қаржы пирамидасы |
|
|
Отбасылық бюджет дегеніміз не? |
Банк кредиттері |
Отбасы бюджетін жүргізу ережесі |
Қаржылық әлеует |
|
|
|
Отбасының қауіпсіздігі үшін қаржылық қауіпсіздік |
Жинақ жасау түрлері |
|
Тіршілік қауіпсіздігі |
Үй, аула, мектептегі қауіпсіздік |
Менің үйге қайтар жолым |
Табиғаттағы, қауіпсіздік |
Ережелер мен заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік |
Қандай да бір қауіп туындаған жағдайда нені білу маңызды? |
Отпен ойнама |
Құтқару қызметі |
Табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік |
Жауапты мінез-құлық және инфекцияның алдын-алу |
Төтенше жағдайларда өзіме және басқаларға қалай көмектесе аламын? |
|
Менің қауіпсіздігім менің қолымда! |
Абайлаңыз, күдікті заттар! |
Техниканы қауіпсіз пайдалану |
Жеке басына қол сұқпаушылық құқығы |
Өмір мен денсаулыққа қауіпті жағдайлардан қалай шығуға болады? |
|
Денсаулығым өз қолымда! |
Денсаулық пен сұлулық құпиялары немесе гигиена не үшін қажет? |
Мен не жеймін? Азық-түлік қауіпсіздігі. |
Зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік |
Қауіпсіздік мәселесін кіммен талқылауға болады? |
|
Жолаушы көлікте қалай піл бола алады? |
Үй-жайлардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары |
Қауіпсіз ер жетеміз |
Жеке тұлғалықты сақтау құқығы |
Отбасын жоспарлау |
|
|
|
|
Алғашқы көмек көрсету ережесі |
АИТВ және ЖИТС туралы не білеміз? |
|
Экологиялық мәдениет |
Жер – ортақ үйіміз |
Туған өлкенің сұлулығы |
Менің өлкемнің, елімнің экологиясы |
Табиғатқа деген сүйіспеншілік |
Табиғи ресурстарды қалай пайдаланамыз? |
Менің айналамдағы әлем |
Адам – табиғаттың бір бөлігі |
Табиғатпен үйлесімділік |
Болашақта жер қандай болуы керек? |
Экологиялық тұрақтылық |
|
Біздің таза ауламыз |
Экологиялық саяхат |
Экологилық қауіптер |
Табиғи апаттар |
Апаттар мен табиғи апаттардың қоршаған ортаға әсері |
|
Орманда өзін қалай ұстау керек |
Неліктен адам табиғатқа немқұрайлы қарайды? |
Табиғатты қалай сақтауға болады |
Қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілік |
Таза экологияға құқылымыз |
|
Қауіпсіз демалыс |
|
|
|
Экологиялық даулар |
|
Зайырлылық және дінтану |
|
|
|
|
Зайырлы мемлекет және дін |
|
|
|
|
Діннің пайда болуы және маңыздылығы, әлеуметтік мақсаты мен жіктелуі |
|
|
|
|
|
Діннің құрылымы мен қызметтері |
|
|
|
|
|
Діннің шығу тегі мен тарихи формалары |
|
|
|
|
|
Ежелгі сенім жүйесі, ұлттық және дәстүрлі діндер |
|
|
|
|
|
Буддизм. Дін ілімі негіздері. |
|
|
|
|
|
Христиан діні. Дін ілімі негіздері. |
|
|
|
|
|
Ислам. Дін ілімі негіздері. |
|
|
|
|
|
Қазақстандағы ислам. |
|
|
|
|
|
Қазақстан аумағындағы православты діни ұйымдардың қызметі. |
|
|
|
|
|
Ислам мәдениеті. |
|
|
|
|
|
Теріс пиғылдағы діни ағымдар туралы түсінік. Терроризм. |
|
|
|
|
|
Қазақстан – унитарлық және зайырлы мемлекет. |
|
|
|
|
|
Қазақстанның дінаралық келісім мен татулық аясындағы саясаты |
5-сынып
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Күтілетін нәтижелер (соңғы өнім) |
Парасаттылық және әдеп |
|||
1 |
Сәлем - сөздің анасы |
3 |
Жағдаяттық тапсырмаларды орындау, «Дастарқан басындағы әдептілік», «Сөз әдебі» бейне ролик дайындау |
2 |
Ата-бабадан қалған ілтипат – отбасының негізі |
||
3 |
«Еділ бол да, Жайық бол, ешкімменен ұрыспа» (Асан қайғы) |
||
4 |
Дастарқан басында |
||
5 |
Біз қорлауға қарсымыз |
||
Азаматтық және патриотизм |
|||
1 |
Отбасыдағы өзара сыйластық |
3 |
Әлеуметтік жоба Өзін-өзі құрметтеу, басқаларды құрметтеу ментальдік картасы Ситуациялық есептерді шешу |
2 |
Өз Отанымды мақтан тұтамын! |
||
3 |
Өз елімнің лайықты азаматымын! |
||
4 |
Түрлі көзқарас, біртұтас ұлт! |
||
Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық |
|||
1 |
Әлеуметтік желілер деген не? |
5 |
Жоба Зерттеу жұмысы Аккаунт құру Постерлер жасау Конкурс Схемаларды құру Ситуациялық есептерді шешу |
2 |
Әлеуметтік желідегі менің аккаунтым |
||
3 |
Бартер деген не? |
||
4 |
Алғашқы ақша қалай пайда болды және оның қызметі |
||
5 |
Адамның еңбегі қалай бағаланады? |
||
6 |
Отбасының кірістері мен шығыстары неден тұрады? |
||
7 |
Күнделікті шығынды қалай басқаруға болады? |
||
Тіршілік қауіпсіздігі |
|||
1 |
Үй, аула, мектептегі қауіпсіздік |
4 |
Жоба Рөлдік ойын: «Үйде жалғыз қалу: қауіпсіздік» «Көмекті қалай дұрыс шақыруға болады?» Жағдаяттық есептерді шешу |
2 |
Отпен ойнама |
||
3 |
Менің қауіпсіздігім менің қолымда! |
||
4 |
Денсаулығым өз қолымда! |
||
5 |
Жолаушы көлікте қалай піл бола алады? |
||
Экологиялық мәдениет |
|||
1 |
Жер – ортақ үйіміз |
3 |
Жоба Экологиялық тәсіл, акциялар Ақпараттық буклеттер әзірлеу «Табиғат-барлық жаратушылардың жаратушысы» тақырыбындағы суреттер конкурсы |
2 |
Менің айналамдағы әлем |
||
3 |
Біздің таза ауламыз |
||
4 |
Орманда өзін қалай ұстау керек |
||
5 |
Қауіпсіз демалыс |
6-сынып
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Күтілетін нәтижелер (соңғы өнім) |
Парасаттылық және әдеп |
|||
1 |
Өмірлік ұстанымдарыма берікпін |
3 |
Жоба Буклеттер дайындау |
2 |
Ұстазым - қамқорым менің, баулыған асыл өнерге... |
||
3 |
«Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз сөз бастама» (Асан қайғы) |
||
4 |
Сыйға - сый, сырға – бал |
||
5 |
Мен өз әрекетіме жауаптымын |
||
Азаматтық и патриотизм |
|||
1 |
Менің әлеуметтік ортам |
3 |
Жоба «Менің кейіпкерім» сұхбаты |
2 |
Мектебіміздің мақтанышы |
||
3 |
Туған өлке тарихы |
||
Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық |
|||
1 |
Нетикет деген не? |
5 |
Зерттеу жұмысы Ситуациялық есептерді шешу Рөлдік ойындар Схемаларды құру Рөлдік ойындар |
2 |
Ғаламтордағы құқығым |
||
3 |
Ақша қанша тұрады? |
||
4 |
Басқа елдердің ақшасы |
||
5 |
Адамның жеке табысын қалай арттыруға болады? |
||
6 |
Міндетті отбасылық шығындар мен отбасындағы қажетсіз шығындар |
||
7 |
Қымбат заттарды қалай сатып алуға болады? |
||
8 |
Отбасылық бюджет дегеніміз не? |
||
Тіршілік қауіпсіздігі |
|||
1 |
Менің үйге қайтар жолым |
4 |
Жоба Граффити/суреттер/сторибордтар жасау Жағдаяттық есептерді шешу |
2 |
Құтқару қызметі |
||
3 |
Абайлаңыз, күдікті заттар! |
||
4 |
Денсаулық пен сұлулық құпиялары немесе гигиена не үшін қажет? |
||
5 |
Үй-жайлардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары |
||
Экологиялық мәдениет |
|||
1 |
Туған өлкенің сұлулығы |
3 |
Туристік маршрутты жасау «Менің арманымның бағыты» жобасы Саяхатшылар клубын құру Комикс сайысы, аниме. Экологиялық рейд және рельеф картасын жасау. «Адам және табиғат» тақырыбына дөңгелек үстел Табиғи материалдан қолөнер бұйымдарын жасау |
2 |
Адам – табиғаттың бір бөлігі |
||
3 |
Экологиялық саяхат |
||
4 |
Неліктен адам табиғатқа немқұрайлы қарайды? |
||
|
|
7-сынып
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Күтілетін нәтижелер (соңғы өнім) |
Парасаттылық және әдеп |
|||
1 |
«Рухани қасиеттер - адам өміріндегі ең бастысы» (Абай) |
3 |
Бейнеролик дайындау Жоба Жағдаяттық есептерді шешу |
2 |
Жақсылықты күн шуағындай шаша біл! |
||
3 |
«Өз мінін білген жігіттің тәлімінде мін бар ма» (Ақтамберді жырау). |
||
4 |
Қарым-қатынас жасау мәдениеті |
||
5 |
Зорлық-зомбылық және қорлау: алдын алу және қорғану |
||
Азаматтық және патриотизм |
|||
1 |
Отан деген мен үшін... |
3 |
Жоба Зерттеу жұмысы «Еліміздің мақтанышы» бейнеролигін дайындау |
2 |
Өзге тілдің бәрін сүй, өз тіліңді құрметте! |
||
3 |
Өз елін танымал еткен тұлғалар |
||
4 |
Тарих беттерінен |
||
Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық |
|||
1 |
Медиакеңістікте және көпшілік алдында сөз сөйлеу |
5 |
Зерттеу жұмысы Жағдаяттық есептерді шешу Рөлдік ойындар Схемаларды құру Рөлдік ойындар Конкурс |
2 |
Телефон алаяқтары: не істеу керек? |
||
3 |
Табысты арттыру жолдары |
||
4 |
Жеке кірісті қалай тиімді басқаруға болады |
||
5 |
Отбасы бюджетін қалай жоспарлауға және үнемдеуге болады |
||
6 |
Отбасының қаржылық мақсаттары |
||
7 |
Ақша жинақтары қалай құрылады? |
||
8 |
Банк кредиттері |
||
9 |
Отбасының қауіпсіздігі үшін қаржылық қауіпсіздік |
||
Тіршілік қауіпсіздігі |
|||
1 |
Табиғаттағы, қауіпсіздік |
4 |
Зерттеу жұмысы Жағдаяттық есептерді шешу Бейнеролик түсіру Табиғаттағы қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу |
2 |
Табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік |
||
3 |
Техниканы қауіпсіз пайдалану |
||
4 |
Мен не жеймін? Азық-түлік қауіпсіздігі. |
||
5 |
Қауіпсіз ер жетеміз |
||
Экологиялық мәдениет |
|||
1 |
Менің өлкемнің, елімнің экологиясы |
3 |
«Табиғатпен бірлікте қалай өмір сүру керек» тақырыбындағы шығарма «Біздің экология» фотокөрмесі «Табиғатты сақтайық!» тақырыбына презентация Экологиялық акциялар |
2 |
Табиғатпен үйлесімділік |
||
3 |
Экологилық қауіптер |
||
4 |
Табиғатты қалай сақтауға болады |
8-сынып
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Күтілетін нәтижелер (соңғы өнім) |
Парасаттылық және әдеп |
|||
1 |
Махаббат мәдениеті |
3 |
Бейнеролик дайындау «Досыңызды кафеге шақырыңыз» рөлдік ойыны Жағдаяттық есептерді шешу |
2 |
«Елің үшін еңбек қыл, отыра берме бекерге» (Дулат Бабатайұлы) |
||
3 |
«Жақсымен жолдас болсаңыз, айырылмасқа серт етер» (Бұқар жырау) |
||
4 |
«Ендігі туған балалар, атаңның сөзін бұзбаңдар!» (Шортанбай Қанайұлы) |
||
5 |
«Өзіңнен өзің есеп ал» (Абай) |
||
Азаматтық және патриотизм |
|||
1 |
Толеранттылық деген не? |
3 |
Әлеуметтік жоба қайырымдылық челлендж «Жақыныңа жанашыр бол» |
2 |
Біз – біртұтас халықпыз! |
||
3 |
Отанға арналады |
||
4 |
Елім деп соққан жүрегім! |
||
Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық |
|||
1 |
Бейнехостинг (YouTube) |
4 |
Зерттеу жұмысы Жағдаяттық есептерді шешу Рөлдік ойындар Схемаларды құру Конкурс |
2 |
Прокрастинация |
||
3 |
Отбасылық табыс |
||
4 |
Жинақтау. Қалта ақшасы |
||
5 |
Отбасылық шығындар |
||
6 |
Тұрғын үй несиесі. Ипотека |
||
7 |
Жоспарсыз сатып алу |
||
8 |
Отбасы бюджетін жүргізу ережесі |
||
9 |
Жинақ жасау түрлері |
||
Тіршілік қауіпсіздігі |
|||
1 |
Ережелер мен заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік |
5 |
Зерттеу жұмысы Жағдаяттық есептерді шешу Стартаптар |
2 |
Жауапты мінез-құлық және инфекцияның алдын-алу |
||
3 |
Жеке басына қол сұқпаушылық құқығы |
||
4 |
Зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік |
||
5 |
Жеке тұлғалықты сақтау құқығы |
||
6 |
Алғашқы көмек көрсету ережесі |
||
Экологиялық мәдениет |
|||
1 |
Табиғатқа деген сүйіспеншілік |
3 |
Стартаптар Дөңгелек үстел (Олажас Сүлейменовтың «Бөлтіріктер» поэмасын талқылау) Зерттеу жұмысы Аргументтік эссе Экологиялық акциялар «Табиғатты қорғау біздің қолымызда!» |
2 |
Болашақта жер қандай болуы керек? |
||
3 |
Табиғи апаттар |
||
4 |
Қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілік |
9-класс
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Күтілетін нәтижелер (соңғы өнім) |
Парасаттылық және әдеп |
|||
1 |
Отбасы және неке. Бақыт не әкеледі және бақытқа не кедергі? |
6 |
Әлеуметтік жобалар Брифингтер Жобаларды қорғау Бейне дайындау Инфографика |
2 |
Корпоративтік жұмыс мәдениеті |
||
3 |
«Әділ деп соны айтыңыз, турасын қисық бұрмаса» (Шортанбай Қанайұлы) |
||
4 |
Саяхат әдебі: біз өз еліміздің өкіліміз |
||
5 |
Қарым-қатынас мәдениеті: гендерлік рөлдер |
||
Азаматтық және патриотизм |
|||
1 |
Өзгені өзіңдей сыйла |
4 |
Жоба Жағдаяттық есептерді шешу Флешмоб Акциялар |
2 |
Әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер |
||
3 |
Ертеңгі жастар қандай болмақ? |
||
4 |
Ынтымағы жарасқан ел |
||
Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық |
|||
1 |
Әлеуметтік желілердегі блогерлер |
6 |
TEDx өткізу Жоба Рөлдік ойындар Стартаптар |
2 |
Кибербуллинг |
||
3 |
Белсенді және пассивті кірістер |
||
4 |
Отбасылық бюджеттің түрлері |
||
5 |
Отбасы бюджетін жоспарлау |
||
6 |
Жинақтарды қалай сақтауға болады |
||
7 |
Қаржы пирамидасы |
||
8 |
Қаржылық әлеует |
||
Тіршілік қауіпсіздігі |
|||
1 |
Қандай да бір қауіп туындаған жағдайда нені білу маңызды? |
5 |
Зерттеу жұмысы Ситуациялық есептерді шешу Рөлдік ойындар Схемаларды құру Конкурс Бейнеролик |
2 |
Төтенше жағдайларда өзіме және басқаларға қалай көмектесе аламын? |
||
3 |
Өмір мен денсаулыққа қауіпті жағдайлардан қалай шығуға болады? |
||
4 |
Қауіпсіздік мәселесін кіммен талқылауға болады? |
||
5 |
Отбасын жоспарлау |
||
6 |
АИТВ және ЖИТС туралы не білеміз? |
||
Экологиялық мәдениет |
|||
1 |
Табиғи ресурстарды қалай пайдаланамыз? |
4 |
Экологиялық акциялар «Біз табиғи ресурстарды қалай пайдаланамыз» тақырыбындағы брифинг «Болашақ жер» Эссе Жобаларды қорғау Макулатура жинау және қайталама шикізатты бөлек жинау «Табиғат дәлсіздіктерге шыдамайды және қателіктерді кешірмейді» тақырыбындағы бейнеролик |
2 |
Экологиялық тұрақтылық |
||
3 |
Апаттар мен табиғи апаттардың қоршаған ортаға әсері |
||
4 |
Таза экологияға құқылымыз |
||
5 |
Табиғи ресурстарды қалай пайдаланамыз? |
||
Зайырлылық және дінтану негіздері |
|||
1 |
Зайырлы мемлекет және дін |
11
|
Жоба Жағдаяттық есептерді шешу Тесттер |
2 |
Діннің пайда болуы және маңыздылығы, әлеуметтік мақсаты мен жіктелуі |
||
3 |
Діннің құрылымы мен қызметтері |
||
4 |
Діннің шығу тегі мен тарихи формалары |
||
5 |
Ежелгі сенім жүйесі, ұлттық және дәстүрлі діндер |
||
6 |
Буддизм. Дін ілімі негіздері. |
||
7 |
Христиан діні. Дін ілімі негіздері. |
||
8 |
Ислам. Дін ілімі негіздері. |
||
9 |
Қазақстандағы ислам. |
||
10 |
Қазақстан аумағындағы православты діни ұйымдардың қызметі. |
||
11 |
Ислам мәдениеті. |
||
12 |
Теріс пиғылдағы діни ағымдар туралы түсінік. Терроризм. |
||
13 |
Қазақстан – унитарлық және зайырлы мемлекет. |
||
14 |
Қазақстанның дінаралық келісім мен татулық аясындағы саясаты |