Күрделі өмірдің көркем көрінісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күрделі өмірдің көркем көрінісі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Күрделі өмірдің көркем көрінісі» Кәрібай Ахметбеков туралы үзінді сыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Күрделі өмірдің көркем көрінісі» Кәрібай Ахметбеков туралы үзінді сыр

Белгілі жазушы Кәрібай Ахметбеков өмірден өткелі жиырма жыл болды. Осы уақыт ішінде оның шығармаларының негізгілері төрт томға жинақталып басылып, оқырман қолына тиді. Бірінші томына – «Қасірет», екінші томына – «Ақдала» романдары, «Егіз қала», «Сый орамал» атты үшінші және төртінші томдарына хикаяттары мен әңгімелері енген. Дара дарынды, қаламы қарымды қаламгердің шығармашылығы жайындағы мақалалар мен қаламдастарының, туыстарының, достарының аяулы азамат, көрнекті жазушы хақындағы естеліктерінен құрастырып, Орынкүл Ахметбеккеліні «Кәдірі бөлек Кәрағаң. Кәрібай Ахметбеков туралы» атты жинақ шығарды. Қаламгердің екінші рухани ғұмырындағы осынау маңызды оқиғалар хақында баспасөзде пікірлер айтылып, жазушының бейнесі мен туындылары оқырман санасында жаңғыртылып жүр. Туғанына жетпіс жыл толуы оның өзінсіз аталды. Енді міне, арамыздан кеткеніне де он жылға айналып барады. Осыған орай біз, Кәрекеңнің оқырмандары, оны, оның шығармашылық қызметін тағы бір еске алып отырмыз.

Кәрібай Ахметбеков екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында дүниеге келді. Ағалары қан майданға, әкесі еңбек майданына аттанып, әпкесі мен аналары тыл майданында белдерін жазбай жұмыс істеген кездерде қос сәби –тете ағасы екеуі ұзақты күн талай «үй қамағын» бастан кешкен. Сосын әкесі әлдебір қиырда сүйменмен тас бұзып, кен қазып, соғыс мұқтажын қамтамасыз еткен ауыр еңбек майданынан келді. Шайқас далаларынан бір ағасы қайтпады, бір ағасы сонау совет-фин соғысының, одан совет-герман соғысының қанды майдандарын кешіп, фашистерді жеңгеннен кейін бір-ақ оралды. Содан соң ес білу, есею, мектеп бітіріп, қойшы таяғын ұстау, одан жоғары білім алып, еңбекке араласу кезеңдері сабақтаса жалғасып жатты.

Саналы ғұмырын Кәрібай Ахметбекұлы қазіргі аға ұрпақпен бірге, бүгінде тоталитарлық дәуір деп аталатын қасаң кезеңде өткізді. Яғни Кәрекең де, сол кездің иланымымен айтқанда, коммунистік қоғам құрып жатқан заманда өмір сүрді, тиісінше, жарқын болашақ орнату жолында ел қатарлы адал еңбек етті. Қаламының қайратымен сол жолдағы кемшіліктерден арылуға үндеді. Халық шаруашылығындағы бұрмалауларды, табиғаттың бұзылуына апара жатқан қиғаштықтарды дәл ажыратып, дабыл қақты. Қай мәселені болмасын әр кез терең зерттеп, сындарлы көсемсөз тілімен жұртшылық назарына ұсынды. Сөйтіп, ел мен жерге төніп келе жатқан жаһандық проблеманың оң шешімін табуына атсалысуды көздеді. Әлеуметтік-тұрмыстық тыныс-тіршілікке көркем зерттеу жүргізді, өмір түйткілдерінің астарын ашты. Келісімсіз өзгеріске ұшырап бара жатқан рухани дүниеге, оның басты тіні тіл мәселесіне үңіліп, себеп-салдарын іздеді. Бұлар жөнінде тоталитарлық дәуірдің сонау сіресіп тұрған кезеңінің өзінде баспасөзде ашына мәселе көтерді. Соған байланысты алдына тартылған қоғамдық-саяси өмір шындығы оған барша жұрт жабылып орнатып жатқан коммунистік қоғам тұсындағы билеушілердің мұндай шаруалармен шұғылдануға мүдделі емес екенін көрсетті...

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2025
116
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі