Біреуім екеу болды - мал
қосылды,
Қораға бұзау, лақ, қозы толды.
Ызғарлы суық қыстың кәрі кеміп,
Аспаннан күн күлімдеп, шырай
оңды.
Ұзамай қарда кетер, жаз да
болар,
Сай-сала гүрілдесіп суға толар.
Бөленіп жер жібекке, мың
құлпырып,
Шалғынға көкорайлы ауыл қонар.
Жаз
иісі бүгін келді, жан жайланды,
Кешегі көрген бейнет артта
қалды.
Өмірге жаңа жолдар ашатұғын,
Жаңа жыл - бүгінгі күн, жаздың
алды.
Бейімбет Майлин
Наурыз айы
туғанда,
Той болушы еді бұл
маңда.
Сақталушы еді
сыбаға,
Сапарға кеткен
ұлдарға,
Наурыз айы
туғанда.
Наурыз, наурыз, күн
игі!
Күні игі жердің - түрі
игі.
Бауыры жылып
науат-қар,
Бабымен ғана
жібиді.
Шашылып ырыс
шанақтан,
Шақырып бір үй бір
үйді,
Шаттанушы еді бір
игі.
Осынау игі кең
жерге,
Наурыз айы
келгенде,
Наурыз тойын
бергенде,
Көрмегендер де -
арманда,
Арманда - оны көрген
де.
Келіп ем өмір -
орманға,
Наурыз айы
келгенде.
Мұқағали
Мақатаев
Айналаңнан жаңа көктем лебі
ескен,
Бұл кезеңде күн менен түн
теңескен.
Сан ғасырлық ата-баба
салтына
Көпір болған Наурыз өзің емес
пе ең?!
Таулы, таусыз
жерімнің,
Өзен, теңіз
көлімнің
Жаса ұлы
Наурызы
Жаңа жылы
елімнің.
Қуат жиса
пәктігің,
Асқақтайды
шоқтығың.
Тамыр алмай
тарихтан
Мазмұнданбас
шаттығың.
Жүріп жатыр ерлік, ездік
жарысы,
Наурыз нағыз сәулелі ойлар
қонысы.
Наурыз сайын ағаш егу, гүл
егу,
Әр адамның табиғаттық
борышы.
Наурыз парқы – өз санаңды
өсіру,
Пенделікті ізгілікке
көшіру.
Өткен жылы өкпелесең
біреуге
Сол өкпеңді дархандықпен
кешіру.
Мұхтар
Шаханов
Кел,
Наурызым!
Кел, наурызым, шық төріме
думандат,
Жұрт қарасын келбетіңе қайран
қап.
Табиғаттың тұмса шағы
тамсантып,
Халқым да бір жадырасын
сайрандап.
Кел, наурызым, самалыңмен
еркелет,
Қырға шығар, жамағатты
жетелеп.
Бала біткен болып жүр ғой
мәз-мәйрам,
Наурыз келген, көктем келген
екен деп.
Кел, наурызым, берекелі жыл
басым,
Мәңгілікке замананың
құрдасы.
Жылда мені қуанышқа
бөлейсің,
Ғасырлардың және менің
сырласым.
Кел, наурызым, бұла күшім,
балғыным,
Сен келгенде қашар менен
қайғы-мұң.
Құдіретің бар жаңғыртатын
ғаламды,
Сондықтан да асқақ сенің
айбының.
Кел, наурызым, көргенің көп
көнесің,
Жия алмаған кездер болды ел
есін.
Бұқпантайлап қарсы алатын
өзіңді,
Кездер болды, ұмытпайсың,
білесің.
Кел, наурызым, ортаймайтын
ырысым,
Тәуелсіздік және өзің
тынысым.
Жалғастырып ұрпақтарды
ұрпаққа,
Аралай бер сәнге бөлеп ел
ішін.
Орынбек
Жолдыбай