Жұмабек Тәшенев - қайсар рухты тұлға

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жұмабек Тәшенев - қайсар рухты тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
Ж. Тәшеневтің қазақ жеріне жасаған баға жетпес жетістіктері мен еңбектері сөз етіледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ташенев танымы

Қазақ халқының тарихында есімдері алтын әріптермен жазылып қалған тұлғалар аз емес. Әсіресе, алмағайып аласапыран кезеңдерде туған еліне бас болып, бағыт-бағдар көрсеткен жандардың орыны тым ерекше... Соның бірі елдің тұтастығының сақталуына, əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени дамуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға - Жұмабек Тəшенов.

Ұлтының басына қиын-қыстау күн туғанда өзгелерден өзінің қайтпас қайсарлығымен ерекшеленген тұлғаның атында бүгінде Қарағанды қаласында білім ордасы бар. «Жұмабек Тәшенев атындағы жалпы білім беретін мектебі» өткен оқу жылынан бастап Алаштың асыл тұлғаларымен қатар аталатын ұлдарының бірі – Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің еңбегін келер ұрпаққа насихаттап, есімін ұлықтау мақсатында көптеген ісшаралар ұйымдастырды.

Осы негізде аталмыш білім ордасында Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері , ұлт жанашыры Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің туған күніне орай «Ұлттық рухтың символы – Жұмабек Тәшенев» тақырыбында аймақтық Құрылтай өтті. Шараға Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелікорталығының басшысы Абдикерова Бакиткул Химальдиновна, Тарих ғылымдарының кандидаты, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызы, Облыстық маслихаттың депутаты, айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты Жұмағұлов Айтбай Ботпайұлы, Тәшеневтанушы, меценат Ибкеев Сапар Кашкенұлы, Қарағанды облыстық ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының басшысы, тарихшы-өлкетанушы Аршабеков Темірғали Тлеубекұлы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің тарих пәнінің аға оқытушысы Ошанов Нурлан Зетханович, Қарағанды қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Байжигитова Төлеубике Рымхановна жəне тағы басқа танымал азаматтар қатысты.

Құрылтайға Ақмола облысы, Аршалы кентінің «Ж. Тәшенев атындағы ЖОББМ», Астана қаласы «Жұмабек Тәшенев атындағы №10 мектеп-гимназиясы», «Қызылтау негізгі орта мектебі», Бұқар жырау ауданы « Т. Бигелдинов атындағы ЖББМ» КММ, Шет ауданы «Абай атындағы ЖББМ», Ақтоғай ауданы «Сарышаған кентіндегі ЖОББМ» КММ, Теміртау қаласы «Ғабиден Мұстафин атындағы ЖББМ», Бұқар жырау ауданы «Байқадам ЖББМ»КММ, Бұқар-Жырау ауданы, «Юрий Гагарин атындағы ЖББМ»КММ, Шет ауданы, Жұмыскер ауылы, «Абай атындағы ЖББМ», «Қарағайлы кентінің №16 ЖББ мектебі» КММ, Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ селосы "Қ. Смайылов атындағы №43 ЖББМ тірек мектебі (РО) жанындағы интернат"КММ, Шет ауданы Ақшатау кенті «Ш. Уалиханов атындағы ЖББМ» КММ, сонымен қатар қала мектептерінен 37 мектеп оқушысы қатысып, тұлға туралы дайындаған жобаларын ұсынды.

Құрылтайтың бірінші кезеңінде әр бағыт бойынша жоба жұмыстары қорғалып, Ақмола облысы, Аршалы кентінің «Ж. Тәшенев атындағы ЖОББМ» 10 сынып оқушысы Ганибаева Улболсын , Қарағанды қаласы «Ж.Тәшенев атындағы ЖББМ» 11 сынып оқушысы Ибрагимова Нұрдана, Қарағанды қаласы «№14 мектеп-гимназиясының» 11 сынып оқушысы Ермеков Санжардың жоба жұмыстары жоғары деңгейде бағаланып, жүлделі орындар иеленді.

Құрылтайдың екінші і кезеңінде мектеп оқушыларының қатысуымен «Жұмабек Тәшенев – тау тұлға» тақырыбында поэзиялық қойылым көрсетілді.

Тарихи-танымдық кеш соңында жоба жеңімпаздары марапатталды.




«Ж.Тәшенев атындағы ЖББМ» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Базарбаева Махабат Ашимхановна



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2025
99
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі