Критериалды бағалау — білім жетістігінің кілті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Критериалды бағалау — білім жетістігінің кілті

Материал туралы қысқаша түсінік
"Критериалды бағалау — білім жетістігінің кілті" коуч
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Білім мазмұнын жаңарту аясында тарих сабағында оқушылардың

оқу жетістіктерін критериалды бағалау.

Жаңа заман талабына сай білім саласындағы жаңа бағыттардың бірі — критериалды бағалау. Ол - білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу - танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқындалған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты мектепте оқыту сапасын жоғарлату, мектеп  оқушыларының білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіруден туындап, оның басты ерекшелігі белгіленген.


Критериалды бағалау - бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына

негізделген оқушының оқу- танымдық

құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала

белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі.


Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

  • Мектепте оқыту сапасын жоғарлату;

  • Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру;


Ұстанымдар негіздері:

  1. Бағамен оқушының жұмысы бағаланады.

  2. Дескрипторлар оқушыға алдын - ала белгілі болуы шарт.

  3. Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет.

  4. Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет.


Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

    • Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы;

    • Анық, айқындылығы;

    • Бағаның әділдігі;

    • Оқушының өзін бағалауына мүмкіндіктің берілуі.


 Критериалды бағалаудың функциялары:

  • Ынталандыру

  • Белсенділік

  • Түзету

  • Дамытушы


Принциптері:

  • Нақтылық

  • Әділдік

  • Жүйелік

 

 

Критериалды бағалау міндеттері оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтауға, оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауына, оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыруға, сондай-ақ оқу бағдарламасының тиімділігін бақылауға, оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз етуге негізделген.

Осы орайда критериалды бағалаудың артықшылықтарына назар аударуға болады: Оқушылар нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білуге, түсінуге, рефлексияға қатысуға, яғни өзін және өз достарын бағалауға, нақты тапсырмаларды орындауда өз білімдерін қолдануға, ойларын еркін жеткізе білуге, сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыланады. Қалай оқу керектігін пайымдайды.

Критериалды бағалау мұғалімдер үшін де сапалы нәтиже алуға ықпал ететін критерийлерді құрастыруға, өз жұмысын талдап, жоспарлау үшін ақпарат алуға, оқу үрдісінің сапасын жақсартуға, әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып,  бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға, оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мол мүмкіндік береді.

Тапсырманы орындау барысында оқушыларға ең алдымен критерий таныстырылып, олардың неден бағаланатынын айту керек. Оқушы бірте-бірте өзі де назар аударатын болады.  Критерийлер оқу тапсырмасының дұрыс орындалу жолдарының айқын, нақты көрсетілген көрсеткіштерінен тұрады, ал сол көрсеткіш бойынша бағалау – оқушының белгіленген мақсатқа қаншалықты жеткендігінің дәрежесін анықтау. Оқу мақсаттары оқушы бойында осы дағдылардың қалыптасуына негізделген. Сабақтарда белсенді іс-әрекеттерді, топтық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, оқушыны білуге жетелеу, ұмтылдыру мұғалімнің кәсіби шеберлігін қажет етеді. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын да ұтымды әрі нақты құру жақсы нәтиже бермек.

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
• Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;
• Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
• Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
• Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
• Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
• Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
• Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;
• Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
• Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге

Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
• Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
• Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді;
• Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі;

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар,




Қалыптастырушы бағалау – оқушының сабақтағы жұмыс үрдісінде білімі мен дағдысының дәрежесін анықтау. Ол оқушыларға білім алудың мақсаты мен міндеттеріне қаншалықты жеткені, жаңа тақырып меңгеру кезінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап жатқаны туралы түсінік береді.

Осыған байланысты мен сіздерге сабақты қорытындылаудың бірнеше әдістерін ұсынбақпын.

  1. Оқушының сабақтағы жұмысын бақылау парағы


Аты-жөні


Бақылау ұзақтығы

Өзіндік пікірлер келтіру

Сұрақтар қоюы

Сұрақтарға жауап

беруі

Топ жұмысына

Топ жұмысына араласуы

Оқушының жұмысы бойынша мұғалімнің қорытынды пікірі








  1. Оқушының пікірталасқа қатысуын бақылау парағы



Оқушының аты-жөні __________________________________________



Қандай жілікте

Әрекеттері


Әрқашан




Әдетте


Кейде


Ешқашан

Берілген тапсырма мен сұрақтарды түсініп алуға тырысып, басқалармен бөліседі.





Оқулыққа сүйенбей, идеялар мен ойлар келтіреді.





Тыңдай біліп, сөйлеушіні қуаттап отырады





Өз пікірлерін дерек көздерімен немесе практикамен дәлелдейді.





Пән ауқымда қалмай, пікірлерін кең тұрғыдан қалыптастырады.





Пікірлерді қорытындылау мен жалпылауламаға ұмтылады.






  1. Оқушының сабақтағы жұмысын бақылау парағы


Аты-жөні

 

Өзіндік пікірлер келтіру

Сұрақтар қоюы

Сұрақтарға жауап

беруі

Топ жұмысына араласуы

Оқушының жұмысы бойынша мұғалімнің қорытынды пікірі

 

 

 

 

  1. Оқушының пікірталасқа қатысуын бағалау парағы


 Оқушының аты-жөні __________________________________________

 

 Қандай жиілікте

Әрекеттері

 

Әрқашан  

 

Әдетте

 

Кейде

 

Ешқашан

Берілген тапсырма мен сұрақтарды түсініп алуға тырысып, басқалармен бөліседі.

 

 

 

 

Оқулыққа сүйенбей, идеялар мен ойлар келтіреді.

 

 

 

 

Тыңдай біліп, сөйлеушіні қуаттап отырады

 

 

 

 

Өз пікірлерін дерек көздерімен немесе практикамен дәлелдейді.

 

 

 

 

Пән ауқымда қалмай, пікірлерін кең тұрғыдан қалыптастырады.

 

 

 

 

Пікірлерді қорытындылау мен жалпыламалауға ұмтылады.

 

 

 

 



  1. Оқылған тақырып бойынша өз көзқарастарын тұжырымдайды.


Дескрипторлар

Жетті

Талпынады

Қорытынды

жетті

талпынады

Тақырыпқа сәйкес ақпаратты таңдады.





Тақырып мазмұнына сәйкес жауапты тапты.



Тақырыптың негізгі ойын анықтады.



Тақырыптағы сөздердің мағынасын ашты.





Тақырыптағы термин сөздерді таба алды.





  1. Топ жұмысын бағалау кестесі










Критерий-лер

Топ мүшелері

Идеялар-ды

ұсыну

Жолдаста-рын топ жұмысына жұмылдыру

Идеялар-дың дербес- тігі

Сұрақ қою

Сұрақ-тарға жауап беру

Белсенді түрде тыңдау

Жалпы балл

Мұрат

+

+

+


+

+

5

Қаламқас



+

+

+

+

4

Дана

+

+




+

3

Топ бойынша

2

2

2

1

2

3

12 немесе 40%



  1. «Интервью алу»


Оқушының аты-жөні _________________________________________________

Талқыланатын сабақ тақырыбы ________________________________________

Сұрақтар

Оқушының жауаптары

  • Сабақ сізге ұнады ма? Өз пікірініңзді дәлелдеңіз.

  • Сабақтың ең ұтымды жерлері қандай болды?

  • Сабақ тақырыбының Сіз үшін қандай маңызы бар деп ойлайсйз?

  • Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба? Неліктен?

  • Осы тақырып бойынша тағы не білгіңіз келеді?

  • Осы тақырып бойынша қандай ақпарат көздерін қарастырасыз?

  • Сабақта қандай әрекеттер атқардыңыз?

  • Топ жұмысы қандай деңгейде өтті деп ойлайсыз? Неліктен?

  • Өз жұмысыңызға қанағаттанасыз ба?




Мұғалімнің аты-жөні _________________________________________________

Талқыланатын сабақ тақырыбы ________________________________________


Сұрақтар

Мұғалімнің жауаптары

  • Семинар қалайша өтті деп ойлайсыз?

  • Жоспарланған мақсаттарыңызға жеттіңіз бе? Оған қандай дәлелдер келтіресіз?

  • Семинардың ең ұтымды жерлері қандай болды деп ойлайсыз? Неліктен?

  • Бұл семинарға қандай өзгерістер енгізер едіңіз? Неліктен?

  • Семинар тақырыбының оқушылар үшін қандай маңызы бар деп ойлайсыз?

  • Оқушылардың бүгінгі үйренгені болашақта қалайша қажет болады деп ойлайсыз?

  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін қандай әрекеттерді қолданасыз?

  • Бүгінгі семинардан түйген ең маңызды ойыңыз қандай болды?



Сөзімді қорытындылай келе, критериалды бағалау —  бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпыс  болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні  белгілі.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2024
203
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі