ЖУРНАЛИСТИКА МАМАНДЫҒЫНЫҢ ӘЛІППЕСІ...
Армандаған журналистика мамандығына оқуға түстім. Сабақ басталғанша не оқимыз, қандай пәндерді оқимыз, бұл университет не үйретеді деген сауалдар мазамды кетіргені де рас. Құрбыларымнан, достарымнан жоғары оқу орнына тән ерекшеліктерді естігенім бар. Алайда бір қобалжу болды... Сабақ басталды. Кестеден бірден мамандық бойынша қандай пән бар екен деп қарадым. «Конвергентті журналистика», «ПР негіздері»! ПР түсінікті, ал «конвергентті» деген не? Сөйтсем журналистика мамандығының бастау, кіріспесі осы пән екен. Неге жай журналистика емес, конвергентті, оның басты айырмашылығы неде деген сауалдарға әр дәрістен ақпарат алдым. Қазіргі заманауи редакцияларда бір ғана медиаға ақпарат дайындау тиімді емес, әртүрлі плафтормаға материал дайындай алатын маман ғана сұранысқа ие болатынын түсіндім. Тәжірибелік сабақ барысында осы уақыта дейін жазып келген мақалаларымның кемшін тұстарын да түсіндім. Ақпаратты жинау, өңдеу, тексеру, жариялау процестерін үйреніп, оның да оңай шаруа емес, үлкен жауапкершілік жүктейтін мамандық екеніне көзім жетті.

Осы уақыта дейін сұхбат алу мен үшін ең оңай шаруа көрінетін. Осы әдіспен материал дайындау барысында кейіпкер табу, онымен келісу, ол адамды зерттеу және ұтымды сауалдар дайындау барысында әбден шаршадым.
Ал радиостудиядағы микрафон алдында сөзімді ұмытып, ойым шашырағанда – тағы да журналистиканың салмағын түсіндім. Мұның бәрі мені мамандықтан алшақтатқан жоқ, керісінше жақындата түсті десем артық айтқандық емес. Осы пәннен беретін оқытушы, IT университетінің ассистент-профессоры Шынар Қалиаждарова: «Конвергентті журналистика пәні – мамандықтың әліппесі. Егер сіздер осы пәнді жоғары деңгейде меңгерсеңіздер, алдағы уақытта оқитын кәсіби бағыттағы басқа пәндерді оқу жеңіл болады. Алғаш әріпті қалай таныдыңыздар, сол секілді журналистика дағдыларын да осы пән арқылы танисыздар»,- деді. Бұл сөз де маған қатты әсер етті.

Университет қабырғасындағы 3 ай ішінде тәп-тәуір ақпараттық материал жазып, шағын сұхбат алатындай дәрежеге жеттім. Дыбыстық оқу, ақпараттық ракурс, мәтін құрылымы мен ақпараттық ілік, журналистке тән стильдік ерекшеліктен хабардар болып, тәжірибем де қолданып та жүрмін. Жақында дәл осы пәнннен арнайы студияда подкаст жаздық. Шығармашылыққа толы жарты сағатымыз туралы келесі блогымда жазамын... 90 күн ішінде мамандық бойынша талай тәжірибе жинақтадым. Алда білімді шыңдайтын 3,5 жыл уақытым бар. Осы аралықта IITU арқылы талай тәжірибе жинайтыныма сенімім мол.
Ұлдана Ембергенова
ХАТУ, «Цифрлық журналистика» мамандығының
1-курс студенті
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ЖУРНАЛИСТИКА МАМАНДЫҒЫНЫҢ ӘЛІППЕСІ...
ЖУРНАЛИСТИКА МАМАНДЫҒЫНЫҢ ӘЛІППЕСІ...
ЖУРНАЛИСТИКА МАМАНДЫҒЫНЫҢ ӘЛІППЕСІ...
Армандаған журналистика мамандығына оқуға түстім. Сабақ басталғанша не оқимыз, қандай пәндерді оқимыз, бұл университет не үйретеді деген сауалдар мазамды кетіргені де рас. Құрбыларымнан, достарымнан жоғары оқу орнына тән ерекшеліктерді естігенім бар. Алайда бір қобалжу болды... Сабақ басталды. Кестеден бірден мамандық бойынша қандай пән бар екен деп қарадым. «Конвергентті журналистика», «ПР негіздері»! ПР түсінікті, ал «конвергентті» деген не? Сөйтсем журналистика мамандығының бастау, кіріспесі осы пән екен. Неге жай журналистика емес, конвергентті, оның басты айырмашылығы неде деген сауалдарға әр дәрістен ақпарат алдым. Қазіргі заманауи редакцияларда бір ғана медиаға ақпарат дайындау тиімді емес, әртүрлі плафтормаға материал дайындай алатын маман ғана сұранысқа ие болатынын түсіндім. Тәжірибелік сабақ барысында осы уақыта дейін жазып келген мақалаларымның кемшін тұстарын да түсіндім. Ақпаратты жинау, өңдеу, тексеру, жариялау процестерін үйреніп, оның да оңай шаруа емес, үлкен жауапкершілік жүктейтін мамандық екеніне көзім жетті.

Осы уақыта дейін сұхбат алу мен үшін ең оңай шаруа көрінетін. Осы әдіспен материал дайындау барысында кейіпкер табу, онымен келісу, ол адамды зерттеу және ұтымды сауалдар дайындау барысында әбден шаршадым.
Ал радиостудиядағы микрафон алдында сөзімді ұмытып, ойым шашырағанда – тағы да журналистиканың салмағын түсіндім. Мұның бәрі мені мамандықтан алшақтатқан жоқ, керісінше жақындата түсті десем артық айтқандық емес. Осы пәннен беретін оқытушы, IT университетінің ассистент-профессоры Шынар Қалиаждарова: «Конвергентті журналистика пәні – мамандықтың әліппесі. Егер сіздер осы пәнді жоғары деңгейде меңгерсеңіздер, алдағы уақытта оқитын кәсіби бағыттағы басқа пәндерді оқу жеңіл болады. Алғаш әріпті қалай таныдыңыздар, сол секілді журналистика дағдыларын да осы пән арқылы танисыздар»,- деді. Бұл сөз де маған қатты әсер етті.

Университет қабырғасындағы 3 ай ішінде тәп-тәуір ақпараттық материал жазып, шағын сұхбат алатындай дәрежеге жеттім. Дыбыстық оқу, ақпараттық ракурс, мәтін құрылымы мен ақпараттық ілік, журналистке тән стильдік ерекшеліктен хабардар болып, тәжірибем де қолданып та жүрмін. Жақында дәл осы пәнннен арнайы студияда подкаст жаздық. Шығармашылыққа толы жарты сағатымыз туралы келесі блогымда жазамын... 90 күн ішінде мамандық бойынша талай тәжірибе жинақтадым. Алда білімді шыңдайтын 3,5 жыл уақытым бар. Осы аралықта IITU арқылы талай тәжірибе жинайтыныма сенімім мол.
Ұлдана Ембергенова
ХАТУ, «Цифрлық журналистика» мамандығының
1-курс студенті
шағым қалдыра аласыз













