Мақала . Латын әліпбиі – мемлекеттік тіл тірегі.
Қостанай қаласы М.Хәкімжанова атындағы №20орта мектеп.Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Алгожина Толкын Шагировна.
Қазірде біздің елімізде латын жазуына көшуге
байланысты барлық мүмкіндіктер, қажетті алғышарттар жасалған деп
айтуға болады. Өйткені, бұл
мәселені Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, республикамыздың зиялы
қауым өкілдері, тілтанушы, саясаттанушы ғалымдарымыз бен
ғылым-білім саласының мамандары 1990 жылдардан бері келелі
әңгіменің өзегі етіп келеді. Аталған Халықаралық қоғамның негізін
қалаған белгілі тілші ғалым, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі
Әбдуәли Қайдар ағамыздың латын әліпбиіне негізделген қазақ
жазуының арнайы үлгісін де жасап, мерзімді баспасөз арқылы ел
назарына ұсынғаны жадымызда. Сол кездердегі ресми талқылауларда
халықтың басым көпшілігінің жаңа латын әліпбиіне көшуді қалайтыны
ашық байқалды. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында
латын жазуына орай көптеген ұтымды ұсыныстар, нақтылы іс-шаралар
белгілеу жолдары, пайдалы ой-пікірлер мейлінше жеткілікті жазылды.
Өйткені, қазіргі заманның соңғы технологиялық жетістіктері, барлық
ақпараттық-коммуникативті байланыс құралдарының желісі латын
әліпбиіне негізделгеніне ел-жұрттың көзі жетті. Бүгінде халықаралық
ұялы байланыс жүйесіндегі қысқа түрдегі жазбаша мәтінді хабарлар
алмасу қызметі де латын жазуымен ел тұрғындарының күнделікті
тұрмысына еріксіз енді. Бұл өскелең өмірдің қажеттілігі мен
талабынан туындап отырған жағдай екені айдан анық. Осы аталған
жайттардың бәрі елімізде латын қарпіне көшудің алғышарттары
жасалғанын көрсетеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Латын әліпбиіне көшу игі қадам
Латын әліпбиіне көшу игі қадам
Мақала . Латын әліпбиі – мемлекеттік тіл тірегі.
Қостанай қаласы М.Хәкімжанова атындағы №20орта мектеп.Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Алгожина Толкын Шагировна.
Қазірде біздің елімізде латын жазуына көшуге
байланысты барлық мүмкіндіктер, қажетті алғышарттар жасалған деп
айтуға болады. Өйткені, бұл
мәселені Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, республикамыздың зиялы
қауым өкілдері, тілтанушы, саясаттанушы ғалымдарымыз бен
ғылым-білім саласының мамандары 1990 жылдардан бері келелі
әңгіменің өзегі етіп келеді. Аталған Халықаралық қоғамның негізін
қалаған белгілі тілші ғалым, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі
Әбдуәли Қайдар ағамыздың латын әліпбиіне негізделген қазақ
жазуының арнайы үлгісін де жасап, мерзімді баспасөз арқылы ел
назарына ұсынғаны жадымызда. Сол кездердегі ресми талқылауларда
халықтың басым көпшілігінің жаңа латын әліпбиіне көшуді қалайтыны
ашық байқалды. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында
латын жазуына орай көптеген ұтымды ұсыныстар, нақтылы іс-шаралар
белгілеу жолдары, пайдалы ой-пікірлер мейлінше жеткілікті жазылды.
Өйткені, қазіргі заманның соңғы технологиялық жетістіктері, барлық
ақпараттық-коммуникативті байланыс құралдарының желісі латын
әліпбиіне негізделгеніне ел-жұрттың көзі жетті. Бүгінде халықаралық
ұялы байланыс жүйесіндегі қысқа түрдегі жазбаша мәтінді хабарлар
алмасу қызметі де латын жазуымен ел тұрғындарының күнделікті
тұрмысына еріксіз енді. Бұл өскелең өмірдің қажеттілігі мен
талабынан туындап отырған жағдай екені айдан анық. Осы аталған
жайттардың бәрі елімізде латын қарпіне көшудің алғышарттары
жасалғанын көрсетеді.
шағым қалдыра аласыз













