Материалдар / ЛАЛАГҮЛДІЛЕР ЖӘНЕ ЖУАЛАР ТҰЫМДАСЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.

ЛАЛАГҮЛДІЛЕР ЖӘНЕ ЖУАЛАР ТҰЫМДАСЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.

Материал туралы қысқаша түсінік
Лалагүл тұқымдасы (лат. Liliaceae) — дара жарнақтылар класына жататын Лалагүлділер сабының көп жылдық түйнек жуашықты, кейде тамырсабақты шөптесін, бұташық өсімдіктер. Жер шарында лалагүлділер тұқымдасына 1300-ге жуық түрі өседі. Қазақстанда 57 түрі кездеседі. Лалагүлділердің шаруашылық, медициналық маңызы зор.
Авторы:
24 Қаңтар 2025
100
0 рет жүктелген
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ЛАЛАГҮЛДІЛЕР ЖӘНЕ ЖУАЛАР ТҰЫМДАСЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.


Ермен Шайзада Алдиярқызы, биология пәнінің зертханашысы,

106 «Қайнарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебі, Шымкент.


Лалагүл тұқымдасы (лат. Liliaceae) — дара жарнақтылар класына жататын Лалагүлділер сабының көп жылдық түйнек жуашықты, кейде тамырсабақты шөптесін, бұташық өсімдіктер. Жер шарында лалагүлділер тұқымдасына 1300-ге жуық түрі өседі. Қазақстанда 57 түрі кездеседі. Лалагүлділердің шаруашылық, медициналық маңызы зор. "Лапыз, тамырдəрі, қырлышөп" дəрілік өсімдіктерге жатады. Сəндік өсімдіктерге: "секпілгүл, сүмбілшаш, қызғалдақ" ауламызда көздің жауын алады. "Шырыш" техникалық өсімдік болып саналады. Дəрілік өсімдіктердің көпшілігі улы өсімдіктер. Бал беретін өсімдіктер қаншама?!

Таралуы.Лалагүлдер әдетте Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеулерінде өседі. Оларды Еуропада, АҚШ-та, Канаданың оңтүстігінде кездестіруге болады, олар сондай-ақ Жапония және Үндістанның оңтүстігіне дейін, бүкіл Азияда тарап, Азияның Филиппинмен қатар, барлық оңтүстік аймақтарында жиі кездеседі. Қазақстанда 21 туысы мен 196 түрі кездеседі.

Ботаникалық сипаттамасы. Лалалар тұқымдасы көпшілігі көп жылдық шөптесін, тамыр сабақты немесе пиязшықты. Жапырақтары ұзарған, ланцет тәрізді, параллель немесе доға жүйкелі, бүтін жиектінемесе тісше тәрізді тілімделген. Гүлдері қос жынысты, актиноморфты. Көпшілігінің гүл шоғыры күлтелі, үш мүшелі, екі шеңберден тұрады, дара жарнақты немесе кіріккен жапырақты. Аталығы алтау, екі шеңберде үштен, кейде одан да көп. Аналығы біреу, үш жеміс жапырақшасынан үш ұялы жоғарғы түйін жасайды, кейбіреуінде үшеу, көпшілігінде бір бағаналы (мойынды). Аздаған жартылай төмен түйін байқалады. Плацентасы орталық- бұрышты. Тұқым бүрі жазықтықта орналасқан. Тозаңдануы насекомдар арқылыжүреді. Жемісі - қорапша, кейде жидек. Тұқымы эндоспермді, құрамында белок, май, кейде крахмал болады. Ұрығы эндосперммен қоршалған.

Лалалар тұқымдасы 3500-4000 түрді біріктіреді, құрғақ облыстарда кездеседі. Көптеген лалалардың практикада маңызы зор.Қазақстанда көбірек кездесетін және маңызды туысы — көп жылдық шөптесін жуа (Allіum) өсімдігі. Жуаның 108 түрі далалық шөл, шөлейт жерлерде, әсіресе, таулы аймақтарда өседі. Сабағы қуыс, кейде бітік, оның ұшында көп гүлді, шатыр тәрізді гүлшоғырлары бар. Жапырағы тұтас қынапты, сабағын орап тұрады. Гүлі майда, ақ, қызғылт сары, жасыл, т.б. түсті. Жемісі — үш қырлы қауашақ. Баданалары домалақ, кейде сопақша. Жуаның сирек кездесетін 9 түрі (мысылы, Піскем жуасы, түпті жуа, Сергей жуасы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Лалагүл тұқымдасы мал азықтық, тағамдық, дәрілік өсімдіктер ретінде де бағаланады. Ерте заманнан бері ерекше сәнді әсемдік өсімдіктер (лалагүл, қызғалдақ, қынжыгүл, т.б.) есебінде мәдени түрде өсіріліп келеді.

Тамыры - тамырсабақ, түйнекті пиязшық немесе пиязшық. Қандауыр немесе таспа пішінді жапырақтары болады.

Тұқымдас өкілдерінің ортақ қасиеттері. Нағыз лалагүлділер төмендегі қасиеттерге ие көпжылдық өсімдіктер:

  1. Жапырақтармен көмкерілген сабақтары;

  2. Қабыршақты пиязшықтар;

  3. Жіңішке болып келетін жапырақтары;

  4. Сыңар гүлдері немесе бірнеше шоқ гүлдері;

  5. Өсімдіктің көпшілігінің биіктігі 0,3-1,2 метр аралығында;

  6. Кейбір түрлерінің биіктігі 2,5 метрге жетеді.

Будандары. Лалагүлділердің будандары төмендегідей топтарға бөлінеді:

  1. Азияттық будандарды орталықазиаттық және шығысазиаттық түрлерден алады. Бұл - гүлдері жоғарыға немесе бүйірге бағытталып өскен, көлемі орташа өсімдіктер.

  2. Америкалық будандарды лалагүлдердің америкалық түрінен алады. Олардың сыртқы пішіні малақайға ұқсайды және гүлдерінің хош иісі бар.

  3. Мартагон будандарын бұйралаған лалагүлден алады. Мұндай будандардың да гүлдерінің пішіні малақайға ұқсайды, бірақ иісі жағымсыз.

  4. Кандидум будандарын ақ лалагүлден және басқа еуропалық түрлерден алады. Бұл гибридтердің кейде жағымды иіс шығаратын сыңар гүлдері немесе гүл шоғыры болады.

  5. Ұзын гүлді будандар - жағымды хош иісті, пішіні воронка тәрізді гүлдері болады.

  6. Түтіктілер немесе аурелиан будандар азиялық түрлерден алынады. Гүлдерінің иісі жағымды, пішіні воронка тәрізді.

  7. Шығыс будандарын шығысазиаттық түрлерден алады. Мұндай будандардың хош иісті ірі гүлдері болады.

Көбеюі. Лалагүлдер төмендегі тәсілдермен көбейеді:

  1. Пиязшықтың бөлінуінен;

  2. Сабақтағы қауашақ пиязшықпен;

  3. Сабақтағы жарты пиязшықтармен;

  4. Пиязшықтың қабыршағын пайдалану арқылы;

  5. Тұқымдармен;

  6. Лабораторияда өсірілген ұлпалық ;

  7. Будандастыру арқылы

Лалагүлдер төмендегі тәсілдермен көбейеді:

  1. Пиязшықтың бөлінуінен;

  2. Сабақтағы қауашақ пиязшықпен;

  3. Сабақтағы жарты пиязшықтармен;

  4. Пиязшықтың қабыршағын пайдалану арқылы;

  5. Тұқымдармен;

  6. Лабораторияда өсірілген ұлпалық ;

  7. Будандастыру арқылы

Жуа тұқымдасы (лат. Allioideae немесе Alliaceae) – амариллистер тұқымдасына жататын дара жарнақты, жуашықты көп жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең тараған (тек Австралияда кездеспейді), негізінен, Жерорта теңізі аймағында өсетін 30 туысы, 650 түрі белгілі. Жапырақтары тамыр түбінен шығады, пішіндері әр түрлі (таспа, эллипс тәрізді, т.б.). Жуашықтары мен жапырақтарында сүтті шырын (млечный сок) болады. Гүлдері ұсақ, көбінесе ақ, қызғылт және қара қошқыл түсті, олар жапырақсыз гүлсидамының ұшында жетіледі. Жәндіктермен, кейде колибрилермен (құс) тозаңданады. Тұқымынан және вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді. Жемісі – қорапша. Тұқымы желмен, омыртқасыз жануарлармен (көбінесе құмырсқалармен), сумен таралады. Жуа тұқымдасына жататын өсімдіктердің барлық органдарында сарымсақ майы болады, бұл өсімдіктерге айрықша дәм және иіс береді. Бұлар бағалы тағамдық, мал азықтық, дәрілік және сәндік өсімдіктер болып саналады.





Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі