Материалдар / Кәсіби маман даярлау — заман талабы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кәсіби маман даярлау — заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда техникалық және кәсіптік оқу орындарында саналы білім беріп, заман талабына сай кәсіби маман даярлау үшін оқу орындарының материалдық техникалық базасын нығайтпай бүгінгі таңдағы сұранысқа сай мамандаярлау мүмкін еместігі туралы жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Наурыз 2022
512
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кәсіби маман даярлау — заман талабы

Текебаева К.М

Мақтаарал аграрлық колледжі, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы.

Тел. +77713182682, эл. поч.t.kermekasmail.ru

Қазақтың аса көрнекті ағартушысы Міржақып Дулатұлы: “Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман” – деп ғылым, білім, оқудың маңыздылығын көрсетсе,  ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: "Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім" деген. Иә, ғылым бәсекесі басты орынға шыққан ХХІ ғасырда еліміздің болашақтағы дамуы, әлемдік кеңістіктегі орны, білімнің бағыт-бағдарына және оның тиімділігіне байланысты. Өйткені, интеграциялық даму мен инновациялық өрлеу қарыштаған сайын бірқалыпты жүйемен көшке ілесу мүмкін емес. Ол үшін білім беру жүйесін халықаралық білім кеңістігінде және еңбек нарығы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білім сапасының дәрежесіне жеткізу шарт.

Еліміздегі саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өмірдегі өзгерістерге сай оқу орындары үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған, өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылуына байланысты өз ісін жетік білетін, мамандарды даярлау міндетін алып отыр.

Білім беру адамның дүниені танып білу үрдісін қалыптастыру арқылы жүйелі білім мен іс-әрекет тәсілдерін игеру, дағды, іскерлік, сезім және ақылын дамыту жеке тұлғаны қалыптастыру нәтижесі болып табылады. Білім, ғылымның даму қарқыны, өндірістің үнемі жаңа құралдармен жабдықталуы, заман талабына сай жаңалықтар ашу бізге өмір бойы оқып – үйренуді талап етеді. Осыған орай, қазіргі кезде білімді үздіксіз жетілдіріп, «өмір бойы оқу» қажеттігі туындап отыр.
Білімді адам деп – қабілеті өте жоғары дамыған көп жағдайларды түсінетін, қажет болғанда оқығанын қолдана білетін, білімді дұрыс ойлай алатын жоғарғы қасиетті адам. Көріп отырғанымыздай білім беру ұғымы тек қана оқытудың нәтижесі білім, іскерлік және дағды ғана емес, сын көзбен қарап ойлай білетін айналадағы құбылыстарды адамгершілік тұрғысынан бағалай білетін адамның өзіне деген қарым-қатынас іс-әрекетін шексіз өрістету.

Сапалы білім беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және білім алушының бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп, жан-жақты тұлға тәрбиелеу болып табылады. Сапалы білім беру үздіксіз ізденумен тығыз байланысты. Үздіксіз
іздену-бүгінгі таңда ұстаздарға қойылып отырған басты талаптардың бірі.
Барлық ізденімпаз мұғалім өз сабағында жаңаны көрсетуге, танытуға
тиіс. Әрбір мұғалім Л.Толстойдың: «…мұғалімнің өзі неғұрлым көп
оқитын болса, әр сабақты жан-жақты ойластырса және оны оқушының
шама-шарқымен салыстыратын болса, онда оқушыға оқу соғұрлым жеңіл
соғады» деген сөзінің мәні жойылмағанын түсіну керек.

Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының шарттарының бірі -
мұғалімнің жаңашыл болуы.
Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұр-
пақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан сабақты жаңаша құрып,
инновациялық түрлі тәсілдерін, педагогикалық білімдерді жетілдіре отыр-
ып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу әрбір
ұстаздың міндеті

Қазіргі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының алдында тұрған басты міндет – білімді, білікті, бәсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, əлемдік стандарт деңгейінде нəтижелі жұмысқа, кəсіби өсуге, əлеуметтік-саяси оңтайлы тез əрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, кəсіби маман дайындау.

Жалпы теориялық білім тәжірибемен ұштасқанда ғана маман өз кәсібін терең игереді, төселеді. Оның үшін біз білім алушыларға жағдай жасауымыз керек. Бірақ, сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, білім беру ұйымдарының да материалдық-техникалық базасын замауи жабдықтармен жабдықтамай басекеге қабілетті, білікті маман даярлау мүмкін емес. «Балам деген жұрты болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын», — деп А.Байтұрсынов айтқандай терең білімді, біліктілігі жоғары кәсіби мамандар даярлау үшін колледждерде барлық мүмкіндіктер жасалуы тиіс. Білім беру ұйымдары аудитория, лаборатория және шеберханалар  материалдық-техникалық жағынан жаңа талапқа сай дидактикалық көрнекі материалдармен, техникалық оқыту құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі қажет. Себебі, аудиторияда мамандыққа сай   білім  беру үрдісіндегі жаңашыл әдістер, түрлі технологияның инновациялық тәсілдері қолданылып, оның теориялық қағидасы ғылыми тұрғыдан толық түсіндірілген  соң, осы деректі материалдар  нақты тәжірибемен дәлелденуі тиіс.  Яғни алынған білім негізінде білім алушылардың жадында логикалық ой, сарамандық, шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру ісі ескеріледі.  Белгілі бір тақырыптар бойынша алған теориялық білімін іс-тәжірибеге ұштастыру мақсатында шеберханаларда практикалық жұмыстармен жалғастырып, жұмыс дағдыларын қалыптастырып, әдіс – тәсілдерін үйренеді.

Бүгінгі таңда еліміздегі 900-ден астам колледждердің ішінде «Жас маман» бағдарламасы бойынша 180 колледж жаңа заманауи жабдықтармен жабдықталған. Бұл өте аз көрсеткіш, яғни барлық колледждің бестен бір бөлігін ғана құрайды. Қалған колледжер баяғы ескі құрал жабдықтармен тек теория түрінде білім беруге мәжбүр.

«Біз қазір білім беру жүйесін техникалық бағытқа ыңғайластыруымыз қажет. Жас қазақтар техника саласының мамандары болуы керек. Бұған кәміл сенемін. Үкімет осы мәселелердің барлығын егжей-тегжейлі қарастырғаны жөн» деген Президентіміздің тапсырмасын Үкімет тезірек жүзеге асырса, сонда біз дамыған елдермен тереземіз теңесер еді.

Колледждердегі материалдық- техникалық базаны жаңартпай халықаралық стандарттар негізінде техникалық мамандықтар өндіріс орындары саласын жоғары технологияны жетік меңгерген мамандармен қамтамасыз ету мүмкін емес





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!