Материалдар / КУРСТЫҚ ЖҰМЫС «Бастауыш мектептін қазақ тілін оқытуда қолданылатын жаңа педагогикалық технологиялар»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС «Бастауыш мектептін қазақ тілін оқытуда қолданылатын жаңа педагогикалық технологиялар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш мектептін қазақ тілін оқытуда қолданылатын жаңа педагогикалық технологиялар» қазіргі жас мамандарға арналған ғылыми жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2022
1270
15 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады








КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

«Бастауыш мектептін қазақ тілін оқытуда қолданылатын жаңа педагогикалық технологиялар»





Орындаған: Сомкина Нурзия Аслановна











Мазмұны


Кіріспе

3

I.тарау

Жаңа педагогикалық технологиярының теориялық негіздері.............

5

1.1

Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық негіздері.....................................................................................................

5

1.2

1.2 Қазақ тілі сабағында ауызша тіл дамыту.........................................

11

1.3

Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларының пайдалану

16

II.тарау

2 Қазақ тілі сабағында оқушылардың ауызша және жазбаша жұмысты ұйымдастыру...........................................................................

24

2.1

2.1 Тәжірибелік жұмыстың анықтау кезеңі..........................................

24

2.2

Қазақ тілі сабағында оқушылардың тіл дамытуда жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану.....................................

26

2.3

Бақылау эксперимент

32

Қорытынды

37

Пайдаланылған әдебиеттер

38






Кіріспе


Курстық жұмыстың өзектілігі: Бүгінде еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті дамыған елу ел қатарына енуді мұрат етуі халыққа білім беру жүйесіне, оның ішінде, білімнің негізгі іргетасы қаланатын бастауыш мектептегі оқу үрдісіне қойылар талаптарды қайта қарауды, түбегейлі жаңартуды қажет етеді. Өйткені білім беру жүйесі қоғам дамуының қай кезеңінде болса да, сол уақыттың талабына сай үздіксіз жүзеге асатыны белгілі.

Білім беру жүйесін сапалы дамыту мәселесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында 1, және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» 2, Елбасының Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауларында маңызды орын алады. Бағдарламаға сәйкес, қазақстандық білім беру жүйесінің маңызды міндеті - халықтың барлық жіктері үшін сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету; мемлекеттік тілді басым дамыту; білім беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру.

Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасында «оқыту мен тәрбиелеу әдістерін жетілдіру міндеті қойылсын» делінген 3.

Оқыту әдістерін ғылыми негіздеп, теориясын дамытқан Б.Е. Райков, К.П. Ягодовский, М.М. Пистрак, Т.Н. Шимбирев, И.Т. Огородников, М.А. Данилов, Р.Г. Лемберг, М.Н.Скаткин, Б.П. Есипов, Н.П. Гончаров, И.П. Зверев, М.И. Махмутов.

Оқу-тәрбие үрдісін оқушының психологиялық ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырудың жолдары И.П.Подласый, Л.С.Выготский, В.В. Давыдовтың, ал ұлттық психология мәселелері Х. Досмұхамедұлы., М. Жұмабаев., Ж. Аймауытов., М. Мұқанов еңбектерінде талданған.

Ал Қазақстандық педагогтар Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова; Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев; Т.С. Сабиров, С. Ахметов т.т.б еңбектерінде де оқыту әдістері айрықша орын алады. Мәселен, Т.С. Сабиров «Оқыту теориясының негіздері» деген еңбегінде практикалық әдістердің бір түріне – ойындарды жатқызды.

Қазақ тілін зерттеу мәселесі төңірегінде докторлық диссертация қорғаған С. Рахметова, Г. Уәйісова, Қ. Қадашева, Р. Шаханова, К. Жақсылықова т.б. еңбектері белгілі.

Қазіргі таңда дидактикалық оқыту жүйелерін қалыптастырудың перспективалық бағыттарының бірі – ақпараттық-мультимедиялық технологияларды оқыту үрдісінде пайдалану болып отыр. Оқытуда ақпараттық-мультимедиялық технологияларды пайдаланудың теориялық және практикалық аспектілері Ю.Н. Егорованың, дидактикалық аспектілері Н.В. Клемешованың, тұжырымдамалық аспектілері О.Г. Смолянинованың т.б. еңбектерінде зерттеленді.

Зерттеудің объектісі: бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту процесі.

Зерттеудің пәні: бастауыш мектепте қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды қолдану.

Зерттеу мақсаты: бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында жаңа технологиярын қолдануды педагогикалық тұрғыдан негіздеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: бастауыш мектепте қазақ тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланса, онда оқушылардың тілін дамытудың, сөздік қорын байытудың нәтижесі мен мүмкіндігі арта түседі.

Зерттеудің міндеттері:

1. Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық негіздерін қарастыру.

2. Қазақ тілі сабағында ауызша тіл дамыту мәселелерін анықтау.

3. Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларының пайдаланудың айқындау.

4. Қазақ тілі сабағында оқушылардың ауызша және жазбаша жұмысты АҚТ бойынша дамыту.

Зерттеудің әдістері: психологиялық, педагогикалық, философиялық және әдістемелік еңбектермен оқып танысу және оларға талдау жасау; бастауыш сынып қазақ тілі пәні бойынша жасалған оқу бағдарламаларын, оқулықтарды талдау; жаңа педагогикалық технологиясы жөніндегі озат педагогикалық тәжірибелермен танысу; оқушылардың даму үрдісін бақылау.

Зерттеу базасы: Жамбыл ауданы, Есперлі негізгі мектептебі, 4 сынып.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.







1 Жаңа педагогикалық технологиярының теориялық негіздері

1.1 Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық негіздері

Қазіргі білім беру жоғарғы технологиялық деңгейге көтерілуде. Жаңа технологияларды іздестіру үрдісі бұрынғы дәстүрлі технологияны ығыстырумен, педагогикалық үрдісті тұтас үрдіс, яғни оны жалпыадамзаттық құндылықтар, ізгілендіру теорияларына сүйенген жүйе ретінде қарастырумен, субъект – субъекті қарым – қатынастың басымдық танытумен байланысты туындауда. Осыған орай соңғы онжылдықта алуан түрлі педагогикалық жүйелер ұсынылып, нәтижесінде түрлі инновациялық типтегі мектептер пайда болуда. Олардың ерекшелігі онда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға өзіндік амалдар мен тәсілдер, оқыту мен тәрбиенің соңғы технологиялары дүниеге келіп, тәжірибеде сыналуда. Қазіргі кезде технологиялық прогресс әлеуметтік үрдіске ететін неғұрлым маңызды фактор болып табылады. Педагогикалық білім берудің технологиясын жақсарту – қоғамның мәдени сана – сезімін және оның экономикалық байлығын қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі.

Білім беру жүйесінде оқыту технологиясын қолдануды үнемі жетілдіріп отыру үшін психологиялық – педагогикалық бағалау өлшемдерінің модификациясы мен оқушылардың дайындық деңгейінің, білім берудің мақсаты мен оқытудың шарттарының, сонымен қатар пәнді оқытудың құралдарының негізі қалануы керек. Қоғам өмірінің кенеттен өзгерісі мен білім беру жүйесінің, білім беру мақсаты мен формаларының, оқыту мазмұны мен технологиясының арасындағы сәйкессіздік білім беру жүйесінің дағдарысқа ұшырауына соқтырды.

Білім беру жүйесіне әсер ететін:

- педагогикалық білімге деген сұраныстың өсуі;

- педагогикалық білім берудің кәсіптік деңгейін көтеру қажеттілігі;

- педагогикалық білім берудің ерекшелігі мен икемділігі, кәсіптік еңбектің мақсаты мен жағдайға бейімділуі;

- педагогикалық білім берудің қоғамның талабына сәйкес келу қажеттілігі;

- дәстүрлі технологияның тиімділігінің төмендігі;

- қоғамның жеке тұлғаның дамуына қойып отырған талабының өсуі;

- оқытудың жаңа технологиясын ендіруге кері әсер етіп отырған психологиялық кедергілер, яғни бір үлгімен жұмыс істеп дағдылану, шығармашылық деңгейдің төмендігі, педагогтық мамандықты таңдаудағы ынта – ықыластың тұрақсыздығы [4, 18 б.].

АҚШ-та педагогикалық технологияға қызығушылық үстіміздегі ғасырдың 30-жылдарындағы техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастаған кезде басталып, «білім берудегі технология» термині пайда болды. Бұл оқу процесінде техниканы пайдаланумен пара-пар еді. 60-ыншы жылдарда Америкалық, батыс Европалық межеленген білім нәтижесіне қалай жетуге болады мағынасын беретін «педагогикалық технология» термині пайда болды.

Дидактиканың техникалық мәселелері біздің заманымыздың ІІ-жартысында техника мен технологияның интенсивті дамуы нәтижесінде пайда болды. Оқыту технологиясы немесе кеңірек қарайтын болсақ, педагогикалық технология ақпаратты сақтау, өңдеу беру әдістері мен құралдардың табылуына байланысты. Дамудың барлық мүмкіндіктеріне не әлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып табылады.

Қазіргі кезде «педагогикалық технология» ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді дегенмен оның мән – мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте «технология – бұл қандай ма болсын істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын амалдардың жиынтығы» делінсе, Б.Т. Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді. Б.Т. Лихачев: «педагогикалық технология түркілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым – қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым», - дейді [5, 182 б.].

В.П. Беспалько, Б.Т. Лихачев, Б.В. Горячевтің «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы», «педагогикалық техника» терминдеріне берген анықтамалыры «оқыту технологиясы» ұғымы оқытудың өзіндік ерекшелігіне сәйкес, сабаққа дайындық, оқытуға дайындық технологиясына емес, мұғалім оқу үрдісін басқару, іс – әрекетінің технологиясына, оқушылардың танымдық қызметіне белсенділігін, олардың өз бетінше жұмыстануы мен дербестігін, инициативасын арттыруға іс жүзінде сынақтан өтіп, онда нәтижелер берген амалдар мен тәсілдерген сүйену қажеттігіне саяды.

Педагогикалық технологияның мәні – шығармашылық қабілетінің дамуы үшін қажетті жағдай туғызу.

Біздің пікірімізше, педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз мақсат – мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс – амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялық – педагогикалық нұсқауларының жиыны.

Педагогикалық технология дегеніміз – педагогтар және жеке басының шығармашылық күш – қуатын өрістетуді қамтамасыз етудегі, адамаралық және іс – әрекеттегі қарым – қатынасты рухани жоғарлатудағы, кәсіби еңбектегі адамгершілік жүйе болып табылады.

Ж. Қараевтің пікірінше, технология дегеніміз әдістемелік жүйемен сәйкесті дидактикалық процестер кешенінің тәжірибеде жүзеге асырылатын жобасы, ал педагогикалық жағдаяттарға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана. Оның үстіне қолданылатын әдістер нәтижеге жетуге кепілдік бере алмайды [11, 24 б.].

Педагогикалық технологияның ерекшелігін педагогикалық жүйені жобалау тұрғысынан анықтау үшін жобалаудың білім беру аймағында оқыту жүйесі мен оның жекелеген компоненттерін жасаумен шектелмейтінін ескеру қажет. Жобалау сонымен қатар оқушының интелектуальдық даму заңдылықтарын, оқу іс-әрекетінің қалыптасу ерекшеліктерін және педагогикалық басқарудың тәсілдерін зерттейтін құрал ретінде әдіснамалық қызмет те атқарады. Осылайша, оқыту технологиясының әдіснамалық қызметі жалпы стратегиялық үлгі – оқытуды жобалау, ұйымдастыру және жобаны жүзеге асыру арқылы анықталады. Бұл ерекшеліктерді оқыту технологиясының дамытушылық қызметі сияқты өзіндік ерекшелігімен толықтыруға болады. Технологияның бұл сипаты дәстүрлі оқыту барысында жеткілікті дәрежеде көрінбейді, бірақ жаңа технологияның маңызды белгісі болып табылады.

Қазіргі заманғы оқытудың технологиялық үлгілері оқытуды ұйымдастырудың ізгілік, дамытушылық, жеке қарым – қатынастық жобаларының әдіснамасын айқындайды. Кейбір технологиялар біржақты, оқытудың тек бір мәселесін, мысалы, проблемалық құрылымды, бағдарламалап оқытуды т.б. қарастырады. Сонымен қатар ғылымда оқушылардың жас ерекшелігіне орай бейімделген дамыта оқыту сияқты тұтас технологиялар да орын алған. (Л.В. Занков, П.Я. Гальперин, В.В. Давыдов) Педагогикалық технология оқушының оқу – танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайды. Сонысымен де ол әдістемеден ерекшеленеді, сөйтіп технологияны пайдалану оқушылардың барлығының табысқа жетуіне әкеледі [12, 13 бет].

Қазіргі кезде оқытуда дәстүрлі және дәстүрлі емес жаңа, дамыта оқыту әдістері пайдалануда. М.Н. Скаткин «Бастауыш сыныпта оқушыларға өз беттерімен танымдық әрекеттерді шешуді, сабақ мазмұнында берілетін материалдарды прблемалық мәселе ретінде ұсынуды құптайды. Сабақта берілетін білім мазмұнын жан – жақты ашу үшін оқушыларға тек соңғы нәтиже ғана айтылып қоймай оның қалай жүзеге асатын жолдары түсіндірілуі тиіс» - дейді [13, 20 бет].

Оқытудың технологиясы – оқыту іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани адамзаттық және басқа да көптеген адами келбетінің қамтамасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Ш.А. Амонашвилидің «Ізгілікті тұлғалық» технологиясы, В.Ф. Шаталовтың «Оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту» технологиясы, П.М. Эрдниевтің «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясы,

Қазақстанда Ж.А. Қараевтың, Ә. Жүнісбековтың т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Бұл технологиялардың әрбір стратегиялары оқушының ой-өрісінің, сөздік қорының дамуына тигізер пайдасы өте зор. Қазіргі кезде жеке тұлғаны қалыптастырып, дамыту, жан-жақты терең білім беру технологиялары сараланып ұсынылуда.

«Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі» - іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмұны болады. Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық перспективаға көшуден тұрады. Бұл технологияда ұжымжық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру – қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.

Ш.А. Амонашвилидің «Ізгілікті тұлғалық» технологиясының мақсаты – баланы оның жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеу, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, білім мен білікті кеңейтуге және тереңдетуге жағдай жасау [15, 77 бет].

Ф. Шаталовтың «Оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту» технологиясының мақсаты – оқушылардың толық және жаппай белсенділігін қамтамасыз ету, әр оқушының жетістіктерін жариялап отыру, бағаны түзетуге мүмкіндіктер беру, оқу-оқыту жағдайында келісіп, кикілжіңсіз жұмыс істеу [16, 82 б.]. 

П.М. Эрдниевтің «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясы материалдың логикалық байланысын күшейтуге; материалдағы ең негізгіні және маңыздыны бөліп көрсетуге; материалды білім, білік, дағды жүйесі тұрғысынан түсіне білуге; пәнаралық байланыс орнатуға; материалды мейлінше тартымды түсіндіруге; қорытындылауға барынша тиімді жүргізуге мүмкіндік жасайды [17, 89 бет].

«Саралап оқыту» технологиясы оқу үрдісінің белгілі бір бөлігін қамтитын саралап оқытуды ұйымдастырудың, оның құралдары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Балалардың дамуы, қабілеті, қабылдауы әрелкі болғандықтан, бір сыныптың өзінде үздіктер, жақсы оқитындар және нашарлар пайда болады. Сондықтан мұғалім балалармен сабақ және оның барлық кезеңдері: жаңа материалдары түсіріндіру, ұсыну, сабақты қорытындылау, қайталау, білім, білік, дағдыны тексеру барысында саралау жұмысын жүргізеді [10, 79 бет].

«Ойын арқылы оқыту» технологиясы оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен ынталарын арттыру мақсатында қолданылады. Сабақта ойындарды пайдаланудың мынадай негізгі бағыттары бар: дидактикалық мақсат оқушылар алдында ойын арқылы, оны шешу арқылы қойылады: оқушылардың оқу әрекеті ойын ережелеріне бағындырылады, яғни оқу материалы ойын құралы ретінде пайдаланылады, оқу әрекетіне дидактикалық мақсатты ойынмен алмастыратын, ойын арқылы жүзеге асыратын жарыс, сайыс элементтері енгізіледі; дидактикалық мақсаттың орындалуы ойын нәтижесінен көрінеді [10, 80 бет].

«Жаңа ақпараттық» технология – мұғалімдердің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу үрдісін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге мүмкіншілік туғызады [10, 86 бет].

Осы педагогикалық технологиялардың ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның тиімді әдіс – тәсілдерін жетілдіруге болады. Атап айтқанда: дарынды оқушыны дамытады, оқушылар шығармашылығын арттырады; оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіріп, білім сапасын көтереді; пәнге деген бейімділігі, қызығушылығы артады.

Сонымен педагогикалық технология нәтижелері мынадай: [8].

1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

2. Оқушылардың барлығын сабаққа бірдей қатыстыру мүмкіндігі;

3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтау мүмкіндігінің болуы;

4. Оқушылардың көбін бағалау мүмкіндігі;

5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретуі;

6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артуы;

7. Оқушының жеке тұлғалық сипатын дамытуы, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруы.

Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Педагогикалық технология әдістерінің басты талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденіспен жүргізуге болады.




1.2 Қазақ тілі сабағында ауызша тіл дамыту

Қазақ тілі пәнінде оқушының дұрыс сөйлеуіне айрықша көңіл бөлінеді. Оқытушы қазақ тілі сабақтарында тілді дамытып, байланыстырып сөйлеу, тілдік материалдарды дұрыс таңдап, оны дұрыс бере білу,тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының бір-бірімен қарым-қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылады. Демек, қазақ тілі пәнін оқыту барысында мұғалім оқушының логикалық жағынан дұрыс, анық, грамматикалық, лексикалық, орфографиялық нормасына лайықты, дұрыс айта білуге үйретумен бірге, екінші жағынан дұрыс жаза білуге жаттықтырады.

Қазақ тіліндегі тіл ұстарту жұмыстарының негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты жазуға, оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыруы тиіс. Тіл ұстарту мен тіл дамыту сабақтарының алдына қойып отырған міндеттері – тіл үйренушілердің тілін дамыта отырып, ойын жеткізе алатындай сөйлеуге дағдыландыру,шығармашылық деңгейде сөйлеу мен жазу деңгейін көтеру. Тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру – тіл үйренушілердің ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырады [20, 28 б.].

Мұғалім қазақ тілі сабақтарында оқушының ауызша жауаптарының ерекшелігі неде, оның қандай кемшілігі бар деген мәселелерге талдау жасап, оның себебін білу арқылы тіл дамыту жұмыстарын қалай ұйымдастыруды ойластыруы қажет. Мұғалім әр оқушының грамматикалық ережелерді айтудағы, оған мысал келтіру, сөйлем құрастыру, құрастырған сөйлемді ережеге сай дәлелдеу, кейбір грамматикалық формаларға талдау жасау, белгілі бір мәтінді оқу, әңгімелеу, сұрақ құрастыру, сұрақтарға ауызша жауап беру, экскурсияда көргендерін баяндап беру, аударма, сондай-ақ сурет бойынша әңгіме құрастырудағы мүмкіншіліктерін ескере отырып тіл дамыту жұмысын жүргізуге болады.

Тіл дамыту сабақтарында оқытушы мен оқушылар ынтымағын, түсінушілігін нығайту мәселесі бірінші кезекте тұруы керек. Ол үшін оқытушы оқушылармен үнемі жүйелі жұмыстар жүргізуі керек. Олардың білімге деген ықыласын, қызығушылығын арттырып отырған дұрыс.

Сұрақты дұрыс қоя білудің де тіл дамыту да мәні зор. Қойылған сұраққа жауаптың толық, нақты болуын үнемі талап етіп отырған жөн. Себебі оқушы қазақ тілі пәнінде сөйлеп - үйренудің жолдарын үйренеді.

Белгілі тілші ғалым Р. Сыздықова «Тіл сабағын оқытуда принципті бетбұрыс жасау керек. Ол жаңа бағыт,басты нысана етіп тілдің дұрыс, әсем қолданысын үйретуді алуы тиіс» - деген екен. Осында ойланған кісіге үлкен мән жатқаны белгілі. Яғни тіл дамыту жұмысы оқушылардың тіл байлығын дамытады [21, 49 б.].

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!