2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Жолда жүру ережелері 8 сыныпқа арналған қмжлары

Жолда жүру ережелері 8 сыныпқа арналған қмжлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жолда жүру ережелері 8 сыныпқа арналған қмжлары
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

8-сынып



р/с

Айлар

Тақырыптың атауы

Сағат саны

1.

қыркүйек

Жол жүру ережесінің пайда болу.

Жол белгілерінің халықаралық тілі.

1

2.

қазан

Қозғалысты реттеу нысандары.

1

3.

қараша

Жол белгілері.

1

4.

желтоқсан

Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің міндеттері мен жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі.

1

5.

қаңтар

Бастауыш сынып оқушыларымен ЖЖЕ (жол жүру ережелері бойынша) әңгімелесу.

1

6.

ақпан

Жол қиылысынан өту және жаяу жүргіншілер өтпелері. Қоғамдық көлік аялдамалары.

1

7.

наурыз

Жол-көлік оқиғасы уақытында есінен таңған адамарға берілетін алғашқы медициналық көмек.

1

8.

сәуір

Буын шығып кеткен кездегі алғашқы медициналық көмек. Күйікке шалдыққан кездегі алғашқы медициналық көмек.

1

9.

сәуір

Аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерге қойылатын техникалық талаптар. Велосипедшілер қозғалысына қойылатын қосымша талаптар.

1

10.

мамыр

Қорытынды сабақ.

1


Барлығы:

10















Тақырыбы: Жол жүру ережесінің пайда болу.

Жол белгілерінің халықаралық тілі.

Мектеп:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаттары

Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін қайталау. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын байыту.

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.



Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы


Ресурстар

Басталуы 3минут


Ұйымдастыру кезеңі:

1)Оқушылармен сәлемдесу.

2)Оқушыларды түгелдеу.

3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу

Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.

Топқа парта бойынша бөлу:

І топ «Бағдаршам»

ІІ топ «Жүргізуші»

ІІІ топ «Аялдама»



Суреттер, слайд

Бағалау



Ортасы 20 минут

Мұғалім түсіндірмесі: Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Біздің ауылымызда, сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала, ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Балалар, сенднр көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.
1-тапсырма. Сұрай айдары

1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.

2.Жиекжол дегеніміз не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.

3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

4.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.

5.Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
6.Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?
- Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз.Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз.Егер
ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз.

7.Ал жиекжолда қалай жүру керек?
- Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.
8.Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?
- Төрт-бес адам қатар жүруге болмайды

2-тапсырма. Жұмбақ

1.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді.
( Трамвай)
2.Арқаным тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
(Жол)
3.Қозғалмасаң құлайды,
Сүйемесең сұлайды.
Құйымшақты ері бар,
Бұл не деген жануар?
(Велосипед)
4. Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
(Бағдаршам)

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Аяқталуы 10 минут


- Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
Бір оқушы көшеде жүру тәртібін көрсететін бағдаршам суретін көрсетеді.
- (Бағдаршамның қызыл отын көрсетіп) Бағдаршамның қызыл оты жанғанда жүргіншіге де, көліктерге де тоқтап тұру керек.
Сары шам бағдаршам отының ауысуын көрсетеді.Бұдан да жүруге болмайды.
Сарыдан кейін жасыл жарық жанғанда жол ашық, жүруге болады.
- Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта!

Сақтан!

Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады.
қорытындылау

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік

пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.




Сабақтың соңы

2 мин






Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады:

- Мен бүгін ........білдім

- Маған .... қызықты болды

- Маған....қиын болды



«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.






























Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Қозғалысты реттеу нысандары

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, бағдаршам сигналдарын меңгерту, көшеде дұрыс жүруге үйрету.
2. Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



1. Қозғалысты реттеу нысандары.

Бағдаршам мен реттеушінің белгілері. 3-секциялы бағдаршамның белгілері. Қосымша секциялары бар бағдаршамның белгілері.

Бір секциялы бағдаршамдар. Жүргіншілер бағдаршамдары.

Реттеуші. Реттеушінің дене қалпын ұстауы және жесттері, олардың мәндері.

Реттелетін көшелерді, жолдарды кесіп жүріп өту ережелері.

1. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақылаған үш көзі бар бірақ та
(Бағдаршам)
Кейін реттеушінің орнына бағдаршам пайда болды.
Бағдаршам қалай пайда болды?
Алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инжинер - механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Апарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, газ жарылып кезекте тұрған полицей қаза болды. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болды.
Тек 1914 жылы Американың Кливлену қаласында сосын Нью - Йорк қалаларында қайтадан пайда болды. Бұл жолы екі түсті қызыл, жасыл электр бағдаршам болды.
Ал 1918 жылдан бастап үш түс қолданыста болды.
Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылдан Кузнецкі көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды.
Қазіргі заманның талабына сай жаңа технологияның дамуына байланысты реттеушіні бағдаршам алмастыруда. Олай болса балардың бағдаршам туралы тыңдайық

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.




Қызыл жарық: Қызыл жарық жанғанда,
Қалт тоқтай қал табанда.
Сары жарық: Сары шамы жағылса,
Сақ абай бол барынша!

Жасыл жарық: Жасыл жарық – жол ашық,
Зымырай бер бел асып

Барлығы: Ирек - ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтседе
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.




Компьютер























Сабақ басы (13 мин)













Қазір жаяу жүргіншілерге де арналған бағдаршам бар. Бірақ әзірге біздің қаламызда орнатылмаған. Бірақ біз үлкен қалалардан көре аламыз. Мысалы: Ақтау қаласында т. б
Олай болса бүгінгі сабағымызда реттеуші туралы білдік.
- Енді осы реттеушінің әрбір қиылысы бізге, көліктерге айтылған ескертпелер екен.
Практикалық кезең.
Үлкен қалаларда не көп, бағдаршамдар көп. Олардың көпшілігі көнеріп, істен шығып қалып жатады. Тіпті кейде көлік қозғалысы шамадан тыс көбейіп кетуі де әбден мүмкін. Ондайда жүріс - тұрысты реттеу үшін бағдаршамдар орнына реттеуші тұрады. Ол ала таяқшаның көмегімен қозғалысты қалыпқа келтіреді. Егер реттеуші түн мезгілінде тұрса, жүргізуші көретіндей яғни таяқшаның ішінде жанып тұратын белгі болады. Егер реттеуші таяғын жоғары қарай көтерсе, бұл дайындалу керектігін ескертеді. Мұндай жағдайда жүруге болмайды.
Реттеуші бізге қарай қарап тұрса немесе арқа жағын беріп тұрса жүруге тыйым салынады.
Реттеуші бүйірімен бұрылып тұрса онда жүруге болады деген сөз, жүруге рұқсат берілген жағдайда реттеушінің екі иығы да саған көрініп тұрады. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші де тұрса, онда реттеушінің қимылын басшылыққа алу керек.











Компьютер

 











Ортасы (20 мин)





























Есіңде болсын!
Өткелі жоқ жерден өтуге болмайды.
Көшенің қиылысына келгенде, екі жағыңа назар аудар, жасыл жарықтың жануын күт.
Көшенің арғы бетіне жүгіріп өтуге болмайды.
Көшенің арғы бетіне жолдың қақ ортасынан өтпе.
Көше қиылысында тоқтау сызығы болады. Осы жерде тұрып бағдаршам белгісінің жануын күт.
Автобусты артқы жағынан айналып өт. Жолда келе жатқан машина көрінбесе, онда екі жағы бірдей көрінетін жолды таңда, сол жерден өт.
Жаяу жүргіншілер жаға жолдың оң жақ қапталымен жүруге тырысу керек.
Егер велосипедпен жүрсең, жолда жүруге ережелерін білетінің, туралы куәландырылған қағазың болуы тиіс.

Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады. (сұрақ)
Жол бойында 14 жасқа толған балаларға ғана болады.(жауап)
Жол бойына коньки, шаңғы доп теппе.
Көліктің артына жармаспа.
Қалтарыстан шыға келме, өміріңе қауіпті.
Жаға жолмен ғана жүруге болады, машина жолымен жүруші болма.
Жол көлік оқиғасын кезінде полиция бөліміне хабарлас.
Жарақат алғандарға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсет Жол белгілерін ажырата білген жөн..


Тапсырма.
1. Реттеуші деген кім, оның қызметі қандай?
2. Егер реттеуші таяғын жоғары көтерсе не істеу керек?
3. Қандай жағдайда жүргіншінің жүруіне болады?
4. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші бағыт көрсетіп тұрса, кімге бағыну керек?








Компьютер

Соңы


5минут




Қорытынды. Рефлексия.

Оқушылар бүгін сабақтан пайдалы не алғанын, не қиын болғанын, алдағы уақытта не істеуге болатындығы жөнінде рефлексия жасайды.


Біздің қалаларымызда, сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындалуы керек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Жол тәртібін білейік, есен - аман жүрейік!


















Тақырыбы: Жол жүру белгілері және олардың қолданысы

Мектеп:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаттары

Оқушыларды жол ережесімен таныстыра отырып, жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру. Тәртіпке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.



Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы


Ресурстар

Басталуы 3минут


Ұйымдастыру кезеңі:

1)Оқушылармен сәлемдесу.

2)Оқушыларды түгелдеу.

3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу

Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.

Топқа парта бойынша бөлу:

І топ «Бағдаршам»

ІІ топ «Жүргізуші»

ІІІ топ «Аялдама»

Қызығушылықты ояту.

www.bilimland.kz порталындағы «Видеожинақ» ресурсы («Сынып сағаты тақырыптары» бөлімі) http://bilimland.kz/kk/home#lesson=12002 арқылы оқушыларға бейнебаян көрсету.

Мұғалім:

- Құрметті оқушылар, бейнебаяннан көргеніміздей бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Неліктен мен сіздерге қызыл, сары, жасыл жетондар арқылы топқа бөлдім. Бұның сыры неде?

- Дұрыс айтасыздар, жолда жүру ережесі, бағдаршамның адам өміріндегі маңызы туралы болмақ. Сабағымыздың басты мақсаты егемендігі мен елдігі орнаған осындай Қазақстан атты бейбіт өлкемізде сәбилердің қуанышты күлкісі мен аналарымыздың әсем жүзі бақытқа толы болса дейміз, ол үшін әр азамат өмір қауіпсіздігін сақтап, жол тәртібін білу керек


Суреттер, слайд

Бағалау



Ортасы 20 минут

1-тапсырма. Сұрақ қою айдары

1-сұрақ:

- Әр бір аймақтың өмірі көлікпен тығыз байланысты. Сондықтан жолда жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережелерін білулерін керек. Әрбір жаяу жүргінші, әр бала жол бойында аса сабырлылықпен аспай-саспай жүріп тұруға тиіс. Сол себепті сіздерге қояр бірнеше сұрағым бар. Бірінші, жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?

Жауап:

Жаяу жүргіншілер жиек жолмен жүруге тиіс. Ал жол үсті тек көліктің жүруіне арналған. Жаяу жүргіншілер жиек жолдың тек оң жағымен жүреді, сонда қарсы келе жатқан адамдарға бөгет жасамайтын болады.

2-сұрақ:

- Топталып келе жатқан жүргіншілер жол бойымен қалай жүруі керек?

Жауап:

Бір топ жаяу жүргінші тек жиек жолмен немесе келе жатқан көлікке қарсы бағытта жолдың сол жақ жиегімен екі қатардан аспай жүру керек. Олар жолды кесіп өтпек болса, екі көшенің немесе жолдың қиылысқан тұсына тоқтау керек. Негізінен жол тәртібін сақтап, жаяу жүргіншіге арналған жолмен немесе бағдаршамнан өтуі керек.

3-сұрақ:

- Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?

Жауап:

Жүгіріп келе жатқан адам айналасын бағдарлай алмай қалады және қарсы келіп қалған көлікті байқағанмен, сасқалақтап жарақаттануы мүмкін. Сондықтан әр кез сақ болып, асықпай жүрген абзал.

4-сұрақ:

- Көліктің оңға бұрылатынын қалай білуге болады?

Жауап:

Оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады.

5-сұрақ:

- Аялдамаға тоқтаған автобустың қай жағынан өту керек?

Жауап:

Аялдамаға тоқтаған автобустың алдынан да, артынан да өтуге болмайды. Сол айналада жол өткелі болуға тиіс, содан өту керек.

6-сұрақ:

- Жол үстінде топталып жүрудің қауіптілігі неде?

Жауап:

Топталып келе жатқан балалар өзара әңгімеге айналып, жолда жүру ережесін ұмытып кетуі мүмкін. Сондықтан жол өткелдерінде әңгімені қойып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек.

2-тапсырма. «Жол белгілері». Оқушыларға жол белгілері көрсетіледі. Оқушылар жауап береді

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Аяқталуы 10 минут


Мұғалім:

«Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт,

Арманға сапар тарту мүмкін емес

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі – заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен-кіші, баршаңызға» – дей келе бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Хормен:

Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік.

Қазақ атты елімде,

Бақытты өмір сүрейік!

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік

пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.




Сабақтың соңы

2 мин






Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады:

- Мен бүгін ........білдім

- Маған .... қызықты болды

- Маған....қиын болды


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.









Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-15

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің міндеттері және олардың жол қозғалысы ережелерін бүзғаны үшін жауапкершілігі

Сабақтың мақсаты

жаяу жүргінші және жолдағы қауіпсіздік ережелері туралы білу; йден мектепке дейінгі жергілікті жер сұлбасын сыза отырып, картографиялық қызметтің бастапқы дағдыларын меңгерy.

Бағалау критерийі

«жаяу жүргінші» сөздерінің мағынасын түсінді;

«қауіпсіз жол» ұғымын түсінді;

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу: өзіне қажетті білім алу кезінде білімнің қажеттілігін түсінуге тәрбиелеу

    

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Оқушылардың назарына жолда жүру ережелерінің суреттерін ұсынылады.

Оқушылардың жауаптары арқылы сабақтың тақырыбына шығу.

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

БББ кестесін толтырады

Білемін

Білгім келеді

Білдім




Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»

Тақырыптық суреттер

Сабақтың ортасы

Зерттеу мен талдау

Тапсырма №1 «Оқы,түсін,талда» әдісі

Жол – адамдар мен көлік құралдарының жүруіне, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналып салынған (белгіленген) барлық жүру және тасымалдау желілерінің жалпы атауы.Пайдаланылатын көлік құралының түріне қарай жаяу жүрушілер мен велосипедшілерге арналған жолдар, темір жолавтомобиль жолыәуе жолдары (қ. Әуе кемесі) және су жолы болып бөлінеді. Ірі қалаларда жер асты жолдары (қ. Метро) болады. Тоқтау жолы - жол, көлік құралының жүргізушісі кауіпті анықтағаннан көлік құралының толық тоқтағанына дейінгі немесе тежеудің соңына дейінгі жол.Автомобиль көлігінің жүріс жолы - барлық құрылғыларымен жабдықталған автомобиль жолы: көпіртоннельжол өткізгіші және т.б.Тежелу жолы - көліктің тежеуіш иінін басқаннан толық тоқтағанға дейінгі немесе толық тежеуге дейінгі тоқталуы

«Оқы,түсін,талда» әдісімен түсінік қалыптастырады

Тақырыптық бейнеролик

Тапсырма №2

«Әңгіме құрастыр»

Берілген сөздерден тура сөйлем құрастырыңдар.

Ескерту белгісі:

Өзі қызыл үшбұрышты ескертуің мен болам,

«Қауіптен сақ бол» деп сәт сапар жолдаған.

Аман-сау жүреді жаяу да көлік те,

Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.

Тыйым салу белгісі:

Қызылмен боялған шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жаққа.

Анықтама белгісі:

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,

Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол, шартымды міндетті орында!

Нұсқау белгісі:

Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын

Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

Төрт топтан құралған белгілер туыстай,

Жол сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай.

Кіршіксіз зор міндет атқарып жүрміз біз,

Келіп жүр біздерге, балалар, ұмытпай.

Есіңде сақта!!!

1.Жаяужолдың шетіне барып, жаяу жүргінші өтпесіне жақындап, жол жиегін баспай тоқта.

2.Солға және оңға қарап ал. Жол қиылысында көлік түрлерінің көлік түрлерінің қай бағытта келе жатқанын байқа: жаяу жүргінші өтпесі бағытына қарай бұрылғалы келе жатқан машинаның жоқ екеніне көз жеткіз.

3. Жақындап қалған көлік түрлерін өткізіп жібер.

4.Жолдан өтуді көлік түрлері қауіпсіз болатын қашықтықтан баста. Бұрылғалы келе жатқан көліктен сақтан.

5. Көлік жолдан өткенде жылдам адымда, бірақ жүгірме.

6. Жолдан өткен кезде алдымен сол жақта келе жатқан көлікке, ортадан асқан соң оң жақтағы көлікке қара.

7.Жол өтпесінен өткенде жаяу жолға қарай қиғаштап емес, тура, жол өтпесінің оң жағымен жүр.

Реттеуші және оның сигналдары.

Кей кезде бағдаршамның жұмысы тоқтап қалады. Ондай жағдайда адамдар араласады. 2 жақта білу керек. Жүргіншілер үшін жәнекөліктер үшін. Реттеушінің орны – жол қиылысының ортасы. Оның денесі мен қолдары арқылы жасалған қимылдар реттеушінің сигналдары болып табылады.

Ол сигналдар жақсы көрінуі үшін реттеуші қолына алатаяқ немесе жарық шығаратын қызық түсті диск ұстайды.

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды














Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды.
























Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

өзгерістерін жіктейді

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады





















ҚБ «Мадақтау сэндвичі»













ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады










ҚБ «Өзін-өзі бағалау»




Ақпараттық мәтін










Үлестірме

лі қағаздар










Суреттер

https://yandex.kz/images/search?text=%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%D0areslide.ru%2Fimg%2Fthumbs%2Fe3d9ea5af800d78abd32d6c420e17719-800x.jpg&from=tabbar&lr=10300





Тірек-сызбалар






Кесте



ҚБ парағы


Сабақ

тың соңы

Сабақты қорытындылау

Кері байланыс

«ҚҚҚ» әдісі

Мен үшін қызық болғаны ...

Мен үшін қиын болғаны ...

Мен үшін құнды болғаны ...

Үйге тапсырма

«Менің үйге қайтар жолым»

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект



















































Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

Бастауыш сынып оқушыларымен ЖЖЕ (жол жүру ережелері бойынша) әңгімелесу.

Күні


Сынып жетекші:


Сынып 8б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Жолда жүру ережесін сақтауға, оқушыларға жол белгілерін білу не ушін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол белгілерінің суреттері..


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі ( 3мин)


Оқушыларды түгендеу амандасу

Оқушылар тілектерін айтады





Сабақ басы (12 мин)













Біздін қаламызда әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол - көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұхият болуы қажет. Бағдаршам – өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.)
Мұғалім: Бағдаршам - өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам жоқ көшелерден өтетін кезде, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз. Бағдаршам жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.
Балалар бүгін бізге қонаққа бағдаршам келіпті, бағдаршамның сендерге әкелген тапсырмалары бар екен.



Тыңдайды


1 - оқушы: Сапар шексек сіз бен біз,
Сан көлікке мінеміз.
Троллейбус, трамвай,
Автобуспен жүреміз.
2 - оқушы: Көлік, көлік, көлік,
Көліктерге мінеміз.
Көшелермен, көшелермен
Күнде тынбай жүреміз.
3 - оқушы: Тәртіп бұзсақ абайсыз,
Жағдай туар қолайсыз.
МАИ қызметкерлерінен
Сан кешірім сұраймыз.
4 - оқушы: Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден
Сау – саламат жүреміз.
5 - оқушы: Үш түсті түрі бар,
Жөн сілтер тілі бар.
Бағдаршам дегеннің
Сырын жақсы біліп ал







презентация

 











Ортасы (25 мин)



Бағдаршам: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар: Сәлеметсіз бе, құрметті бағдаршам?
Бағдаршам: Балалар, мен бүгін сендерге сұрақтар, ойын, сөзжұмбақ әкелдім. Енді ойнымызды бастайық.
Мұғалім: Бағдаршам ойынының шарты. Таяқшаларды алғаннан кейін оқушылар үш жерге топталып тұра қалады, бағдаршам белгілерді көтереді: қызыл көтергенде - тұр, сары - күт, жасыл - жүр.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба.
Бағдаршам: Мен сендердің білімдеріңді сынамақ үшін сұрақтар ала келдім.
Көрініс: Үш оқушы бағдаршам болып тұрады. Бір оқушы мектептен шығып жолдан қалай өту керектігін көрсетеді.
Қызыл: Тоқтап тұрады.
Сары: Дайындалады.
Жасыл жанғанда: Жолдан өтеді
Ән:
Бағдаршам: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жолда жүру ережесі - заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.
Басталар әр қадамың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.

6 - оқушы: Қызыл көз жанарда
Тоқтай қал әманда
Сары түс ескерту,
Дайын бол табанда.
7 - оқушы: Жасыл көз жарасты,
Алдыңнан жол ашты.
Өте бер асықпай
Жолыңмен қарасты.
8 - оқушы: Ештеңе жоқ алаңдар,
Өте берер адамдар.
Жол шетінде тұратын,
Жол белгіге қараңдар!
9 - оқушы: Жарасып - ақ кетер ек,
Машиналар өте көп.
Жолдан өтем асықпай,
Велосипед жетелеп.
Мұғалім: Балалар, мен сендерге мынадай жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріндерші.
Аяғы жоқ жүрмейді,
Аузы жоқ сөйлейді. (бағдаршам




Соңы

5мин

Ал балалар біз бүгін не үйрендік, немен таныстық?
- Жолда жүру ережелерімен, бағдаршаммен.
- Бағдаршамның бізге пайдасы бар ма?
- Бар, ол бізді жол апатынан сақтауға көмектеседі.
- Бағдаршамның тілін алуымыз керек пе?
- Тілін алуымыз керек.

«Еркін микрофон» әдісі (бір оқушы шығып басқаларына сұрақ қояды):

1. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Несімен?

2. Бүгінгі сабақта нені білдің?

3. Бүгінгі сабаққа қатыспағанда қайтер едің, елестетіп көрші?

4. Бүгінгі сабақтан алған әсеріңмен бөліс?



- Осымен сабағымыз аяқталды.











презентация



Тексерді:



























Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

Жол қилысынан өту және жаяу жүргіншілер өтпесі. Қоғамдық көлік аялдамалары

Күні


Сынып жетекші:


Сынып 8б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға көше жайлы, көшеде қалай жүру керектігі туралы түсінік беру.

2.Өмірге деген көз –қарасын дамыту.

3.Көшеде дұрыс жүруге ,мұқият болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі ( 3мин)


Оқушыларды түгендеу амандасу

Оқушылар тілектерін айтады






Сабақ басы (12 мин)


Мынау өздерің тұратын қала, кент немесе ауыл. Олардың барлығында 3 да үлкенді –кішілі көшелер бар.

Көше деген не? Қала ,кент немесе ауыл ішіндегі автокөліктердің ,басқа да көлік түрлерінң , адамдардың жүруіне арналған жолдарды көше деп атайды.

Көшеде жүру үшін , көше тәртібін сақтау керектігін оқушыларға айтып түсіндіру.

Көшеде жүру тәртібін сақтамау не себепті қауіпті?

Кейде ерсілі –қарсылы жүріп жатқан авто көліктердің, мотоциклдердің қақтығысуы не себепті болады? Егер автокөлік жүргізушілері жолда жүру ережелерін бұзбаса , оның талаптарын орындаса , мұндай жағдайлар болар ма еді? Көшеде көліктер жүретін жер жол үсті деп аталады. Көшедегі жолдың екі жақ қапталына жаяу жүргіншілер үшін жаға жолдар салынады. Көп жағдайда жаяу жүргіншілердің өтетін жерлеріне жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін арнайы қоршаулар орнатылады.Жаяу жүргіншілер көшенің екі қапталындағы жаға жолмен жүруі тиіс.

Жаға жолмен қалай жүреді ?Жолға шыққан соң міндетті түрде оның оң қапталымен , қарсы келе жатқан жаяу жүргіншілер –сол жақ қапталымен бір-біріне кедергі келтірмей жүруі тиіс. Ал жолдың қарсы бетіне тек қана арнайы « Жаяулар өтетін жер» арқылы өтуге болады.

Ал балалар мектепке барарда өздерің ең қауіпсіз жолдарды таңдауларың керек. Ол үшін көшелерді жақсы білулерің керек, сонда өздеріңе ыңғайлы бағытты таңдау жеңіл болады.

Қашанда көшеден өткенде жан-жағыңа қарап ,өтуің керек.


Тыңдайды





презентация

 

Ортасы (25 мин)


Сұраққа жауап алу.

Өздерің тұратын қаланың, кенттің немесе ауылдың көшелерін білесіңдер ме?


Көшелер не үшін қажет?


Жаға жолда қалай жүру керек?


Өздерің мектепке барғанда қандай жолмен жүресіңдер?


«Жаяулар өтетін жер» бар ма?

Көше қиылыстарын, жүргіншілер өтпелерін,

қоғамдық көлік аялдамаларын жүріп өту.

«Көше қиылысы», «жүргінші өтпесі» терминдерінің түсінігі.

Реттелетін және реттелмейтін көше қиылыстарынан жүріп өтудің жалпы ережелері. Көлік құралдарының басымдықтары.

Теңмәнді жолдарды «оң жақтан кедергі» принципі бойынша жүріп өту.

«Басты жол», «Жол бер» жол белгілерінің әрекеттері.

Жүргіншілер өтпелері мен қоғамдық көлік аялдамаларын жүріп өту ережелері.


5 - оқушы: «Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.

- Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі ереже қандай?

6 - оқушы: Жолда жаяу жүргінші мен жүргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен автокөліктер көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру керек.

- Тротуар деген не?

7 - оқушы: Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен атар, аса қауіпті болып табылады.

- Жол жиегінің бойындағы қапталдар не?

8 - оқушы: Бұл – жол жиегі мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны БОРДЮР деп атайды. Бордюр француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ» деген сөз. Кейбір балалар осы бордюрдің үстімен жүруді қызық көреді. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға соқтыруы мүмкін.

9 - оқушы: Тротуар – жүрер жолы жаяудың, желаяқтың,

Жайбасардың, баяудың.

Машинаның жолы – көше ортасы,

Соны ұмытып кете көрме, аяулым.

- Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді қалай атаймыз?

Хормен: Жол белгілері

- Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз. Көшеден өтетін кезде қалай өтеміз?

10 - оқушы: Көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек. Оны «Зебра» (жолақ жол)

деп атайды.


Соңы

5мин

Рефлексия.

Сөйлемді аяқта»

Мен мынаны білдім


Маған қызық болғаны


Маған қиын болғаны


Мен мынаны жасай алдым


Мен мынаған таңғалдым




Тәрбие сағатымызды қорыта келгенде, біздің қалаларымызда сол сияқты біз тұрғандай ауылдардың бәріне ортақ жолда жүру ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, барлық жүргіншілер мен жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.









презентация



Тексерді:





























































Жол-көлік оқиғасы уақытында есінен таңған адамарға берілетін алғашқы медициналық көмек.



Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

Жол-көлік оқиғасы уақытында есінен таңған адамарға берілетін алғашқы медициналық көмек.

Күні


Сынып жетекші:


Сынып 8б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Жарақат алған кезде көрсетілетін алғашқы көмектің негізгі әдіс - тәсілдерімен таныстыру;

Алғашқы медициналық көмектің практикалық дағдысын қалыптастыру;

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі ( 3мин)


Оқушыларды түгендеу амандасу

Оқушылар тілектерін айтады






Сабақ басы (12 мин)


Алғашқы көмек:

1. Ауру адамды қан басқа құйылу үшін басын төмен қойып, аяғын жоғары көтеру керек.

2. Жылы көрпе жабу немесе керісінше денесін салқындату үшін киімін шешу, омырауын ашу.

3. Терезені ашу.

4. Мүсәтір спиртін иіскету немесе бетіне суық су бүрку.

5. Есінен танған адам ұзақ уақыт өзіне келмеген жағдайда қолдан тыныс алдыру және жабық жүрек массажын жасау.

6. Ауру өз - өзіне келіп ес жинай бастағанда валериан тамшысын беру.



Тыңдайды





презентация

 

Ортасы (25 мин)


Зардап шегіп, ес-түссіз жатқандарға алғашқы медициналық көмек көрсету.

1. Осы әдістемелік нұсқаулық Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті бақылайтын өнеркәсіптерде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде ұсынылатын мөлшерді анықтайды.

2. Көмек көрсетуші: адам ағзасының өмірлік маңызды функцияларының бұзылуының негізгі белгілерін; алғашқы көмек көрсетудің жалпы қағидалары мен зардап шегушінің алған жарақатына қолдану тәсілдерін; зардап шегушіні тасымалдау мен көшірудің негізгі әдістерін біледі. 3. Көмек көрсетуші: зардап шегушінің халін бағалай және оған ең алдымен қандай көмек көрсету керек екендігін анықтай; жоғары тыныс алу жолдарының еркін өтуін қамтамасыз ете; «ауыздан ауызға» («ауыздан мұрынға») жасанды тыныс алдыруды және жүректің сыртынан массаж жасай және олардың тиімділігін бағалай; қан кетуді таңғышты сала отырып, тамырды саусақпен баса отырып уақытша тоқтата; жарақат алған жағдайда (жарақаттану, күйік, үсік, қатты ауыртып алу) таңғыш сала; сүйек сынғанда, қатты ауыртқанда, термиялық жарақаттанғанда дененің жарақаттанған бөлігін жандандыра; жылу немесе күн сәулесі соққанда, суға кеткенде, қатты уланғанда, құсқанда, есінен танғанда алғашқы көмек көрсете; зардап шеккендерді тасымалдау, көтеріп шығару кезінде қол құралдарын пайдалана; зардап шеккенді алғашқы жедел жәрдем машинасымен немесе жолшыбай көлікпен шығару тиімділігін анықтай; алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек салынған сөмкені пайдалана алады.

4. Алғашқы көмек көрсетудің реттілігі: 1) зардап шегушінің денсаулығы мен өміріне қауіпті зиянды факторлардың ағзаға әсер етуін жою (электр тогының әсерінен босату, зиянды атмосферадан шығару, жанып жатқан киімді сөндіру, судан алып шығу),

зардап шегушінің халін бағалау; 2) жарақаттың, зардап шегушінің өміріне қауіптіліктің сипаты мен ауырлығын және оны құтқару бойынша іс-шаралардың реттілігін анықтау;

3) зардап шегушіні жедел түрде құтқару бойынша қажетті іс-шараларды орындау (тыныс алу жолдарының өтімділігін қалпына келтіру, жасанды дем алдыру, жүректің сыртынан массаж жасау, қан кетуді тоқтату, сынған жерді анықтау, таңғыш салу және тағы сол сияқты); 4) зардап шегушінің негізгі өмірлік функцияларына медициналық персонал келгенге дейін жәрдемдесу; 5) жедел медициналық жәрдемді немесе дәрігерді шақырту немесе зардап шегушіні жақын орналасқан емдеу мекемесіне жеткізу шараларын қолдану. 5. Персоналдың тұрақты кезекшілік атқаратын орындарында: 1) алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті бұйымдар мен құралдар жиынтығы (дәрі-дәрмек сөмкесі); 2) алғашқы көмек көрсету, жасанды дем алдыру және жүректің сыртынан массаж жасау көрсетілген плакаттардың көрінетін орындарға ілінуі қамтамасыз етіледі. 6. Алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсету үшін мынадай шарттар орындалады:




Соңы

5мин

Жолда жүру ережесі?

Қауіпсіздік мектебі?

Жаманнан жирен?

Жарақаттың алдын алу?

- Осымен өз білгенімізше алғашқы медициналық көмек бере аламыз ба?

- Қане, кім не әкелді? Медициналқ көмек беру жолдарын білу парыз.

- Мәселен жарақат алған жағдайда не істей аласыңдар?





презентация






Тексерді:







Тақырыбы: 9 Жараланған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету. Жоғарғы және төменгі аяқ-қол дене бөліктерінің сынған немесе буыны шығып кеткен кезде алғашқы медициналық көмек көрсету ережел

Мектеп:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаттары

Оқушыларға алғашқы медициналық көмек, асептика және антисептика туралы түсінік беру. 

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.



Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы


Ресурстар

Басталуы 3минут


Ұйымдастыру кезеңі:

1)Оқушылармен сәлемдесу.

2)Оқушыларды түгелдеу.

3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу

Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.

Топқа парта бойынша бөлу:

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Суреттер, слайд

Бағалау



Ортасы 20 минут

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.

Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.

Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;

2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;

3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);

4. Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану;

5. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.

Алғашқы көмек көрсету түрлері

Күю - жоғары температура ықпалынан (термиялық күйіктер), қышқыл және сілті (химиялық күйіктер), электр тоғы, иондалушы сәулелену салдарынан болады.

Термиялық күйіктер. Үш түрде ажыратылады: жеңіл, орташа және ауыр. Күйіктің жеңіл түрінде күйіп қалған тері қызарады, қатты ауырады. Ауыр түрдегі күйікте тері күлдірейді, беті қызарады және күлдіреген теріде ақ бөліктер пайда болуы мүмкін. Кең көлемді күйіктерде адам естен танып, күйзелісте болғанда аурудан қатты сенделеді, қашуға тырысады, орнын және жағдайды бағдарлай алмайды. Абыржу тежелумен, көңілсіздікпен алмасады. Ыстық ауамен, бумен, түтінмен дем алу тыныс алу жолдарының күюіне, көмейдің ісінуіне, дем алудың бұзылуына әкеп соғады. Бұл гипоксияға әкеледі (организмдегі клеткалар тобына оттегінің жетіспеуі).

Күн өту - күн көзінің бастан өтіп кетуі нәтижесіндегі организмнің ауыр сырқаулы күйі. Зардап шегушіде жүрек айнушылық, лоқсу, мұрыннан қан кету, көзінің көруі бұзылуы мүмкін, тыныс алу және тамырдың жиі соғуы, ессіз қалыптағы жағдайдағы оқиғалар да байқалады, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы байқалады.

Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні салқын бөлмеге немесе көлеңкеге әкеліп, үстіндегі киімдерін шешіп, жүрек аумағына және басына суық басып, молырақ тұзды сусын беру қажет. Ауыр түрінде қолдан дем алдыруға және жүрекке массаж жасауға кірісу керек. Қажеттілік болса зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізу қажет.

Суға кету - тыныс алу жолдары сұйықтыққа немесе сұйықтық массасына толады. Суға кету белгілері аузынан көбік ату, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы, тері бетінің көгеруі, қарашықтың ұлғаюы болып табылады.

Алғашқы жәрдем. Ауыз қуыстарын тазалау, зардап шегушіні ішімен құтқарушының санына жатқызу керек, зардап шегушінің басы жерге салбырап тұру үшін, жігермен арқасы мен кеудесінен басып, өкпе мен асқазандағы суды шығару қажет, қолдан дем алдыруға кірсу керек (зардап шегушіні жылындыру үшін үйкелеу керек).


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Аяқталуы 10 минут


Бүгінгі сынып сағатында алғашқы көмек көрсетудің принциптері мен оқыс жағдайда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетудің жолдарымен таныстық. Көп жағдайда зардап шегушінің толық жазылып кетуі немесе өмір бойы мүгедек болып қалуы осы алғашқы көмекке байланысты. Дер кезінде дүрыс көрсетілген алғашқы көмектің арқасында адам өмірін сақтап қалуға өз үлесіңізді қоса аласыз. Әрекет етуден қорықпаңыз, сіз әншейін көмекке шақырып айқайлаған болсаңыз да осының өзі сіздің үлесіңіз.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік

пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.




Сабақтың соңы

2 мин






Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады:

- Мен бүгін ........білдім

- Маған .... қызықты болды

- Маған....қиын болды


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.




























Тақырыбы: Велосипедшілер, мопедшілердің жолда жүру ережелері. Велосипедпен, мотоциклмен жолаушыларды және жүкті тасымалдау

Мектеп:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаттары

Жол қозғалысы ережелерін, жол белгілерін қарау; жолда жүру ережелерін білімін күнделікті өмірде қолдануға үйрету.

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.



Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы


Ресурстар

Басталуы 3минут


Ұйымдастыру кезеңі:

1)Оқушылармен сәлемдесу.

2)Оқушыларды түгелдеу.

3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу

Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.

Топқа парта бойынша бөлу:

І топ «Бағдаршам»

ІІ топ «Жүргізуші»

ІІІ топ «Аялдама»

СҰРАҚТАР

Жолда неше жаста велосипедпен жүруге болады?

-Туғаннан бері

- 14 жастан бастап

- Лицензия алған кезде

- Зейнеткерлікке шыққанда

Жұмбақ:

Мен жай ғана жүремін,

Ал мен болсам, құлап қаламын. (велосипед)

Велосипедшілерге арналған ережелер

- велосипедке мінгенде руль дөңгелегі мен тежегіштерін тексеріңіз;

- 14 жастан бастап жолда тек велосипедпен, ал 16 жастан бастап мопедпен жүруге болады;

- велосипед жолы бар болса, жол бөлігінде жүруге тыйым салынады;

- егер сізге жолды кесіп өту керек болса, бұл жаяу, велосипедті рульден ұстау,

- жаяу жүргіншілер үшін әдеттегі ережелер бойынша;

- велосипедпен келе жатқанда рульді жібермеңіз.


Суреттер, слайд

Бағалау



Ортасы 20 минут

«Викторина»

1. Көшеде өзін-өзі ұстау ережелерімен оқушыға не тыйым салынады?

2. Қандай бағдаршамдарды білесіңдер? Олардың мағынасын түсіндіріңіз.

3. Велосипед жүргізушілерінің негізгі ережелері қандай? (Жүргізуге 14 жастан бастап, ал мотормен – 16 жастан бастап рұқсат етіледі. Жылдамдығы 20 км/сағ аспайды. Тротуарлармен, жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруге, рульден ұстамай жүруге тыйым салынады. екі қол, көліктерге жабысу және т.б.)

Велосипедтің пайда болу тарихы

1791 жылы орыс өнертапқышы Кулибин арба жасап, оның екі дөңгелегін арбаның артында тұрған жүргізуші аяқ рычагтарының көмегімен айналдырған.

- 1839 жылы шотландық Макмиллан педальдармен басқарылатын екі доңғалақты көлік құрастырды.

- 1855 жылы француз механигі Пьер Мишо арбаның алдыңғы дөңгелегіне педальдар жұбын бекітті, дәл қазір балаларға арналған үш велосипедтерге педальдар орнатылады.

1920 жылға қарай велосипед жұмысшылар, кеңсе қызметкерлері, шаруалар, пошташылар мен дәрігерлердің негізгі көлік құралына айналды.

- Велосипед – «жылдам»

Тест

1. Велосипедтің басқа көліктерден ерекшелігі неде?

1. Дөңгелектер саны.

2. Кез келген қозғалтқыштың болмауы

3. Салмақ

2. Жолдармен жүру кезінде велосипедпен жүруге кем дегенде мына адамдарға рұқсат етіледі:

1. 12 жыл

2. 14 жаста

38 жаста

4. 16 жаста

3. Велосипедті жолда келе жатқан адам жаяу жүргінші ме?

1. Иә

2. Жоқ, ол жүргізуші.

4. Егер бағдаршамның сигналы велосипедшінің сұлбасы түрінде жасалса, онда оның әсері:

1. Тек велосипедшілерге арналған

2. Тек велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған

3. Тек велосипедшілер мен маршруттық көліктерге арналған.

5. Жолаушыларды велосипедпен тасымалдауға болады ма?

1. иә

2. Жоқ

3. Иә, тек 7 жасқа дейінгі балаға қауіпсіз аяқ тіреуіштерімен жабдықталған күшейткіш орындықта.

6. Велосипедшінің оңға бұрылу сигналы мынаған сәйкес келеді:

1. Оң қолды көтеру

2. Оң қолды бүйірге созу немесе сол қолды бүйірге созу және шынтақтан жоғары тік бұрышпен бүгілген.

7. Велосипедшінің тежеу ​​сигналы мынаған сәйкес келеді:

1. Оң қолды бүйірге созу

2. Сол қолды бүйірге созу

3. сол немесе оң қолды көтеру.

Жауабы: 1-2; 2-2; 3-1; 4-1; 5-3; 6-2; 7-3.


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Аяқталуы 10 минут


Сұрақ-жауап

1)Велосипедшілерге арналған жол қозғалысы ережелері - неліктен білу керек?

Жолдың біршама аласапыран жер екенінен бастайық, өйткені көп тонналық металл машиналар ол жерге әртүрлі жылдамдықпен жүгіреді, ал ондағы велосипедші, жұмсақ тілмен айтқанда, жиі орынсыз. Қозғалыс үшін ең жақсы орын - бұл велосипед жолдары, бұл жол қозғалысы ережелерінде де айтылған, бірақ олар барлық жерде жоқ, ал тротуар әрдайым көңілі толмайтын өтіп бара жатқандар мен жылдам велосипедшілерге мүмкіндік бермейді. Сондықтан, кейбір батылдар жолға шығады, бірақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сіз велосипедшінің жолдағы мінез-құлық ережелерін өте жақсы түсініп, барлық қажетті жабдықтар мен құралдарды алуыңыз керек.

2) Жолдағы велосипедшінің ережелері - қалай қозғалу керек?

Велосипедшінің жолда қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай жол қозғалысы ережелері кеңес беретінін талдап көрейік. Алдымен, велосипедші велосипед жолынан басқа барлық жерде қонақ екенін хабарлаймыз, сондықтан тротуарда ол жаяу жүргіншілерді маневрлерімен, ал жол бойындағы автокөлік жүргізушілерін мазаламауы керек. Сондықтан, жолда шек қойылады - 1 м шектен тыс оң жақ жолақта, кедергіні болдырмауды қоспағанда, осы мәннен ары қарай көрінбеу керек. Сонымен қатар, ниетіңізді барлық мүмкін түрде көрсетуді ұмытпаңыз (қол белгісі).


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік

пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.




Сабақтың соңы

2 мин






Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады:

- Мен бүгін ........білдім

- Маған .... қызықты болды

- Маған....қиын болды


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
















Жариялаған:
Алтынай
20 Қазан 2024
639
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі