Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Жүк және коммерциялық жұмыстар негіздері»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Жүк және коммерциялық жұмыстар негіздері»
Көліктік жүйедегі жүк және коммерциялық жұмыстардың рөлі.
Жүк тасымалдау дегеніміз оларды шығарылатын жеріне тұтыну орындарына дейін жеткізуді білдіреді. Жүк тасымалы өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жұмысын оларды пайдаланатын салада жалғастыруды және аяқтауды көздейді, олар осыдан кейін ғана пайдалануға дайын болады.
Жүк дегеніміз бұл белгіленген тәртіп бойынша жүк вагондарымен, контейнерлермен тасымалдау үшін қабылданған нысан.
Жүк жөнелтуші дегеніміз бұл тасымалдау шарты бойынша өз атынан немесе жүк иесінің атынан әрекет ететін және тасымалдау құжатында көрсетілген жеке немесе заңды тұлға.
Жүк қабылдаушы дегеніміз бұл кез келген жүкті қабылдап алуға өкілеттілігі бар жеке немесе заңды тұлға.
Теміржол көлігінің қызметін пайдаланушы дегеніміз бұл теміржол көлігінің ұйымдары және темір жолдағы жеке кәсіпкерлер көрсететін қызметті пайдаланатын жолаушы, жүк жөнелтуші, жүк қабылдаушы не өзге де жеке немесе заңды тұлға.
Тасымалдаушы дегеніміз - жұрт пайдаланатын теміржол көлігімен тасымалдау шартына сәйкес жолаушыны, өзіне сеніп тапсырылған жүкті жөнелту орнынан баратын жеріне дейін жеткізу, жүк қабылдаушыға тапсыру міндетін мойнына алған заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.
Тасымалдау дегеніміз – жолаушылар мен жүкті теміржол көлігімен тасымалдауға даярлау, оны жүзеге асыру және аяқтау барысында атқарылатын ұйымдастыру және технологиялық операциялардың жиынтығы.
Жүк тасымалдауды ұйымдастыру барысында тасымалдау және коммерциялық операциялар орындалады.
Жүк тасымалдау операциясы дегеніміз – бұл қоймадағы жүкті көлік құралдарына тиеу және олардан қоймаға түсіру, жол табаны әр түрлі темір жолмен тасымалдауда жүкті вагоннан–вагонға ауыстырып тиеу, жүкті көліктің бір түрінен екінші түріне ауыстырып тиеу, жүктің бар – жоғын немесе салмағын тексеру үшін оны қойма ішінде жылжыту және т.с.с.
Коммерциялық операция дегеніміз – бұл тасымалдауц және тапсыру құжаттарын, есепке алу және есеп беру құжаттарын толтыру, темір жолмен жүк тасымалдау үшін алымдар мен төлемдердің барлық түрлерін өндіріп алу. Сонымен қатар коммерциялық операциялар мыналарды қамтиды: вагондарды әр түрлі жүктерді тасымалдауға дайындау және оларды коммерциялық тұрғыдан қарап тексеру, жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушыларға көлік – экспедициялық қызмет көрсету, акт жасау, талап қою, шарт жасасу, іс қағаздарын жүргізу, тарифтік нұсқаулар мен конвенциялық тыйым салу кітаптарын толықтыру және түзету.
1. «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ жол бөлімшесі
“Қазақстан темір жолы” Ұлттық компаниясы – республика экономикасының күретамыры – темір жол транспорты жұмысын одан әрі дамыту бағытында ауқымды іс-шараларды жүзеге асыруда. Ең негізгі ұстанымы – сенімділік пен тиімділікке негізделген іргелі компанияның бүгінгі таңдағы басты мақсаты – ел әл-ауқатын, Қазақстан экономикасын өркендетуге сүбелі үлес қосу. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жүк және жолаушы тасымалында, өзге де мәселелерде тиімділік пен нәтижелікке қол жеткізілуде. Ұлттық компанияның республика аймағындағы темір жолдарды бүгінгі заманның жоғары талаптарына, болашақ бағдарламаларға орай одан әрі қуаттандыруға арналған өте күрделі, мол қаржыны қажет ететін бірқатар жобаларының өз шешімін табуы құптарлық жәйт.
Ұлттық компания мамандарының айтуынша, Қазақстан темір жолы қуатының ауқымдылығына көз жеткізу қиын емес. Өйткені, оған нақты әрі салмақты деректер жеткілікті: темір жол көлігінің үлесіне еліміздегі барлық жүк айналымының – 68 пайызы, жолаушылар айналымының – 57 пайызынан астамының тиюі соның айқын айғағы. Республикадағы 14 мың шақырымнан астам жолдың 5 мыңы – қосжолды, ал 4 мыңға жуығы – электрлендірілген. Ырғақты түрде дамып отырған салада өндірістік, қаржылық және техникалық көрсеткіштердің жоғары деңгейге көтерілуінің сыры сала жетекшілері мен мамандардың істі ұтымды ұйымдастыра білуінде болса керек. Ұлттық компания дәйектілікпен іске асырып отырған маңызды мәселелердің арасында республиканың транзиттік-көліктік қуатын ұлғайту да бар. Компанияның еліміздің көліктік рыногында ең ірі және өркендеп өсіп отырған секторға айналуы құптарлық жәйт.
Станса.
Жүктердi қабылдау-тапсыру, жолаушыларға қызмет көрсету операциялары, пойыздарды қабылдау-жөнелту, тоғыстыру және басып озу операцияларын, ал тарам жолдары дамыған бөлiм бекеттерiнде – пойыздарды сұрыптау-құрастыру секiлдi маневр жұмыстарын, вагондар тобымен және жеке вагондармен техникалық операцияларды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құрылғылары бар тарам жолды бөлiм бекетi темiржол станциясы деп аталады.
Станциялар дегенiмiз – темiр жолдың тұтынушыларымен тiкелей байланысты жүзеге асыратын аса маңызды өндiрiстiк-шаруашылық бiрлiктер. Тасымалдау процесiнiң бастапқы және ақырғы операциялары, пойыздар жүрiсiн қамтамасыз ететiн қыруар жұмыстар станцияларда атқарылады.
Жұмыстың көлеміне сипатына қарай станцияда мыналар болады:
• Орталық блокировка және байланыс құрылғылары
• Жарық беру, өрт қауіпсіздігі және сумен қамтамасыз ету құрылғылары
• Жүк сақтау орындары (жабық қоймалар, ашық алаңдар, платформалар, вагон таразылары контейнер алаңдары).
• Пойыздарды қабылдап жөнелтуге маневр жұмыстарын жүк операцияларын орындауға арналған тарам жолдар.
• Сұрыптағыш құрылғылар (сұрыптағаш дөңестер, шағын дөңестер тартым жолдары), станция жолдары және вагондар мен локомотивтерді тексеруге, жарақтауға жөндеуге арналған құрылғылар.
• Қызметтік техникалық ғимараттар мен үй жайлар жолаушылар ғимараты мен платформалар, билет және қол жүгі кассалары теңдеме жүкпен қол жүктерін қабылдау сақтау мен беру орындары.
3. Жүк және коммерциялық жұмыстарды басқару құрылымын ұйымдастыру.
Жүк жұмыстарының концентрациясы үшін тиімді жағдайлар, қатты жабындысы бар автомобиль жолдарының желісінің кеңеюімен, жалпы пайдаланудағы елдің күшті автокөліктік шаруашылықтарды ұйымдастырумен, темір жолдардан шалғай орналасқан экономикалық аймақтарға қызмет көрсететін.
Жүк жұмыстарының концентрациясы мәселесінің 2 мақсаты бар:
Аз қызмет көрсететін станцияларды жабудың дұрыстығын анықтау
2) Тірек станцияларын құру және олардың арасындағы жүк жұмыстарын бөлістіру.
Екінші мақсат негізінде, болашақтағы жоспарда жергілікті жүк ағындарын басқарумен және сәйкес тірек станцияларына жүк жөнелтушілер мен қабылдаушылар кәсіпорындары мен мекемелерін дұрыс тіркеумен байланысты.
Жүк тасымалдау үрдісін реттеу.
Жүк тасымалдау мен коммерциялық жұмыстар тасымалдауға, негізінен алғанда, оның бастапқы және ақырғы операцияларына, жөнелтілетін жүкті қабылдауға және тиеуге оны түсіруге және жүк қабылдаушыға тапсыруға байланысты мәселелер ауқымын қамтиды.
Жүк тасымалдау және коммерциялық жұмысы мынадай мәселелерді де қамтиды: жүк тасымалдау ережелері мен маршруттарының жасалуын, олардың сақталуын қамтамасыз ету; озат тасымаддауәдістерін қолдану; тиеу–түсіру жұмыстарын механикаландыруды, жүктерді басқа бағыттарға ауыстыруды, коммерциялық тексеру қосындарының, сұрыптау платформаларының жұмысын, басқа да көлік түрлерімен өзара байланысты және т.с.с. қамтамасыз ету.
Тасымалдау шығындарын барынша азйту, ресурстарды сақтау, экологиялық қауіпсіздік және көлікке қызмет көрсету жүк тасымалын дамыту мен жетілдірудің негізін құрайды.
«Теміржол көлігі туралы» заң.
Теміржол көлігінің жалпы көлік жүйедегі жетекші рөлін оынң салыстырмалы өзіндік құнының төмендігінен, бұқаралығынан, әмбебаптығынан, жүйелілігінен, тасымалдау сенімділігі мен тездігінен, жүкті және жүк жөнелтушінің қоймасынан жүк қабылдаушының қоймасына дейін жеткізіп беру мүмкіндігінен көруге болады.
Теміржол көлігі республиканың экономикалық және стратегиялық кеңістігінің бірлігін қамтамасыз етіп, экономиканың біріктіруші және мемлекеттік – түзуші, әрі тұрақтандырушы факторы болып табылады.
Жүк тасымалдау ережелері.
Жарғының 9-бабына сәйкес жүктерді, контейнерлерді тиеу, түсіру, сорттау, сақтау операциялары жалпы жұрт пайдаланатын орындарда жүргізіледі. Жүк пен контейнерлерді тиеу – түсіру операциялары жалпы жұрт пайдаланбайтын орындарда атқарылады.
Жалпы жұрт пайдаланатын орындарға жабық және ашық қоймалар, сондай –ақ теміржол стансасының аумағынан арнайы бөлінген, инфрақұрылымның иесіне тиесілі және жүкті, оның ішінде контейнерлерді тиеу, түсіру, сорттау операцияларын орындау үшін пайдаланылатын учаскелер жатады.
Тасымалдау жоспарын ұйымдастыру негіздері.
Тасымалдаудың бірыңғай жаңа моделі оны жедел басқарудың қолданылып жүргенн автоматтандырылған жүйесін алмастырады. Осы заманғы қаржы есеп–қисап айырысу және ақпараттық технологиялар негізінде жүк тасымалдау шартын асыруда жүк тасымалы үшін автоматтандырылған есеп айырысу жүйесі тасымалдауға қатысатын барлық мүшелер арасында ақпараттық – технологиялық өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.
Жүк тасымалдау және коммерциялық жұмысты дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мынадай:
жүкті «есіктен есікке дейін», «толассыз жөнелту», «мультимодальдық, транзиттік, интермодальдық» жеткізу технологияларын қоса алғанда, жоғары сапалы көлік қызметін көрсетуге бағдарланған тасымалдау технологиясын енгізу;
ішкі және халықаралық қатынастарда жаңа логистикалық жүйелерді жасау және қолданыстағы жүйелерді жетілдіру;
жасалған шарттар мен ұзақ мерзімді келісім шарттар бойынша тасымалдауды қамтамасыз етудің кепілді жүйесіне көшу, олардың орындалуын автоматтандырылған бақылау жүйесіне енгізу.
Жүк жұмыстарының концентрациясы.
Жүк жұмыстарының концентрациясы үшін тиімді жағдайлар, қатты жабындысы бар автомобиль жолдарының желісінің кеңеюімен, жалпы пайдаланудағы елдің күшті автокөліктік шаруашылықтарды ұйымдастырумен, темір жолдардан шалғай орналасқан экономикалық аймақтарға қызмет көрсететін.
Жүк жұмыстарының концентрациясы мәселесінің 2 мақсаты бар:
– аз қызмет көрсететін станцияларды жабудың дұрыстығын анықтау
– тірек станцияларын құру және олардың арасындағы жүк жұмыстарын бөлістіру.
Екінші мақсат негізінде, болашақтағы жоспарда жергілікті жүк ағындарын басқарумен және сәйкес тірек станцияларына жүк жөнелтушілер мен қабылдаушылар кәсіпорындары мен мекемелерін дұрыс тіркеумен байланысты.
Жүк жұмыстары станциялардың аз санына шоғырланғанда тиеу-түсіру жұмыстарын механизациялауға және автоматтауға тиімді жағдайлар және жұмыс ресурстарына деген мұқтаждық пен бөлімшедегі жергілікті жұмыстың көлемі азаятыны анықталған.
Автомобиль көлігімен тасымалдаудың өзіндік құнында жанармайға, майлау материалдарына, техникалық қызмет көрсетуге және амортизацияға, оның жолдың бөлігін айнымалы шығындардың 10% - дық көлемді қабылдайды, шығындарды және барлық нормалармен белгіленген автомобильдердің жүргізушілерінің жол ақысына шығындарды ескереді.
Жүк жұмыстарын жоспарлау.
Жүк жөнелтушілер жүкті жөнелтуге дайындауда теміржол көлігінің жүріс қауыпсіздігі мен пайдалануын, тасымалданатын өнімнің сапасын, жүктердің, вагондар мен контейнерлердің, өртжәне экологиялық қауіпсіздіктің дұрыс сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Жүкті жөнелтуге дайындау шараларына мыналар кіреді: өнімді қажетті сапалық күйге келтіру. Жүк орындарын көлік пакеттері мен бумаларына ірілендіру арқылы тиісінше буып–түю, нығыздау, машиналардың көлемді жабдықтарын бөлшектеу немесе ішінара ажырату, жүк орындарына көліктің таңбасын салу және т.с.с. жүкті тасымалдауға дайындауда сондай–ақ оларды тиісті бақылау және қадағалау органдары тексеріледі.
Жүк стансаларының түрлері.
Теміржол стнасалары вагондармен, ұсақ жөнелтілімдермен, контейнерлермен тасымалданатын жүктерді қабылдау, тиеу, түсіру және беру операцияларын, сондай ақ жолаушылар мен теңдеме жүктерді тасымалдау операцияларын орындайды. Тиісті жүк және коммерциялық операцияларды орындауға ашық болатын стансалар арасында осындай тасымалдау жүргізіледі.
Жүк стансалары жүк және коммерциялық операцияларды орындауға, жүк пойыздарын қабылдауға, сұрыптауға, құрастыруға, тексеруге, техникалық күтіп баптауға және жөнелтуге арналған жол және жүк құрылғыларының, техникалық және қызмет үй жайларының жиынтығы болып табылады.Мұндай стансалар әдетте жүк ағындары пайда болып, таратылып жататын ірі өнеркәсіптік және елді мекендерде орналасады да, өнеркәсіп орындары мен халыққа қызмет көрсетеді.Стансалар бірнеше түрге бөлінеді:
Маманданбаған жүк стансасы;
Маманданған жүк стансасы;
Негізгі станса;
Ауыстырып тиеу стансасы.
Жүк стансаларының басқару құрылымын ұйымдастыру.
Жүк стансасының техникалық жарақтануы оның міндетіне, жұмыс көлеміне, жергілікті жүк ағындарының келуі мен жөнелтілу сипатына және олардың жүк қосындарына, оның ішінде жалпы жұрт пайдаланатын және пайдаланбайтан орындарға бөлінуіне, өнеркәсіп орындарының, базарлардың, ауыстырып тиеу қосындарының қосылуына және олардың техникалық жарақтануына қарай анықталады.
Салмақты өлшеу құрылғылары, тасымалданатын жүк мөлшері.
Жүктердің вагонға тұра келуі, олардың жүк көтергіштігі осы салмақ өлшеуге байланысты. Темір жолдағы салмақ өлшеу шаруашылығы әртүрлі салмақ өлшегіш құрылғылармен жабдықталған. Олар: салмақ өлшеу бақылау құрылғылары, салмақ өлшеуіштерді жұмыс қабілеттілігін тексеретін құрылғылар және оларды жөндеу орындары: жабық қоймаларда жүктерді жылжымалы салмақты өлшеуіштермен өлшенеді, олардың салмақ өлшегіштігі 0,5-тен 3 т-ға дейін және стационарды салмақ өлшегіштер жоғарғы немесе максималды салмақ көтергіштігі 5 т. Жұмысына байланысты салмақ өлшеуіштер вагонды, автомобильді, товарлы, кранды, бункерлы және конвейерлі болып бөлінеді.
2. Таразылардың түрлері.
Вагонды таразы. Электронды вагонды таразылар «Жүк қабылдағыш құрал» ұзындығы 3,5 м-ден 30 м-ге дейін және 100 т-дан 200 т-ға дейін тартылатын жүктерді өлшейді. Тензометрлік вагонды таразылар 50 т-дан 100 т-ға дейін өлшейді, әмбебап вагонды таразылар 4 және 6 ості вагондардың барлық түрін өлшейді. Вагонды таразылар статистикалық өлшеу және қозғалыс типі «Курс» өлшеулері статистикалық вагонды және тележкалы 4 ості, 6 ості және 8 ості теміржол вагондарын өлшеу мен теміржол транспортындағы тасымалданатын жүк массаларын өлшеу үшін қолданады. Берілген вагонды таразылар 100 т-дан 200 т-ға дейін салмаққа ие және 2 режимде өлшеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді: статистикалық және қозғалыстағы вагондарды өлшейді.
Автомобильдік таразы. Автомобильдің толық дұрыс салмағын алу статикада жүзеге асады. Себебі, коммерциялық санақта жүкті статикалық тензометрлік таразыменен өлшеген дұрыс. Автомобильді таразыларды өлшегенде 2 параметрді ескерген дұрыс. ӨҮШ (өлшеудің үлкен шегі) және платформа ұзындығы. Шығарылатын тензометрлі автомобильді Титан типіндегі таразылардың барлық модельдері әр түрлі модификацияға ие және ӨҮШ-да 10 т-дан 400 т-ға дейін платформа ұзындығы 0,8 м-ден 30 м-ге дейін жетеді.
Кранды таразылар ELC-CS: Электронды таразылар ELC - тарту үшін кран қармағына ілетін ілгектен, жоғары дәлді есептегіштен, аналогті сандық жасаушы мен дисплейден тұрады. Жоғары жарықты цифрлы дисплей 5 белгіден 40 мм биіктіктен тұрады. Ол нәтижені үлкен қашықтықтан қиындықсыз оқуға мүмкіндік береді. Кранды таразылар электронды фильтрациялы нәтиже жүйесімен қамтылған, соның септігінен жүктің аздаған тербеліспен толқулардан құтқарады және өлшеу нәтижесін 5 секундтан кешіктірмейді. Таразылар қоректендіруді аз қажет етілуімен батареяны жұмыс ұзақтығымен ерекшеленеді. Заряды толық батарея ЖК дисплейде үздіксіз 100 сағат бойы жұмыс істей алады.
Платформалы таразылар ELC-РS: Платформалы таразылар статистикалық өлшеумен әр түрлі платформада орналасқан жүктерді өлшеу үшін тағайындалған. Электронды платформалы таразылар өлшеуіш платформадан және салмақ өлшегіш құралдан тұрады. Өлшегіш платформа металл платформадан және тензометрлік салмақ өлшегіш көрсеткішінен тұрады. Тензометрлік көрсеткіштен салмақ өлшегіш құралмен қосылатын қораппен жалғасады. Салмақ өлшегіш құралдар 232 интерфейсімен жабдықталған, ол электронды құрылғылармен жалғану, қосылу үшін қажет, (мысалы, ЭЕМ, принтер, электронды тіркеуіш құрылғылар).
Таразылардың құрылымы.
Жүктерді тиеу-түсіру кезінде салмақты өлшеу өте маңызды операция болып табылады, өйткені жүктердің сақталуына, тасымалдау кезіндегі істелген мөлшерін темір жол өз жауапкершілігіне алады. Жүктердің вагонға тура келуі, олардың жүк көтергіштігі осы салмақ өлшеуге байланысты. Темір жолдағы салмақ өлшеу шаруашылығы әртүрлі салмақ өлшегіш құрылғылармен жабдықталған. Олар: салмақ өлшеу бақылау құрылғылары, салмақ өлшеуіштердің жұмыс қабілеттілігін тексеретін құрылғылар және оларды жөндеу орындары. Тағайындалуына байланысты салмақ өлшеуіштер вагонды, автомобильді, товарды, кранды, бункерлі және конвейерлі болып бөлінеді. Салмақты өлшеуіштер мен құрылғылар мемлекеттік тексеруден міндетті түрде өтеді.
1. Стансаның жүкті қабылдау және тиеу жұмысының технологиясы.
Автокөлікке келіп түстен жүктер, тасымалдауға, артуға, түсіруге және кей мезгілде оларды сақтауа дайындық жасалынуы керек. Осы процестерді ұйымдастыру жүктердің санына және сипаттамасына байланысты.
Жүктерді дайындау - бұл, орау, сұрыптау, таңбалау, салмағын өлшеу, пакеттеу, контейнерлерді жүктеу және тасымалданатын құжаттарды дайындау. Автомобильдерге және тіркемелерге жүктерді арту және оларды түсіру, жүктердің физикалық қасиеттеріне және орамдық түрлеріне байланысты механикаландыру тәсілімен орындалады. Автомобильдердің бос тұрып қалу уақыты және көлік құралдарының өз құндылық жұмыстары және жүктерді жеткізіп беру, арту - түсіру тәсілдеріне байланысты.
Жүктерді тасымалдау толығымен уақытылы жүктерді бүтіндей (зақымсыз) өз мерзімінде жеткізіп беру, бұл тасымалдаудың ең негізгі шартың бірі болып есептелінеді.
Әр түрлі жүктерге, қажетіне қарай әр түрлі автомобильдер және әр түрлі типтегі кузовтар қолданылады және қозғалыс жылдамдығы таңдалынады.
Жүктерді сақтау қоймаларда сақтайды. Қойма көлемі, түрі, жүктерді сақтау режимдері, жүктердің физикалық қасиетіне, оралымына, сақтау мерзіміне, ауа райы шартына байланысты.
Жүктердің жіктемеленуі, жүктердің қасиеттілігіне, тасымалдануына және сақталынуына байланысты бөлінеді.
Жүктер төмендегідей жіктемеленеді: Ыдыстары бойынша-ыдысты,ыдыссыз және супер ыдысты екі қапталы ыдыстар (шишадағы, сүттер, жәшіктің ішіндегі). Бір жүк орынның салмағы бойынша - қалыпты (250 кг дейін - даналы жүктер, 400кг домаланатын жүктер (бөшке, катушка) және ауыр салмақты. Нетто - жүктің, брутто ыдыспен жүктің салмағы.
Көлеміне қарай - габаритті (қарапайым автомобильдермен тасымалдау) және габаритсіз (ені бойынша 2,5м жоғары немесе биіктігі бойынша Н >3,8м жоғары немесе артқы борттан- 2 м шығып тұрса) арнайы жылжымылы құрамда тасымалданатындар.
Арту-түсіру қасиетіне байланысты - сүйретпелі, төгілмелі, даналы және құймалы.
Автомобильдің жүк көтерімділігін пайдалану бойынша 5 класқа бөлінеді:
Жүктік класы: 1 2 3 4 5
Жүкті пайдалану коэффиценті: 1,0; 0,71-0,99; 0,51-0,70; 0,41-50; 40 дейін
Жүктер класы физикалық қасиеттермен ғана белгіленбейді, олар орамдық тәсілменде анықталады. Бір жүк әр түрлі класқа жатуы мүмкін, түрлі орамына байланысты мәселен: пачкідегі және байланымдағы паркет 1-класқа жатады, ал топталып артылған паркет 2-класқа жатады. Ашық жәшікте тасымалданатын пісірілген нан 2- класқа жатады, ал лотоктарда тасымалданатын болса, онда 3-класқа жатады. Автомобильдің жүк көтерімділігін пайдалану коэффиценті, оның тасымалдайтын жүк түріне, оның орамдығына, кузов мөлшеріне және жылжымалы құрамның жүк көтерімділігіне байланысты.
Қауіптілік дәрежесі бойынша - (адамға, малдарға,жол қозғалысына, құрылымға, жолға зиян келтіру мүмкіндігі бар) - жеті топқа бөлінеді:
1-топ - шағын қауіпті жүктер (құрылыс материалдары, өндірістік тауарлар, азық-түлік тауарлар)
2-топ - тез жанатын (бензин, ацетон және сол сияқты заттар)
3-топ - шаңдатқыш және ыстық (цемент, әк, асфальт)
4-топ - күйдіргіш сұйықтықтар (кислота, щелочи)
5-топ - баллондағы сұйықты және қысымды газдар.
6-топ - өз көлемдігімен қауіпті жүктер(көлемсіз)
7-топ- уландыратын, радиоактивті және жарылғыш заттар.
Тасымалдау және сақтау шартына байланысты- қарапайым жүктер, тез бұзылатын, жаман иісті, антисанитарлық (қоқым, таза емес және т.б), жануарлар (малдар, құстар және басқалар) бөлінеді.
Сыртқы қорғауға әсерлік шартарына байланысты – қарапайым және ерекше атмосфералық қорғауды талап ететін, температура әсер ететін жүктер, арту-түсіру кезінде ерекше заттардың орындалуын талап ететін заттар.
Ыдыс. Ыдыс түріне, материалына және салмағына қарай стандарттандырылған. Ыдыстар қатты (жәшіктер, бөшкелер), жұмсақ (қап, тюктер), жартылай қатты (корзиналар) болып бөлінеді.
Материалдары бойынша - ағашты, әйнек, керамика, қағаз - картонды және басқалар.
Ыдыстар бір рет және көп ретте (айналымда) пайдаланылатын болып бөлінеді.
Жүктерді таңбалау жасау - жүктерді бояумен, қағазды ярлыктарды жабыстыру, биркаларды қадау арқылы таңбаланады. Маркировка жасау төмендегідей бөлінеді:
Тауарлық, жүктік,транспорттық, және арнайы.
Тауарлық таңбалауда төмендегілер көрсетіледі - жүктің аталуы, дайындаушы-мекеме.
Жүктік таңбалауда - жөнелту және жөнелтушінің пункті, жүк баратын және қабылдайтын пункт.
Транспорттық таңбалауда – накладной номері (квитанция нөмері) және оның саны.
Арнайы таңбалауда - жолда және тиеу түсіру кезінде жүктерге ерекше көңіл бөлу үшін белгілер (шартты белгілер немесе суреттермен белгіленеді).
2. Жүкті тиеу мерзімі.
Жүк стансаларында айтарлықтай көлемді мынадай коммерциялық және жүк операциялары атқарылады: жүкті тасымалдауға қабылдау, өлшеу, сақтау, тиеу, түсіру, ауыстырып тиеу, сұрыптау және беру; контейнерлерді өңдеу, тасыалдау құжаттарын толтыру, вагондардың жақындауы, келуі және тиеу – түсіру орындарына берілуі туралы жүк қабылдаушылар мен жөнелтушілерді хабардар ету, жүктерді ісдестіру, қаржы және касса есебін жүргізу, кіре ақы төлемін есептеу және орталықтандырылмаған есеп айыстыру жағдайында жүк және жөнелтушілермен және қабылдаушылармен есеп айырысу.
Бұларға қоса, жүк стансаларында мынадай техникалық операциялар жүргізіледі: жүріс графигіне сәйкес пойыздарды қабылдау және өткізу, сұрыптау, құрастыру, коммерциялық тексеру, жүк пойыздарын техникалық күтіп- баптау және жөнелту, тиеу- түсіру орындарына вагондарды беру және әкету, кәсіпорындарың және порт айлақтарының кірме темір жолдарына қызмет көрсету, келетін және жөнелтілетін құрамдарды өңдеу және т.с.с. Кейбір жағдайда жүк стансаларында вагондар дизенфекцияланып, жуылады және басқа операциялар атқарылады.
3. Вагонға жүкті тиеу тәртібі.
Тиеу-түсіру жұмыстары мыналардан тұрады: жүкті жылжымалы құрамға тиеу, одан түсіру, бір жылжымалы құрамнан екіншісіне ауыстырып тиеу, сұрыптау, жабық және ашық қоймалар ішінде, басқа да тиеу-түсіру оырндарында жүкті жылжыту және үю.
Теміржол көлігіндегі тиеу-түсіру жұмыстарының мынадай түрлері ба