Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасы
Тақырыбы: Көкпар-ұлттық ат спорты ойыны.
Орындаған: ДШжС білім беру бағдарламасы 3-курс студенті Валерий Зина Валерийқызы
Ғылыми жетекші: аға оқытушы магистр, Куспонов Нурбол Сагиндикович
Орал 2022
Жоспар
1.Кіріспе....................................................................................3
Көкпар туралы жалпы ақпарат.
2.Негізгі бөлім...........................................................................4
1.Шығу тарихы.
2.Ойын шарты.................................................................5
3.Көкпар федерациясы...................................................6
4. Қазақстандағы көкпардың шығу тарихы....................7
3. Қорытынды..............................................................................8
Қолданылған әдебиттер...................................................9
Кіріспе
Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойын атауының шығу тегіне байланысты бірнеше нұсқалар бар: “көк бөрі” немесе "көк бөрте". Тағы бір нұсқасында "көкпар" сөзіндегі "пар" бөлшегі паршалау, пәрелеу деген сөздерден шыққандығы айтылады.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.
Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз тілінде "көк бөрү", “улак тартыш (тартуу)”, тәжік тілінде “бузкаши” деп аталады. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны Көкпарға өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған.
Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды.
Көкпарды ойын ретінде кез келген ауылда ойнай беруге болады, оған мінетін ат пен бауыздалған серке болмаса тұлып болса жеткілікті. Ал оған спорт ретінде қарауға болмайды.Бірақ ол спорт емес, оған спортқа сәйкес бапталған ат пен көкпаршыдан бастап, киім мен әбзелдерге дейінгі ұсақ-түйектің бәрі ойластырыла қамтылады. Спорт-көкпардың серкесі бауыздалған ешкі болуымен немесе дәстүрмен шырмалуы міндет емес. Оның дәстүрге қаныққан бірақ спортқа икемді ережесі мен снаряд-жабдығы және барлық өлшемдер мен талаптарды қанағаттандыратын алаңы болуы шарт.
«Көкпар» атауын көптеген зерделеушілер,этимологиялық жағынан мифологиясы қанық болғандықтан, белден басып, «көк бөрі» сөзінен шыққан деуге әуес болып жүр және оның лингвистикалық құбылысын ашпаған күйі қалдырады. Шын мәнінде көк бөрі – көкбөр – көкбор – көкпар түріндегі тізбекке айналатындай,үндесім заңына бағынғыш түркі тілі «көк бөрі»-ден «көкпар» сөзін тудыруы екіталай, мүмкін емес. Ал, керісінше «көкпар»-дың көкпөр – көкбөр түрінде өзгеріске ұшырау мүмкіндігі мол. Бірақ «көк бөрі» атауының «көкпардан» туындағанына лингвистикалық жағынан сенімді болғанымызбен, тарихи жағынан сенім жоқ. Ендеше бұлар бір бірінен туындаған атаулар емес, екеуі екі бөлек түрде туындауы ықтимал.
Мәселен, сақ заманында бөріше киінген қатысушылардың ешкіні көкпарға тартқанымен, оның «көк бөрі» атауы бөріні пір тұтқан көк түркілер дәуірінде шығуы мүмкін. Бұл ойыншыларды мифтік көк бөріге теңеп, оның жемтігі ешкіні тартып, таласып ойнауды дәріптеген ежелгі танымның табы бар. Бұған Ә.Марғұлан келтірген В.В.Радлов жазбаларының куәгерлігі мол.
Негізгі бөлім
Көкпардың шығу тарихы
Қазақстан көкпар командасы қатарынан ІХ рет КСРО чемпионатының чемпионы атаныпты.
1958 жылдан бастап КСРО чемпионатында ұйымдастырылған көкпар ойынының ережелері әр кезде өзгеріп, жетілдіріліп отырған. Алғашқы чемпионаттарда ойын алаңы ортасында жалғыз шеңбер болған. Көкпар ойыны алаңының көлемі – ұзындығы 70 метр, ені 25 метр шамасында. Бәсеке ортадағы шеңберден басталады. Алаңның екі шетінде жалау бекітілген екі бағана тұрады. Ортадағы шеңберден серкені жұлып алған көкпаршылар, өз жағындағы бағананың ту сыртына өтіп кетсе бір ұпай жазылады. Бірнеше чемпионаттан кейін алаңдағы жалау бекітілген бағаналар алынып тасталып, оның орнына екі шетке қазіргі көкпар алаңындағы шеңберге ұқсас екі шеңбер сызылады. Сол шеңберге серкені ең көп тастаған команда жеңіске жетеді.КСРО чемпионатында көкпаршылар ойынға шыққанда бастарына хоккейшілерге арналған «каска» киетін болған. Бәсекеге әр командадан бес ойыншы қатысады. Ойын басында ортадағы шеңберде жатқан серкеге төрешінің ысқырығынан кейін екі көкпаршы таласады. Екеуінің бірі серкені қарсыласынан тартып алып, тақымға басқан соң төреші тағы ысқырық шалады. Екінші ысқырықтан соң қалған көкпаршылар ойынға қосылады.
КСРО чемпионаты Ресейдің Пятигорск қаласында екі рет (1962 жылы және 1985 жылы), Краснодар қаласында төрт рет (1982, 1983, 1984, 1986 жылдары), Қырғызстанның астанасы Бішкекте (1977 жылы), Грузия астанасы Тбилисиде (1987 жылы), Украинаның астанасы Киевте (1988 жылы) өткізілгені туралы мәліметтер бар. Қазақстанда Бүкілодақтық ат спорты ойындарынан басқа Алматы қаласының атшабарында 1965 жылдан бастап колхоз, совхоз шабандоздары және жылқы зауыдтары арасындағы Бүкілодақтық жарыс бірнеше мәрте өткізілген.
Одақтың он бес республикаларының таңдаулы 500-ден астам шабандоз спортшылары қатысатын бұл айтулы бәсекеде қысқа, алыс қашықтықтағы бәйгелер, кедергілерден ат секірту, қосарлап жегілген ат-арбамен жарысу, сондай-ақ, қазақтың және ортаазия, кавказ халықтарының көптеген ұлттық ат спорты ойындары тамашаланған. Кезінде ат спорты ойындарынан жүзден астам Одақтық рекордтар тіркелген осы Бүкілодақтық жарыс Алматы ипподромында 1965, 1968, 1970, 1974, 1980, 1982 жылдары өткізіліпті.
Көкпар ойынының шарттары.
Көкпар жазды күні, кең жазықта ойналады. Ойын өтетін жердің ұзындығы 50—60 метр, көлденеңі 25—30 метрден кем болмайды. Сол жазық алаңның бір шетіне шағын дөңгелек шеңбер сызылады да, ішіне құм түйілген ак, шүберек қойылады. Алаңның екінші шетінен де сондай сызық сызылып оны көмбе деп белгілейді. Ортадан сызық сызылады. Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді де сол ортадағы сызықта сан құрып тұрады. Ойынды жүргізу үшін екі топқа ортақ бір басқарушы тағайындалады. Орамал жатқан және көмбе етіп белгіленген жерде екі ойыншы бақылаушы болып тұрады. Басқарушының берген белгісі бойынша ойын басталады. Әр топтың ойыншысы құм түйілген шүберекке бұрын жетіп, оны көмбеге жеткізуге тырысады. Топтың қалған ойыншылары оған көмекке келеді. Ал қарсы топ, одан шүберекті алып, өздері апаруға тырысады. Қызу тартыс басталады. Ойынға қатысушылар айла-амал қолданып, алаңның ішінде бұлтарып қаша жүріп, өз тобының көмбеге бұрын әкелуін қарастырады. Бірақ белгіленген межелі жерден шығуға болмайды. Көмбеге белгіленген мерзімде жеткізген ойыншы ұпайды көбірек алады, Ойынға допты да пайдалануға болады.
Көкпар - көкпарда «Дода және жеке тартыс» аталатын екі түрлі әдіс қазақ арасында көп қолданылады. Екеуінде де ат пен жігіт сынға түседі. Қазір көп жерде дода тартыс қана ойналып жүр. Жеке тартыс әдісі ұмытылған не іске қосылмаған. Көкпардың бұл түрі көреременді қызыққа бөлейтін әдіс. Жеке тартыстың шарты бойынша қарсылыстар өз тобынан екі-екіден тартыскерлер шығарады. Сайланған төрт жігіт өздерінің қайрат-күшін елге танытады. Тартылатын серкені бір бала өңгеріп алып, алдын ала сарапшылар белгілеген бір жарым шақырымдай жерге апарып тастайды.Тартысқа шыққан жігіттер серкеге барғаннан кейін таласа-тармаса тұрып, жерден іліп алу амалын жасайды.
Қайсысы бұрын іліп алса, тақымына басып, қарсыласына ырық бермеуге тырысады. Ол да жармасып, бос сирақты тақымға басып, тартыса бастайды. Серіктері жолдастарын жебейді. Қайсысы көкпарды жұлып алса, серігіне береді. Ол топқа қарай ала қашады. Қарсыласы қуалайды. Жетіп ұстаса, қайта тартысады. Сөйте-сөйте көрерменге жақындайды. Осы арада көкпарды жұлып алған жігіт тез қимылдап, қарсылас топқа апарып тастайды. Ал аты ұшқыр , жүйрік жігіттер түптегі тартыста-ақ лақ қолына тисе, жеткізбей кетуі мүмкін. Көкпар тартуға араласа алмайтын қартттар, балалар көкпаршы жігіттердің осы ойынынан ләззат алады. Жүйрік атпен мықты жігіттің қайратына сүйсінеді. Біраздан кейін серкенің терісі жыртылып, сүйегі сөгіле бастайдыда, ел жапа-тармағай тартысқа кіріседі. Бұл дода деп аталады. Мұнда да мықты жігіттермен жақсы ат көзге түседі. Мықты жігіттер жүйрік атты жігіттерге топтан көкпарды шығарып береді. Олар ала қашып, ерекше бір жақсылығы бар үйге апарып тастайды. Салт бойынша ол үй жаңа көкпар береді. Осыдан арғы көкпардың бәрі дода әдісімен өтеді.Ойын жастардың дене күшін, жүгіру қабілетін жетілдіріп, денелерін шыңдап, денсаулықтарын жақсарта түседі.
Көкпар федерациясы
2001 жылы күзде Бішкек қаласында халықаралық «Көкбөрі» федерациясы құрылып, оның жаңа ережесі бекітілді. Бұл көкпардағы үлкен жаңалық еді. Сонда ең алғаш «Қазандық» ережесі енгізілді. Содан бері көкпар ұзындығы 200, ені 80 метрді құрайтын арнайы алаңда өткізілетін болды. «Қазандық» арасындағы ұзындық 120 метр, орталықтан бастап «қазандыққа» дейін 60, «қазандықтан» бастап ойын алаңының сыртқы сызығына дейін 40 метр. Айып алаңы «қазандықтан» бастап 20 метр, орталық және айып алаңындағы шеңбердің диаметрі 8 метр.
Меніңше, көкпар ойынының екі мыңжылдық тарихын төрт кезеңге бөлу дұрыс. Бірінші кезең дәуіріміздің VI – XVIII ғасырлары аралығын қамтиды. Түрік қағанаты, Дешті Қыпшақ, Алтын Орда, Қазақ хандығының даму тұсы XIII ғасырға созылған көшпенділер спортының қалыптасу кезеңі. Екінші кезеңі – Ресей империясының қарамағында бодан болған тұсымыздағы көкпардың дамуы. Толық XVIII-XIX ғасырлар мен XX ғасырдың басына дейінгі 217 жыл. Байтал түгіл бас қайғы болған заман. Үшінші кезең – Қазан төңкерісі болған.
1917 жылдан Кеңес Одағы тараған 1991 жылға дейінгі аралық. Бұл екі кезеңде көкпардың аты сақталғанмен, айтарлықтай дамыды деп айта алмаймыз. Ең соңғы, төртінші кезең – бұл Қазақстан тәуелсіздік алған 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бүгінгі күнге дейінгі аралық. Ұлттық ойынымыздың жұлдызы жанып, айы оңынан туа бастаған кезеңі.

1-сурет. Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды.
Қазақстандағы көкпардың шығу тарихы.
Қазақстанда 1949 жылы Көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Осыған сәйкес Көкпар жарысын арнаулы алаңда, командалық сипатта өткізу белгіленді. Ал 1958 жылдан Көкпар бәйге алаңдарында өткізіліп келеді. Алаң көлемі қатысушылар санына байланысты. Алаңның әр бұрышына қызыл жалаушалар ілініп, ал оның екі жағында диаметрі 10 метрлік шеңбер (“отау”) сызылады. Алаң ортасында диаметрі 6 метрлік шеңбердің дәл ортасына Көкпар қойылады. Жарыс басталар сәтте командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады.
Ойын жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8-15 минут аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының “отауына” жеткізу. Көкпар “отауға” жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді.

2-сурет. «Көкпар» деген сөз «көк» және «бөрі» деген екі есім сөздің кірігуінен пайда болды деген ойды А. Қалиұлы айтып өтеді: «Көкпар тарту – әскери жаттығулардың бір түрі. Түрік қағанатындағы «Дербес бөрі жасақ» дегеніміз осындай жаттығудан өтіп сайланған батырлар тобы еді», – деп тұжырымдайды.
«Көкпар» деген сөз «көк» және «бөрі» деген екі есім сөздің кірігуінен пайда болды деген ойды А. Қалиұлы айтып өтеді: «Көкпар тарту – әскери жаттығулардың бір түрі. Түрік қағанатындағы «Дербес бөрі жасақ» дегеніміз осындай жаттығудан өтіп сайланған батырлар тобы еді», – деп тұжырымдайды.
Қорытынды
Қорытындылай келе, көкпар — қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Дәстүрлі қазақ қоғамында көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды.
Бұл жарыста салт
аттыларға оңай тимейді. Өйткені салмағы 30–40
кг немесе 50–60 кг болатын бассыз серкені (ешкі)
спортшылар жерден көтерулері немесе қарсылас команда ойыншысынан
тартып алып «мәре салым» қарсыласының қазандығына салулары
керек.
Қарсылас команданың ойыншысынан серкені тартып алуға,
басқа ойыншыға беруге рұқсат
етіледі.
Серкені қанжығаға байлап
алуға, қарсылас командалардың аттарын аяғынан ұшырып түсіруге,
оларды шықпыртуға, үркітуге, атты екі аяққа көтеруге тиым
салынады.
Көкпар ойыны арнайы көкпар үшін
жабдықталған ұзындығы 200 метр, ені 80 метр,
қазандық арасы 120 метр, орталықтан бастап «мәре салым»
қазандыққа дейін 60 метр алаңда бекітілген ережеге
сәйкес өткізіледі.
Ойын арнайы бекітілген көкпар
ойынының ережесіне сай әрқайсысы 20 минуттық 2
кезеңде өткізіледі. Әр кезең аралығында 10 минуттік
үзіліс болады.Ойында қарсыласының қазандығына ең көп салым
салған команда жеңімпаз болып танылады.
Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен
ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады.
Сонымен қатар көкпар — аттың қалай бапталып үйретілгенін,
жүйріктігін-де сынайтын
спорт.
Қолданылған әдебиеттер
-
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9
-
↑ Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
-
Құрманбаевва С.К. «Ұлттық ойындардың бүгінгі мен келешегі», «Алматы» 2004 жыл,209 б.
-
Несіпбаев Б.К. «Ұлт мәдениеті мен өнері», «Білім» 2003жыл,198 б.
-
Атабаев А.С. «Ұлттық ойындар- халық мұрасы», «Кітап» 2006 жыл, 275 бб.
-
Наурызбаев Ж. «Ұлттық мектептің ұлы мұраты», «Алматы» 1995 жыл, 98б.
-
http:www.info-tses.kz/red/article.php?article=45674
-
http://www.tumba.kz/index.php?option=com content&view=article&id=1948<emid=&
7
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көкпар-ұлттық ат спорты ойыны

шағым қалдыра аласыз