Материалдар / Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы

Материал туралы қысқаша түсінік
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті тарихындағы ірі тұлғалардың бірі Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде ағасұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген. Шоқанға ата-анасының азан шақырып қойған аты – Мұхаммедханафия
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2021
492
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті тарихындағы ірі тұлғалардың бірі Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде ағасұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген. Шоқанға ата-анасының азан шақырып қойған аты – Мұхаммедханафия. Шоқанның балалық шағы атақонысы Сырымбетте өткен. Жасында ауыл молдасынан хат таныған Шоқан 1847-1853 жылдары Омбыдағы Кадет корпусында оқыған. Корпуста бірге оқыған досы, кейіннен үлкен этнограф-ғалым болған Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып-ақ сурет сала білетін», – деп, Шоқанның қабілетін ерекше бағалаған. Шоқанның зерттеушілік қабілеті корпуста оқып жүргенде-ақ оянған. Жазғы демалыстарда Шоқан ел ішіндегі аңыз-әңгімелерді, халық жырлары мен дастандарын жазып алған. Ш.Уәлихановтың алғашқы жазып алған ауыз әдебиетінің түрі – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры. Шоқан 1852 жылы орыс тілі мен әдебиеті тарихының оқытушысы Костылецкий арқылы көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.Н. Березинмен танысып, оның көмегімен ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне араласқан.





Шоқан 1855 жылы Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында жинаған материалдарының негізінде «Тәңірі (Құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазған. Шоқан 1856 жылы қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысып, қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы материалдар жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен танысады. Осы сапардағы материалдары бойынша «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы» атты еңбектер жазған. Бұл еңбектерді орыс ғалымдары аса жоғары бағалаған. 1857 жылы небәрі жиырма екі жасында әйгілі саяхатшы П.П. Семенов-Тяншанскийдің ұсынуымен Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланады. 1858-1859 жылдары Шоқан өзінің Қашқарияға әйгілі саяхатын жасайды. Ресей тарапынан да зерттелмеген таныс емес беймәлім өлкенің тілі, тарихы, мәдениеті, этнографиясы, жағырапиясы жайлы Шоқан жинаған мәліметтер бүкіл әлемдік ғылым саласына қосылған үлкен үлес болатын. Шоқан 1863-1864 жылдары Омбыға барып, Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан сот реформасын дайындау ісіне қатысып, «Сот реформасы туралы жазбалар» атты өзінің атақты еңбегін жазған.





Ш. Уәлиханов өз заманындағы білімдар ғалым, ізденімпаз саяхатшы болумен қатар, туған елінің әдебиетін, мәдениетін тұңғыш зерттеуші де болған. Шоқан қазақ халқының ақындық қабілетін «Түркі тектес халықтардың ішінде поэтикалық қабілеті жағынан қазақ бірінші орын алады, қазақтар жаратылысынан өлеңші және ақын», – аса жоғары бағалаған. Қазақ халқының ауыз әдебиеті мұраларын жинай, зерттей жүріп, Шоқан оларды славян халықтарының ауыз әдебиетімен салыстыра келе: «Көп уақыттан бері қазақтың ертегілерін, мифтерін, эпикалық жырлары мен аңыздарын жинаумен шұғылдана жүріп, мен олардың Еуропа халықтарындағы, әсіресе, славяндардағы осы тектес шығармалармен бір сарындастығына қайран қалдым», – деп жазады «Жоңғария очерктері» деген еңбегінде. Шоқанның «Оңтүстік Сібір руларының тарихы туралы ескертпелер» деген еңбегінде ел арасындағы аңыз-ертегілер туралы айтылған.





Шоқан тарихи маңызы бар шығармаларға көп көңіл бөлген. Қырғыз халқының «Манас» жырын бірінші баспаға ұсынған да, оны орыс достарына таныстырған да – Шоқан Уәлиханов. Ш.Уәлиханов: «Манасты» даланың «Иллиадасы», «Семетейді» қырғыздың «Одиссеясы», – деп бағалаған.





Шоқан Уәлиханов әдебиет теориясының да кейбір мәселелерімен шұғылданған. Қазақ өлеңдерін: жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең деп беске бөлген.





Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1865 жылы отызға жетпеген шағында қайтыс болған. Сүйегі Алматы облысының аумағындағы Алтынемел тауының бауырындағы Көшен – Тоған деген жерге қойылған.





Шоқанның қазасына байланысты Н.И. Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындады. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті», деп жазған. Шоқан Уәлиханов туралы С. Бегалиннің «Шоқан асулары» повесі, С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романы мен «Шоқан Уәлиханов» пьесасы бар.





Қазақ халқының тұңғыш ағартушы ұстазы, алғашқы аудармашы, қазақ балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай өңірінде дүниеге келген. Үш жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болған. Балқожа Жаңбыршыұлы – қазақ даласына әйгілі билердің бірі болған. Болашақты болжағыш Балқожа немересі Ыбырайды бес жастан бастап Орынборда ашылмақ болған орыс-қазақ мектебіне жаздырып қойған. 1850 жылы аталмыш мектеп ашылғанда түскен отыз қазақ баласының бірі – Ыбырай Алтынсарин еді.





Қазақ балаларын оқытуды, қазақ балаларына арнап мектеп ашуды мақсат еткен Ыбырай 1860 жылы Торғайға барады. Мектеп 1864 жылы ашылғанда Ыбырай балаларды оқыту ісіне «қойға шапқан аш қасқырдай қызу кіріседі». Қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөлген Ыбырай 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастырып, ұлы ағартушыға тән еңбек еткен. Қазақ даласында мектептер санының көбеюі мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды күн тәртібіне қояды. 1881 жылы Омск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады. Мұғалімдер даярлауға ерекше көңіл бөлген Ы. Алтынсарин: «Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушы», – деп, мұғалімнің рөлін ерекше бағалаған.





Қазақ халқының келешегі таза қазақ тілінде оқытатын қазақ мектептерінде екенін жан-жақты пайымдаған Ы. Алтынсарин қазақ тіліндегі оқулықтардың қажеттігін түсініп, 1879 жылы Орынбордан орыс әліпбиі негізінде «Қазақ хрестоматиясын» шығарған. «Қазақ хрестоматиясы» төмендегідей бөлімдерден тұрған:





  1. Балалар өмірінен алынған әңгімелер.



  1. Әр түрлі жастағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.





  1. Қазақ ақындарының ең таңдаулы өлең-жырларынан алынған үзінділер.



  1. Қазақтың мақал-мәтелдері.





Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген шығармаларын тақырыптары жағынан төмендегідей топтауға болады:





Поэзиялық шығармалары:





Оқу-білімге, өнерге шақырған өлеңдері: «Кел, балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар».



Табиғат туралы өлеңдері: «Өзен», «Жаз».



Адамгершілік тақырыбындағы өлеңдері: «Әй, жігіттер», «Бұл кім?», «Ананың сүюі».



Ел ішіндегі теңсіздік мәселесі: «Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері», «Азған елдің байлары».





Прозалық шығармалары:





Адамгершілік туралы: «Бақша ағаштары», «Тәкаппарлық», «Әдеп», «Таза бұлақ».



Төзімділік, сабырлылық туралы: «Асыл шөп», «Аурудан аяған күштірек».



Мейірімділік туралы: «Мейірімді бала».



Үнемшілдік, ысырапшылдық туралы: «Бір уыс мақта».



Еңбексүйгіштік туралы: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Дүние қалай етсең табылады?», «Киіз үй мен ағаш үй», «Қыпшақ Сейітқұл», «Әке мен бала».



Өнер, білім, талапшылдық туралы: «Талаптың пайдасы», «Зеректік», «Білгеннің пайдасы», «Лұқпан хакім».





Аудармалары:





И.Б. Паульсоннан: «Бір уыс мақта», «Алтын шеттеуік», «Әдеп», «Тәкаппарлық».



Л.Н. Толстойдан: «Силинчи ханым», «Мұңсыз адам», «Данышпан қазы», «Үш ұры», «Жақсылыққа жамандық», «Жаман жолдас».



К.Д. Ушинскийден: «Түлкі мен ешкі», «Сауысқан мен қарға».



И.В. Крыловтан: «Қайырымды түлкі».





Қазақ елінің келешегі үшін ағарту саласында қажымай қайрат көрсеткен ұлы кемеңгер, қазақтың тұңғыш ағартушы-ұстазы, ақын, жазушы, аудармашы Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы небәрі 48 жасында ауыр науқастан қайтыс болған. Ы. Алтынсарин қайтыс болған соң оның пікірлес досы Н.И. Ильминский Қазан қаласынан «Ыбырай Алтынсарин туралы естеліктер» атты арнаулы кітап шығарған. «Оренбургский листок» газеті: «Ыбырай Алтынсарин қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол қараңғы, көшпелі өз халқының ішіне Еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты…», – деп жазған. Бұл Ыбырай Алтынсариннің қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихындағы орнын айқындайды.





Ыбырай Алтынсарин туралы қазақ ақын-жазушыларының көптеген шығармалары бар. Соның бірі – Ғафу Қайырбековтің «Дала қоңырауы» поэмасы.





Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Семей өңіріндегі Шыңғыс тауының бөктеріндегі Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген. Бала кезінде ауыл молдасы Ғабитханнан сауатын ашқан Абайды он жасында әкесі – тобықты руының ағасұлтаны Құнанбай – Семейге оқуға жіберген. Абай әуелі Ғабдул-Жапардың, кейін Ахмет-Ризаның медресесінде оқыған. Медреседе мұсылманша оқуды, араб, парсы тілдерін еркін меңгерген Абай орысша білім алуға ден қойып, медресенің соңғы жылында Семейдегі «Проходская школаға» түсіп, үш ай орысша оқыған. Бұл – Абайдың кейін орысшаны өз бетімен үйреніп, игеріп кетуіне негіз болған. Он үш жасында әкесі Абайды оқудан шығарып алып, ел билеу ісіне баули бастайды. Ел ісіне араласу Абайдың ел танып, жер танып есеюіне, халықтың тұрмыс-салт, әдет-ғұрпын терең танып-білуіне жол ашады. А.Құнанбаев өнер-білім жолындағы білімін өз бетімен іздену арқылы дамытып, орысша кітаптар оқыған. Семей кітапханасына барып Л.Толстойдың кітабын сұрап тұрған қазақты көріп таңырқаған, Петербург университетінде оқып жүргенде патша үкіметіне жақпайтын іс-әрекеттері үшін жер аударылған Е.П. Михаэлиспен танысады. Михаэлистің көмегімен Абай орыс, батыс әдебиеттерін іріктеп, жүйе-жүйемен оқып, ой-санасы жетілген Абай: «Дүниеге көзімді ашқан – Михаэлис», – деген. Ақынның 1882 жылы жазған «Қансонарда бүркітші шығады аңға» және Лермонтовтан аударған «Бородино» өлеңдері – Абайдың ақындығын өзіне де, өзгелерге де мойындатқан көркемдігі жоғары туындылар. Абай бұл уақытқа дейін жазған өлеңдерін досы Көкбайдың атынан «Көкбай сөздері» деп шығарған. Абай өз кезінде қоғамдағы әр түрлі мәселелерге қалам тартқан. Абайдың туындыларын төмендегідей топтап көрсетуге болады.





Өлеңдері:





Сөз өнері жайлы өлеңдері: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін».



Оқу-білім тақырыбындағы өлеңдері: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Әсемпаз болма әрнеге».



Табиғат лирикасына арналған өлеңдері: «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Желсіз түнде жарық ай», «Көлеңке басын ұзартып».



Әлеуметтік мәселелерге арналған өлеңдері: «Сегіз аяқ», «Болыс болдым мінеки», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай , «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп», «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ», «Мәз болады болысың». «Өлсем орным – қара жер, сыз болмай ма?», «Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек», «Бойы бұлғаң», «Малға достың мұңы жоқ», «Ал, сенейін, сенейін».



Ән өнері туралы өлеңдері: «Адамның кейбір кездері», «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа».



Көңіл күй тақырыбындағы өлеңдері: «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы».





Поэмалары:





«Ескендір» поэмасы – зұлымдықты ізгілік, жамандықты жақсылық, жауыздықты әділдік жеңеді деген идеяға құрылған.





«Масғұт» поэмасы – тіршіліктің тұтқасы ақыл мен білім, ақылды адам азбайтындығы, әйел адамды құрметтеу, ер мен әйелдің достығын, әйелдің теңдігін жақтау идеясын насихаттаған.





«Әзім әңгімесі» (аяқталмаған) – «Мың бір түн» ертегісінің негізінде жазылған. Адамдарды алдап жүрген алаяқтың аярлық мінезі сыналған.





Аудармалары:





А.С. Пушкиннен: «Евгений Онегин» романынан Онегин мен Татьяна арасындағы хаттардан сегіз үзінді.





М.Ю. Лермонтовтан: «Теректің сыйы», «Тұтқындағы батыр», «Жалғыз жалау», «Жартас», «Дұға», «Альбомнан», «Менің сырым, жігіттер, емес оңай», «Қараңғы түнде тау қалғып» (Лермонтов неміс ақыны Гетеден аударған), «Демоннан», «Измаил-Бейден», «Боярин Оршадан» үзінді барлығы жиырма жеті шығарма.





И.В. Крыловтан: «Емен мен шілік», «Қазаға ұшыраған қара шекпен», «Жарлы бай», «Есек пен бұлбұл», «Бүркіт пен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа», «Әншілер», «Ала қойлар», «Түлкі мен қарға», «Есек пен бұлбұл», «Бақа мен өгіз», «Піл мен қанден». Аудармалар арқылы қазақ өлеңіне соны жаңалық – шалыс ұйқас түрін енгізді.





А.Құнанбаев өмірінің соңғы жылында қара сөздер – ғақлия жазумен айналысқан. Абайдың қара сөздерінің жалпы саны – қырық бес. Қара сөздері тақырыбы мен көтерген мәселелері жағынан әр алуан. Абай қара сөздерін төмендегідей топтап көрсетуге болады.





Бірінші сөзінде қара сөздерді жазудағы мақсаты айтылған.



Екінші сөзінде ұлтшылдық пен ұлтжандылық қасиеттер сараланған;



Бесінші, он бірінші, он сегізінші сөздерінде ар-ұят, адамгершілік мәселелері сөз болған:



Алтыншы, сегізінші сөздерінде надандық, талапсыздық, жалқаулық сияқты адамға теріс ықпал ететін мінездер сыналған.



Жетінші, он тоғызыншы, отыз бірінші, отыз сегізінші, қырық үшінші сөздерінде дүниенің тылсым сырын танып-білу мәселелері айтылған.



Отыз үшінші сөзінде мал табудың жолдарын өнерден іздеу қажеттігі сөз болған.



Он жетінші сөзінде ақыл, қайрат, жүрек үшеуінің ғылымға келіп жүгінуі, ғылымның әділ төрелігі: әр уақытта жүрекке бағыну туралы өсиеті айтылған.



Он тоғызыншы сөзінде адамның қалай есті, білімді болуының жолы көрсетілген.



Жиырма жетінші сөзі Сократ пен оның шәкірті Аристодимнің сұхбатына құрылған.



Жиырма тоғызыншы сөзінде қазақтың кейбір мақалдарын сынаған.



Отыз жетінші сөзі – нақыл сөздер (афоризмдер) жиынтығы.





А. Құнанбаев қазақтың музыка өнерін де байытты. Ақынның жиырма жеті әні бар. Олар: «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң», «Қор болды жаным», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Амал жоқ қайттым білдірмей», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Ішім өлген, сыртым сау».





Қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшыл данышпаны Абай Құнанбаев туралы көптеген туындылар бар. Солардың бірі және бірегейі – Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақ халқын әлемге танытқан классикалық туынды. Роман-эпопея әлемнің 116 тіліне аударылған. А. Құнанбаев туралы айтылған пікір, ұлы ақын мұрасына берілген баға да көптеп саналады. Соның бірі А. Байтұрсынов айтқан: «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ».





Абай мұрасын зерттеген абайтанушылар: А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Мырзахметов, З. Ахметов, Қ. Жұмалиев.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!