ПСИХОСОМАТИКА: ІШКІ ЖАН ДҮНИЕНІҢ АЙНАСЫ.
ПСИХОСОМАТИКА – бұл психологиялық факторлардың тән ауруларының пайда болуы мен ағымына әсерін зерттеумен айналысатын медициналық психологияның бір тарауы. Психосоматика ілімінің аясында жеке тұлғаның мінез-құлықтары эмоциялық жай күйінің белгілі бір соматикалық ауру арасындағы байланыс зерттеледі. Жылдар бойы адамның асқазаны түйіліп ауыруы мүмкін. Қанша анализ тапсырса да, бәрі жақсы, бәрі дұрыс. Дәрігерлер «ауру емессіз!» деп шарасыздықтан қол сілтейді. Неден ауырып жатқанын білмегендіктен адам да беймаза күй кешеді. Мұндайда психосоматика деген теория барын еске салғымыз келеді. Теорияға сенсек, ағзадағы ауру эмоционалдық жай-күйімізге тікелей байланысты «Psychosomatic» грек тілінен аударғанда «psycho» (жан) және «soma, somatos» (дене) деген екі түбірден құралады. Бұл медициналық термин 1818 жылы пайда болған. Оны ойлап тапқан неміс психиатры Иоганн Хайнрот. Хайнроттан кейін психосоматика идеясын қолдаған екі атақты психиатр болған. Олар Зигмунд Фрейд пен Франц Александер. Екеуі де айтылмаған, іште қалған реніш, өкпе, ыза күндердің бір күні сыртқа дерт күйінде шығатынына сенімді болған. Психосоматика – адам психологиясының соматикалық аурулардың пайда болуы мен ағымына әсері. «Соматика» термині «дене» деген ұғым береді, демек соматикалық ауру – бұл адамның физикалық денесінің ауруы. Психосоматикалық ауру дегеніміз себептері психикалық реакциялар мен көңіл-күйден болатын физикалық ауру.
Аурудың даму процесінде ауырсыну, қабыну, бөртпе түріндегі белгілердің көрінісі қосымша көрініс болып саналады. Негізгі рөл психикалық факторларға – мінез ерекшеліктеріне, типтік мінез-құлыққа, позитивті немесе негативті ойлауға байланысты болады. Демек, психосоматиканың тұжырымдары: ауруды тек физикалық әдістермен емдеу тиімді емес. Кешенді тәсіл, жан мен дененің жалпы терапиясын бір уақытта өткізу қажеттілігін көрсетеді.
Бүгінгі таңда заманауи медицина психосоматиканы көптеген ауруды анықтаудағы және емдеудегі, әсіресе, психикалық денсаулықтың көмекші құралы ретінде қабылдайды. Қазіргі заманғы ұғымда аурудың шығу тегін түсіндіруде көпфакторлылық қолданылып жүр. Физиологиялық, психикалық және әлеуметтік әсерлердің барлығы психосоматикалық аурулардың факторы ретінде қарастырылады. Ауруды емдеудегі әр түрлі амалдардың өзара оңтайлы әрекеттесуі, әр алуан көзқарастардан жалпыға ортақ бүтінді мүшелеп алу аурудың пайда болу себептерін анықтауға және оны емдеуге мейлінше нақты анықтама беруге мүмкіндік жасайды. Ал егер оны дұрыс шешсе, көп мәселелердің алдын алуға болады. Адам өз өмірінде стресс, уайым-қайғы т.б . әсерінен психологиялық дағдарысқа ұшырағанда әр түрлі ауруға душар болады. Психосоматика – психологиялық уайым –қайғы мен физиологиялық жағдайдың тығыз байланысын көрсететін психологиялық бағыт. Стресс – сыртқы қауіпке қарсы организм мен ішкі сананың қорғанысы. Стресс кезінде организмде «төтенше жағдай» орнап гормондар (адреналин, норадреналин, дофамин) бөліну процесі жылдамдайды. Тыныс алу, жүректің соғуы жиілеп, асқазан мен бүйрек тез жұмыс істейді. Осы жерден бастап психосоматикалық ауытқу пайда болады. Уайым күшейсе , ауру белгісі де күшейе түседі.Ауру адамды емдеу үшін оның ауруының басты себептерін анықтау қажет.Ол адам өміріндегі қиындықтармен, жағымсыздықтармен, дағдарыспен байланысты болуы мүмкін. Күйзеліске түскен жағдай арқылы эмоцияны анықтай отырып, оны сыртқа шығару арқылы адамның жеңілдеуіне, емделу жолын табуына мүмкіндік береді. Аурудың себебін табу арқылы психокоррекция және психотерапия жүргізе отырып, науқас адамды емдеуге болады. Психосоматика өзін-өзі сүюге, сыртқы дүниені қабылдауға, өзінің бұрынғы қателерін кешіруге, өз табиғатын қабылдауға үйретеді. Мұндай сенімге кірген адамның психикалық денсаулығы тұрақты, көңіл-күйі жақсы, көкжиектері де кең болады.
Психосоматикалық аурулардың себептері

Жүйке бұзылуларынан туындайтын физикалық патологияның пайда болу механизмі толық зерттелген жоқ. Дәрігерлер нақты бір мәнді белгіледі, науқас адамның жанының күйі мен көңіл күйі аурудың ағымына тікелей әсер етеді. Бірақ психосоматиканы жеке компоненттерге ыдыратып қарастыру әлі мүмкін емес. Психосоматика үкім емес. Адамдар бірдей жағымсыз өмірлік факторларда әртүрлі әрекет етеді. Ойлаудың негативтілігін адамның өзі қалыптастырады. Тіпті өмір біз қалағандай оң нәтиже бермейтін жағдайларда да әркім негативтілік процестерін басқара алады. Психосоматиканы емдеуге болады және міндетті түрде емдеуді қажет етеді. Психосоматикалық теория негізгі 5 эмоциядан құралады:
-
ашу-ыза
-
қорқыныш-үрей
-
қайғы-мұң
-
қызығушылық
-
шаттық-қуаныш
Алғашқы үшеуі ағзаға кері әсерін тигізеді. Адам ызаланса, қорықса, қайғырса, «қысу» механизмі іске қосылады. Керісінше, қызығушылық танытса, қуанса, жүрек секіріп кетердей болады. Жағымсыз эмоцияларды жанымызға жуытпау мүмкін емес. Ашуланбайық, қайғырмайық, уайымдамайық десек те, сезімімізге ерік береміз. Мұнымыз дұрыс. Себебі ашуға булыққан адам ұзақ уақыт бойы шеше алмай жүрген мәселенің нүктесін қоя салады, айта алмай жүргенін айтады. Сол арқылы өз өміріне қатысты маңызды шешім қабылдайды. Қорыққан адам ең алдымен өзін ойлайды. Бұл да керек сезім. Ал, уайым болса, жылап-сықтау арқылы шерден арылуға, өткен-кеткенге талдау жасау арқылы өмірге басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді.
Психосоматикалық теорияны қолдайтындардың ойынша бар бәле жағымсыз эмоцияда емес. Мәселе – ол эмоциялардың сыртқа шықпауында. Кез келген эмоция сыртқа шықпаса, ауруға душар етеді. Мысалы, ашуымызды көрсетпесек, ол ренішке айналады. Ал, реніш жанымызды жегідей жеп, бір күні қатерлі ісік болып шыға келеді.Ауру-сырқаудың пайда болуына кейде вирус пен бактериялар әсер етпейді. Ғалымдардың есебінше, 32-40% жағдайда дертке душар ететін стресс, жан азабы және ішкі конфликт. Ғалымдардың айтуынша, дене ауруларының 32-40%-ы күйзеліс пен жан жарақатынан пайда болады. Яғни, адамның өмірге деген көзқарасы ағзаға да әсер етуі мүмкін. Мысалы, үнемі жаман нәрселерді ойлау әдетке айналса, ол созылмалы ауруға ұшыратады. Уайымшыл адамның асқазаны, ашу-ызасын сыртқа шығармайтын адамдардың бауыры ауырады. Көтеріңкі көңіл-күй мен жақсы сөздер иммундық жүйені нығайтады. Ал үнемі жақсы нәрсені ойлау қан қысымы, жүрек ауруы, артық салмақ және диабет секілді аурулардың алдын алады. Ұйқышылдық өмірдің қиын кезеңдерінде жиі пайда болады. Адамның қиындықтарға төтеп беруге әзір еместігін көрсетеді. Себепсіз шаршау нақты мақсаты жоқ адамдарда болады. Болашаққа деген қорқыныш пен сенімсіздік олардың энергиясын алады. Уайымын сыртқа шығармайтындардың бауыры ауырады. Аппендицит өмірден қорқу, өзі қалаған нәрседен бас тарту кезінде болады. Астигматизм. Сол көз өз пікірін, оң көз қоғамдық пікірді білдіреді. Көбіне адам өз пікірін дұрыс санап, басқалардың ойымен санасқысы келмегенде туады. Кейбір астигматиктердің жан дүниесі мен қоғамдық өмірі бір-біріне сай келмеуі мүмкін. Астма адам тығырықтан шығатын жол таппаған кезде пайда болады. Кейде мойнына тым ауыр жүк алғандарда да кездеседі.
Артрит – өзіне де, өзгелерге де қатты адамда болады. Үнемі сыни көзқараспен жүретіндерде де болуы мүмкін. Алыстан нашар көрушілік болашақта болатын оқиғалардан қорқудан туады. Өзіне қатысы жоқ нәрселерді көргісі келмейтін, айналада не болып жатқаны қызықтырмайтын адамда, көбінесе, балалар мен жастарда, 40-тан асқандарда кездеседі. Бас сақинасы өзі туралы басқалардың не ойлайтынына алаңдау сезімінен болады.Бас ауруы басқалардың қателігіне өзін кіналау сезімінен пайда болуы мүмкін. Адамның өз-өзіне деген сенімділігі жоғалған кезде бас сүйегінің үстіңгі бөлігі ауырады. Бұлшық ет ауруларына жұмысқа байланысты қиындықтар әсер етеді. Бір шаруаны атқара алмау немесе істегісі келмеу сезімінен болады.
Бронхит отбасында қиындықтар туындаған адамдарда жиі кездеседі. Қарсылығын ашық білдіре алмау сезімінен туындайды. Гастрит ашу-ызаны іште сақтаған адамдарда жиі байқалады. Гайморит өз-өзін іштей аяу сезімінен болады.Жұқпалы аурулар пессимистерге тән. Сондай-ақ басқалардың сөзін жүрегіне жақын қабылдайтын адамдарда да кездеседі. Иммунитеттің төмендігі өзінің «Менін» қорғай алмаудан, басқаларға қарсы келе алмаудан болады.
Себепсіз жөтел ашуланшақ адамдарға тән. Артық салмақ өзін психологиялық тұрғыда қорғай алмайтын немесе өзінің қорғаны барына сенімсіз адамдарда байқалады. Тұмауға өз-өзін аяу немесе шықпай қалған жас себепші болады.Рак қатты психологиялық соққы алған адамдарда жиі кездеседі. Диабет қасындағы жақындарының бәріне қамқор болғысы келетіндерде тән. Асқазан-ішек жолдары ауыратын науқастардың көбісі өздеріне де, өзгелерге де жоғары талап қойғыш жандар. Олардың көңілі ешқашан толмайды. Сәтсіздікке ұшыраса, сол жаман ойды «қорыта» алмай, одан арыла алмай, ақыры сол эмоциялардың барлығы асқазанның жарасына айналып шыға келеді.
Психосоматикалық ауруларды емдеу
Соматикалық патологияларды емдеудің дәстүрлі терапиясына дәрі-дәрмектер, физиотерапия, инъекциялар, бальнеологиялық емдеу, дұрыс режимді ұстану, толық ұйқы, демалу жатады. Егер ауру созылмалы, психосоматикалық болса, ол ұзақ емдеуді қажет етеді. Ауыр психосоматикасы бар науқас міндетті түрде психологпен кеңесу керек. Маман патологияның қалыптасуындағы психикалық факторлардың рөлі қаншалықты үлкен екенін анықтауға көмектеседі. Қажет болса, түзету нұсқаларын ұсынады.Әр адамның әртүрлі темпераменті бар. Біреуіміз қызу қандымыз, енді біріміз сабырлымыз. Қандай темпераментке жатсаңыз да, эмоция шығарып үйренген абзал. Психосоматикалық ауруды дәрінің көмегімен емес, психотерапияға жүгіне отырып емдеуге болады. Арнайы маманға жүгінсеңіз, ол сізге эмоция басқаруды, ашық болуды үйретеді. Сонымен қатар спорт та адамның жанын емдейді. Жай ғана серуендесеңіз де, бокспен айналыссаңыз да, таңертең жүгірсеңіз де жаныңыз жадырап қалады. Сонымен, психосамотикалық емдеудің күшіне сену-сенбеуді, немесе дәрілік құралдарға сенуді әркімнің өзі шешсін. Алайда, кім де кім өз денсаулығын сақтағысы келсе, күн сайын денсаулығына көңіл бөліп отыруы керектігін мойындау қажет. Таза ауада жүрмесеңіз, өңіңіздің боздығына шағымданғаныңыз бір түрлі көрінері анық. Өзіңізді емдеуді дәрігердің иығына артып қойғаныңыз да дұрыс болмас. Кейде біздің ауырғымыз келеді. Бізге біреудің қамқор болғанын қалаймыз. Бірге уайымдасса, бірге аяса, бізді қалай жақсы көретінін айтса. Сауығуға деген шынайы, ішкі қалауыңыз болмаса, тіпті күзгі көңілсіздіктен немесе тұмаудан да жеңіл құтыла алмайсыз.
Эрметова Дилафруз
«Түркістан жоғары медицина колледжі»
Педагог-психолог. Магистр.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Күйзеліс

шағым қалдыра аласыз