Материалдар / Кім мерген

Кім мерген

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарын жіберіп отырған себебім жас мамандарға бір көмегім тиер деген оймен жіберіп отырмен
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың тақырыбы: V бөлім. Тірек – қимыл жүйесі. §21. Сүйектер, бүлшық ет, сіңірлер - тірек қиымыл жүйесінің құрамдас бөліктері. Олардың маңызы. Қаңқада сүйектердің байланысуы. Буындардың құрылысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сүйектердің құрылысы бойынша оқушылардың білімдерін бір қалыпты тиянақтау

Дамытушылық: Жаңа сабақ бойынша оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін, шапшаңдығын, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды сүйектерден пайда болатын аурулар туралы таныстыра отырып, оқушыларды сол аурудың алдын алуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық , қима қағаздар, суреттер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу;

2.Оқушылардың сабаққа қатынасын

тексеру;

3. Оқушыларды топқа бөлу

2.Үй тапсырмасы

Сезім мүшелері - анализаторлар

Блиц- тест

Нұсқа I

1.Теріде неше ауырсыну рецепторлары бар?

а) 100 ә) 200 б)150 в) 96

2. Сипап сезу дегеніміз не?

а). Толыққанды тіршіліктің, еңбек іс-әрекетінің міндетті шарты

ә).Кірпікшелері бар рецепторлардың шоғыры

б).Қорғаныш реакциясы

в).Тері сезімі және оны арнайы рецепторлар жасайды

3. Сипап сезу қайда орналасқан?

а) Ауызда ә) Мұрында б) Саусақ, тіл ұшында, ерінде в) Теріде

4. Тілдің ұшы нені сезеді?

а) Тәтті б) Қышқылды в)Тұзды

5. Тілдің орталық артқы бөлігі нені сезеді?

а) Тұзды ә) Ащыны б) Қышқылды в) Тәттіні

II Нұсқа

1. Тілдің алдыңғы және бүйір бөліктері нені сезеді?

а). Тәттіні ә).Тұзды б). Ащыны в) Қышқылды

2. Қышқыл дәмді тілдің қай шеті сезеді?

а). Бүйір шеті ә). Ортасы б). Артқы жағы в). Тілдің ұшы

3. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?

а). Ауыз қуысында ә) Сілекей безі б) Мұрында в).Тілде

4. Сыртқы ортадағы болып жатқан өзгерістерді қай сезім қабылдайды?

а) Иіс сезімі ә) Сипап сезу б).Бұлшық ет сезімі в).Тері сезімі

5. Иіс сезу мүшесі қайда орналасқан?

а). Тілдің алдыңғы бөлігінде

ә) Мұрында

б). Мұрын қуысының үстіңгі мұрын қалқанында

в). Тері сезімінде


Жарқыраған жарықтан қарашық тарылып, көз ішіне жарық ағынын шектейді, ал қараңғыда ұлғайып, шашыраған жарықты жинап ұстайды. Бұл құбылыс қалай аталады?

Сыртқы ортамен тікелей жанасатын сезім мүшесі

Сезім мүшелерін басқаша қалай атайды?

Адамның сыртқы ортадағы дыбысты сезінуі

Бұл анализатор арқылы адам қоршаған дүниедегі ақпараттың 90% -дан көп ақпарт ала алады

Жарық пен түрлі түсті қабылдайтын рецепторлар

Көз дәрігері

Жұлын мен байланысатын орталық

Адамның иіс сезу мүшесі

Ішкі құлақта орналасқан тепе-теңдік мүшесі басқаша қалай аталады?

31 сегменттен тұратын орталық

Көру анализаторының жоғары бөлімі бас сүйектің қай аймағында орналасқан?

Есту анализаторы қай аймақта орналасқан?

Тері бөлімі қай аймақта орналасқан?

Мұрын қуысының үстіңгі мұрын қалқанында қандай мүше орналасқан?

Тәттіні сезеді?

3.Жаңа сабақ: V бөлім. Тірек – қимыл жүйесі. §21. Сүйектер, бүлшық ет, сіңірлер - тірек қиымыл жүйесінің құрамдас бөліктері. Олардың маңызы. Қаңқада сүйектердің байланысуы. Буындардың құрылысы.

Тірек-қимыл жүйесінің маңызы. Егер адам денесінің тірегі – қаңқасын алып тастаса қалай болар еді?

Кеңістікте қозғала алу қабілеті – тірі организмнің маңызды қасиеті. Бұл қызметті адамда екі: енжар (қаңқа) және белсенді (бұлшық еттер) бөліктен тұратын тірек қимыл – жүйесі атқарады.

Қаңқа сүйектерден және олардың байланысынан тұрады. Ол біздің денемізге тірек болып, пішінін сақтайды. Қорғаныштық және қан түзілу қызметін атқарады, зат алмасуға қатысады. Тұлға және аяқ – қол сүйектері иінтерек болып табылады. Ол арқылы дененің кеңістегі қимыл қозғалысы жүзеге асырылады.

Бас сүйек, кеуде қуысы, жамбас астауы маңызды мүшелерді: ми, жүрек, өкпе, асқазан, жыныс және т.б. мүшелерді қорғайды.

Түтікті сүйектің басы сүйектің қызыл кемігін, ал қуысы сүйектің сары жілік майын қорғайды.

Адам қаңқасы 200 – ден астам сүйектен тұрады. Әрбір сүйектің белгілі бір пішіні, мөлшері және қаңқадағы белгілі бір орны болады.

Бас қаңқасы. Бас қаңқасы – бас сүйек екі: ми сауыты және бет бөлігінен тұрады. Ми сауытының сүйектері – маңдай, шүйде, жұп самай және төбе сүйектері өзара берік (қозғалмай) байланысқан. Олар миды қорғайды. Шүйде сүйегінің үлкен тесігі бар. Бұл жерде ми мен жұлын жалғасады. Сүйектегі көптеген майда тесіктер арқылы жүйкелер мен қан тамырлары өтеді.

Бас сүйектің бет бөлігін ірі сүйектер – қозғалмайтын үстіңгі, қозғалмалы астыңғы жақ сүйектері және бет, мұрын, таңдай т.б. сүйектер құрайды. Жақ сүйектерінде тістер орналасқан Бұл қаңқаның бірден – бір жалаң бөлігі болып табылады. Тіс түбірі жақ сүйегіндегі ұяда орналасқан, сондықтан олар берік бекиді


Тұлға қаңқасы. Тұлға қаңқасына омыртқа жотасы мен қабырғалар және төс сүйегі жатады. Омыртқа жотасы дене бөліктерін байланыстырып, жұлынның қорғаныш қызметін, бас, қол, бүкіл дененің тірек қызметін атқарады. Омыртқа жотасының жоғары бөлігі бас сүйекпен байланысады. Омыртқа жотасының ұзындығы адам бойының ұзындығының, шамамен, 40% пайызын құрайды.


Омыртқа жотасы 33 – 34 омыртқадан тұрады. Оны мойын (7 омыртқа), арқа (12 омыртқа), бел (5), сегізкөз (сегізкөз түзетін қосыла өскен 5 омыртқа), құйымшақ (құйымшақ түзетін қосыла өскен 4-5 омыртқа) бөлімдері құрайды.

Тік жүруіне байланысты адамның омыртқа жотасы иілім түзеді, оның екеуінің дөңесі – мойын мен бел лордозы алға қарай, ал екеуінікі – кеуде және сегізкөз кифозы артқа қарай бағытталған. Иілімдердің болуы адамды басқа омыртқалы жануарлардан ерекшелейді және олар денені тік ұстап, еркін қозғалуды, тепе – теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді. Омыртқалар арасында серпімді омыртқааралық дискілер орналасқан. Омыртқа жотасының қозғалғыштығы өте жақсы, бұл жағдай тұлғаның алға, артқа және бүйіріне қарай иіліп қозғалуына мүмкіндік береді. Омыртқаның әрқайсысының денесі, омыртқа тесігін түзетін артқы доғасы болады. Омыртқалар бірінің үстіне бірі орналасып, олардың тесігі жұлын орналасатын омыртқа өзегін түзеді. Доғадан өсінділер шығып тұрады, оларға бұлшық еттер бекиді.



Кеуде қуысы. Арқа омыртқалалары, қабырғалар мен төс кеуде қуысын түзеді. Адамда, әдетте, доға тәрізді иілген жалпақ 12 жұп қабырға болады. Олар артқы жағынан арқа омыртқаларымен жалғасады, ал алдыңғы жағы (төменгі екі жұбынан басқа) төспен байланысады. Қабырғалардың қозғалуы адамның тыныс қозғалыстарына қатысады.


Иық белдеуі. Иық белдеуі екі жауырын мен екі бұғанадан тұрады. Жауырын – кеуде қуысының артқы жағында орналасқан үшбұрышты жалпақ сүйек. Бұғананың бір ұшы төстің жоғары ұшымен, екінші ұшы – жауырынмен қосылған.


Қолдың еркін қозғалатын қаңқасы. Қолдың еркін қозғалатын қаңқасы үш бөлімнен: тоқпан жілік, кәрі жілік, білек және қол басы сүйектерінен тұрады. Тоқпан жілік жауырынмен қозғалмалы байланысатын иық буынын түзіп, қолмен әр түрлі қимыл жасауға мүмкіндік береді. Тоқпан жіліктің ішкі қуысы сүйек майына толы болады.



Білек кәрі жілік және шынтақ сүйектерінен тұрады. Кәрі жілік шынтақ сүйегімен білектің шынтақ буынында айналмалы қозғалыс жасайтындай болып байланысқан.

Қол бас сүйектерінің үш бөлімін ажыратады: білезік сүйектері, алақан сүйектері және майда сүйектерден тұратын саусақ сүйектері.

Жамбас белдеуі омыртқа жотасының сегізкөз бөлімінен және екі жамбас сүйегінен тұрады. Жамбас сүйектері мен сегізкөз омыртқа бағанасын, яғни бүкіл дене сүйенетін тірек түзеді. Жамбас белдеуіне аяқтың еркін қозғалатын сүйектері мен бұлшық еттер жалғасады. Жамбас белдеуі олар үшін тірек болып табылады және олардың қозғалуына қатысады. Жамбас белдеуі ішкі мүшелерді қорғайды және оларды ұстап тұрады.

Аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне: ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйегі және майда 26 сүйектен тұратын толарсақ (тілерсек), табан және бақай сүйектері жатады.

Тік жүруге байланысты адамның аяқ басы жүрісті қамтамасыз ететін күмбез тәріздіпішінге ие болады.

Сергіту сәті

Сабағымызды ары қарай сайыс түрінде өтеміз.

Сайысымыздың кезеңдері

1.Тұжырымдамалық картамен жұмыс

2. Биологиялық диктант

3. Шыңға шығу ойыны

4. Сүйек бөлімдерін атау

5. Топтастыру кезеңдері

1.Тұжырымдамалық карта

3- кезең. Биологиялық диктант

Омыртқа жотасы . . 33-34. . . . . . омыртқадан тұрады

2. Жауырын — . . . .(кеуде) . . . . қуысының артқы жағында орналасқан үшбұрышты (жалпақ сүйек.)

3. Адамда әдетте, доға тәрізді иілген жалпақ ............(12 жұп)............ қабырға болады.

4. Бұғананың бір ұшы . . . . (төстің). . . . . . жоғары ұшымен, екінші ұшы — (жауырынмен). . . . . . . . . . қосылған.

5. Шүйде сүйегінің үлкен тесігінде . . . (ми). . . . мен. . . . (жұлын). . . . . жалғасады.

6. Жамбас белдеуіне аяқтың еркін қозғалатын . . . . .( сүйектері). . . . мен . . .(бұлшық еттері) жалғасады.

7. Тоқпан жілік . . . .(жауырынмен) . . . . . . . . қозғалмалы байланысатын . . (иық). . . . буынын түзеді

4-кезең. «Шыңға шығу» ойыны

Иық белдеуін түзетін сүйектер (бұғана, жауырын)

Сүйек қандай ұлпаға жатады? (дәнекер)

Қаңқа мен бұлшық еттен құралған жүйе. (тірек-қимыл)

Ең үлкен табын сүйегі – (Өкше)

Адамда неше қабырға болады? (12 жұп)

Қолбасы сүйектері нешеге бөлінеді? (білезік, алақан, майда сүйектері)

Омыртқа жотасының саны?( 33-34)


Сүйектің сырты немен қапталған? (сүйек қабық)

Адам қаңқасы неше сүйектен тұрады? (200 жүзден астам)

Омыртқа жотасының ұзындығы адам бойының неше пайызын құрайды?(40%)

Кеуде қуысына қандай сүйектер жатады? (төстік, қабырға, омыртқа)

Адам қаңқасы нешеге бөлінеді?(бас сүйек, тұлға, аяқ-қол)

Толарсақ неше сүйектен тұрады?( майда 26 сүйек)

Қаңқа қандай қызымет атқарады?(денемізге тірек болып, пішінін сақтайды, қорғаныштық және қан түзілу қызметін атқарады, зат алмасуға қатысады)

5-кезең. Сүйек бөліктерін табу

6-кезең. Топтастыру стратегиясы

Сабағымызды қорытындылай келсек, біз бүгінгі сабағымызда адам қаңқасымен таныстық балалар! Адам тепе-теңдікті ұстамағанда скалиоз ауырына әкеп соқтырады екен, оданда басқа омыртқа жотасының арасына ет өсіп кетуі ауыруға әкеп соқтырады. Осындай т.б. ауыруларды емдеу үшін біздің елімізде де арнайы жабдықталған құралдар дамып келеді. Тіпті өзіміздің Ақтөбе қаласындада ултракүлгін сәулелер арқылы омыртқа жотасының арасына өскен етті алып тастайды. Бұл ауру асқынып кеткен жағдайда сүйекке түсіп рак ауруына айналуы мүмкін. Осындай апараттардың пайда болуы, ауруханалардың салынуы, мұның барлығы келешек ұрпақ мына сендер үшін тәелсіз мемлекетіміздің қамқорлығы.

Бағалау.

Үйге тапсырма. V бөлім. Тірек – қимыл жүйесі. §21. Сүйектер, бүлшық ет, сіңірлер - тірек қиымыл жүйесінің құрамдас бөліктері. Олардың маңызы. Қаңқада сүйектердің байланысуы. Буындардың құрылысы.






























Көкбұлақ орта мектебі











Ашық сабақ





Биология пәні

8-класс



Сүйектер, бұлшық ет, сіңірлер - тірек қиымыл жүйесінің құрамдас бөліктері. Олардың маңызы. Қаңқада сүйектердің байланысуы. Буындардың құрылысы.



Биология пәнінің мұғалімі: Бекбаев Ануар Султансиыкович











2017-2018 оқу жылы










ЖИ арқылы жасау
21 Желтоқсан 2017
409
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі