КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖАСАУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Ақтөбе облысы, Астана ауданы, «№77 ЖББОМ» КММ-нің математика пәнінің мұғалімі
Қарастырылатын мәселе:
-
Кері байланыс және рефлексия дегеніміз не?
-
Кері байланыс пен рефлексия жүргізудің мақсаты мен маңыздылығы
-
Кері байланыс пен рефлексияның ұқсастығы мен айырмашылығы
-
Кері байланыстың тиімді түрлері және ерекшеліктері
Бұл тақырып қазіргі кезде өте өзекті тақырыптардың бірі болып келеді.
Кез келген әлеуметтік ақпараттық қарым –қатынастың, сондай-ақ оқу үдерісінің қатысушылар арасындағы өзара қарым-қатынастың тиімділігінің дәлелелі ретінде кері байланыстың маңызы өте зор. Өйткені мұғалім де, оқушы да сабақ барысында екі жақты өзара іс- әрекетті ұйымдастыру нәтижесінде дер кезінде кері байланыс алуға мұқтаж. Олай болса, сабақ кезіндегі кері байланыс пен рефлексия жүргізудің мақсаты мен маңыздылығы, ұқсастық пен айырмашылығы және тиімді түрлері мен ерекшеліктеріне тоқталайық.
Рефлексия дегеніміз не?
«Рефлексия» сөзі латын
тіліндегі «reflexio» – «артқа қарау» деген ұғымынан туындайды. Джон
Дьюи рефлексиялық ойлауды былай сипаттайды: «Қандай да болмасын бір
пікірді не білімнің ықтимал көрінісін олардың негіздерін ескере
отырып белсенді түрде, толассыз және мұқият қарастыру, осының
салдарынан туындаған қорытындаларды
талдау» (1,208 бет).
Жалпы алғанда рефлексия зерттеу секілді: адам мұнда өзінің ішкі
дүниесін жан-жақты қарастырады, яғни өзін өзі зерттейді. Бұл
зерттеудің басты тақырыбы адамның өзі болып табылады. Осы тұрғыдан
алғанда рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы
іспеттес: адам жасап жатқан әрекеттерін бір сәтке доғарып, өзінің
ішкі жан дүниесіне үңіледі, өзімен өзі әңгімелеседі, сырласады,
әрекеттерін талдап, оларға баға береді, өзіне «сырт көзбен»
қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді,
кемшіліктерін түзейді, оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады,
болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды. Жалпылама
алғанда, рефлексияның қадамдары мынандай болуы ықтимал:1)Аялдама
жасау (тоқтау); 2)Артқа қарау: түсіну, талдау, бағалау; 3)
Өзгерістер енгізу;4)Болашақты жоспарлау.
Кері байланыс дегеніміз не?
Кері байланыс (ағылш.
feedback) – адамның өзі куә болған
оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі,
реакциясы. «Сырт көз сыншы» дегендей,
мұндай сырт пікірдің өз әрекеттеріңді реттеуге, жақсартуға
тигізетін септігі өте жоғары. Сол себепті бүгінде кері байланыс
үйренудің (білім алу жүйесінің) маңызды ұғымы деп есептелінеді.
Кері байланыс арқылы алынатын мәліметтер әсіресе өз біліміне түзету
мен өзгертулер енгізу ісінде өте құнды болып табылады.
Сондықтан да кемшіліктерді тіке бетке баспай, оларды жанамалай
жеткізген жөн болар? Мысалы, мынандай сұрақтар арқылы: «Неліктен
Сіз бұлай жасадыңыз (айттыңыз, жаздыңыз, ұйғардыңыз,
т.б.)? Мүмкін олай емес, былай болар?» немесе «Егер мына
жерге мынандай өзгертулер енгізсе, не
болар
еді?»
Негізінен кері байланыстың үш негізгі қызметін ажыратуға болады:
әрекеттерді түзету мен реттеу, тұлға аралық қатынастарды реттеу,
өзін өзі тану құралы. Сондықтан оның мазмұны жағымды, позитивті
болу керек. Кері байланыстың негізгі идеясы жасалған істі бағалау
емес (оның жақсы не жаман жасалынғандығын анықтау), керісінше, не
жасалуы керектігін көрсету. Сонымен, кері байланыс
оқу/оқыту мен үйренудің/үйретудің қалай жүріп жатқандығын, оның
сапасын анықтау мүмкіндігін береді. Кері байланыс арқылы оқу мен
оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға болады. Кері
байланыс дұрыс жауап немесе бағыт таңдалынып, қателерді түзету
әрекеттерін іске қосады (4,98 бет).
Кері байланыс жүргізудің мақсаты мен маңыздылығы
Кері байланыс қандай мақсатта жүргізіледі?
Көп жағдайда кері байланысты мұғалімдер сабақтың соңында жазбаша түрде сабақтың өтуі, оқушының көңіл күйі және оқушылардың ойын білу үшін ғана алатыны анықталған. Алайда кері байланыс дегеніміз не? Оның маңызы не екенін көбіне біле бермейміз және оған аса мән бере қоймаймыз.
Ал кері байланысты не мақсатпен алды, одан әрі қарай не істеу керек, ондағы сұрақтар мен оқушылардың сұрақтарынан кері байланыс болды ма деген сұрақтар туындап жатады. Демек кері байланыс тиімді болу үшін оқушылардан тек сабақ ұнадыма? Не түсіндіңдер? Не қиын болды? т.с.с сұрақтар қойып, оған ауызша не жазбаша жауап алудан ғана тұрмайды.
Кері байланыс арқылы оқушыларыңыз оқу мақсатына жете алды ма жоқ па, тақырыпты түсініп, түсінгенін тәжірибеде қолдана алды ма? Түсінбеген жағдайда не себепті түсінбеді, нақты неден қиналды. Түсіну үшін не істеу керек міне осындай сұрақтарға мұғалім оқушылардың берген жауаптары арқылы өзінің әрекеттерін бағалап рефлексия жасап, қай жерде нені дұрыс жасамады. Таңдаған, қолданған әдістердің тиімділігін ойланып келесі сабақта жоспарлағанда орын алған кемшіліктерді болдырмауға тырысады. Ал, оқушы тиімді кері байланыс арқылы өзіндік және өзара бағалау жасауға, өзін- өзі реттеуге, білім алуға, жауапкершілікті өз мойнына алуға дағдыланады.
-
Кері байланыс ол үдерісті басқару-үдеріс субьектілерінің көшбасшылық дағдыларын дамыту, үдерісті табысты басқаруға жағдай жасау.
-
Дер кезінде түзетулер жасау, қателерді кемшіліктерді жою.
-
Мақсатқа жетуді қамтамасыз ету. Тек қана мұғалімнің мақсатқа жетуі емес оқушылардын мақсатқа жетуін қамтамасыз ету
-
Үдеріс субьектілерін дұрыс шешім қабылдауға бағыттау
-
Оқушылардың өзіндік бағалауын қалыптастыру
-
Оқушының әлеуметтенуін қамтамасыз ету.
-
Рефлекция жасауға ықпал ету, көмектесу
-
Оқушыларды табысқа ұмтылу сезімдерін туындату.
Міне осындай кері байланысты қолдануда мақсатқа жетуге жүзеге асады.
Сонымен кері байланыстың мақсаты: Мұғалімнің ақпараттың мазмұнын оны ұсыну тәсілдерін, оқушылардың әрекеттерін түзету және сабақта психологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған. Кері байланыс бұл мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесуін нәтижесін талдау рефлексия жасау және бақылаудың ұғымы.
Кері байланыс арқылы оқушы, мұғалім не алады. Қандай дағды білік білімдерін қалыптасады:
-
Оқушы өзінің оқудағы кемшіліктерін түсінуге көмектестін мәліметтер мен алға жылжуға нақты нұсқаулар алады;
-
Мұғалім оқытудағы жіберілген олқылықтар және өзінің әрекетіне, қызметіне (жаңа әдіс-тәсілдер, оқыту техникалары, сабақта уақытты тиімді пайдалану т.б.) өзгерістер енгізу көмектесетін мәліметтер алады.
-
Оқушыларға жиі және маңызды кері байланыс ұсынылған жағдайда оқыту тиімді болады.

|
Кері байланыс |
Рефлексия |
|
|
|
Жақсы кері байланыс |
Рефлексия арқылы |

Мектеп мұғалімдер арасында жиі қолданылатын кері байланыс ауызша немесе жазбаша түрде жүргізіледі. Одан басқа кері байланыс түрлері жағымды және жағымсыз түрде жүргізіледі.
Кері байланыс формалары мен әдістері өте көп: мысалы ауызша талдау, талқылау; жазбаша сауалнамалар алу, графикалық суреттер, смайликтер, оқушының бойында, ішкі дүниесінде болып жатқан өзгерістерді ролдік ойындар арқылы сезінуі (жаңа білім алу, өзін-өзі тануы, көңіл-күй, белсенділік немесе селқостық таныту деңгейін анықтау үшін түрлі тренингтер ұйымдастырамыз. Сондықтан жалпы кері байланыстың түрін формасын таңдау мұғалімнің өз құзырында әрине.
|
Кері байланыстың формалары мен әдістері |
Рефлексияның формалары мен әдістері |
|
|
Кері байланысты ұсынғанда мынандай ережелерді ұстанған жөн:
Позитивті болу. Талданып жатқан әрекеттің жағымды, ұтымды жақтарын көруді ұмтылу қажет. Тіпті адамның мақтайтындай қасиеті болмаса, онда оның ниеті мен ынтасын жағымды деп тану керек. Ұсыныс жасағанда жұмысты жақсартатын мәселелерге тоқтаған дұрыс. Әңгімені өзгені жақтыру және сыйлау тұрғысынан жүргізу керек.
Бағалаушы
болмау. «Адамның басқа адамдардан
айырмашылығы – оларға ұқсамайтындығында» деген қағиданы ұстанған
орынды, яғни біз басқалардан артық та, кем де емеспіз, тек
өзгешеміз. Кері байланыста сол себепті өзімізді жоғары да, төмен де
қоймау керек, тек өз ойымыз бен түсінігімізді келтіру
қажет.
Кеңес бермеу, үйретпеу,
тек
ұсыныс жасау.
Адам біреуге кеңес бергенді ұнатады да, алайда өзіне ақыл айтқанды
ұнатпайтындығын ұмытпау керек. Осыны есте сақтай отырып,
ақылгөйсінбей, «Мынаны жасау керек!», «Олай ету қажет!» немесе «Мен
Сіздің орныңызда былай жасар едім!» деген сөздерді айтпай,
өзіміздің пікірімізді келтірейік, ал оны қабылдау не қабылдамау –
кері байланысты алушы адамның құзыры. Мұнда кері байланыс берушінің
сөйлеу интонациясы сұраулы, ал ең жиі қайталайтын сөзі «мүмкін»
болуы керек болар, яғни ол ылғи да кері байланыс алушының пікірін
сұрап, онымен ақылдасып тұрғандай болады: «Мүмкін былай жасау керек
шығар?»
Ынталандыруға ұмтылу. Кері байланыстың бір мақсаты – адамды шығармашылық жұмысқа ынталандыру. Жағымды пікір айтумен қатар адамды болашақта өз жұмысына игі өзгертулер енгізетіндей қызықтырып, шабыттандырған дұрыс.
Сыпайы болу.Адамды жекімей, ұрыспай, дөрекі сөйлемей, ренжітпеуге тырысу керек, өйтпеген жағдайда оның кері байланысты ризашылықпен қабылдап, өз әрекеттеріне соны өзгерістер енгізетіндігі екі талай. Көмектесу жәрдем беру.
Адамға шынайы түрде жақсылық тілеп отырғандығымызды дәлелдеп бағу керек. Кері байланыста «Мен Сізге қалайша көмектесе аламын деп ойлайсыз?» деген секілді сұрақтар арқылы өзіміздің қол ұшын беруге дайын екендігімізді білдірген жөн.
Теңұстау.Кері байланысты жүргізудің негізгі нысаны ақылдасу, кеңесу болғандықтан мұндай әңгімеде екі жақ та бір-біріне пара-пар болуы керек. Біреудің екіншіден жоғары тұруы кері байланыстың нәтижелі болатындығына нұқсан болады.
Сәттілікке бағыттау.Тыңдаушының көкейіне «Кері байланыс – игі әрекет» деген оймен қатар оның нәтижелерінің тұлғаның дамуы мен өсуі үшін маңызды екендігін ұялату керек. Ал игі нәрсенің қорытындысы тек жағымды болатындығын да ұмытпаған жөн. Кері байланыс тиімді әрі сәтті болған сайын мұғалім оқу/оқытудың қалай жүріп жатқандығы, оқушылардың қалай оқитындығы туралы қажетті мәлеметтер алып отырады.
Кері байланысты алғанда мынандай ережелерді ұстанған дұрыс:
Ризашылық білдіру. Кері байланыстың бір адамның екіншіге шын көңілмен көмек көрсету екендігін ескере отырып, айтқан ескертпелер мен ұсыныстарға ризашылықпен қарау керек: кері байланыс берушіге жиі рахмет және алғыс айтып, ол Сізді ынталандырғандай, оны да жігерлендіріп отыру қажет.
Тыңдай білу. Кері байланыс берушінің сөзін бөлмей, оны ылғи да мақұлдап отырған дұрыс (бас изеп, ишаратпен). Қажет болған жағдайда оған ойын нақтылайтын сұрақтар қою арқылы бұл мәселе бойынша өзіңіздің келісетіндігіңізді және хабардар екендігіңізді білдіріңіз, әңгімені өзіңізге қажетті бағытқа бұрып отырыңыз.
Мадақтай білу. Ризашылықты білдірумен қатар кері байланыс берушіні мадақтауды да ұмытпаған жөн. Осы арқылы біз тиімді қарым-қатынаспен бірге берілген ұсыныстардың сапасын да арттырамыз. «Сіз бұл мәселеге тіпті де мен ойламаған жақтан қарадыңыз! Шындығында да бұл өте тиімді ұсыныс (идея, ой, әдіс, тәсіл, т.б.) екен! Менің ойымша, Сіздің сөздеріңізде терең мағына бар! Бұл ұсынысыңыз менің тәжірибемде маңызды орын алады деп ойлаймын!» секілді сыпайы мақтаулардың әңгімені мәнді жасайтындығы анық.
Көңіл – күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыстың әдіс – тәсілдер: Кері байланыстың мәнін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» атты тәсіл жақсы келтіреді. Алдымен біреудің әрекеті мен жасаған ісін мақтаймыз, оның жағымды және тиімді жақтарын атап көрсетеміз, содан соң бұл жұмысты қалай жақсартуға болатындығы туралы ұсыныс айтамыз, бағыт-бағдар сілтейміз (5,11 бет).
Көңіл – күйдің алуандығын
білдіретін әртүрлі суреттер, түрлі — түсті карточкалар, бет әлпетті
бейнелейтін карточкалар (смайликтер), көңіл — күйді бояу түстерімен
анықтау. («Ауа райы», «Бағдаршам»т. с. с (3,122 бет).
Мысалы: «Алма ағашы» әдісі. Оқушыларға сабақ басында екі түсті
“алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл
түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің
көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай
алмадым, көңіл – күйім жоқ. Немесе «Бір сөзбен» әдісі—Оқушылар
өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы
жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап
айтады.
*Төзімсіздік, *Ашу, *Қуаныш, *
Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,
*Зерігу,*Алаңдау, *Тыныштық, *Сенімділік, *Сенімсіздік,
*Рахаттану.
Сабақтағы іс — әрекетке
кері байланыс.
(Мысалы: «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының
*1 — ші баспалдағы Мен………….. БІЛЕМІН
* 2 — ші баспалдағы *мен……………… ТҮСІНЕМІН
*3 — ші баспалдағы *Мен…………. ЖАСАЙ АЛАМЫН
«Таңдау» әдісі.
1. Мен сабақ қызықты
_____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз
болды.
3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза
емеспін.
Оқу материалының
мазмұнының рефлексиясы (кері
байланысы)
— Аяқталмаған сөйлем әдісі;
тезистер беру; афоризм таңдау
— «Бұрын мен білмеуші едім,.. Енді мен білемін» деген сияқты ой —
пікірлеріңді білдіру.
— «Синквейн» әдісі, оқушының оқып отырған тақырыпқа қатысты іс — әрекетін анықтауға, бұрынғы білім мен жаңаны түсінудің арақатынасын жалғастыруға мүмкіндік береді. Мысалы:
«Аяқталмаған сөйлемдер»
* Бүгін мен…………………. білдім
*…………….. қызықты болды.
*…………………….. қиын болды.
*………………… тапсырманы мен орындадым.
*……………………. екенін түсіндім.
* Мен енді………………….. білемін.
* Мен…………………………. Сезіндім
*Мен………………………………. білім алдым.
* Мен………………………………….. үйрендім.
*…………………………… менің қолымнан келді.
* Мен……………………………….. жасай алдым
* Мен……………………………… жасап көруге талпынамын.
*……………… мені таң қалдырды.
* Сабақ менің өміріме….. берді.
* Менің…………. жасағым келді.
«Плюс, минус, қызықты»
«Плюс» — оң әсер еткен
фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» — “ қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ”
деген ойларын жазады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.
Сабақ соңындағы кері —
байланыс. «Тазалық» ойыны түрінде
алу.
Оқушыларға бір парақ беріледі. — Бүгінгі тақырып бойынша алған
керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні
сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне
салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым
керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар
(жазыңыздар). Осылайша оқушылардың не білім алғандарын
көрсетеді.
Топтық кері байланыс сұрақтары:
-
Жұмыс барысында топтағы қарым — қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?
— жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға көмектесті;
— жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды;
— біздің қарым — қатынасымыз тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік бермеді, топтағы қарым — қатынасымыз тапсырма орындаған сайын нашарлап кетті.
-
Топтағы қарым — қатынас әсіресе қай дәрежеде көбірек іске асты?
— ақпарат алмасуда;
— өзара қарым-қатынаста;
— өзара түсіністікте;
— осы дәрежелердің бәрінде іске асты.
-
Топ мүшелері тапсырма орындау барысында қандай деңгейдегі коммуникативтік қиындықтарды сезінді?
— ақпараттың аздығы, жетіспеушілігі;
— коммуникативтік құралдың тапшылығы (сөз байлығының төмен болуы, ойды дұрыс жеткізе алмау);
— тілдік, сөйлесу қарым — қатынасындағы қиыншылық;
-
Жұмыс барысында қарым — қатынас жасаудың қай стилі басым болды?
— бір адамға бағытталған стиль;
— тапсырманы орындауға бағытталған стиль;
5. Тапсырма орындау барысында
топта ауызбіршілік сақталды ма?
— топта ауызбіршілік пен серіктестік қарым — қатынас сақталды;
— топтағы бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаны байқалды.
6. топтағы сол жағдайдың болуына кім немесе не әсер
етті?
— топтағы бір адамның өзін көшбасшылыққа итермелеуі;
— топ мүшелерінің көбісінің ортақ қарым — қатынас орнатқысы келмеуі, немқұрайлылығы;
— бірігіп істеуге берілген тапсырманы түсінбеу;
— берілген тапсырманың қызықсыз, қиын болуы.
Қорытынды:
Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат:
оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі
кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге
қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін
дамыту.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз