Абай аудандық білім
бөлімі,
математика пәні
мұғалімдерінің қауымдастығы
Мұғалімдерге қашықтықтан
оқытылатын
сабақтарды ұйымдастыру мен
өткізуге арналған
ЖАДЫНАМА
КІРІСПЕ
Бүгінгі күні COVID-19
пандемиясы бүкіл әлемнің білім беру жүйесіне бұрын-соңды болмаған
қиындық әкелді: ЮНЕСКО деректеріне сәйкес, 138 мемлекет мектептері
мен университеттерін еріксіз жауып отыр. Бұл 1,37 миллиард балалар
мен жастарды – әлем тұрғындарының 80%-н білім алу мекемесінен қол
үздірді. ЮНЕСКО аталған жағдай шұғыл түрде ұжымдық әрекет етуді,
тұрақты, инновациялық және ашық білім беру жүйесін құруды, оның
ішінде қашықтықтан оқытудың әлеуеттік үлесін пайдалануды талап
ететінін атап өтті (UNESCO, 2020).
Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының (ДДСҰ) жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп
жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау
мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан
Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілді . Бұл
шешім Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне де объективті
әсерін тигізді.
Берілген жаднаманың мақсаты –
Мұғалімдерге қашықтықтан оқытылатын сабақтарды ұйымдастыру мен
өткізуге Ата-ана мен оқушыларға қашықтықтан оқу жағдайында көмек
көрсету.
ПАЙДАЛЫ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРДЫ
ПАЙДАЛАНЫҢЫЗДАР:
https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/activities/3317?lang=kk
https://www.youtube.com/watch?v=CmhS9WSeYj8
https://www.youtube.com/watch?v=kJ8QkvzHjuc
https://www.youtube.com/watch?v=wrIJxRpb6w0
https://www.youtube.com/watch?v=0hTlhuMFdcM
-
Балаңыздың бойына сенімділікті
орната біліңіз: мысалы, "Мен - ақылдымын", "Мен - батылмын", "Менің
қолымнан бәрі келеді";
-
Балаңызға сеніңіз. Сіздің
сеніміңіз баланың жағымды істерін жүзеге асыруға
көмектеседі;
-
Балаңызды ашық әңгімеге
тартыңыз. Оқуда болып жатқан жетістіктері мен қиындықтары туралы
сөйлесіңіз;
-
Күн сайын балаңызды құшақтап,
мақтауды ұмытпаңыз.
ҚАШАҚТЫҚТАН ОҚЫТЫЛАТЫН
САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДА МҰҒАЛІМГЕ ҚОЙЫЛАТЫН
ТАЛАПТАР
Техникалық даярлықты
қамтамасыз ету және жұмыс орнын
дайындау
-
Дербес компьютердің
болуы
-
Сымды немесе сымсыз кеңжолақты
интернетке (кеңжолақты) қосу (3G немесе 4G /
LTE)
-
Динамика және микрофон –
кірістірілген немесе USB немесе сымсыз
Bluetooth
-
Жұмыс ахуалын жасайды, сабақты
өткізген кезде бөлмедегі тыныштықты
сақтайды
-
Веб-камераның қамту аймағын
тексереді (көрсету аймағына артық заттардың түспегендігіне көз
жеткізуі: отбасы мүшелері, шашылған заттар және
т.б)
-
Интернет желісіне қамтуымен
қосылған IOS немесе Android-тегі мобилдік құрылғының (смартфон
немесе планшет) болуы
1
-
Педагогтің беделі және
желілік әдепті сақтауы
-
Мұғалімнің сыртқы келбеті
ұқыпты, киімнің классикалық қатаң нұсқасын
таңдау.
-
Дауыс ырғағын алдын-ала
жаттықтыру.
-
Виртуалды ортада жағымды
психологиялық ахуалды қамтамасыз
ету.
-
Әртүрлі мультимедиялық
технологиялар арқылы оқу процесіне мұғалім келесі мәселеге назар
аудару керек
-
Сөз;
-
Мәтін;
-
Қ
ол
-
Жігерілілік
-
Көзқарас
БАЛАЛАРҒА ҚАШЫҚТЫҚТАН
ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН
ЖАДНАМА
Әкелер мен
аналар!
-
Балаңызбен күн тәртібін
жасаңыз. Күн тәртібі - балаңызға уақытты тиімді өткізуге
көмектеседі;
-
Балаңызға қашықтықтан оқытудың
тиімділігін және бұл да сабақтың түрі екенін
түсіндіріңіз;
-
Балаңызға тыныш, қолайлы,
қашықтықтан оқуына еш кедергі келтірмейтін жайлы орын дайындап
беріңіз;
-
Қашықтықтан оқу балаңыздан
оқуға деген ерекше ынтаны қажет ететінін естен
шығармаңыз;
-
Балаңызға үй тапсырмасын
орындауға көмектесіңіз, алайда өзіңіз орындап
бермеңіз;
-
Балаңыздың үй тапсырмасын
әркез орындауын қадағалаңыз;
-
Мазасызданбаңыз. Сіздің
көңіл-күйіңіз балаңызға берілетінін естен шығармаңыз. Шыдамды
болыңыз. Балаңыздың жаңаны меңгеруіне уақыт
беріңіз;
-
Отбасыңызда жылылық,
жағымдылық атмосферасын орнатыңыз;
-
Балаңыз жеке тапсырма орындап
жатқанда, сіз де өзіңізді дамытатын кітап
оқыңыз;
Сергіту сәті және
денсаулық
-
әрбір бейне сабақтан кейін
үзіліс уақытында көзге арналған жаттығу кешендерін
жасау;
-
жылдам жыпылықтату, одан кейін
5-ке дейін баяу санап, көзді жұму, 4-5 рет
қайталау;
-
көзді қатты жұму және 3-ке
дейін санау. Көзді ашу және алысқа қарау, 5-ке дейін
санау;
-
1-ден 5-ке дейін санай отырып,
созылған қолмен сұқ саусаққа карау, одан соң жанарды алысқа1-ден
6-ға дейін санап ауыстыру.
Жаттығу көз қозғалысының
амплитудасы арқылы экраннан бұрылу , ырғақты тыныс алу арқылы
отырып немесе тұрып орындалады.
Қашықтан оқытылатын сабақ
мазмұнына қойылатын техникалық
талаптар:
Кескін:
- рұқсат етілетін форматтар:
JPEG, JPG, PNG, SVG, GIF;
- бір файлдың көлемі – 100 Mb
жуық;
Аудиожазбалар:
- рұқсат етілетін форматтар:
MP3, WAV;
- бір файлдың көлемі: 100 Mb
жуық;
Бейнежазбалар:
- рұқсат етілетін форматтар:
MP4, MOV;
- бір файлдың көлемі - 200 Mb
жуық;
- бейнежазбаның ұзақтығы - 10
минутқа жуық.
Тестік
тапсырмалар:
Googlе форма, Kahoot және т.б.
басқа веб- сервистерде құрастырылады және
редакцияланады
Хабарларды жедел алмасу
үшін мұғалім мен оқушының арасындағы виртуальдық байланыс кезінде
қойылатын техникалық талаптар (WhatsApp, Telegram және
т.б.):
- топтық чатты құру (өз
сыныбын қалыптастыру үшін
ыңғайлы);
- құжаттарды беру (100мб),
фото (20 мб), бейне (64 мб), аудио
материал;
- бейне және аудио қоңыраулар
(бір уақытта 8-ден аспайтын бейне қоңырау жасауға
болады);
- мәліметтердің шифрлануы
қолданылады (қауіпсіздік)
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ
ЖӨНІНДЕГІ
БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН
ЖАДЫНАМА
Қадірлі
оқушы!
Қашықтықтан оқыту жағдайында
Сіздерге уақытты тиімді пайдалану және оқу режімі мен күн тәртібін
сақтау қажет:
-
Т аңертең
үнемі біруақытта тұру. Ұйқыдан тұру мен оқу арасы кемінде 60 минут
болуға тиіс(ояну, ас ішу, сабаққа
даярлану)
-
Күн тәртібін қашықтықтан
оқытылатын сабақтардың қосымша кестесін ескеріп, ұйымдастырған
жөн.(Сабақ арасында тынығу, дене жаттығуы мен көзді сергіту және
бөлмені желдету)
-
Күнделікті үй тапсырмасын
орындак керек.
Интернетте жұмыс істеу
ережелері
-
Бейтаныс сайттарға
кірмеңіз.
-
Ешқашан ешкімге өз құпия
сөзіңізді жібермеңіз.
-
Ересектердің бақылауынсыз
ешбір жағдайда даинтернет желісінде танысқан адамдармен
жолықпаңыз.
-
Интернетте орналасқан барлық
ақпаратқа сенуге болмайды.
-
Экрандағы маңызды
мәліметтермен компьютерді қараусыз
қалдырмаңыз
-
Жалпыға қолжетімді маңызды
мәліметтерді компьютерде
сақтамаңыз.
Гигиенаның қарапайым
ережелері:
-
жеке гигиена қағидаларын қатаң
сақтау- тісті тазалау, таңертең және кешке жуыну, таңертең және
кешке, сондай-ақ тамақ ішер алдында бет пен қолды
жуу,
-
күн тәртібін
сақтау;
-
жұмыс орнын
ұйымдастыру;
-
таза ауада
серуендеу;
-
таңертең дене шынықтыру және
сабақтардың арасында үзілістер кезінде сергіту сәті кешендерін
орындау;
-
уақытында
тамақтану.