Латын әліпбиіне көшу - уақыт талабы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Латын әліпбиіне көшу - уақыт талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл мақала мектепте өткен іс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы

Ұлттық жаңғыру бағытында атқарылатын шаралардың бірі ретінде Мемлекет басшысы үстіміздегі жылдың 26 қазанында латын әліпбиіне кезең – кезеңімен жүйелі түрде көшу туралы №569 Жарлыққа қол қойғаны барша қазақ еліне тайға таңба басқандай белгілі.

Осыған байланысты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес құрылған латын әліпбиіне көшу жөніндегі Алакөл ауданы бойынша жұмыс тобы ақпараттық түсіндіру жұмысы Арқарлы ауылы Арқарлы орта мектебіне ат басын тіреді. Жұмыс тобының мүшелерінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі аудандық комиссия төрағасының орынбасары М.Сүлейменов пен бірге аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі А.Арнай болды.

Латын әліпбиін қолдау мақсатында мектептегі тіл бірлестігінің ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» тақырыбында стенд құрылды.

Арқарлы орта мектебінің мәжіліс залында өткен жиынға ауыл ақсақалдары, Арқарлы ауылдық округінің әкімі Б.Қожабеков пен әкімшілік қызметкерлері және мектеп мұғалімдері қатысты.

Жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Сүлейменов сөз алып, өз ойын ортаға салды. Өз кезегінде ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөнінде ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті, латын әліпбиіне қатысты ой өрімдерін де ортаға салды.

Аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі А.Арнай Қазақстанның латын графикасына көшуі – мемлекеттік тілдің дамуына өзіндік үлесі болар еді деген пікірін білдіріп, жарыссөзге қатысты.

Сөз кезегін Арқарлы орта мектебінің директоры Данабекова Салтанат Мелісқызы қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына кезең – кезеңімен көшетіні туралы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығын тілге тиек ете отырып өз ойын жалғастырды. Яғни, «Қазақ тілі – біздің рухани құндылығымыз, өркендеу жолымыз. Осы жолда тілдің халықаралық мәртебесін көтеру- еліміздің әлемдік өркениетке жетуінің басты кепілі. Ал, жаңа әліпби – бүкіл әлем қатарын біріктіретін өте маңызды фактор. Біздің ұлттық сана- сезім, рухани дамумыздың даңғыл жолы қазақ тілінің жаңа әліпбиінен басталатынына еш күмән жоқ» дей келе, үстіміздегі жылдың 11 қыркүйек күні өткен Парламенттік тыңдауда мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің латын әліпбиіне көшу тек қазақ тіліне қатысты екенін атап өтуімен өз сөзін толықтырды.

Мектеп директоры Арқарлы орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары үшін латын графикасына көшу еш қиындық тудырмайтынын нық сеніммен айтты.

Жиын соңында ауыл тұрғындары да Елбасының латын графикасына көшу туралы жарлығын бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді


Арқарлы орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Утебаева Айгерім Мұратханқызы





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.06.2018
328
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі