Көптілділік мақаласы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көптілділік мақаласы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл мамандарына қажетті мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көптілділік – жетістікке жету жолы

Қазіргі заман талабына сай әр адам бірнеше тілді білу қажет деп ойлаймын. Үш тілде оқыту заман талабы десек, оның негізгі мақсаты — бірнеше тілді меңгерген, əлеуметтік жəне кəсіптік бағдарға қабілетті, мəдениетті тұлғаны дамыту жəне қалыптастыру. Қазіргі мемлекеттік тіл-қазақ тілі және барлық құжат осы қазақ тілі арқылы толтырылады және тілдік қатынас құралы болып саналады. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл деп жаңа айтып өттім, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мəдениетін, толеранттілігін жəне планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Қазіргі жастар бірнеше тілді біледі және сол арқылы ғаламторға да еркін байланыс жасап жүр. Мұның барлығы қуантарлық іс деп білемін. Сонымен қатар қазақ елінің қарқынды дамып және ел болашағын ойлар жастардың терең білім алуларына айқара жол ашық деген сөз.

Қазіргі кезде білім алушыларға ағылшын тілін оқытудың əр түрлі деңгейлеріне сəйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық жəне компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Шетел тілін оқытуда лингафондық құрал- жабдықтар, аудио-видеокешені оқушылардың ауызша жəне жазбаша аударудағы білімін жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылады. Міне сондықтан өз басым көптілділік деген ұғымды қолдап ғана қоймаймын, қолымнан келгенше сол мақсатта жұмыс жасаймын. Өзім ұстаз болғандықтан сабақ кезінде осы көптілділікке көп мән беремін және сол тұрғыдан тапсырмаларды орындатуға тырысамын.

Көптілді білім — көп мəдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп семинар, конференциялар, практикалық сабақтар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, өзара сабаққа қатынасып талдау, оқушылардың зерттеу жұмысымен айналысулары, сонымен қатар білім алушылардың жеке ізденіс жұмыстарына басшылық ету.

Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың: «Тілдердің үштұғырлығы мəдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл əлемге халқы үш тілді пайдаланатын мəдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар — қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі», — деген үндеуінен бастау алған болатын.  Бұл деген елдің ертеңгі болашағы-жастардың ел тізгінін ұстар,білімді, сауатты болсын деген ойдан туған мақсат. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»-деп айтылғандай, өз тіліміздің де тамырына балта шабылмауын ойлауымыз да керек. Қай ақын-жазушыларымызды алсақ та тіл мәртебесіне өте зор мән берген. Қазақтың бас ақыны Абай атамыздың өзі де көптілділікке қарсы болмағанын шығармаларынан аңғаруға болады. Орыстың ғұламаларымен де достасып, шығармаларына аударма жасағанынан-ақ көзіміз осыған анық жетеді.

Қазіргі жаһандану заманында бұл көптілділдік маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Осыған сіз бен біз болып өз үлесімізді қоссақ деген ойдамын. «Тілі бірдің — тілегі бір», «Тіл тағдыры — ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі — тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету әр жанның парызы болмақ. Ендеше, жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мəңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу — басты міндетіміз және оны орындату мақсатымыз деп білемін.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіндей» келіп, «Тіл үйрену үшін қажеттілік не мәжбүрлік емес, шынайы қызығушылық болуы маңызды.»-деп А.Б.Августиннің сөзімен аяқтағым келеді.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2020
320
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі