Материалдар / Жүгіру және секіру ойын жаттығулары. Қар кесегін нысанаға дәлдеп лақтыру.

Жүгіру және секіру ойын жаттығулары. Қар кесегін нысанаға дәлдеп лақтыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі білім берші тәрбиешілерге денешынықтыру оқу қызметіне ұйымдастырылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2020
769
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Тәрбиеші: Гүлмира Езембердиева

Білім беру саласы:Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Жүгіру және секіру ойын жаттығулары. Қар кесегін нысанаға дәлдеп лақтыру.

Мақсаты: Спортқа баулу, ынтасын арттыру.Жүгіру және секіру техникасын үйрену. Дене, қол қимылын икемдеу,салауатты өмір салтын насихаттау, дене тәрбиесінің дұрыс қалыптасуына, дене бұлшық еттерінің шынығуына ықпал жасау. Гимнастикалық таяқшамен, доғаның астынан еңбектеп өтуді, қар кесегін нысанаға дәлдеп лақтыруды үйрету. Балаларды ойлауға және ұйымшылдыққа, шапшаңдылыққа, спорттыққа тәрбиелеу. Қызықты ойындар ойнату.

Көрнекілігі: гимнастикалық таяқша, ысқырық, қар кесегі, нысана,асық, мұздар, атрибуттар,слайд

Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойындар, сергіту жаттығулары, тыныштық сәті

Қос тілдік компоненті: Қызыл-красный-red

Жасыл-зеленый-green

Көк-синий-blue

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Баланың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушы











































































Ұйымдастырушы ізденуші
















5 минут


Рефлексивті түзету

Балаларды үнтаспадағы әуен арқылы залға маршпен кіргізу, залды айналып өтіп, бір қатарға тұру.


Тік тұр! Түзел!


  • Балалар, бүгін бізде тамаша күн. Себебі, бізге қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасайық.

  • Сәлеметсіздер ме!




  1. Кіріспе бөлімі

  • Жарайсыңдар! Енді жүру барысында орындалатын аттығуларды бастайық.


Шеңбер бойымен.

  1. Бәрінен де асамыз,

Аяқты нық басамыз.


  1. Айналып кілем тұсымен,


Жүрейік аяқ ұшымен.


  1. Екі қолымыз желкеде,

Жүрейік біз өкшемен.


  1. Жыланша жүгіру

  2. Бір бұрыштан екінші бұрышқа жүгіру

  3. Терең тыныс алу


Бастапқы қалып үш қатарға бөліну.

Үнтаспадағы әуенмен жаттығу орындау.


2. Гимнастикалық таяқшамен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.


Бас, қол мен иық бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар.


1.Б.қ. аяқ сәл алшақ ашып тұрып, гимнастикалық таяқшаны төмен ұстап, қолды төмен түсіріп тұру

1-гимнастикалық таяқшаны жоғары көтеру,оған қарау;

2-б.қ оралу, 5-6 рет қайталау

2. Б.қ. аяқ алшақ, гимнастикалық таяқшаны екі шетінен алып, төмен ұстау.

1-аяқты бүкпей алға еңкейіп, гимнастикалық таяқшаны екі шетінен алып, төмен ұстау;


2-аяқты бүкпей алға еңкею;

3-б.қ. оралу, 5-6 рет қайталау.

4. Б.қ. аяқ сәл алшақ ашып тұру, гимнастикалық таяқшаны ұстап, қолды төмен түсіріп тұру.

1-гимнастикалық таяқшаны жоғары көтеру,бір мезгілде оң аяқты артқа созып, аяқтың ұшын еденге тигізіп;

2-осы қимылды сол аяқпен орындау;

3-б.қ. оралу 5-6 рет қайталау.

5. Б.қ. аяқ алшақ, гимнастикалық таяқшаны еденде қою, қол белде.

1-гимнастикалық таяқша үстімен алға, артқа секіру

2- б.қ. оралу 2-3 рет қайталау

7. Терең тыныс алу


Негізгі тапсырма

  1. Доғаның астынан енбектеп өту

  2. Мұз үстінен аттап жүру

  3. Қар кесегін нысанаға дәлдеп лақтыру.

-Жарайсыңдар, балалар


«Табын» қимылды ойын

Мақсаты: белгіге шапшаң жауап қайтару қабілетін, жүгіру дағдысын дамыту.

Мазмұны: «бақташы» мен «қасқырды» таңдайды («қасқыр» алаңның ортасында тұрады). «Қойлар» «бақташыны» шақырады:

Бақташым-ау, бақташы,

Кернейіңді тартсаңшы!

Өп қой жұмсақ,

Шық қой тәтті.

Алдыңдағы табынды

Көкке шығарсаңшы!

«Бақташының» «Қасқыр!» деген белгісі бойынша «қойлар» алаңның қарама-қарсы жағындағы «үйге» қарай жүгіреді.

«Қанталапай» қимыл-қозғалыс ойыны

Бүгінгі,оқу іс-әрекетінде сендерге ерекше қандай жаттығулар ұнады.

  • Ал, енді қатарға тұрамыз.


Сап түзел!Тік тұр!

  • Жарайсыңдар, сендер шыныққан балалар екендіктеріңді көрсетіңдер,!

  • Енді бәріміз қонақтармен қоштасайық.

Маршпен залдан шығып кетеді.





Picture 2


Сәлеметсіздер ме!



Балалар шеңбер бойымен, өлең шумақтарын айтады.



Аяқ ұшымен жүреді.


Өкшемен жүреді.



Жыланша жүгіреді


Б.қ. қолды жоғары-төмен көтеріп дем шығару.




Жан – жақты дамыту жаттығулары



Б.қ. қолды белге қойып, басқа арналған жаттығуды орындау.


Б.қ. қолды белге қойып, иыққа арналған жаттығуды жасау


Б.қ. қолды алдыға созу арқылы қайшылау жаттығуын орындау.




Б.қ. қолды жоғары-төмен көтеріп дем шығару.



Picture 4


Балалар қар кесегін нысанаға дәлдеп лақтырады.

Picture 7


Балалар ойынды қызығушылықпен орындайды.

Picture 8





Балалармен ойын арқылы бірге жаңа оқу іс-әрекетін қорытындылау.

Балалар келген қонақтармен қоштасады.




Күтілетін нәтиже:

Нені меңгерді:Балалар қатармен жүруге үйренеді.Жүрген кезде бір-бірін итермей, абайлап, тізені жоғары көтеріп жүру керектігі жайлы хабардар болады.Жаттығу жасау, денсаулыққа пайдалы екені жайлы біледі.
Нені игерді:Ойынға қызығушылық танытады.Тәрбиешінің артынан жаттығуларды қайталайды. 
Нені істей біледі:Жүреді, жүгірумен алмастырады.Түрлі қимылдарды жасай біледі.Қатармен жүруді жартылай меңгерген. 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ