400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Латыншаға көшудің логикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын әліпбиіне көшудің негізгі тиімді жолдары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сіздің көзқарасыңыз бойынша – латыншаға көшудің терең логикасы.

Қазақ жазуын латын әліпбиі негізіне ауыстыру – әбден пісіп жетілген қазақ тілінің дамуына қажетті мәселе. Әліпбиді ауыстыру – мүлде қаражат шықпайтын шаруа емес. Бірақ, шығынды тым асыра бағалау – бекер сөз. Әліпби ауысқанда бұрынғы кітаптарды өртеп жіберу керек деп ешкім айтпайды. Әліпбиді ауыстырудың ең маңызды, ең салмақты нәтижелері – жаңа әліпби қазақ жазуының кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді деп ойлаймын, тілдің дамуына, қолданысын кеңейтуге күшті әсер етеді, қазақ тіліне айрықша маңыз беріп, қайтадан жаппай оқуға себеп болады.

Латын әріптері негізінде қазақ әліпбиін құрудың бірнеше жолы бар. Енді сол жолдардың қайсысы дұрыс екендігін талқылау керек. Бұлардың арасында көпшілікке ең белгілісі – 34 әріптен құралған ортақ түрік әліпбиінің жобасы ұсынғаны бәрімізге мәлім. Ол жоба Анадолы түрікшесінің әліпбиіне басқа түркі тілдеріне керек болады деген таңбаларды қосу жолымен жасалған. Ортақ әліпбидің бізге өте ыңғайсыз көрінетін тұсы – онда латын әріптеріне қосымша кириллицадан, түрікшеден алынып, қосымша белгі салып жасалған таңбалардың болуында. Жобаға байланысты тағы бір кейбір түсіндірмелерді келтіруге болады. 1. Әр дыбыс жеке әріппен таңбалануы керек деген қатып қалған қағида жоқ, керісінше – қатар жазылған екі әріппен бір дыбысты белгілеу көп елдің жазуларында бар екен. 2. Қазақша оқымай жүрген қазақты ортақ әліпби арқылы өзбекше, түркменше, ұйғырша оқытамыз деген – бос қиял, сондықтан бізге ортақ әліпбиден пайда жоқ делінеді. 3. Қазақ әліпбиі – қазақ тіліне, қазақ жазуына ыңғайлы болуы керек, ең ыңғайлы жазу – таза латын әліпбиін қолдану бол ең бастысы. 4. Қазақ әліпбиін ұтымды, озық түрде жасасақ, бұл біздің латын әріптеріне көшуде кешігі кірегеніміздің есесін қайтаратын, еңсемізді көтеретін, жазуларын әлі ауыстырмаған туысқандарға үлгі болуға жарайтын тамаша іс болар еді. Қазір латынның бірнеше жобасы ұсынылып жүр. Біразында ә, ө, ү дыбыстарының таңбаларын a’, o’, u’ түрінде алу ұсынылып жүр. Мысалға C, Pascal, Delpһy тілінде “A” –  мәні A-ға тең тізбектік айнымалы болса, ’A’ – ның мәні 65 –ке тең сан болады. Демек, бұл таңбаны қабылдасақ, қазақ тілі программалауға болмайтын тілге айналады. Бұны ескерген жөн. Керісінше, оның орнына е әрпін алсақ, е немесе ы әріптері бар кез келген буын жіңішке буын болып шығады деген қағиданы бекітсек, қазақ тілін адамға да, компьютерге де үйрету әлдеқайда жеңілдер еді. ’ таңбасы тыныс белгісі емес әріп екенін компьютерге ұқтыру қиын. Компьютерде сөзге жіктегенде бұл таңба еш уақытта сөзге қосылмайды.

Қорыта келе мұнда дүние жүзінде латынша баспа әріптері үлгілерінің мыңнан аса түрі барлығын және олардың бірден біздің игілігімізге жұмыс істей бастайтынын баса айтқанымыз жөн. Бүгінгі күні бұл мәселе төңірегіндегі жетістігіміз ең дамыған деген баспаларда бар жоғы 20-ға жуық әріп үлгілері болғандығында. Ал қазіргі қазақ жазуының ерекше әріптерін белгілеуді бір жүйеге келтірмегендіктен туындап жатқан проблемалар қаншама! Компьютерді қолданғанда таза латын әліпбиінің ыңғайлы болуы тек қана мәтінді теріп, баспаға дайындауға беретін жеңілдігінде ғана емес, сонымен қатар, таза латын әріптерін қолдануға негізделген программалау тілдерін толық пайдалануға мүмкіндік беруінде.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
406
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі