Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ФИЗИКА САБАҒЫНДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ФИЗИКА САБАҒЫНДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Резюме
В этой статье представлены методы критического мышления студентов, а также методы уроков физики в критического мышления.
Summary
This article presents the methods of critical thinking of students, as well as lessons physics methods and critical thinking.
Қазіргі кезде білім берудің сапасын жақсату , әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені ЖОО-ның әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде оқытушы басты роль атқарған болса, қазір студенттердің белсенділік көрсететін кезі туды.
Сабақ оқытушының емес, студенттің іс әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында студенттің ізденуі мен эерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Оқытушылар біз қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» техногиясын басшылыққа аламыз.
Физика пәнін студенттерге оқытып үйретуде оқытушы үнемі өзінің ой - өрісін кеңейтуге, біліміне білім қосуға тиіс және оқытудың жаңа технологияларын меңгеруі қажет.
Педагог – ғалымдар қазіргі кезде қолданып жүрген білім беру технологиясы терминін әр қырынан ашып көрсетуде. Түсіндірме сөздікте «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінген.
Б. Лихачев педагогикалық технология оқу үрдісінде белгілі бір мақсат көздейтін педагогикалық ықпал десе, В. И. Беспалько «Оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы» деген анықтама береді.М. Кларин «Педагогикалық технология – белгілі мақсатқа қол жеткізу жолында қолданылатын барлық қисынды ілім, амалдар мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» деп жазады.
ЖОО-ны студенттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын қалыптастыру мәселесінде белгілі ғалым Сократтың оқыту үрдісіне көңіл бөлемін. Оқу сапасын арттыру үшін күнделікті сабақта жаңа технологияларды пайдаланамыз.Осы негізде физика пәнін оқытуда «сыни тұрғыдан ойлау» жобасы стратегияларын қолдану тиімді деп санаймын. Бұл – американдық ғалымдардың идеялары негізінде құрылған жоба. Сыни ойлау дегеніміз – студенттің қоршаған ортаға, ақпарат әлеміне, өзінің іс – әрекетіне сын тұрғысынан қарауын жетілдіру деген сөз.
«Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының стратегияларын пайдалану сабақтарда тиімділігі сол, студенттер бұдан өздерін бақылап, талдау жасап үйренеді. Білімді өз еңбектері арқылы ой елегінен өткізе отырып,алады.
Бұл технологияны пайдаланудың тиімді тұстары мыналар:
1. Студенттің пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;
2.Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
3.Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;
4.Студентті шығармашылық жұмысқа баулиды;
5.Оқытушының уақытын үнемдейді
6.Қосымша мәліметтер береді.
7.Студенттерге сенімділік білдіріледі;
8. Талантты, қабілетті студенттер өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.
9.Білім дәрежесі бірдей оқу топтарында оқу жеңілдейді.
Сыни тұрғыда ойлау технологиясын пайдаланудың оқытушыға да берері мол:
1. Барлық студентті оқыту;
2. Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;
3. Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;
4. Студенттің жеке қабілетін айқындау, іздену;
5. Студент үнемі үй тапсырмасын оқып, орындауға дағдыланады.
6. Студентте жылдам ойлап шешу әрекетін қалыптастырады.
7. Сұрақтарға қысқа, нақты жауап беруге машықтанады.
8. Сынып студенттердің білім сапасын неғұрлым тез айқындауға мүмкіндік береді.
9. Студенттің қай тақырыпты меңгере алмағанын анықтауға болады.
Мысалы, « Тұрақты электр тогы»тарауы
1. Қызығушылығын ояту:
Білім турнирі /сұрақ - жауап/
2.Сөзжұмбақ шешу.
Әрбір сабақтың қалай өткенін оқытушы кері байланыс арқылы білуге болады.
Кері байланыс
1. Мен бүгін істей алдым
2. Маған қ и ы н болды
3. Мені таңқалдырды
4. Қызықты болды
5. Мен енді істей аламын
Көптеген топтарда тақырыптар мазмұнына сәйкес білім бекіту мақсатында мынадай кестені толтыруға болады: Не білеміз? Не білгім келеді? Не білдім?
Бұл бағдарламаның бізді қызықтырғаны сол студенттің өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал оқытушы осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан – жақты пікірлесу, талдау жасап отыру, яғни студент санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу. Сонымен қатар қасындағы студенттің пікірін тыңдау, сол пікірлерді салыстыру.
Бұл технологияның негізгі ұстанымдар: әлсін – әлі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы, студенттің жетісіктерінің жариялығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау, барлық студент дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процесс болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау кез – келген жас аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, студентке сыни ойлау ортасын жасау қажет. Мұнда әр студенттің ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада студент: нақты мақсат қоюға дағдыланады, Өзіне деген сенімі артады, оқу процесіне белсенді қатысады. Жолдастарының пікірін сыйлайды. Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі. Сараптауға, бағалауға дағдыланады. Пәнге деген қызығушылығы артады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады.
Қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс студенттің дербес ойлауын дамыту үшін физика сабағындағы бұл технологияның тиімділігі бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде студент өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда студентке ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға студент шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. «Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы студент білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы студенттермен бірлесе жұмыс жасауға болады. Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не үйретемін?», және «Студент үйреніп шығады? Деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. «Мағынаны тану» кезеңінде студенттерді топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап оны «Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді.
Дайындаған сұрақтарға студенттер өз ойларын білдіріп жауап береді.
Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой толғаныс. Мұнда «Венн» диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде пікір – сайыс немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат студенттердың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмендеген студенттердің 5 - 6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі студентті сабаққа тарта білгеніміз.
Білім беру мазмұнын жаңарту, оқыту әдістерін жетілдіру студенттер мен оқытушылардың өзара қарым - қатынасын жоғары деңгейде ұйымдастыру секілді міндеттердің қай - қайсысы да әрекетсіз іске аспайды. Оқу - адамның саналы өміріндегі басты әрекет. Оқу әрекеті оқытушының басшылығы арқылы студенттің сана - сезімін дамытуға бағытталады.
"Әрбір студент - болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи таланттарды ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуі үшін оқытушыға жүктелер міндет аз емес. Ол міндет - студенттердің шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін, ой - өрісін дамыту үшін аянбай еңбек ету, студенттің жеке тұлғалық күшін дамыту.
Осы идеяларды дамыту үшін оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау, негізгі құндылық - студент және оның жеке тұлғасы. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани, азаматтық, басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Қазіргі кезде Джорж Соростың ашық қоғам институты мен «Сорос Қазақстан» қорының «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы кеңінен енгізіліп жүр. Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқытуда дамыту технологиясына жатады. Бұл илюстративті түсіндірмелі, ішнара іздену, пікір сайыс ойын, шығармашылық, өзін өзі дамыта оқыту әдістерінің бірі.
Сын тұрғысында ойлау әдісі оқытушы қызметінде ұйымдастыра отырып, студенттердің жеке, топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия студенттің жекелеген мүмкіндіктерін ашуға бағытталған. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Студенттердың ауызша, жазбаша тілін, ойлау есте сақтау қабілеттерін, әрбір ақпаратты сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сынай қарауы шығармашылық қабілетін дамытады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы:
– Әр студент сабаққа толық қатыстырылып, деңгейін анықтай алады;
– Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттырады;
– Қызығушылығын оятады;
– Сұрақ қойып, өз ойын еркін айтуға;
– Мазмұнын толық түсінуге жағдай туғызады.
– Әр сабақтарымда осы сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту технологиясының элементтерін тиімді қолданамын. Оқытудың әр түрлі технологиясын қолдану арқылы жеке тұлғаның қоршаған ортаға, дүниеге өз көзқарасын қалыптастыруға жол ашады. Жеке тұлғаның қиялын дамыту барысында оларды бақылуға, зерттеуге, ойлауға, сөйлеуге, ойын толық жеткізуге үйретемін.
Білім сапасын арттырудағы жаңа технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
- жаңа инновациялық технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
- жаңа оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық - техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден - бір шарты - оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми - техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында жаңаша басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет. Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан–жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушынің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу-тәрбие сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Игошев Б.М.Системно-интегративная организация подготовки профессионально мобильных педагогов:Дисс...д-ра пед.наук - М., 2008.-394 с
2. Пригожин А.И. Нововведения: стимулы и препятствия. Социальные проблемы инноватики.- М., 1989.-с. 192
3. Шишов С.Е. Понятия компетенции в контексте проблемы качества образования. «Государства и образования, 2002 г»
4. Тренерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012., 6-7бб
5. «Қазақстан-2050» даму стратегиясы
6. М.Валиева «Жаңа педагогикалық технологиялар» Əдістемелік нұсқау, 2002 жыл