Жауғаш Батыр

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жауғаш Батыр

Материал туралы қысқаша түсінік
Жауғаш батырдың өмірі мен ерлігі туралы білуге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ел қорғаған- ер Жауғаш

Ай, Жауғашым, Жауғашым,
Оң қолымда лашын құс,
Сол қолымда Жауғашым.
Іздесем де табылмас,
Жауғаш-жан, сендей құбаша ұл!
Абылай хан

Құт қонған киелі Меркі жерінен ел қорғаған, ел басына күн туған қиын сәтте қол бастап, нағыз ерліктің үлгісін көрсеткен батырлар шығып, көзсіз ерліктері аңызға айналды. Солардың бірі былай хан «Жаралы жолбарыс» атап кеткен Жауғаш Қырбасұлы.

Жауғаш Қырбасұлы - қазақ батыры, Абылай ханның әскери қолбасшысы, елші. 1733 жылы Іле Алатауы етегінде дүниеге келіп, Меркі жерінде қайтыс болған. Жауғаш батыр Ұлы жүздің Дулат тайпасы ботпай руынан шыққан. Әкесі Қырбас ХVIII ғасырдың І жартысында жоңғарлармен болған шайқастарға қатысқан, Аңырақай шайқасында ботпай қолын басқарған Сәмен батыр әскерінде мыңбасы болған.

Жауғаш 15 жасында атқа қонып, қасындағы Қарпық, Майлыбай сияқты серіктерімен Алатаудан Арқа асып, Абылай ханның орда сарбаздарының қатарына қосылған. 1754-1756 жылдары Абылай ханның арнайы әскери қолын басқарған. 1756 жылы қытайлармен болған шайқаста Абылай хан жараланғанда, ұрыс даласынан ханды аман алып шығып, құтқарып қалған. Бұхар жырау жырларында Абылай хан Жауғаш батырды "Іздесем де табылмас, Жауғашжан, сендей құбаша ұл" деп мадақтаған екен. Батыр Қытаймен арадағы қатынастарды реттеуге үлесін қосқан елші, білімді мәмілегер де болған. Қазақ хандығының 1756-58 жылдардағы Қытаймен келісімге келуіне, 1770-1774 жылдардағы қырғыздармен қақтығысының нәтижелі аяқталуына ерекше еңбек сіңіріп, қырғыздармен болған келіспеушіліктерді мәмілегерлікпен шешіп отырған. Абылай хан өмірінің соңына дейін жанында болған Жауғаш батырға жоңғарларға қарсы соғыстарда көтерген қасиетті жеңіс туын аманат етіп тапсырған. Ту батырдың ұрпақтарының қолында күні бүгінге дейін сақтаулы. Жауғаш батыр 49 жасында өз ажалынан қайтыс болады. Денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде дәліздің Ақсарай жағына, Абылай ханның қасына жерленген. Қазіргі Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Папанин ауылына Жауғаш батыр есімі берілсе, аудандық мәдениет үйінің алдына Жауғаш батыр ескерткіші қойылған.

Жауғаш батырдың өткеніне үңіліп қарар болсақ, Ж.Қырбасұлының тек қана батыр емес, екі елді татуластыра білген елші екенін, дұшпанға қатал, досқа адал бола білгенін, қиын сәтте жол таба білетін жанашыр да болғанын көре аламыз. Абылай ханның бірнеше рет қырғыз еліне жорықтар жасағаны, қырғыздардың жеңіліс тауып, қырғыз манаптарының да өлім құшқаны тарихтан мәлім. Өздерімен соғысқан дұшпаны Садырдың бір баласын ертедегі достығы үшін өлтіртпей, ханнан өтініп сұрап алуы соның айғағы. Жауғаш батырдың достыққа адалдығын Абылай хан да, тіпті қырғыздар да жоғары бағалайды.

Тау баурайында орналасқан Меркі ауданында Қоралас Жауғаш батырдың ұрпағы сол заманнан жеткен керемет жәдігерлерді сақтап отыр. Меркіде Заутбек Сансызбайұлының шаңырағында Жауғаш батырдың құнды дүниелері сақталған екен. Атап айтсақ, Абылай ханның батырға тапсырған байрақтың лаухасы (айшығы, ұшы), сауытының бөлшектері мен батыр талай жауды шаншыған сүңгісінің жебесі әлі күнге дейін сақтаулы. Заутбекұлы Тоқтардың отбасында көпшілікке сирек ашылатын, батыр мұрасы сақталған сандық тұр. Осы әулет­тің үлкені Өсімжан Омаров деген кісі екен. Батыр ұрпағының үлкендері – Үмітхан Құнанбаев, Аман Құрманәлиев, Өсер Құрманәлиев Жауғаш батыр бабамыздың көзі іспетті. Жалпы алғанда, біздің заманымызға жеткен батыр мұрасы ауыз толтырып айтарлықтай секілді. Меркі ауданына қарасты «Қазақстан» елді мекенінің тұрғыны Еренбай Рысбайұлы 1993 жылы Жауғаш батырдың қалмақ әйелінің отауының босағасы мен маңдайшасын Әзірет Сұлтан мемлекет­тік тарихи-мәдени музей қорығына сыйға тартқан екен. Маңдайшаның өрнектері өзгеше, зерт­теуді талап ететін дүние. Сонымен қатар қырғыз жеріндегі батырдың ұрпағы ер-тұрманы мен бір кітап сақтап отыр.
Абылай ханның Жауғаш батырға тапсырған байрағы, жалпы мұрасы 1916 жылғы Меркі-Шу көтерілісі, кәмпеске, ұжымдастыру, репрессия кезіндегі қауіп-қатерге қарамастан батыр ұрпағының жанкештілігінің арқасында осы күнге жетуі –батыр ата аманатына деген асқан құрмет­тің белгісі.
Жауғаш батыр 1771 — 1774 жылдары қырғыздармен қақтығыстардың 
мәмілегерлікпен аяқталуына атсалысқан. Батыр қырғыз шежіресінде Королош Жоогач баатыр деп аталады. Қоралас Жауғаш батыр өлімге кесілген Жайыл манаптың Момоқон деген інісін кепілге, ал 13 жастағы Итеке деген баласына араша түсіп, «жан сауға» деп аман алып қалады. Бүгінгі күні Итекеден тараған ұрпақ қырғыз деректері бойынша, үш ауыл елдің негізін құрап отыр екен. Сол ұрпақтың өкілдері екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты сақтағаны үшін Қырғызстандағы Қарабалта көшелерінің бірін «Қазақ халқының батыры Жауғаш батыр атындағы көше» деп атаған. Бұл қырғыз елінің қазақ халқына деген, Жауғаш батырға деген зор құрметі болса керек.

Жауғаш Қырбасұлының ерлігін, өнегелі өмірі мен үлгілі ісін кейінгі ұрпаққа насихаттау арқылы жасөспірімдердің бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, өз тарихын, тарихи тұлғаларды құрметтеуге баулу мақсатында Меркі ауданында «Жауғаш батыр Қырбасұлы» қоғамдық қоры құрылды. Қордың төрағасы Өсімжан Омаровтың, қор мүшесі Тоқтар Әлімбайұлының жетекшілігімен аудан көлемінде көптеген игі істер атқарылып, жалғасын табуда.

44 жалпы орта білім беретін мектебінде де Жауғаш Қырбасұлының 290 жылдығына орай іс –шаралар жалғасын тапты. Тарих пәнінің мұғалімі Ж.С.Мукашева мен кітапханашы Қ.Жасыбаева ұстаздар арасында «Ел қорғаған-ер Жауғаш» атты дөңгелек үстел өткізді. Жанар Серікқызы Жауғаш батырдың ерлігі мен өнегелі өміріне, Бақытяр Әбілдаұлының «Жауғаш батыр-Абылай ханның елшісі», Кеңес Нұрпейістің «Тарихи тұлғалар» атты кітабына кеңінен тоқталды. Орыс тілі пәнінің мұғалімі А.С.Манкеева жолдасы Манкеев Қобыландының Жауғаш батырдың ұрпағымен кездескенін, қазіргі ұрпақтары бұрыннан сақталып келе жатқан шежірені жаңартып толықтырғанын, кітапты толығымен жазып бітіргенін әңгімеледі. Қырғызстанның «Степное» ауылының тұрғыны Копабаев Еріктің үйінде Жауғаш батырдың құран кітабы сақталғанын, биыл наурыз айында Астанадан, Түркістаннан, Меркі ауылынан арнайы келген қонақтар «Степное» ауылына барып, батырдың аруағына құран бағыштап, сақталып келген құран кітапты ашып оқығанын, кітапханашы Қ.Жасыбаева Жауғаш батырдың батыр ғана емес, елші, мәмілегер болғанын дәлелдер келтіре отырып тебірене әңгімеледі. А.С.Манкеева батырдың ұрпақтарының, сақталған жәдігерлердің суреттерін көрсетіп, қатысушы ұстаздар өз ойларымен бөлісті.

Жауғаш Батырдың ерлігі мен өмірі мәңгі өшпес асыл мұра. Елі үшін туған, халқының бостандығы үшін қол бастаған ерлеріміздің есімі ел есінде мәңгі сақталады.

Жанар Серікқызы Мукашева

44 ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.00.2024
121
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі