Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Желтоқсанның отты жырлары - Мәңгілік елге бастау..."
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
"Желтоқсанның отты жырлары - Мәңгілік елге бастау..."
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім:
1.1 Қанды 1986 жыл.
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1 Желтоқсан оқиғасының бас қаһарманы - Қ.Рысқұлбеков.
2.2 Қ.Рысқұлбековтың тарихи шындық суреттелген өлеңдері.
2.3 20 ғасыр басындағы ақын М.Жұмабаев өлеңдерінің құрылысымен, тақырыбымен салыстыру.
ІІІ. Қорытынды:
3.1 Желтоқсанның отты жырлары-"Мәңгілік елге" бастау.
1986- жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның бас тізгіні орыс ұлтынан шыққан адамға тигеніне наразылық білдірген жастар мен студеттер қосылып, Орталық алаңға шығып, шеруге қатысқан . Қазақ жастары отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтеріліске белсене қатысты. Сондағы олардың ұраны: "Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!"
Алаңдағы шең таққан адамдар қазақ қыздарын шашынан сүйреп, айуандықпен тепкілеп, кейбіреулерін, тіпті, қанымпезерлікпен көкмұзға отырғызуға дейін барды. Міне, оспадар-озбырлыққа шыдамаған, ана қауымын пір тұтып сыйлап өскен ер-намысты жігіттер қыздарға араша түсіп "бұзық" атанды. Көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан кейін ұсталған 87 адам қатарынан қамауға алынды. Ішінде Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова т.б сында жастарымыз болды.
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы- 21 мамыр 1988, Семей қаласы)-1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы.
1973-1981 жылы Шу ауданы Төле би ауылындағы орналасқан С.Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып, 8 жылдық білім алады. 1983 жылы мектепті аяқтаған соң, әкесіне жәрдемші болады.
1984-1986 жылдары Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін абыроймен өтеді. Әскери-саяси қызметтердің үздігі ретінде бірнеше мақтау қағазымен марапатталып, әскери бөлімше командирлері ата-анасына алғыс айтқан құрмет қағаздарын жібереді. 1986 жылы мамырда әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті. Осы жылы 16-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. Бірақ көтеріліс қатыгездікпен жаншылталғаннан кейін 1987 жылдың қантарында ішкі істер органының қызметкерлері "Алматыда бір төбелеске қатысты" деген атпен Рысқұлбековты Мойынқұм ауданының орталығында тұратын нағашысы - М. Асанбаевтың үйінде демалып жатқан жерінен ұстап әкетеді. Кейіннен, көпшілікке мәлім болғанындай, тергеушілер зымиян әрекеттерімен Рысқұлбековке неше түрлі айла-шаралар қолдана отырып, оны С.Савицкийдің өліміне кінәлі етеді.
1987 жылы 16 маусымда Қ.Рысқұлбеков-ең жоғарғы жаза-өлім жазасы-атуға бұйырылады. Зиялы қауым өкілдері Рысқұлбековтың жазасын жеңілдету туралы өтініш жазып, соның нәтижесінде жазасы амалсыздан 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылады. Бірақ, Шу, Қарағанды теміржол бекеттері арқылы оны белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалады.
Желтоқсан көтерілісінің бас қаһарманы болған Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Сотының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған "Халық қаһарманы" атағы берілді. Тараз қаласында Рысқұлбеков есімімен аталатын демалыс саябағы бар. Сондай-ақ онда Рысқұлбековке ескерткіш қойылған.
Қ. Рысқұлбековтың 1988 жылы 21 мамырда үй-ішіне жолдаған ең соңғы хатынан үзінді: "18 желтоқсан, 1986 жылы алаңға бардым. Барғанда да Қонаевтың күйін күйттеп барған жоқпын. Тек қана ол жерге барған себебім, бар мақсатым, біріншіден, ол жерде не болып, не істеп, не қойып жатқаның өз басым, көзіммен көру болды. Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып-соғып, өлтіріп жатыр дегенді елден естіген соң, өз басым қолымды жайып "күл болмасаң тұл бол"деп отыруға еркектік ар-намысым жетпеді. Ер қатарында, ер қара боп, саны бар, сапасы жоқ боп, ербеңдеп жүрген намыссыз еркек мен емеспін. Құдайға шүкіршілік, кеудемде нағыз ерге лайық намыс баршылық. Оның үстіне, "қыздың жолы жіңішке" деген. Менің түсінігімше, әйел адамға ер адамдар тұрмақ, аң екеш аңдардың-хайуандардың еркегі де - ұрғашысына мүйіз, я болмаса тұяқ көтермейді. Ал, біз-бәріміз де аң емес, адамзаттың ұлы- адамбыз... Міне, қысқаша айтқанда, осындай түсінікпен, әйел затына ер болып, өз қол ұшымды беріп көмектесуге, оларды қорғау үшін барғаным рас. Ол үшін әлі күнге дейін өкінбеймін, керсінше, үлкен мақтаныш тұтамын. Бірақ бір құдай өзі куә, адам баласын өлтіргенім жоқ. Мұндай айуандық жасаудың өзі, сор мандай менің қолымнан келмейді. Еш уақытта, ешқашан... Ал, әйел затына айуандықпен қол көтеріп, шашын тартып, көкпарша сүйрелегені үшін бір милицияны ұрып-соққаным рас. Ол адам күні бүгінге дейін аман-есен, зыр жүгіріп жүр. Өз қолыммен жасаған тек бір теріс қылық, бар қылмысым осы ғана... "
Тарихи шындық суреттелген Қ.Рысқұлбековтың өлеңдерінің - құрылысы.
Ана тілі
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
«Мен\ - қа\ зақ\ пын\ мың\ ө\ліп,\ мың\ ті\ріл\ген\ », (а)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Құ\шақ\ жа\я\ та\ныс\тым\ сан\ тіл\ме\нен\ -\ (а)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
«Жа\ман\ үй\дің\ қо\на\ғы\ би\лей\ді»\ деп\,(ә)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Қа\ла\ жаз\дап\ ай\ры\лып\ өз\ ті\лім\нен.\ (а)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Өз\ге\ тіл\ге\ е\лік\теп\ ел\ бол\май\сың\ (б)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Қа\за\ғым\ның\ ар\тық\ жоқ\ өз\ ті\лі\нен...\ (а)
• Өлең 1-шумақ, 6-тармақ, 3-бунақ, 11-буын, кезікті ұйқасқа құрылған.
• Өлеңнің көркемдік ерекшеліктері:
Әсірелеу: Мың өліп, мың тірілген.
Мақал-мәтел: Жаман үйдің қонағы билейді.
Кездесеміз әлі де
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Жа\ла\лы\ боп\, қат\ты\ бат\ты\ жа\ны\ма\ (а)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Жа\за\лау\шы\ қа\ғаз\ ал\дым\ қо\лы\ма.\ (а)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Жі\гіт\тер\-ай\ ай\тып\ -айт\пай\ не\ ке\рек,\ (ә)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Жаз\ған\ е\кен\ маң\дай\ы\ма\, со\ры\ма\ (а)
• Өлең құылысы: 8-шумақ, 32-тармақ, 3-бунақ,11 буын, қара өлең ұйқасы.
• Өлеңнің көркемдік ерекшеліктері:
Риторикалық сұрақ: Айтып-айтпай не керек?
Қаратпа сөз: жігіттер-ай
Кейіптеу: Жазған екен маңдайыма, сорыма
Аллетерация: Жолдын басында «Ж» дауыссыз дыбысының қайталанып тұр.
Түрме жыры
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Те\мір\ тор,\ жам\ба\сы\ма\ та\қыл\дай\сың,\ (а)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Ө\зім\ мен\ бір\ге ту\ған\ жа\қын\дай\сың.\ (а)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Тел\мі\ріп\ те\мір\ тор\ға қа\мат\қан\ша,\ (ә)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Сұм\ дү\ни\е,\ бұл\ жал\ған\нан\ не\ге\ ал\май\сың?\ (а)
• Өлең құрылысы: 3-шумақ, 12-тармақ, 2-бунақ,11-буынды, қара өлең ұйқас
• Өлеңнің көркемдік ерекшеліктері:
Кейіптеу: Темір тор жамбасыма тықылдайсың
Эпитет: Сұм дүние
Риторикалық сұрақ: Бұл жалғаннан неге алмайсың?
20 ғасырдың бірінші жарты жылдығында өмір сүрген М.Жұмабаевтың өлеңдерінің - құрылысы.
Қазақ тілі
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Күш\ ке\мі\ді,\ ай\бын\ды\ ту\ құ\ла\ды,\ (а)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Ке\ше\ ба\тыр-\ бү\гін\ қор\қақ,\ бұ\ға\ды.\ (а)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Е\рік\ке\ ұм\тыл\ған\ ұш\қыр\ жа\ны\ кі\сен\де,\ (ә)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Қан\ су\ын\ған,\ жү\рек\ сол\ғын\ со\ға\ды.\ (а)
Өлеңнің құрылысы: 4-шумақ, 16-тармақ, 3-бунақ, 11-буынды, қара өлең ұйқас.
Өлеңнің көркемдік ерекшелігі:
Символы: Айбынды ту
Эпитет: Ұшқыр жан
Сағындым
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
А\бақ\ты\да\ ай\дан,\ күн\нен\ жа\ңыл\дым,\(а)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Сар\ғай\ дым\ғой,\ сар\ да\ лам\ды\ са\ғын\дым.\(а)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
«Қа\ра\шы\ғым,\құ\лы\ным»\деп\ зар\ла\ ған\ (ә)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
А\лыс\та\ғы\ сор\лы\ а\нам\ды\ са\ғын\дым.\ (а)
Өлеңнің құрылысы: 11-шумақ, 44-тармақ, 3-бунақ, 11-буынды, қара өлең ұйқас.
Өлеңнің көркемдік ерекшелігі:
Эпитет: Сар даламды
Қайрат Рысқұлбековтың "Түрме жыры" және "Ана тілі" деген қлеңдері 20-ғасырдың екінші жартысындағы жан айғайы болса, 20 ғасырдың бірінші жартысында осы тақырыптарды кеңінен жырлаған Мағжан Жұмабаев болды. Оның "Қазақ тілі" және "Сағындым" деген өлеңдері бар. Бұл жерден көретініміз екі ақын да тілін, азаттықты аңсаған халқын, туған-туысқанын ойлап, өз өлеңдеріне арқау еткен. Осы үшін екеуі де абақтыға қамалған. Яғни, өлеңдерінің тақырыптары, құрылысы өте ұқсас: 11-буынды, 3-бунақты, көбінесе қара өлең ұйқасына құрылған өлеңдер.
Ұстазы Александра Михайловна: "Қайрат өте тәртіпті, үлгілі оқушы еді. Өзім оны ерекше жақсы көретінмін. Мектептегі комсомол ұйымының хатшылығына ұсынған мен болатынмын. Қаралы Желтоқсан оқиғасынан кейін Қайрат ұсталыпты деген хабарды естігенде, оның "бұзық әрекеттерге барғанына" менің жүрегім сенген жоқ. Қайраттың ақ екендігін қызметтес әріптестеріме талай рет айттым да..." деп бір естелікте айтқан екен.
Үкімет басында қазақ ортасынан шыққан адамдар отырсын деп аңсаған, қыршынынан жас кеткен Қ. Рысқұлбеков бүгінгі таңда ақталып отыр. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетіміздің Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жодауында Қайрат азаттығы үшін күресіп кеткен тіл мәселесіне де тоқтала кеткен еді. Бүгінгі таңда қазақ тілі- ғылым мен білімнің, интернеттің тілі болып отырғанын да атап көрсетті. Еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің ішінде "қазақ тілін білемін деушілердің " саны 10 пайызға өсіп отыр, Мәңгілік елмен қатар тіліміз де Мәңгілік тілге айналып отыр деп баса айтқан болатын. Ендеше Қайраттың арманы орындалды деп айта аламын, "Мәңгілік елдің " іргетасы қаланды, ендігі іс жастардың, білімді ұрпақтың қолында. Желтоқсан оқиғасының бас қаһарманы -Қ.Рысқұлбековтың батыл ісі мен отты жырлары бүгінгі "Мәңгілік елдің"іргетасын қалауда өз үлесін қосты деп ойлаймын.
Қайраттың рухына арнап құрбысы Гүләйімнің шығарған өлеңі:
Ұзын да емес, қысқа да емес, ортамын,
Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын.
Қанды қақпан қармағына іліккен,
Қайрат құрбым, торқа болсың топырағың!
Ерлігіне қуанам да сүйінем,
Қайрат құрбым, рухына мен иілем.
Бәйшешектің солғанына аһ ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.
Жыр шашатын жүрегің де тілің де,
Есімің де ел аузына ілінді.
Тіршілікте елеусіз боп жүрдің де,
Көз жұмған соң, кім екенін білінді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасында Кімнің кім екені-2011, 2 томдық анықтамалық.
2Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушысы: Тоғысбаев Б, Сужикова А. Алматы, "Алматы кітап" баспасы, 2009 ж.
3.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы,"Аруна" ЖШС,2010ж.
4.Интернет желісі.