Lesson study зерттеу сабағы бойынша рефлексивті есеп.
Lesson study- дің басты мақсаты: Оқушыларға білім алуға көмектесу; Білім сапасын арттыру. Топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету.
Зерттеу сабағын жүргізу үшін:
– L.S. зерттеу тобын құрдық. Зерттеу тобында осы бағдарламаны игерген мектеп тренері , тарих пәнінің мұғалімдермен қоса, сынып жетекші және психолог мамандар болды.
– Зерттейтін сыныпты таңдауда, мектептегі № 1 педагогикалық кеңестің шешімімен сапасы төмен көрсеткен сыныпты және пән мұғалімдерімен бірлесе ақылдаса отырып, зерттеуге 6 «ж» сыныбын алдық. Себебі, ол сынып басқа сыныптардан қарағанда Қазақстан тарихы пәні бойынша сапасы төмен болды.
Зерттелетін пәні мұғалімдердің ұсынысы бойынша
-
Қазақстан тарихы пәні деп ұйғардық.
-
Сынып жетекшісі ата –аналар жиналысын ұйымдастырды, олар сыныпты зерттеуге балаларды фото мен видеоға түсіруге рұқсат парағына өз келісімдерін берді.
– Келесі қадам – осы сыныптағы проблеманы анықтау болды. Осы мақсатта осы сыныпқа сабақ беретін негізгі пән мұғалімдері сабақтағы проблемаларын Лессон Стади бұрышына жазып, бірнеше проблемалар анықталды. Одан кейін зерттеуші топтың отырысы болды. Бұл отырыста осы бірнеше проблемадан ортақ проблема шығарылды. Ортақ негізгі проблеманы: «Тарих пәніне деген қызығышулығы төмен»- анықтадық.
– Зерттелетін пән мұғалімі және тарих пәні мұғалімдері, сынып жетекші және психолог мамандар бірігіп, бақыланатын оқушылырды анықтады. Мұнда А оқушысы – сабақты жақсы оқиды, бірақ өзіндегі ақпаратпен бөліспейді. В оқушысы – сабақта үлгерімі ортадан жоғары, мінезі тұйық, бірақ ұқыпты, белсенділік танытпайды, тек сұрағанда ғана жауап беретін оқушы. Ал С оқушысы – деңгейі төмен, сабаққа қызығушылығы жоқ, сылтау тауып сабақтан қалуға тырысып отыратын оқушы.
– Сынып жетекші мен психолог мамандардың көмегімен 6 «ж» сынып оқушыларының деңгейін анықтайтын социометрия құрастырылып, алынды.
– Оқушы үнін ескеру мақсатында олардан сұхбат алынды.
– Проблеманы шешу үшін «Сыни тұрғыдан ойлану арқылы пәнге деген қызығушылығын қалай артыруға болады?» Қолданылатын тәсіл «Кубизм» – деп алдық. деген сұрақтар айналасында талқылау жасалынды.
Зерттеу тобы мүшелерімен бірлесе жоспар жасалынды.Бірлесе жасалынған жоспар бойынша №1 зерттеу сабағы өтілді. Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы.
Зерттеу сұрағы: Неліктен Шыңғыс хан әскерлері Отырарды алты ай бойы ала алмады?
– №1 зерттеу сабағыны талдау жүргізілді, бақылаудағы оқушылардың іс-әрекеті талданып, сабақтың сәтті, сәтсіз тұстарын анықтадық та, сәтсіз тұстары бойынша қайта жоспарлап, №2 зерттеу сабағының жоспарын бірлесе құрдық. Әрине, мұнда «оқушы үнін» ескеріп отырдық. Ал оқушыларды бақылауда мұғалімдердің бақылау дағдысы қалыптасқанша бір оқушыны бақылайтын екі бақылаушы болды.
– Осы қадамдар бойынша №3 зерттеу сабағын да бірлесе жоспарлап, №2 зерттеу сабағының сәтсіз тұстарын ескеріп, қайта жоспарлап өткіздік.
№1 зерттеу сабағы : Сабақтың тақырыбы: : Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы. Зерттеу сұрағы: Неліктен Шыңғыс хан әскерлері Отырарды алты ай бойы ала алмады?
Сабақта әр түрлі заманауи әдіс –тәсілдер пайдаланды. Нәтижеде, А оқушысы – өз деңгейінде жауап берді, ал В оқушысы – түсінгенін жазғанымен, мәтінге тақырып қоя алмады. С оқушысы – өз ойын, түсінігін жаза алмады. Сабақтан кейін, бақылаудағы оқушыларлардың сұхбаттарынын «Карта сөйлейді» әдісінде қобалжып, өз ойларын білдіре алмағанын байқадық, келесі сабақта оқушыларды орнында отырып жауап беретіндей әдіс таңдау қажеттігін білдік. Сөйтіп, « Тұлғаны таны» әдісін қолдануды жоспарладық.
№2 зерттеу сабағына тоқталсақ, Сабақтың тақырыбы: Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы.
Зерттеу сұрағы: Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды? Жоспарды зерттеу тобында тағы да талқылап, қайта жоспарлап, соңғы жоспар бойынша сабақты өткізілді. Оқушылар бақыланды. Жоспарлағанымыздай оқушылар орнында отырып жауап бергендіктен, оқушыларды қобалжу болмады. Бұл сабақта жаңа тақырып аз бөліктерден жұптарға бөлініп берілді. Жұптағы 1-ші оқушы мәтінді оқып, жұбына: «Сен қалай ойлайсың, суретте не туралы айтып тұр?» немесе «Мәтінде нені әңгімелеп тұр? деген сияқты сұрақтар қойды. Ал 2-ші оқушы түсінгенін өз сөзімен айтты, ал 1-ші оқушы 2-шіге «Өте жақсы түсініпсің, жарайсың!», «Жақсы, бірақ, түсінгеніңді өз сөзіңмен айтып үйрен!» деген сияқты кері байланыстар берді. Сабақта оқушылар бірін-бірі тыңдап, қызығушылықпен жұмыс жасады. Бұл сабақта оқушыларда ой еркіндігі пайда болып, ойларын дұрыс тұжырымдар айтуға тырысты. Мәтінмен жұмыс жасағанда «Интервью» әдісінің тиімділігін байқадық. А оқушысы – жұбымен ынтымақтаса жұмыс жасаса, В оқушысында белсенділік пайда болып, қолын көтеріп сабаққа қызыға қатыса бастағанын байқадық. Сол сияқты С оқушысының да сабаққа қызығушылығы оянып, сабаққа қатыса бастағаны сабағымыздың сәтті жағы болса, сәтсіз тұстарына кей жұптардың (деңгейлері әртүрлі) деңгейі жоғары оқушы көшбасшылықты өз қолына алып кеткені, мәтіннің мазмұнын айтуда С оқушысы ойын жеткізе алмағанын айтуға болады. Осы сәтсіз жақтарын келесі сабақта қарастыру қажеттігін білдік.№3 зерттеу сабағы. Сабақтың тақырыбы: «Қасым хан тұсында қазақ хандығының күшеюі» Бұл сабақта « Ролдік ойындар» әдісін қолдандық. Оқушылар 1-ші тапсырма орындады. Осы тапсырманың орындалуын мәтіннен оқыды. Тапсырманың 1-ші орындалуы мәтіннің мағынасын түсінуге үлкен көмегі болды. Нәтижесінде оқушылар интерпритациялық тапсырмаларды жеңіл және қызығушылықпен орындады.. Сабақты бекіткенде, «Кубизм» тәсілі арқылы тапсырмалар беріліп, оқушылардың қызығушылығын арттырдық. А оқушысы – жұпта жұмыс жасап, өзіндегі ақпаратпен бөлісуді үйренді. В оқушысында белсенділік пайда болып, ойын қысылмай еркін айтуға үйренді. Ал С оқушысының сабаққа қызығушылығы оянды. Жалпы, осы үш сабақты қорытындыласақ, сабақтардан байқағанымыз оқушыға жай ғана мәтінді оқу тапсырмасын беріп қана қоймай, сөйлеу,өз ойын жеткізу, рөлдік ойындар, цифрлық ресурстар қызықтыру арқылы дағдысын қалыптастыратын әдістерді таңдай білу қажеттігін түсіндік. «Әр бала – жұлдыз» – демекші әр оқушыға өз деңгейінде білім қалыптастыру үшін бір циклмен шектелмей, келесі циклдарды ұйымдастыру қажеттігін түсіндік.
Сонымен, L.S. зерттеу сабағының тиімділігі:
-
Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.
-
Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.
-
Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.
-
Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.
-
Мұғалімдер кәсіби педагогикалық білімін дамытады.
-
Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.
-
Мұғалімдер білімның ғылыми мағынасына түсінеді және зерттеушілерге айналады.
-
Оқушының оқуы жақсарады.
-
Функционалдық сауаттылығы дамиды.
-
Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.
-
Оқушының сыни ойлану арқылы пәнге деген қызығушылығы артты.
Біздің бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған еді. Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік.
Лессон Стади оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.
К. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» дегендей ізденісімізді тоқтатпайық.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Lesson study бойынша рефлексивті есеп

шағым қалдыра аласыз