Материалдар / Латын графикасы көптілділік мәселесіне жол ашады.

Латын графикасы көптілділік мәселесіне жол ашады.

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын графикасының көптілдік мәселесіне жол ашады, көптілді білім беру арқылы шетел тілдерінің ақпарат көздеріне еркін қол жеткізуге бағытталған.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


ЛАТЫН ГРАФИКАСЫ КӨПТІЛДІК МӘСЕЛЕСІНЕ ЖОЛ АШАДЫ


Бектұрғанова Үміт Абді-Нағымқызы

Ақтөбе қаласы № 51 гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ҚР, Ақтөбе қаласы


Қазақ әліпбиі мен жазуын латын графикасына көшіру бұл қазақ тілінің жағдайын күшейтіп, жаңғырта түсу, сонымен қатар көптілдік мәселесін шешуге де ықпал етеді. Бұл тек мемлекеттік тілді әлемдік стандартқа сай келтіру ғана емес, қазақ тілі арқылы көптілдік мәселесіне де үлес қосу деп есептейміз. Сондықтан мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» туралы жариялаған бағдарламалық мақаласында латын қарпіне көшіру туралы тапсырмасы халық арасында бірден қолдау тапты[1.152]. Латын әліпбиінің артықшылықтарын түсіндіруден басталған алғашқы қадамдар қазіргі кезде латын негізді жаңа әліпбиді қабылдау, жазу емлесін дайындау сияқты толып жатқан мәселелермен байланысты қарастырылып жатыр. Латын әліпбиінің оқу-білім саласынан бастап, қоғамдық өмірдің барлық саласына енуі үшін кезең-кезеңмен атқарылатын шаралар да ойдағыдай жүріп жатыр. Қазіргі таңда елімізде қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына көшіру бағытында маңызды шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Жаңа әліпбиімізді қайта-қайта халыққа таныстырып, оны жұртшылықтың талқылауына ұсынып, жаңа әліпбиді халықтың өзі таңдауына жағдай жасап, маңыз беруі де көптілдік мәселесін шешуге де ықпал етеді деп білеміз. Сондықтан қазір қазақ тілінің әліпбиі мен жазуын латын графикасына көшіру бағытындағы атқарып жатқан барлық іс- шараларға еліміз болып ат салысып жатырмыз. Осыған дейін әліпбидің диграф, апостроф арқылы жасалған нұсқаларымен танысып, оны өздеріміз жазып байқаған болатынбыз. Ал қазір латын негізді қазақ тілі әліпбиінің өзгертіліп бекітілген соңғы нұсқасы көптілдік мәселесін шешуге де ықпал ететін, шетел сөздеріне де бейімді деп есептейміз.

Көптілдік мәселесі классикалық латын әліпбиіндегі 26 әріптен ауытқымауды жақтайды. Бұл дұрыс талап, себебі тілдің дыбысталу, сөйлеу жағына ғана қарап қоймай, оның жазу жағынан да оңтайлы болуын, көптілдік мәселесін шешуге де ықпал ете алуын қамтамасыз ету керек. Әліпби жасаудың қиыншылықтары да осында жатыр.

Әліпбидің бұрынғы нұсқасын талқылау барысында ғалымдар оның жетілдіре түсер тұсы ретінде, мүмкін болғанша, апостроф санын қысқартып, қазақтың төл дыбыстарын, шама келгенше, дәйекшесіз берілетін әріптермен таңбалауға назар аударған жөн деген ой білдірген еді[1.152]. Себебі жазуымыздың өткен тарихында дәйекші ұтымды жол болса, қазіргі жаһандану заманында, көптілділік бәсекесінде, адамның тез жазуға сұранысы өскен қазіргі кезеңде, апострофтың тиімсіз тұстары да болады. Сондықтан дәйекшімен берілетін әріптерді әлі де қарап, жетілдіре түсуге уақыт та, мүмкіндік те бар екенін айтқанбыз.

Көптілділік – белгілі әлеуметтік ортада бірнеше тілдің қолданылуы, жеке адамдардың не адамдар тобының нақты қатынас жағдайында бірнеше тілде сөйлеуі [2.146]. Көптілді адам әлемдік деңгейдегі іс-шараларға, түрлі халықаралық байқауларға, түрлі оқу-білім алу бағдарламаларына тұрақты қатыса алады, шет елдерде жұмыс та жасай алады. Көптілділіктің негізі – ізденіс, өз бетінше көп оқу. Оқушы дайын ақпаратты қабылдап, ізденіссіз отырса, олар кейіннен білгенін тез ұмытып қалады, ал өздері қолмен жасап, ізденіп, керегін еңбектене тапқан жағдайда білімі де, қабілеті де арта түседі[3.148]. Шетел тілін меңгерген маман өзін әркез еркін ұстап, қандай жерге барса да, жаңа кәсіптік ақпараттар легіне тез бейімделе алады. Көптілді білім беру – ағылшын тілін білумен де байланысты. Бүгінгі күнде елімізді мекендеп отырған барлық ұлттардың тілдерінің дамуына қолайлы жағдай жасалған. Себебі ағылшын тілі арқылы әлемнің барлық бұрышымен қарым-қатынас жасауға болады. Сондықтан елімізде оқушыларға ағылшын тілін оқытуға, оның әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытуда жаңа технологиялары, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Қазіргі заманғы техникалық құралдарды игеру үшін шет тілін жақсы меңгеру қажет, сондықтан мемлекеттік тілмен қатар шетел тілдерін де меңгеру әрбір саналы азаматтың міндеті болып табылады.

Дүниежүзі елдерінің 80 па­йызы латын қарпін қолданады. Латын әліпбиі тек қана қазақ тіліне, қазақ жазуына қатысты. Біз ағылшынды кириллицамен жазбайтынымыз сияқты, Қазақстандағы орыс тілінің оқулығы кириллицамен жазылады. Орыс мектептеріндегі балалар орыс тілін кириллицамен, қазақ тілін латынмен оқиды. Орыс тілі қазақтар үшін шет тілі болып қалады. Латын арқылы біздің сыртқы әлеммен қатынасымыз тек орыс тілі ғана емес, бірнеше тілді қолдану арқылы жүргізіледі. Бізде қазір барлық нәрсе орыс тілі арқылы. Ал латын әліпбиі көптілдік мәселесін шешуге де ықпал етеді[3.83]. Қазіргі әлемнің басты мәселесінің бірі көптілділік болып табылады. Көптілділік адамдар арасындағы келісім мен өзара түсінушілікті шешуге көмектесетін, әртүрлі елдер арасындағы байланысты күшейте түседі. Бүгінгі таңдағы әлемдік жаһандану кезеңінде халықаралық тілдерді меңгерген тұлға еңбек нарығында басқалардан озық тұрады әрі жұмысқа тез орналасады. Жаңа технология мен қаржы-экономиканың тілі көптілділікті қажет етуі–заман талабы. Бұл бәсекеге қабілеттіліктің қатал қағидаттарының бірі болып табылады. Көптілді білім арқылы өзге елдің тілін білу арқылы өз еліміздің мәдениетін, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын әлемге паш етеміз, өз еліміздің экономикасын көтеріп еліміздің іргесін нығайтамыз. Қазір көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік[4].

Ғалым Н.А. Садуақас зерттеулеріне назар аударсақ, әліпбиіміздің соңғы нұсқасына төмендегідей талдау жасаған екен: Қазақстан Республикасының Президентінің  2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығы бойынша «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізілді. Әліпбидің бұл нұсқасының ерекшелігі-апостроф орнына әріпүсті ноқат алынуы. Әріпүсті ноқат жазуға, қабылданымға оңтайлы екені байқалады. Бұл әліпбиіміздің жетістігі деп білеміз. Әліпбиде бұрынғысынша 32 әріп алынған. Оның ішінде кірме сөздердегі 6 дыбыс (и, в, ф, һ, х, ч), және бір әріппен екі дыбысты таңбалап тұрған екі әріп бар, олар H -[х], [h] және I-[и], [й], сонда барлығы 34 дыбыс таңбаланған. Әліпбидегі 6 дыбыс әріпүсті ноқат арқылы (ә, ө, ү, ғ, ң, у) таңбаланған. Сонымен бірге екі дыбыс қос әріппен (диграф) таңбаланған (Ch- [Ч] , Sh[ Ш]). Қазақ тілінде «Ш» дыбысы жазуда көп қолданылатындықтан, оны екі әріппен таңбалау жазуымызды қиындата түсуі мүмкін деп ойлаймыз. Кезінде профессор Қ.Жұбанов өзі ұсынған әліпбиінде «Ш» дыбысын таңбалау үшін латынның «С» әрпін қолданған екен. Әліпбидің бұрынғы нұсқасында I i -[и], [й] апострофпен берілсе, енді бұл жолы ешқандай белгісіз таңбаланған. Сонда әліпбиде 10-11 қатарда тұрған «і»және «и,й» әріптері ұқсас таңбаланған деуге болады. Бұл жағдай жазуда қиындық келтіруі мүмкін. Жалпы алғанда, әліпби талапқа сай, көңілге қонымды, жазуға ыңғайлы құрастырылған деп айтуға болады. Ғалым Н.А. Садуақас әліпбидің тағы бір артықшылығы туралы: «Бұл әліпбиіміздің қазақ тілінің табиғатына сай жасалғандығының бір дәлелі ретінде кирилл жазуындағы әліпбиімізде 42 әріп болса, енді одан 8 әріп( ё, ц, щ, ь, ъ, э, ю, я) қысқартылған»,- деген пікір айтқан екен[1.156].

Жұртшылықтың қатысуымен өткізілген талқылаулар нәтижесінде әліпби нұсқалары жетілдіріле түсті. «Келісіп пішкен тон келте болмайды» дегендей, енді жаңа әліпбиіміз арқылы ғылыми талапқа сай жаңа емле ережелерімізді де дайындауға барлық мүмкіншілігіміз бар. Енді алдағы уақытта осы жаңа әліпби арқылы жазу емлесі де жүйелі жасалып, қазіргі жазуымызда қиындық келтіріп жүрген мәселелер оң шешімін табады деп ойлаймыз. Ендігі айтарымыз, осы әліпбиіміз еліміздің жазуына арқау болсын, көптілдік мәселесін шешуге де ықпал етсін деп, әліпбиімізге сәттілік тілейміз.


Көптілді білім беру жүйесінде үш тілді, яғни мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау қазіргі қоғамның басты талаптарының бірі болып тұр. Қоғамдық қатынас жағдайында тұлғаның қалыптасу деңгейі адамның қабілетіне, көптілділігіне, оның өзін-өзі жүзеге асыра алуына, бәсекеге қабілеттілігіне және әлеуметтік ұтқырлығына тікелей байланысты. Қазіргі заман көптілділік арқылы қазіргі оқу орындарына жаңа міндет, жаңа талап, жаңа мақсат қойып отыр. Сондықтан кез-келген оқу пәндері бойынша білім беру барысында жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын екі немесе одан да көп тілді білуіне назар аударып, әр пәндегі шетел терминдерін игеріп, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік жасауымыз ең басты қажеттілік болып отыр. Белгілі бір ғылым саласында өз білімін таныта білетін, өмірден өз орнын таба алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін, белсенді ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделіп кететін, көптілді жеке тұлға қалыптастыру міндетін алға тартады. Көптілді білім беру оқу пәндерін бірнеше тілде аудармасыз оқыту, жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым-білім тереңіне бойлап, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең қажеттілік болып табылады.

Кез-келген әліпбидің міндеті графикалық, лингвистикалық, техникалық талаптарға сай болуы керек. Қазіргі таңда латын әліпбиі осы талаптар биігінен көрініп, үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Қазіргі әліпбиімізге байланысты жазуымызда орын алған қиындықтарды түзетіп, тіліміздің табиғи айтылымына қайшы келетін кемшіліктерімізден арылатын кез келді. Әр сөзді бабалар салған жолмен ұлттық үндесіміне қарай айтуымыз үшін жарыса қапталдап кедіргі келтіріп келген ескі әліпбиімізді латын әліпбиіне ештеңеден қорықпай алмастыра салуға мүмкіндік туды. Латын қарпі – өркениеттің жазуы, оқу құралы, өмір талабы [5.20]. Қазіргі жаңа заманда өмір сүріп, білім алу, еңбек ету, белгілі бір мамандықты игеру, т.б. адамның белсенді іс-әрекеттері мемлекеттік тіл мен ағылшын тілінен, оның жазуынан айналып өте алмайды. Латын әріптері өркениеттің жазуы ретінде өмірдің өзі талап етіп отырған басты қажеттіліктердің бірі деп білеміз. Сондықтан жаңа әліпбиге өте байыппен қарап, барлық түйткілді мәселені жан-жақты ойластырып, сөздің дұрыс, сауатты жазылуына нұқсан келтірмей, емледе қайшылыққа жол бермей, тіліміздің ғасыр бойы қалыптасқан талаптарын бұзбай, ерекше дайындықпен көшуімізге барлық жағдай жасалып жатыр. Көптілділіктің мақсаты бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру болып табылады. Көптілділікті мемлекетіміздің болашағы, халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың маңызды құралы деп білеміз.

Қорыта айтатын болсақ, латын графикасы көптілдік мәселесіне жол ашады, көптілді білім беру арқылы шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне еркін қол жеткізе отырып, жастардың болащақта маман болған кезінде де шетелдік әріптестермен кәсіби, ғылыми байланыстарын нығайтуына даңғыл жол ашамыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі, сондықтан жастарға көптілді білім беру бағдарламасы аясында болашақ ұрпақтың әлемдік деңгейде жеткен білімді еркін игеріп, әлемнің қай түпкірінде жүрсе де тіл мәселесінде кедергіге тап болмай, өзін еркін сезінуіне мүмкіндік жасаймыз. Тіл тек қана қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар шетелдік байланыстарды нығайтуға, әл-ауқатымызды дамытуға көмектесетін басты құралдардың бірі болып отыр. Көптілді білім беру – жаңартылған білім талабы, латын графикасы көптілдік мәселесіне жол ашады.


Пайдаланылған әдебиеттер

1. Садуақас Н.А. Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселелері// «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру: жаһандану жағдайындағы мемлекеттік тілдің дамуы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Атырау: «Инфорсервис» баспа орталығы, 2018.-152-157 б.

2.Тіл білімі терминдерінің сөздігі. – Алматы. Фирма «Орнак» ЖШС, 2012. – 338 б.

3.Садуақас Н. А. Қазақ тілін латын қарпіне көшіру – заман талабы// Латынға көшу – өркениетке қадам / Мақалалар жинағы / Құрастырған: Кушкимбаева А., Матжан Ж., – Ақтөбе: Жұбанов университеті баспасы. 2017. – 75-85 б.

4. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас. Оқулық.-Алматы: Сөздік-Солварь, 2005.-272б.

5.Садуақас Н.А. Латын қарпі – өркениеттің жазуы, өмір талабы //Гуманитарлық зерттеу мәселелері (ғылыми мақалалар жинағы). №26. – Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, 2017. – 16-21 б.

















































3


13 Сәуір 2025
85
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі