400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жыр тарландары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих үйірмесінің жетекшілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Тобы: І топ, ІІ топ, ІІІ топ, ІҮ топ

Тақырыбы: Теренөзектің жыр тарландары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік; Берілген тақырыптар бойынша тарихи білім беруді жетілдіру, туған ел тарихын оқытуда Қазақстан Республикасының бір бөлшегі Сырдария ауданы тарихының оқушылар үшін алатын орнын ашып көрсету, оқушыларды туған жер тарихымен таныстыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Дамытушылық; Қоғамдық құбылыстарға өзіндік көзқарастарын білдіру, күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту;

Мемлекеттік стандартта белгіленген міндетті деңгейден мүмкіндік деңгейіне жету;

Тәрбиелік; Жас жеткіншектердің Отаны мен халық алдында жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру;

Еліне қызмет етуге дайын отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін және Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

ІІ Жаңа сабақ

ІІІ Қорытындылау

І Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, көңіл күйлерін сұрап назарларын сабаққа аудару.


ІІ Жаңа сабақ


БАЙДӘУЛЕТОВ Мамыр Байментайұлы

       1970 жылы 25 сәуірде Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ақжарма ауылында дүниеге келген. №130 Абай атындағы орта мектепті бітірген. Қорқыт Атат атындағы университеттің «Дәстүрлі өнер, жыр» кафедрасын тәмамдаған. 1991 жылдан бастап облыстық газетке топтама өлеңдері шыққан.


       Ең алғаш Манап Көкеновтың 70 жылдығына арналған ақындар айтысына қатысып (1997), «Студенттер мен жастар» арасында өткен айтыста жеңімпаз болды (1998). Асқар Тоқмағамбетовтың 90 жылдығына арналған ақындар айтысында арнайы жүлде иеленген(1999).        Республикалық ІІ Шабыт фестивалінің дипломанты (1999). Жалағаш ауданында өткен облыстық айтыста ІІ орын, Абайдың 150 жылдығына арналған жазба ақындар айтысында 1 орынды иеленді. Ақтау қаласында «Каспий – достық теңізі» атты фестивальде ІІІ орын (2006 ж.24-26 тамыз), Сырдария ауданының 80 жылдығына арналған «Тойлауда бүгін Сыр елі – Сүлейлер қонған жыр елі» атты республикалық ақындар айтысында Бас жүлде (2009 ж. Қазан.), Облыстық «Аналар – асыл жандар» атты ақындар айтысында 1 орын иеленді (2011).
     Облыстық айтыста «Өтірік айтыс» жарысында І орын иегері (2007), Алматы қаласында өткен тікелей эфирдегі республикалық жекпе-жек айтыстың екі дүркін жеңімпазы (2007-2008).Ақтау қаласында болған «Каспий – достық теңізі» атты халықаралық фестивальдың поэзия номинациясы бойынша ІІІ орын (2009), Маңғыстауда Құлбарақ батырдың 220 жылдық тойына арналған республикалық айтыста ІІ орын (2010) иеленген.
         2000 жылы Мәдениетті қолдау жылына байланысты сіңірген еңбегі үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.

Мамыр Байдаулетов – «Қауырсын» жас ақындар үйірмесінің жетекшісі

ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ поэзиясының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ақын мыңнан аса жыр жауһарын халыққа тарту етті. Болмысы бөлек, табиғаты терең ақынның сол өлеңдерін өскелең буын жатқа айтып жүр.

Терме " Жолбарыс"

Күннің көзі күйдірседе, қарысада сан ызғар
Бабалардан бізге қалған сырға толы сан із бар
Өтсе дағы керуен ғасыр ел аузында сақталған
Сыр бойында өшпейтұғын мынадай бір аңыз бар

Ел аузында сақталады мұндай ғажап болған іс
Естігенде көкейіңде қалай болмас толғаныс
Дарияға жақын маңда өткен ерте заманда
Сыр бойында мекендепті бір айбарлы жуан мойын Жолбарыс

Қос күшігі болған екен көз ашпаған жас әлі
Жұрт көзінен паналапты қалың қамыс тасаны
Сол қос күшік қаз қаз басып көтерген соң бауырын
Ертіп алып суға қарай асады.

Суға келіп бас қояды алдыменен анасы
Тәтті судан жұтып жатты қасында екі баласы
Бір кездері көтеріліп су астынан нән Жайын
Апыр топыр болды лезде дариямның жиегі.

Қос күшігін бірдей жұтып құйрығымен қақты да
Сөйтіп сүңгіп кете барды су астына батты да
Жолбарыс та іле шала қойып кетті ау артынан
Сәлден кейін демі жетпей атып шықты жағаға.

Жолбарыстың өтіп жатты қайғыменен сан күні
Мазалайды жанды қоймай жолбарыстың таң мұңы
Қайғы қасірет ішін өртеп кек алмақшы болды да
Жатып судың жағасында нән Жайынды аңдыды

Үшінші күн өтіп тағы, күн сәулесі өрілді,
Әлі жатыр аш Жолбарыс ызаланып өкірді
Бір кездері ылайланып дарияның жиегі
Су астынан нән Жайынның қыр арқасы көрінді.

Жолбарыста ыңғайланып күшін жинап сақ тұрды
Жыртқыш қой ол өз басынан өткізген көп тапқырды
Ыршып түсіп нән Жайынның арқасына ұзын сап
Жұлып алып су ішінен жағалауға лақтырды.

Су маңына сұлап түсіп жатыр өмір тұншығып,
Сырдария кетті ол да көзін салып күрсініп
Осы екенғой ұрпақ үшін тайталасқан тағдырың
Осы екенғой құрып қалғыр тез бітетін тіршілік.

Айналаға аянбастан төккен шақта таң нұрын
Нән Жайынды басып жатып соңғы демін тұндырды
Өзі де өлді өйткені ол лақтырғанда жайынды
Ауыр салмақ Жолбарыстың омыртқасын сындырды.


ІІІ Қорытындылау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
504
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі