Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"ЖЫЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫ"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Елімізде жылқы тұқымдарының сапасын жақсартудың негізі – асылдандыру жұмыстарын жолға қою, азықтандырудың қолайлы жағдайларын жасау, үйірлеп бағу кезінде ет-сүт бағытындағы жылқы төлін бір бағытта өсіру болып табылады. Қазіргі уақыттағы нарық экономикасы ауылшаруашылық малдарының өнімділігін арттырып, олардың өнімінің сапасын жақсарту көптеген тауқыметтердің бірі болуда. Неғұрлым өнімділігі мен өнім сапасы жоғары болса, соғұрлым өнімнің өзіндік құны төмен болып және соған қарай базарда орынын тауып пайда келтіру мүмкіншілігі туады .
Қазақстанда жылқы етіне, одан дайындалған қазы, қарта, шұжық, жал, жая мен дәрілік диеталық саумалға сұраныс өте жоғары. Осындай өнімдерді өндіруге, әсірісе қазақы жылқысының еті мен сүті өте қолайлы. Жайып семіртілген жылқының ұшасында 20 кг немесе 10% май болады. Дөнен будандарының қазысының қалыңдығы шынтақ (15 мм) шығады.
Қазақстанда жылқы шаруашылығы - ауыл шаруашылығындағы басты салалардың бірі. Жылқы еті, сондай-ақ қазы-қартасы, жал-жаясы халықтың сүйікті тағамы. Бұл саладан өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына, қан вакцинасы және қан сарысуын (сыворотка) жасауға кеңінен пайдалы.
Республикамыз ерте кезден-ақ жылқы тұқымымен даңқы шыққан. Қазақ жылқылары төзімділігі, көнбістігімен, жыл бойына үйірде болуға бейімділігімен ерекше көзге түскен.
Жылқы өсіруге Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Қостанай және Павлодар облыстарының оңтүстік аудандарында табиғи жайылымдар өте ыңғайлы.
Қазақстанның кең–байтақ жерінде жылқының жоғары өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамызда өзінде шығарылған салт мінетін-жегілетін Қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы Көшім тұқымдары елімізге мәлім. 12 жылқы зауыты және 32 асыл тұқымды фермалар, Қостанай және Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы тәжірибе стансалары жылқы тұқымын жақсартумен айналысады.
Ауыр жүк тартатын орыс жылқысы. Бұл ТМД–да жергілікті Украин жылқысын орденн першерон, суффольк Белгиялық ауыр жүк тартқыш, сондай-ақ, Орлов желгіш тұқымдарының жылқыларымен будандастырып сұрыптап, дара шағылыстыру арқылы өсіріліп шықты. Азықты өте талғағыш емес, табиғат жағдайына көндіккіш келеді. Жергілікті уақ жылқы тұқымдарын жақсарту үшін пайдаланылады. Жирен торы, бурыл түсті жылқылары басым келеді. Қазақстанға бұл тұқым аз мөлшерде әкелінуде.
Орловтың желгіш тұқымы. Орловтың желгіш тұқымы бұдан 150 жыл бұрын Воронеж облысының Криновск жылқы зауытында сол замандағы ең жақсы тұқымдарды (араб, голланд, дат жылқылары) дара будандастыру арқылы өсіріліп шықты. Бұл – неғұрлым көп тараған жылқы тұқымдырының бірі. Барлық жерде дерлік жергілікті тұқымдарды жақсарту үшін өсіріліп пайдаланылады. Қазақстанда Орлов желгіші 12 ауданда жоспарлы түрде өсіріледі. Орлов желгішінің қазақ жылқысымен шағылыстырған да бірінші ұрпағының буданы табында баққанда жаман өспейді. Екінші және одан кейінгі ұрпақтары ат қорада күтіледі және табында жайылып өсе береді. Орлов желгіші сұр, қара торы, жирен түсті болады.
Орыс желгіші. Орлов желгіші тұқымын басқа желгіш тұқымның жылқыларымен будандастару арқылы өсіріліп шықты. Будандары Орлов тұқымы жылқылары сияқты ұшқырлығы жөнінен сыналып өсіріледі. Бұл – ТМД-дағы ең көп тараған жылқы тұқымы. Қазақстанда Орлов тұқымымен қатар өсіріледі. Торы, қара және жирен түсті болып келеді.
Таза қанды салт мінетін жылқы. Дүние жүзіндегі ең жүйрік жылқылар, жергілікті жылқы тұқымдарын жақсарту үшін кеңінен пайдаланады. Қазақстанда таза қанды салт мінетін жылқы тұқымы Жамбыл облысының Луговой жылқы зауытында шоғырланған. Таза қанды салт мінетін жылқылар жирен қарагер, қара және сұр түсті болып келеді. ТМД елдерінде таза өсірілген жүйрік жылқы тұқымының будандарынан Буденный, Қостанай, Қырғыз сияқты жылқының жаңа жақсы тұқымдары өсіріліп шығарылды.
Ахалтеке жылқысы. Бұл – салт мінетін жылқылардың ең байырғы тұқымы. Оның отаны – Түрікменстан. Қазіргі уақытта басқа республикаларда да өсіріледі. Қазақстанда бұл тұқымдас жылқыларды асылдандыру жұмысы Жамбыл облысында Луговой жылқы зауытында жүргізіліп жатыр. Онда атақты айғыр – Абсент өсіріліп шықты. Кеңес спортшысы С.М. Филатов Римде осы айғырмен өнер көрсетіп, бірінші орын және олимпиадалық ойындардың чемпионы атағын жеңіп алған болатын.
Ахалтеке жылқылары ат спорты үшін қолайлы және Орта Азиядағы жылқы тұқымдарына қарағанда көрікті келеді. Шымыр денелі, сидам сирақты жүйрік жылқы. Шоқтығына дейінгі биіктігі – 154см, жіліншік орамы – 167-173см, түсі құла, аққұла, қарагер.
Дон жылқысы. Қырдың жергілікті жылқыларын түркімен, стрелецк, қарабайыр және таза өсірілген жүйрік айғырлармен ұзақ уақыт бойы будандастыру арқылы Дон өзенінің жағалауында өсіріліп шыққан. Тұқым - үйірлеп бағу кезінде қалыптасқан. Қазақстанның барлық аудандарында дерлік өсіріледі. Республикада осы тұқымдас 110 мың жылқы бар. Дон жылқыларының дене бітімі салт мініске және арбаға қосуға қолайлы келеді. Дон аттарын ерттеп мініп алып тәулігіне 250-300км және одан да көп ұзақ жол жүруге болады. Дон жылқысының Зенит деген будан айғырын ерттеп мініп тәулігіне 311,2 км жол жүрген. Мұның өзі барлық жылқы тұқымдары үшін рекорд болып табылады. Жайылымда бағуға жақсы көндіккіштігінің арқасында ол табындық жылқы өсіретін аудандарда жергілікті жылқы тұқымдарын жақсарту үшін пайдаланатын негізгі тұқым болып отыр.
Қостанай жылқысы. Бұл тұқымдас жылқылар салт мінуге және арбаға жегуге арналған. Қазақы биелерді қалмақ, стрелецк және таза қанды салт мінетін жылқы айғырларымен будандастыру арқылы өсіріліп шықты. Арбаға жегуге болады. Шторм деген айғырдың жалғыз өзін арбаға жегіп алып жолға шыққанда, ол жолшыбай азықтанып, суарылуға кеткен уақытты қосқанда 15 сағаттың ішінде 178 км жер жүрген. Зевс деген айғыр 9 тонна жүк тартқан. Қостанай жылқыларын ауылшаруашылығында түрлі жұмыстарға пайдалануда. Сондай-ақ бағалы спорт аттары болып табылады. Бұл тұқым республиканың солтүстік облыстарының 37 ауданында өсіріледі. Қостанай жылқы зауытында шоғырланған Қостанай жылқылары жирен және торы болып келеді. Сұр түстілері сирек кездеседі .
Қазақы жылқы-қыр жылқыларының жергілікті тұқымы. Қазақы жылқы көшпенді шаруашылықтың жағдайларында сол ғасырдың ішінде қалыптасып өсіп шықты. Олар қысы –жазы жайылымда болуға өте төзімді, салт мінетін, арбаға жегетін, сүт беретін жақсы қасиеттері бар. Қазақы жылқының бірнеше түрі бар. Солардың ішінде ең бағалылары – жабы мен адай жылқысы. Жабы жылқылары біршама денелі болып келеді. Ал адай жылқылары салт мінуге жақсы. Қазақы жылқылар торы, жирен, сұр, құла, қиясұр түсті болып келеді. Қазақы жылқы – салт міну үшін өсірілетін жергілікті тұқым. Ғасырлар бойы халықтың сұрыптау әдісімен шығарылған. Жыл бойы жайылымда бағуға бейімделген. Республикада 317 мың қазақы жабы бар. Оның 47,7 мыңы таза тұқымды. Басы ірі, тұрқы ұзын, алқымы кең, сирағы қысқа, сом денелі мал. Шоқтығының биіктігі – 144 см. Тұрқы – 152 см, кеуде орамы – 179 см, жіліншік орамы – 20 см. Биесінікі тиісінше – 143 см, 149 см, 175 см, 18,7 см. Айғыры 600 кг, биесі 500 кг тартады, ет түсімі 54-60%, 100 биеден 90-95 құлын алынады. Таңдаулы үйірлері – Ақтөбе облысының Құлынды, Талдықорған облысының Құлбасшы жылқы зауытында өсіріледі.