Материалдар / Жүрек. Жүректің анатомиялық құрылысы. Жүрек циклі. Клапанды аппараттың мәні.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жүрек. Жүректің анатомиялық құрылысы. Жүрек циклі. Клапанды аппараттың мәні.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүрек (cor; сурет 175) — қуысты конустәрізді бұлшықетті мүше, салмағы 250-350 г, көкірекаралығында төстің артқы жағында ассиметриялы орналасқан. Жүрек ұшы (apex cordis) төмен, алға және сол жаққа қараған V қабырғааралыққа жетеді, жүректің негізі (basis cordis) жоғары, артқа және оң жаққа қарай орналасқан, сондықтан оның 2/ 3 бөлігі сол жақ кеуде қуысында орналасады. Жүректің алдыңғы және төс-қабырғалық беті (fades sternocostalis) дөңестеу келген, төстің денесі мен қабырғалар шеміршектерінің артында орналасқан, жүректің төменгі немесе көкеттік беті (facies diaphragmatica) көкетке жанасып жатады. Жүректің бүйір беттері өкпеге бағытталған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2022
1379
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жүрек (cor; сурет 175) — қуысты конустәрізді бұлшықетті мүше, салмағы 250-350 г, көкірекаралығында төстің артқы жағында ассиметриялы орналасқан. Жүрек ұшы (apex cordis) төмен, алға және сол жаққа қараған V қабырғааралыққа жетеді, жүректің негізі (basis cordis) жоғары, артқа және оң жаққа қарай орналасқан, сондықтан оның 2/ 3 бөлігі сол жақ кеуде қуысында орналасады. Жүректің алдыңғы және төс-қабырғалық беті (fades sternocostalis) дөңестеу келген, төстің денесі мен қабырғалар шеміршектерінің артында орналасқан, жүректің төменгі немесе көкеттік беті (facies diaphragmatica) көкетке жанасып жатады. Жүректің бүйір беттері өкпеге бағытталған.

Кеуде торында жүректің орналасуы

Жүрек бетінде екі бойлық жүлге көрінеді: алдыңғы қарыншааралық (sulcus interventricularis anterior) және артқы қарыншааралық (sulcus interventricularis posterior) жүлгелер, олар жүректі алдынан да, артынан да қоршап сақинатәрізді орналасқан жүректің көлденең жүретін тәждік жүлге (sulcus coronarius) арқылы жүректің өзіндік артерия мен веналары өтеді. Бұл жүлгелерге жүректі 4 бөлімге бөлетін қалқалар сәйкес келеді: бойлық жүрекшеаралық және қарыншааралық төмпешіктер екі бөліктерге бөледі — оң және сол жақ жүрек, ал жүрекше-қарыншалы қалқалары бұлардың әрқайсысын жоғарғы камераға — жүрекше (atrium) және төменгі камераға — жүректің қарыншасына (ventriculus) бөледі. Әрбір жүрекше сәйкес қарыншамен жүрекше — қарынша тесігі арқылы байланысады.

Жүректің жоғарғы шекарасы III оң және сол қабырғалар шеміршектерінің деңгейінде орналасқан, оң шекарасы III оң шеміршекті қабырғаның жоғарғы жиегінен бастап, оң жақ қабырғааралықтан 1-2 см артта 5 оң шеміршекті қабырғаға дейін вертикаль орналасқан, сол шекарасы III сол қабырғаларының жоғарғы жиегінен, жүрек ұшына жетіп, төстің сол жиегі мен сол ортаңғы бұғаналық сызықпен шектелген. Жүрек ұшы ортаңғы бұғаналық сызықтан 1-1,5 см ішке қарай бесінші сол қабырғааралық кеңістікте орналасқан. Жүректің төменгі бөлігі V оң қабырғалық шеміршектен жүрек ұшына дейін созылады. Жүрек мөлшері адамның жас, жыныс, дене бітіміне байланысты әр түрлі болады. Ересек адамда жүрек ұзындығы 8,7-14 см, ең жоғарғы ені 5-8 см, алды-артқы бөлігі 6-8 см.

Оң жақ жүрекше (atrium dextnim; сурет 176, А) жүрек негізінен, қолқа мен өкпелік сабаудың оң және артынан қоршап жатады, оған жоғарғы және төменгі веналар, жүректің вена қойнауы мен жүректің меншікті ұсақ веналары келіп құяды. Оның жоғарғы бөлігін оң құлақша (auricula atrialis) құрайды. Құлақшалардың ішкі бетінде орналасқан қырлы бұлшықеттер (mm. pectinati) көрінеді. Сол жақ жүрекшеден жүрекшеаралық қалқамен (septum interatriale) бөлініп тұрады, онда сопақша шұңқыр (fossa ovalis) анық көрінеді.

Жүрек, бойлық кесінді

Артқы кеңейген қабырғалары — қуысты вена қойнауы (sinus venarum cavarum) болып табылады. Ол жоғарғы және төменгі веналар — ірі веналық тамырлар құятын орын. Төменгі бөлігі оң жақ қарыншамен оң жүрекше — қарынша тесігі (ostium atrioventriculare dextrum) арқылы байланысады. Ал жүрекше-қарынша тесігі алдыңғы, артқы және медиалді жармақтары бар, 3 жармақты немесе жүрекше — қарынша қақпағымен (valva atrioventricularis dextra) жабылады (сурет 177). Қақпақша мен төменгі вена құятын орын арасында тәждік қойнау тесігі, ал жанында ең ұсақ жүрек веналарының нүктелі арналары орналасқан.

Оң қарынша (ventriculus dexter; сурет 176, Б) пирамида пішіндес, оның төменге қараған ұшы болады, жүректің алдыңғы бетінде, сол қарыншаның алды мен артында орналасады. Қарынша қабырғасы екі тесікке бөлінеді: артында — оң жүрекше-қарыншалық, ал алдында өкпе сабауы тесігі (ostium trunci pulmonaris). Қарыншаның шығыңқы құйғыштәрізді бөлігі осы жерде артериалді конус деп аталады. Алдыңғы, оң және сол жиегінде жартыайлы жапқыштан тұратын өкпе сабауының жапқышы (valva trunci pulmonaris) өкпе сабау тесігінің жоғарғысында орналасады. Әр жапқышқа бос жиегінде жартыайлы жапқыштары тығыз жабылуын қамтамасыз ететін түйіндер болады. Оң жақ қарыншаның қабырғасы тегіс, ал қалқан жерінде ішкі бетінде қалқалар (trabeculae carneae) мен конустәрізді емізікті бұлшықеттер (mm. papillares) көрінеді. Қарынша бұлшықеттері жиырылып, оң жүрекшеге қайта қан жібермеуі сіңірлі жіпшелер мен жиырылған емізікті бұлшықеттер арқылы іске асады.

Сол жүрекше (atrium sinistrum; сурет 176, 177) пішіні дұрыс емес текшетәрізді оң жақтан тегіс жүрекшеаралық қалқа арқылы бөлініп тұрады. Жүрекшенің алдыңғы қабырғасында алға қараған конустәрізді жалпақтану — сол жүрекше құлақшасы (auricula sinistra) орналасқан. Сол жақ жүрекше қабырғасы тегіс, себебі қырлы бұлшықеттер құлақша аймағында ғана орналасады. Жоғарғы қабырғасының артқы бөлігінде өкпе веналарының 4 тесігі (ostia venarum pulmonarium) орналасқан. Өкпе веналарында қақпақтар болмайды. Жүрекше сол жақ қарыншамен сол жүрекше-қарыншалық сопақша тесігі (ostium atrioventricular sinistrum) арқылы байланысады. Тесікте алдыңғы (cuspis anterior) және артқы (cuspis posterior) үшбұрыштәрізді екі қақпақтардан тұратын митралді (valva atrioventricularis sinistra) немесе сол жақ жүрекше — қарынша қақпағы орналасқан.

Сол қарынша (ventriculus sinister; сурет 176, 177) негізгі жоғарыға қараған, пішіні конустәрізді. Ол оңжақ қарыншамен қарыншааралық қалқа (septum interventriculare) арқылы бөлінеді. Оның үлкен (төменгі) бөлігі бұлшықетті (pars muscularis), кіші бөлігі (жоғарғы) жарғақты (pars membranacea) болады. Оң жақ қарынша қабырғасынан сол қарынша қалыңдығы 2-3 есе тығыз (10-15 мм қарсы 5-8 мм-ге), себебі сол жақ қарынша жұмысы (үлкен қанайналым щеңбері) оң жақ қарынша жұмысына қарағанда (кіші қанайналым щеңбері) көп, бұлшықет қабаттарьша байланысты. Оның алдыңғы жоғарғы бөлігінде қолқа тесігі (ostium aortae), ал алды және оң жағында жүрекше-қарынша тесіктері орналасқан. Оң, сол және артқы жартылай қақпақтардан (valvulae semilunares) тұратын қолқа қақпақшасы (valva aortae) сол жақ қарынша кеудесінде орналасады. Әр қалқаның әр қақпағы мен қабырғасы арасында қолқа қойнауы (sinus aortae) орналасқан. Қалқа қақпақтары тығыздау, ал бос жиектерінде орналасқан түйіндер өкпелік сабауларға қарағанда ірілеу келеді. Олар жүрекше-қарынша (митральді) қақпақтарының кіреберісіне бекінген. Ірі сіңір жіпшелері бар 2 (алдыңғы, артқы) емізікті бұлшықеттер мен көкетті қалқалар қарыншаның ішкі бетінде, әсіресе, төбе бөлігінде орналасады.

Жүрек құрылысы

Қарыншаның беті қолқалық тесіктің кіреберісінде тегіс болады. Жүрек қабырғалары 3 қабаттан тұрады: ішкі — эндокард (endocardium), ортаңғы — миокард (miocardium) және сыртқы — эпикард (epicardium). Эндокард жүректің барлық бөлігін алып жатады: жүрекке қатысты бұлшықетті қабықпен тығыз бітісіп, жүрек денесі жағынан эндотелиймен жабылған. Эндокардтың қалыңдығы әр түрлі: өкпелік сабау мен қолқа саңылауларында, қарыншааралық төмпешіктерде сол жақ жүрек камерасында қалыңдау болады. Эндокард жүрекше-қарынша, өкпе сабауы мен қолқа қақпақтарын құрайды.

Миокард — функциональді қатысында жүрек қабырғасының ең күшті бөлігі болып табылады. Жүрекше қабырғасының бұлшықетті қабаты жіңішке, екі жүрекшеге ортақ, әрқайсысын бөліп тұратын терең беткей қабаттан тұрады. Жүрекшелерде беткей және терең қабаттардағы бұлшықеттерді ажыратады: беткі бұлшықет көлденең орналасқан, тереңдегісі — бірыңғай салалы талшықтардан тұрады. Қарыншалардың бұлшықеттері 3 қабаттан тұрады: беткі қабат -бірыңғай салалы бұлшықеттерден тұрады, олар оң жақтағы жарғақты сақинадан басталып, сол қарыншаға келіп, жүрек ұшында бұрама түзеді де, ішкі бірыңғай салалы қабатқа өтеді. Сыртқы және ішкі қабаттардың арасында орналасқан ортаңғы қабаттың талшықтары азды — көпті циркулярлы жүреді, соның өзінде беткі қабат секілді емес, бір қарыншадан екінші қарыншаға өтпейді, әр қарынша үшін дербес болып үлкен орын алады. Сол жақ қарыншаның бұлшықетті қабаты ең қалың болып табылады.

Жүректің автоматты жиырылуын қамтамасыз ететін жүректің өткізу жүйесін құрайтын типтік жиыратын бұлшықетті жасушалар — кардиомиоциттер мен атиптік жүректік миоциттер көлденең жолақты бұлшықеттің құрамына кіреді. Жүректің өткізгіш жүйелерінің орталығы 2 түйіндер болып табылады (сурет 178, Б): 1) қойнау-жүрекше түйіні (nodus sinuatrialis) — оң жақ жүрекше қабырғасының жоғарғы қуыс вена мен оң жақ құлақша арасында орналасқан; 2) жүрекше-қарынша түйіні (nodus atrioventricularis) -жүрекшеаралық қалқаның төменгі бөлімінің қалыңдығында жатады. Бұл түйіннен жүрекшелер миокардтың қарыншалар миокардымен байланыстыратын жүрекше-қарыншалық түйін (Гисс түйіні) шығады. Қарыншааралық қалқада бұл түйін оң және сол аяқшаға бөлінеді.

Эпикард сырт жағынан миокардты жауып тұрады және бос бетінде мезотелиймен астарланған кәдімгі сіңірлі қабық. Ол өз кезегінде көптеген серпімді талшықтарымен бірыңғай салалы қақпақтары бар дәнекер тін қабатынан бірыңғай серпімді талшықтар қоспасы бар беткі жағьша жақын орналасқан тағы да бір дәнекер қабатынан және ішкі эндотелий қабатынан тұрады.

Жүрек артериялары оң және сол жақ тәждік артериялары жартылай айшықты қақпақтардың жоғарғы жиектерінен төмендеу басталады. Жүректі қанмен қамтамасыз ету тәждік артерия көмегімен жүреді.

Оң тәждік артерия (a.coronaria dextra) — қолқадан оң жақ жартылай айшықты қақпақшаға сәйкес шығып, қолқа мен оң жақ жүрекшенің құлақшасы арасына, оң жақ жүрекшенің сырт жағынан тәждік жүлгемен жүректің оң жақ жиегін орап өтіп, оның артқы бетінен ауысады. Оң жақ тәждік артерияның тармақтары оң жақ жүрекшені, оң жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының бір бөлігі мен бүкіл артқы қабырғасын, сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының кішкене бөлігін, жүрекшеаралық қалқаны, жүрекшеаралық қалқаның 1/3-ін, оң жақ және сол жақ қарыншаның артқы емізіктік бұлшықетін қанмен қамтамасыз етеді. Артқы қарыншааралық тармақ — ең ірі аттас жүлгемен жүректің жоғарғы ұшына баратын тармақ.

Сол жақ тәждік артерия (a.coronaria sinistra) — қолқаның сол жақ жартылай айшықты қақпағының жанынан шығып, сол жақ жүрекшенің алдындағы тәждік жүлгеде орналасады. Ол өкпе сабауы мен сол жақ кіттткене құлақшаның арасында екі тармақ береді: жіңішкелеу, алдынғы, қарыншаралық тармақ және ірілеу, сол жақты айналып өтетін тармақ. Бірінші тармақ алдыңғы қарыншааралық жүлгемен жүректің ұшына дейін түсіп, сол жерде оң жақ тәждік артерияның тармағымен анастамозданады. Екінші тармақ сол жақ тәждік артериямен жалғасы ретінде жүрек жүлгесінен жүректің сол жағынан орап өтіп, оң жақ тәждік артериямен қосылады. Сол жақ тәждік артерияның тармақтары сол жақ жүрекшені, сол жақ қарыншаның бүкіл алдыңғы қабырғасын және артқы қабырғасының бір бөлігін, қарыншааралық перденің 2/3 бөлігін және сол жақ қарыншаның алдыңғы емізікше бұлшықетін қан тамырларымен жабдықтайды.

Жүректің веналары (сурет 179) артерияларға қарағанда көп. Көптеген ірі жүрек веналары бір жалпы веналық тамырға — тәждік қойнауға (sinus coronarius) жиналады. Тәждік қойнауға құятындар: v. cordis magna — жүрек ұшынан басталып, оның алдыңғы қарыншааралық жүлгесі бойымен көтеріліп, солға бұрылып және жүректің сол жағын орап өтіп, sinus coronarius-ке айналып жалғасады, v. posterior ventriculi sinistri — сол жақ қарыншаның артқы бетіндегі sinus coronarius немесе cordis magna — ға құятын бір немесе бірнеше вена сабаушалары, v. obliqua atrii sinistri — сол жақ құлақшаның артқы бетінде орналасқан кішкене тармақ, v. cordis parva — жүректің көлденең жүлгесінің оң жақ жартысында орналасқан және v. cordis media-ның көлденең жүлгеге жеткен жерінде осы венаға келіп құятын жіңішке тармақ. Жүректің алдыңғы веналары — yv. cordis anteriores — кішкене веналар, оң жақ қарыншаның алдыңғы бетінде орналасқан және тікелей оң жақ жүрекше қуысына құяды.

Жүрек. Жүректің анатомиялық құрылысы.

Жүрек циклі. Клапанды аппараттың мәні.

     Адам  жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы    0,425—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы.

      Ішкі қабат эндотелийлі (қан және лимфа тамырларын ішінен астарлайтын жалпақ жасушалар қабаты) қабықшадан (эндокард) тұрады, ол жүректің ішкі бетін астарлап жатады. Ортаңғы қабат (миокард) көлденең- жолақты бұлшықеттен тұрады. Жүрекшелер бұлшықеттері қарынша бұлшықеттерінен дәнекер ұлпалар (тіндер) пердесімен бөлінген, осы тіндер тығыз фиброзды талшықтардан құралады - фиброзды сақина. Жүрекшелердің бұлшықетті қабаты қарыншалардың бұлшықетті қабатына қарағанда бірталай нашар жетілген, ол жүректің әр бөлігінің жасайтын қызметтерінің ерекшелігіне байланысты. Жүректің сыртқы беті сірі қабықпен (эпикард) қапталған, ол жүрек маңы қапшығының (сөмкенің)- перикардтың, ішкі жапырағы болып табылады. Сірі қабықтың астында аса ірі жүрек артериялары мен көктамырлары орналасқан, олар жүрек тіндерін қанмен қамтамасыз етеді, және жүректі невртендіретін (иннервация) жүйке  жасушаларының, жүйке талшықтарының көп шоғыры орналасқан. 

  Перикард ( жүректің қабы) жүректі қапшық сияқты қоршап тұрады және оның еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Ол қанмен толатын жүректің созылуын шектейді және жүрек қантамырлары үшін тірек болып табылады.

    Жүректе екі қақпақша (клапан)  бар: атривентрикулярлы және  айшық.

 Атривентрикулярлы клапандар жүрекшелер мен сәйкес қарыншалар аралығында орналасады. Жартылай айшық клапандар аортаны сол жақ қарыншадан, ал өкпе өзегін (ствол) оң қарыншадан бөліп тұрады.    

     Жүрек қызметінің екі фазасын бөліп көрсетуге болады: систола (жиырылу) және диастола (босаңсу). Жүрек циклінің әртүрлі фазасының ұзақтығы жүректің жиырылу жиілігіне байланысты. Жүректің жиі жиырылуы кезінде әр фазаның қызметі төмендейді, әсіресе диастоланың. Жүрекшелердің диастоласы кезінде атривентрикулярлы клапандар ашық және сәйкес тамырлардан келетін  қан олардың қуыстарын ғана толтырып қоймай, қарыншаларды да толтырады.

 Жүрекшелердің систоласы кезінде қарыншалар толығымен қанмен толады. Осы кезде қанның қуыс және өкпе көктамырларына кері ағысы болмайды. Қарыншалар систоласының аяғында олардағы қысым аорта мен өкпе өзегіндегі қысымдардан үлкен болады. Бұл  айшықты клапандардың ашылуына себепші болады, ал қан қарыншалардан сәйкес тамырларға ағады. Қарыншалар диастоласы кезінде олардағы қысым кенет төмендеп,  ол қанның қарыншаларға қарай кері ағуына жағдай жасайды. Сөйтіп жүрек клапандарының ашылып- жабылуы жүрек қуысындағы қысымдардың өзгеруімен байланысты.

     Жүрек бұлшықеті қозғыштыққа, қозуды өткізуге, жиырылуға қабілетті.

Қозғыштық. Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетіне қарағанда қозғыштығы төмен. Жүрек бұлшықетінде қозудың пайда болуы үшін қаңқа бұлшықетімен салыстырғанда күшті тітіркендіргішті қолдану қажет.  Жүрек бұлшықетінің реакциясының шамасы берілетін тітіркендіру күшіне  (электрлік, механикалық, химиялық және т.б.) байланысты болмайтындығы анықталған. Жүрек бұлшықеті  шекті (табалдырықты) және шамасы үлкен тітіркендіруде де максимал жиырылады.    

Өткізгіштік. Қозу толқыны жүрек бұлшықетінің талшықтары және жүректің арнайы тіні  арқылы әртүрлі жылдамдықпен тарайды. Қозу жүрекшелер бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—1,0 м/с жылдамдықпен, қарыншалар бұлшықеттерінің талшықтарымен  0,8—0,9 м/с жылдамдықпен, ал жүректің арнайы тіні арқылы 2,0—4,2 м/с жылдамдықпен таралады. Жиырылғыштық. Жүрек бұлшықетінің жиырылуының өзіндік ерекшелігі бар. Алдымен жүрекшелер бұлшықеттері жиырылады, содан соң – папиллярлық бұлшықеттер мен қарыншалар бұлшықетінің қабаты жиырылады. Ары қарай жиырылу қарыншалардың ішкі қабатын қамтиды, ол қарыншалар қуыстарынан қанның аорта мен өкпе өзегіне  ағуын қаматамасыз етеді. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық ерекшелігі – созыңқы рефрактерлі периоды мен автоматиясы болып табылады.

 

Жүрек ырғағы.

    Жүрек ырғағы, яғни 1 минуттағы жиырылу саны негізінен жылжымалы (адасқан) және симпатикалық жүйкелердің (нерв) функционалдық күйіне байланысты болады.  Симпатикалық жүйкелердің қозуы кезінде жүректің жиырылу жиілігі артады. Осы құбылыс тахикардия деп аталады. Жылжымалы жүйкелердің қозуы кезінде жүректің жиырылу жиілігі төмендейді - брадикардия. Жүрек ырғағына  ми қыртысының  күйі әсер етеді: тежелу артқанда, жүрек ырғағы баяулайды, қозу үрдісі күшейгенде, қуаттанады. Жүрек ырғағы гуморальды әсердің ықпалынан да өзгеруі мүмкін, әсіресе жүрекке келетін қанның температурасының өзгеруі кезінде. Тәжірибелерден оң жақ жүрекшелер бөлігін (жетекші түйіншегін жайылдырмау- татарпау- локализация) жылумен жергілікті тітіркендіргенде, жүрек ырғағының жиілегені, осы бөлікті керісінше суытқанда- қарама- қарсы эффектінің болатындығы анықталған.   Жүректің басқа бөліктерін жылумен не суықпен жергілікті тітіркендіру жүректің жиырылу жиілігіне әсер етпейді. Бірақ ол жүректің өткізгіштік жүйесімен қозудың таралу жылдамдығын өзгертуі мүмкін және жүрек жиырылуының күшіне әсер етуі мүмкін. Сау адамның жүрегінің жиылыру жиілігі жас мөлшеріне байланысты болады. Осы мәліметтер 1- кестеде көрсетілген.  

Кесте 1.

Жасыжылдар

1 минуттағы жүректің жиырылу саны

Жаңа туған нәресте

 

120—140

 

5 жасқа дейін

 

130

 

5—10

 

88

 

10—15

 

78

 

15—60

68—72

 

Жүрек қызметінің көрсеткіштері.

     Жүрек жұмысының көрсеткіштеріне жүректің систолалық және минуттық көлемі  жатады. Жүректің систолалық немесе соққы көлемі дегеніміз - әр жиырылу кезінде сәйкес тамырларға жүректің ығыстырып шығаратын  қанының мөлшері. Систолалық көлемнің шамасы жүректің өлшеміне, миокард күйіне және ағзаға байланысты. Салыстырмалы тыныштықтағы ересек сау адамның әр қарыншасының систолалық көлемі шамамен  70—80 мл- ді құрайды. Сөйтіп қарыншалар жиырылуы кезінде артериялық жүйеге қанның 120—160 мл көлемі келіп түседі.  

    Жүректің минуттық көлемі дегеніміз – жүректің өкпе өзегі мен аортаға 1 минутта ығыстырып шығаратын қанының мөлшері. Орташа минуттық көлем 3- 5 л құрайды.   

Жүректің систолалық және минуттық көлемі қанайналымның барлық аппаратының қызметін сипаттайды.

 Жүрек қызметінің сыртқы көріністері.

 Жүрек қызметінің сыртқы көріністерінің (жоғарғы ұшының соққысы, жүрек тондары) берілген мәліметтері бойынша дәрігер жүрек жұмысы туралы жорамалдай алады.

 Осы берілгендерге жеке тоқталайық:

1. Жоғарғы ұшының соққысы.

Қарыншалар систоласы кезінде жүрек солдан оңға қарай бұрылып, айналмалы қозғалыс жасайды. Жүректің ұшы (басы) көтеріліп, бесінші қабырғааралық  аймақта  кеудені (қысады)  басады. Систола кезінде жүрек өте тығыз болады, сол себепті жүрек ұшының қабырғааралық  аралықты қысуын көруге болады (көтерілуі, быртыю). Жүректің жоғарғы ұшының соққысын анықтауға болады, сөйтіп оның шекарасы мен күшін анықтауға болады.

2. Жүрек тондары- жұмыс жасап тұрған жүректе пайда болатын дыбыстық құбылыстар. Тонның екі түрі бар:  систолалық және диастолалық.

Систолалық тон. Осы тонның пайда болуына негізінен атриовентрикулярлы клапандар қатысады. Қарыншалардың систоласы кезінде атриовентрикулярлы клапандар жабылып, олардың жармалары (створкалары) мен оған бекітілген сіңір жіпшелерінің тербелісі І- ші тонды береді. Сонымен қатар І- ші тонның пайда болуына қарыншалар бұлшықетінің жиырылуы кезінде пайда болатын дыбыстық құбылыстар да қатысады. Өзінің дыбыстық ерекшеліктері бойынша І – тон-  созыңқы және төмен.

Диастолалық тон қарыншалардың  диастоласының басында протодиастолалық фаза кезінде, айшық клапандардың жабылуы кезінде пайда болады. Осы кезде қақпақшалар жармаларының тербелісі дыбыстық құбылыстардың көзі болып табылады. Дыбыстық сипаттамалары бойынша ІІ- ші тон қысқа және жоғары. Жүректің жұмысын онда пайда болатын электрлік құбылыстар бойынша да жорамалдауға болады. Оларды жүректің биопотенциалдары  деп атайды және олар электрокардиографтың көмегімен алынады. Алынған биопотенциалдар электрокардиограмма деп аталады.

 

 Жүрек қызметі.

    Жүректің жиырылуы оның бұлшықетінде периодты түрде пайда болатын қозу үрдістерінің салдарынан  болады. Жүректегі қозу онда жүріп жатқан  үрдістердің әсерінен периодты түрде пайда болады. Осы құбылыс автоматия деген атқа ие болды. 

Миофибрилдары аз, эмбрионды бұлшықетті тінге ұқсас және саркоплазмаға бай айрықша (атипті) бұлшықетті тіннен тұратын миокардтың белгілі бір бөліктері автоматияға қабілетті.

    Айрықша бұлшықет жүректе жүрекшелер қабырғасында қуысты көктамырдың аузының тұсында орналасқан  с

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!