Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жауапсыз махаббаттың құрбаны" драма

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы, Алатау ауданы

М.Хамраев атындағы №150

ЖББ мектептің қазақ

тілі мен әдебиет пәнінің

мұғалімі Мурадилова Альбина

Мухитжанқызы

«Жауапсыз махаббаттың құрбаны»

(Драма)

Рөлдерді сомдаушы кейіпкерлер:

Әкесі – Бекболат Қызы – Раушан

Анасы – Айсұлу Жігіт – Арман

Арманның досы – Үміт Дәрігер – Аружан


1.Көрініс. Сахнада байсалды да, салмақты жігіт әрі-бері жүріп, сағатына қайта-қайта қарап, біреуді күтуде. Жігіттің артынан көрікті бойжеткен ақырын ғана шығып, жігіттің иығына қолын тигізіп, шошытпақшы болады.

Раушан: – Бөһ! Оооо... шошыттым! Шошыттым! (Қуанған кейіп танытып, жігітке күлімдейді.)

Арман: – Түһ! Сен бір күні жүрегімді тоқтататын шығарсың? (Қолын кеудесіне қойып, терең демалады.)

Раушан: – Жо-жоқ. Олай деме. Сен маған керексің! Жүрегіңді тоқтатуға қалай дәтім барсын?! (Қорқып аландаған кейіппен қарайды.)

Арман: – Ендеше «Сен» - деп соққан жүректі қинама. Оны бағала. Оны жалғыз қалдырма. Болмаса, мұзға айналады. Түсінесің бе? Ол сенсіз мұзға айналады. (Арман Раушанды қушақтап, оны сүйе бастайды.)

Раушан: – Арман, доғар. Қой деймін. Арман! (Раушан, Арманның кеудесінен итеріп, ашыланған кейіп танытады. Арман артқа шегініп, басын шайқайды)

Арман: – Осылай істейтініңді біліп едім. Сен мені жақсы көрген емессің. Жақсы көрмейсің де! Егер жақсы көргенің де, менің кеудемнен итермес едің. (Раушан не істерін білмей абдырап қалады.)

Раушан: – Арман, қойшы енді. Бұл, іс – әрекетім сені жақсы көрмейтінімді білдірмейді. Мені түсінуге тырыс. Өтінем, сенен! (Арман, Раушанның сөзін естімеген кейіп танытып тұрады. Раушан, Арманның оған теріс қарап тұрғанына қарамастан алдына шығып, ойын айтабастайды. Алайда, мұнысынан түк шықпайды.)

Арман: – Ренжіген жоқпын. (Қатулы қабағымен ақырын ғана менсінбегендей кейіп танытады.)

Раушан: – Арман! Бері қарашы. Арманым, қамқоршым, алыстан күткен бақытым сол! Туу... Арман маған не істе дейсің? (Қабағын түйіп, ашуланып ашуланғанын білдіреді.)

Арман: – Уоһ! Жаңадан бері осылай демедің бе? Мен саған үйленгім келеді. Маған тұрмысқа шығуыңды қалаймын.

Раушан: – Не! Не айтып тұрсың? Сен мені 2 жыл күтетінің қайда?

Арман: – Раушан!

Раушан:– Тоқта, Арман! Менің сөзім әлі біткен жоқ. Сен білесің бе? (Арман Раушанның сөзін бірден бөліп)

Арман: – Иә... Білемін. Раушан! Сенің ата – анаң маған сені бермейді. Сенің өміріңді маған табыстағысы келмейді. Не істейін? Мен ғашықпын! Ғашық болғаным үшін кінәлімін бе? Барлығына менің өткен өмірім кінәлі шығар. Бірақ мен кінәлі емеспін!

Раушан: – Арман не деп кеттің? Маған айтпаған қандай да, бір жағдай бар ма?

Арман: – Болды, қойшы!

Раушан: – Арман, қазір шешімді мен қабылдай алмаймын. (Дәрменсіз күй танытып)

Арман: – Мен шешімін қалай таңдау керектігін білемін. Сені дәл қазір алып қашамын.

Раушан: – Не? Не айтып кеттің? Мен бұл ісіңе үзілді-кесілді қарсымын. Мен осы уақытқа дейін ата – анамның рұхсатынсыз ешқандай шешем қабылдаған емеспін. Қабылдауға хақым да, жоқ. Егер, бұл мәселені өзім шешсем. Ата – анам маған батасын беру бұлай тұрсын. Менің бетіме қарамай кетеді.

Арман: – Нар тәуекел! Жүр.... жүр... тез қадам бас...

Раушан:– Жоқ! Жібер!....(Раушан, қарсылық білдіреді. Алайда, Арман, Раушанды алып қашуға бекінген болатын. Дәл, сол күні Раушан ата-анасының рұхсатынсыз жасаған өкінішке толы қадамының бірі еді.)

2.Көрініс. Арадан 2 ай уақыт өтті. Раушан, Арман мен шаңырақ көтергеніне не қуанарын, не мұңаярын білмей жүрген кездердің бірі еді. Қуанар себебі, Арман оқыған белгілі бір жұмысымен Раушанға таршылық көрсетпейтін еді. Арманның 2 қабаттан тұратын ат шаптырарлықтай үлкен үйіде бар. Алайда, Раушан аса бақытыда емес еді. Өткені, Арман Раушанға үйленгеннен кейін қатты өзгерген болатын. Раушан ренжулі ата – анасына барып, олардың көңілін таппақшы болады. Раушан бөтен адамдай есіктің жанына келіп...

Раушан:– Кім бар? (Әкесі арғы бөлмеден қатулы қабағын түйіп шығады.)

Әкесі:– Неге келдің? Бұл үйден сен жоғалтқан ештеңе жоқ.

Раушан:– Әке! Мен сіздердің рұхсатыңызсыз тұрмысқа шыққаныма қатты өкінемін. Алайда, мен ол кезде дәрменсіз болып қалдым. Мені түсінуге тырысыңыз. Өтінем, сізден! (Арғы бөлмеден Раушанның анасы айналасына қарамай асығыс түрде шәйнекті алып кіреді.)

Анасы:– Кел отыр! Шайды қазір ғана қайнаттым. Суымай тұрғанда ішіп ал! (Айсұлу күйеуінің назарын аңғарып, бірден есік жаққа қарай көзін тастайды.)

Анасы:– Оой баяу! Раушаным! Келдің бе? (Қуаныштан дереу Раушанға қарай қушағын ашып, бір қадам алға тастайды.)

Әкесі:– Тоқта! Оған қарап қушағыңды ашушы бол ма? (Бекболттың қатал мінезі Айсұлуға мәлім еді. Сол үшін қарсылық көрсетпей ақырын ғана артына қайтады)

Анасы:– Әкесі – ау! Не дегенмен де, өзіміздің қызымыз ғой! Олай, тас жүрек болмасаңшы!

Әкесі: – Бізді оңаша қалдыр! (Ренжулі сыңай танытып, дастархан басына келіп жайғасады.)

Анасы: – Тек, қызымның жүрегін жаралама! (Айсұлу болмеден шығып кетеді.)

Раушан:– Әке, мен бақыттымын! Өміріме ризамын! Сіз де, менен риза болуыңызды қалаймын!

Әкесі:– Бақытыңа қалқып, тату – тәтті өміріңді сүре бер. Тек бізді мазалама!

Раушан:– Мен сізді түсінеалар емеспін. Сіз менің бақытты болғаныма қуанышты емессіз? Демек, сіз менің бақытты болғанымды қаламағаныңыз ба? (Раушан ренжіштен дауыс көтереді.)

Әкесі:– Раушан! Ашуыма бимей кет! (Әкесі орнына атып тұрып, үстелді жұдрығымен тарс еткізіп, сабырмен қайтадан орнына отырады. Бөлмедегі айғай-шуды естіген анасы жүгіріп келеді.)

Анасы: – Ойпырым – ау! Не болып қалды? Тыныштық па, өзі? (Анасы ашулы отырған күйеуімен көзінің жасын сығып тұрған қызына әрі - бері жалтаңдап қарап тұрып)

Раушан: – Анашым! Әкем менің бақытты болғанымды қаламайтын сияқты.

Анасы: – Раушан не айтып тұрсың? Қай ата-ана өзінің перзеттінің бақытты болғанын қаламайды дейсің?

Раушан:– Қаламайды! Түсінесіз бе! Қалаған да, құшағын ашар еді. Жалғыз ғана перзентінің бақытын бөлісер еді.

Әкесі: – Раушан! Доғар!

Раушан: – Не болды? Шындық жаныңызға қатты батып жатыр ма?

Әкесі:– Сен қандай шындықты айтып тұрсың? Өзің білмейтін шындықты айтып тұрсың ба?

Раушан: – Не айқыңыз келіп тұр?

Анасы: – Отағасы – ау! Не болып жатыр өзі?

Әкесі: – Кет! Үйіңе қайт!

Раушан:– Бастаған әнгімеңізді аяқтамағаныңызша ешқайда да, кетпеймін! Мен білмейтін қандай шындық туралы айтып тұрсыз?

Әкесі:– Айтпайын дегем өзің мәжбүрледің. Ендеше мұқият естіп ал! Күйеуің Арман, қылмыскер. Себебі, аяғы ауыр әйелін баспалдықтан итеріп тастап, әйелін де, дүние есігін ашпаған сәбийінде бірге өлтірген. Бөлімшеде әйелін «Баспалдақтан өзі байқаусызда құлады» - деп сытылып шыққан.

Анасы: – Ой.. пырым– ай! (Ауызын қолымен жауып алып, бетін шайқап тұрып.)

Раушан: – Сонда мен оның екінші әйелі болғаным ба? Мен бұған сенбеймін.

Әкесі:– Сенсең де, сенбесең де сол! Енді ризасың ба?

Анасы:– Қызым – ау! Бұл шындық болатын болса дереу, заттарыңды жинап үйге қайт. Оны мен бір шаңырақ астында бір минутта қалмайсың.

Әкесі:– Жоқ! Ешқайда да, қайтпайды. Ол, жаңа ғана өзінің бақытты екенін айтты емес пе? Бақыттына кедергі болма.

Раушан: – Сенгім келмейтін шындыққа не айтарымды білмей тұрмын.

Әкесі: – Ендеше, көзіңді жеткіз!

Раушан: – Жақсы. Мен кеттім.

Анасы: – Қызым бірақ.......

Әкесі: – Бірақ, мырақты қой! Жолынан қалмасын. (Раушан ақырын ғана қадамдап, үйден шығып кетеді.)

3-Көрініс. Раушан естіген әңгімеден есеңсіреп қалады. Нестерін білмей ойға шомылады. Раушан бозарған кейіпімен үйіне келеді. Үйдің есігі ашық тұр. Қонақ болмеде Арманның досы Үміт отыр.

Раушан: - Үміт бұл сенбісің? (Раушан көзінің жасын сүртіп, өзін мәжбүрлеп күлімсірегендей болады.)

Үміт: - Иә... Раушан бұл менмін! Мазалағаным үшін кешірім сұраймын.

Раушан: - Жоға.. о не дегенің? Қош келдің!

Үміт: - Қош көрдік! (Ризашылығымен күлімсіреп) Ааа айтпақшы.... Арман екеуміз жолда кездесіп қалғанбыз. Арман үйде әңгімелесуді жөн көрді. Үйге келген соң Арман қазір келетінін айтып, сыртқа шығып кеткен.

Раушан: - Аа солай ма?

Үміт: - Раушан сенде барлығы дұрыс па? Абыржып тұрсың ғой!

Раушан: - Үміт!

Үміт: - Иә!

Раушан: - Бір сұрағым бар еді.

Үміт: - Иә.. тыңдап тұрмын айта бер.

Раушан: - Арманның маған айтпаған қандай да, бір құпиясы бар ма? Яғни, айтпақшы болғаным, жан түршігетіндей бір мәселе болыппеді?

Үміт:- (Үміт ойланып, көзін әрі – бері тастап, терең күрсінеді.) Демек, бұл мәселе бойынша естіген екенсің ғой!

Раушан: -Менің естігенім шындық па?

Үміт: -Раушан... не де, болса барлық мән – жайды Арманның өзі түсіндіріп айтқаны жөн болар.

Раушан: (Көзінің жасын көл етіп, жылай бастады.) Бұл мүмкін емес! Мүмкін емес!

Үміт: -Раушан! Өтінем, мені қиын жағдайға қалдырмашы. (Раушан мен Үміт орындыққа жайғасып отырып, біраз әңгімелесіп отырады. Дәл сол сәтте, Үміт Раушанды тыныштандырмақ болып оның қолынан ұстайды.)

Арман: -Ұзақ күтіп қалған жоқсың ба Үміт?! (Арман бірден бөлмеге кіріп келеді. Үстел үстінде қол ұстасып отырған Үміт пен Раушанды көреді.)

Үміт:- Ұзақ күткен жоқпын.. Сенің кетісің мен Раушан келді. Бос отырмай әңгімелесіп отырғанбыз. (Үміт Арманның кірісімен бірден Раушанның қолын босатады. )

Арман: -Уақытты босқа өткізбегендерің көрініп тұр. (Арман жақтырмағандай қарап.)

Раушан: -Ал, мен шай қояйын. (Орнынан тұрып, шайнекті алады.)

Арман: -Қажет емес! Біздің жұмысымыз бар. Үміт сыртқа шығайық. (Сырттан әкелген заттарын үстел үстіне қойып. Арман сыртқа шығып кетеді.)

Үміт: -Жақсы! Келесі жолы асықпай отырып, шай ішіп қайтамын. Кездескенше!

Раушан:- Кездескенше!

4-Көрініс. Раушанның әкесі айтқан мәселелері шындық болып шығады. Раушан Арманның келуін күтіп отыр.

Арман:- Әлі ұйықтамағансың ба? Кеш болды ғой! Кіріп ұйықта!

Раушан:- Сені күтіп отырғанмын.

Арман: -Қашаннан бері менсіз көзіңе ұйқы келмейтін болған, жаным?

Раушан:- Сенің қылмысың жайлы естігеннен бері көзімнен ұйғы қашатын болды.

Арман: - Не деп сандырақтап кеттің! Түсіндіріп айтсаңшы.

Раушан:-Осы жолы мен емес, сен түсіндіретін боласың!

Арман: -Раушан, бүгін қатты шаршаған сияқтысың кіріп, дем ал!

Раушан: -Арман! Менің сөзім әлі, біткен жоқ! (Раушан орнынан ашуланып, тұрады.)

Арман:- Менің сөзім бітті. Мен шаршадым кіріп ұйықтаймын.

Раушан: -Арман, маған істеген қорлығың осымен жетер! (Раушан Арманның жолын бөгейді.)

Арман: -Сен мені одан сайын шаршатып тұрсың, сүйіктім!

Раушан: -Арман, мен сені армандарымма жеткізер Арманым деп білдім! Ал сенше?

Арман: -Ааа, солай ма? Онда, Үміттің қолын неге ұстап отырдың? Өзің ойдан шығарған әңгімеңнен кейін, менімен ажырасатын үмітіңді өшірмеу үшін бе?

Раушан: -Маған шындықты айт!

Арман: -Қандай шындықты сұрап тұрсың? Түсінсем бұйырмасын!

Раушан: -Мен сенің екінші әйеліңмін бе? Сен бірінші әйеліңнің өліміне себепші болдың ба? Сөйле, сұрағыма жауап бер? (Раушан, Арманның кеудесінен алып, оны жұлқылай бастайды.)

Арман: -Ол күтпеген жағдай болды. Мені жақсылап есті ал! Раушан, менің бұл іске ешқандай кінәм жоқ! Түсіндің бе?!

Раушан: -Неге маған шындықты айтпадың? Нееегеее..... (Раушан жылай бастайды.)

Арман: -Болды, доғар! Тыныштал! Раушан... жібер! Жібер! (Арман, осы сәтте Раушанды баспалдақтан итеріп жібереді. Дәл сол кезде, Раушан есінен талып қалады.)

Арман: -Раушан, қойылымыңды доғар! Раушан! Раушааан! (Арман, Раушанға жақындап келеді.) Көзіңді аш! Раушаан! Мен қорқытпа! Естімісің! Есіңді жи! (Арман не істерін білмей абдырап қалады. Ұялы телефонын алып, жедел жәрдемге хабарласады.) Алло, алло жедел жәрдем бе? Тез келіңіздер! Тез!

5-Көрініс. Раушан емханада есін жияды.

Раушан: - Мен қайдамын? Маған не болды? Неге денем әлсіздеп, ішім ауырып тұр?

Дәрігер: - Сәлеметсіз бе? Денсаулығыңызға байланысты нақты айтарлықтай қауіп жоқ. Алайда...

Раушан:- Алайда не? Не? Не, болып қалды? Айтсаңызшы енді!

Дәрігер:-Раушан ханым, бекем болыңыз. Сіз тұңғыш перзенттіңізден айрылып қалдыңыз. Нәрестеңізге 2 ай болыпты. Өкініштісі мәселе мұнымен бітпейді.

Раушан:- Бұдан асқан қиындық жоқ шығар? Айтаберіңіз!

Дәрігер: - Бұл мәселеден кейін сіз, сәбилі бола алмауыңыз мүмкін.

Раушан: Не айтып тұрсыз? Ана болу бақытынан айрылғаным ба? (Раушан естіген мәселеден кейін жылай бастайды)

Дәрігер: -Қатты зақымдалғаныңыз үшін, ішіңізден қан кеткен. Тексеру нәтежесінде жатырыңыздың зақымдалуыны анықталды. Сізді оңаша қалдырайын. (Дәрігер емдеу бөлмесінен шығып кетеді.)

Раушан: -Жоооқ.... Алла! Алла! Менен ана болу бақытын тартып алма өтінем, бұл сынаққа төзе алмаймын. Жаным-ау! Осыншама қиындық көрердей не жаздым екен? О Жаратқан, Аллам! Ең болмағанда кішкентай ғана шақалақтан айырмағаныңда ғой! Жаратқан ием! Аллам! (Раушан төсектен құлап жылай бастайды)

Әкесі: -Раушан! Қызым! (Раушанның әкесі бөлмеге кіріп келеді.)

Раушан: Әке! Әкешім! Мен бәрінен айрылдым... бәрінен....

Әкесі: -Жоқ, қызым! Олай деме, олай айта көрме. Жаныңда мен бармын. Анаң бар. Сен жалғыз емессің қызым! (Төсектен құлап түсіп жылап отырған қызын құшақтап, әкесі көзінің жасын жасырын түрде сүртіп алады.)

Раушан: – Әке, дұрыс айтқан екенсіз. Мен қателестім. «Бақытымын» - деп жүріп, бақытымнан айрылдым. Раушан гүлдей ашылған өміріңді, тоздырдым. Өмірімнің мәнінен айрылдым.

Әкесі: – Қызым, мықты бол! Еңсеңді түсірме! Келе ғой, мұнда отыр. ....Раушан, Раушан! Қызым, есіңді жи! Раушан! (Раушан есінен танып қалады) Дәрігер! (Раушанның әкесі Бекболат, қызының талып қалғанын көріп, бірден дәрігерді шақырады.)

Дәрігер: – Бөлмеден шығуыңызды сұраймын. (Әкесі бөлмеден шығып кетеді) Раушан, ханым! Сізде барлығы дұрыс па? Қазір тыныштандыратын дәрі егемін. Сабыр сақтаңыз! (Дәрігер, Раушанның қолына дәрі егеді)

Раушан: – Мені енді ешқандай дәрі тыныштандыра алмайтын шығар... Ақымақ басым... Махаббатым! Махаббатым!-деп жүріп, өз махаббатымның құрбанына айналдым. Махаббатты тәтті балл деп жүріп, уына тыншығып, жанымды қинадым – ау! Жауапсыз махаббаттың құрбанына айналған тағдырым-ау!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2020
447
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі