Материалдар / Lesson study-дене шынықтыру сабағында қолдану жолдары

Lesson study-дене шынықтыру сабағында қолдану жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Lesson study зерттеу сабағы оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагагогикалық тәсіл, яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттыруда тиімді тәсіл екенімен танысқаннан кейін, рефлексивтік-практик ретінде осы зерттеу сабағын тәжірибеге енгізсек, өзіміздегі өзекті проблеманың шешуін табады[1].
Авторы:
29 Наурыз 2025
87
0 рет жүктелген
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Алматы қаласы Алатау ауданы

Picture 1152 мектеп-гимназия

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Қапбаров Азиз Талғатұлы

педагог-модератор





«Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды

әрекетке айналдырған қиынның қиыны»

Иоганн Гете

Lesson study-дене шынықтыру сабағында қолдану жолдары

Lesson study зерттеу сабағы оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагагогикалық тәсіл, яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттыруда тиімді тәсіл екенімен танысқаннан кейін, рефлексивтік-практик ретінде осы зерттеу сабағын тәжірибеге енгізсек, өзіміздегі өзекті проблеманың шешуін табады[1].

Белсенді оқыту дегеніміз, оқушының мұғалімді тыңдап қана қоймай, оқу-үйрену процесіне көбірек қатысуын талап ететін жол. Белсенді оқытудың басты белгілері – баланың танымдық белсенділігі деңгейінің қарқынды жоғарылау, тұрақты дамуы. Оқытудың белсенді формалары мен әдістері оқушылардың оқу материалын игеру кезеңдеріндегі іс-әрекеттерін ынталандырады және оқу процесін талқылау, жоспарлау, бағалау, сондай-ақ, топтық жұмыстарға белсене араласудан құралады. Дене шынықтыру бағдарламалары мұғалімді білім алушылардың дербес ерекшеліктерін ескеруге бағдарлайды:

- «артта қалушы» қимыл-қозғалыс сапаларын басымдылықпен дамыту;

- «жетекші» дене сапаларын дамыту;

- қимыл-қозғалыс сапаларын жан-жақты және ұтымды дамыту.

Міндеттерді табысты шешу білім беру процесін ұйымдастыруға байланысты, онда оқытудың белсенді формалары мен әдістері шешуші орын болады. Белсенді оқыту оқу материалын игерудің барлық кезеңдеріндегі білім алушының іс әрекеттерін ынталандырады[2].

Дене шынықтыру пәнінен 8 сыныпта «Ойын құрылымы. Допты ойынға қосу әдісі» тақырыбында LESSON STUDY сабағы өткізілді.
Lesson study- дің басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің дамуына ықпал ету. Зерттеу барысында А, В, С деңгейлі оқушыларды зерттеу тобының мұғалімдері бақылады. Сабақтың мақсаты
кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсіндіру және көрсете білу. Сабақ барысында жалпы дамыту жаттығулары жасалынды. Зерттеу әдістері: ғылыми-әдістемелік әдебиеттер сараптамасы, педагогикалық бақылау, дене дайындық сынықтарын қолдау, жеке тұлғаның волейболдағы психологиялық ерекшеліктері мен әрекеттерін зерттеу әдісі.

Волейбол ойынының техникалық элементтері:

- Бастапқы қалып (ойыншының тұрғысы);

- Допты ойынға қосу;

- Допты командалас серігіне беру;

- Шабуылдау соққылары;

- Тосқауыл қою; әр түрлі секіру түрлері, допқа қарай ұмтылу, құлау.

І тапсырма: Волейболшының тұрысы.

Жаңа ойнай бастаған оқушы-волейболшылар үшін дұрыс тұрудың (бастапқы қалыптың) маңызы зор. Бастапқы қалыптың көптеген түрі бар. Дегенмен, ең тиімдісі «орташа тұрыс» болып табылады. Тұрыс немесе тұру – ол ойыншыға кез-келген ойын әдісін орындауға мүмкіндік беретін бастапқы қалып. Сондықтан ең алдымен ойыншыларды ойын әдісіндегі бірінші деңгей тапсырмасын орындауға дағды қалыптастыру болып табылады.

ІІ тапсырма: Орын ауыстыру.

Жаңа ойын барысында ойыншы алаң ішінде орын ауыстырып жүруіне тура келеді. Орын ауыстыруға мынадай қимылдар енеді:

Қадамдар жасау – тік тұрған ойыншы әртүрлі бағытта ілеспелі (қосалқы) қадамдар жасайды, алға, артқа, оңға, солға, аттау және екі қадам жасау;

Секіріп қалу (секектету) – бұл екі қадам жасау, қимылдың соңына қарай алаң ішінде белгілі бір бағытта тез жүгіріп орын ауыстыру;

Жүгіру – басқа қалыпқа көшу үшін, яғни ойын тәсілін орында мақсатымен алаң ішінде белгілі бір бағытта тез жүгіріп орын ауыстыру;

Құлау – ойыншы өз қимыл-әрекетін өрістетуге, дәлірек айтқанда, өте қиын сәтте допқа тез жақындауға көмектесетін тәсіл: құлау доппен тікелей кездескеннен кейін ғана жүзеге асады, осыдан кейін ойыншы жаңа бастапқы қалыпқа келеді; Секіру – қатты секіруден соң орындалатын ерекше қимыл. Осы қимылдарды орындауда «А», «В», «С» деңгейдегі оқушылардың қимыл әрекеттері басты назарға алынып, топтағы достарының бір-біріне көмек беруіне мұғалім ықпал беріп отырады.

ІІІ тапсырма: Допты ойынға қосу.

  • Допты төменнен тура беру арқылы ойынға қосу.

  • Допты төменнен бір жақ жанына ойынға қосу.

  • Допты жоғарыдан тура беру арқылы ойынға қосу.

  • Допты жоғарыдан бір жақ жанына ойынға қосу.

  • Допты айналып ұшатын және айналмай ұшатын етіп ойынға қосу.

IV тапсырма: Допты беру әдістері.

Тікелей шабуылдау соққысы – үш қадам жасап барып орындалады, бұл кезде ойыншы доппен секірудің барлық үш кезеңінде де, мысалы: ойыншы денесінің ұша бастау сәтінде, ұшудың жоғары нүктесінде және оның төмен түсу сәтінде кездесе алады.Бір жақ бүйірден шабуылдау соққысы оны орындаудың техникасы өте күрделі және ол ерекше шеберлікті талап етеді.

V тапсырма: Тосқауыл қою.

Тосқауыл қою – қарсыластың шабуылдау соққысынан соң доптың ұшына кедергі жасау мақсатымен тордың үстіңгі деңгейіне қолды қарсы тосу. Бұл қорғаныс әрекеті кей жағдайда қарсы шабуыл жасау тәсілі болып табылады. Тосқауыл жасауды бір, екі, кейде үш ойыншы бірігіп жүзеге асыра береді.

Волейболшылардың оқу жаттықтыру процесіндегі техникалық дайындықтың ерекшеліктері.

Ойынның техникасы мен тактикасын оқыту бір-бірімен тығыз байланысты жүреді. Техникалық дайындықтың негізгі міндеті оның әртүрлі жағдайларында жоғары дәлдікке жету үшін барлық техникалық тәсілдерді игеріп, оларды одан әрі жетілдіре түсу болмақ. Волейболда төрт техникалық тәсіл бар: допты бір-біріне беру, ойынға қосу, шабуылдай соғу, тосқауыл қою. Техникалық даярлықтың басты міндеті - жарыс барысында қорғаушыларды ойынды дұрыс жүргізуге үйрету. Бұл міндетті шешу үшін жекелей топтық және командалық әрекеттерді үйреніп, кездесудің тактикалық жоспарын дұрыс жасап, оны жүзеге асыра білуді қалыптастыру керек. Шынығудың техникалық және тактикалық даярлықтың өзара байланысы және тәуелділігі ойыншылар техникасының негізгі тәсілдерін меңгере бастаған алғашқы сабақтардан-ақ жүзеге асыруы қажет[3].

Тактикалық дайындықты дұрыс іске асыру үшін төмендегідей міндеттерді орындау керек:

· қазіргі кездегі өзі айналысып жүрген спорт түрінің тактикалық тәсілдер негізін оқу, үйрену, тиімді пайдалана білу;

· мықты спортшылардың тактикалық тәжірибесімен танысу;

· өтетін жарыстардың ережелерін, шарттарын, қарсыластарының мүмкіншілктерін зерттеу (уақыты, жарыс өткізілетін орын т.б.)

· жарыстың тактикалық жоспарн жасау;

· тактикалық тәсілдерді, оларды орындау жолдарын тәжірибе жүзінде меңгеру;

· қарсыласына психологиялық басымдылық көрсете алу шеберлігін қалыптастыру, оны ыңғайсыз жағдайда жарысуға мәжбүр ету[4].

Спорттық тартымдылығы – бәсекеде. Спорттық жекпе-жек техникалық шеберлікті жетілдірудің тамаша ынталандыру жолы. Ол әркімге күрес қуанышын сыйлап, әсіресе жасөспірімдерді қызықтырады. Спорттық ойындармен айналысу – тек дене тәрбиесінің ұтымды жолы емес, жастарды пайдалы, қызғылықты іске тартудың да тимді түрі. Адам ойын үрдісі кезінде жоғары эмоциялды жүктеме және үлкен қуанышқа бөлініп, қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде волейбол ойынының маңызы зор.

Оқушылар қажетті дағдыларды жетілдіре отырып, өз бетінше үнемі дене шынықтырумен айналысып отырса денсаулықты сақтауға, көңіл күйін көтеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар[5].











Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Wragg, E.C., Wikely, F., Wragg, E., & Haynes, G. (1996). Teacher appraisal observed [Мұғалімнің қадағалауы және талдауы]. London: Routledge.

  2. БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА (5-9-СЫНЫПТАРДА) «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» ПӘНІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР. Астана, 2018 ж.

  3. Иванов Г., Қарақов А.. Дене тәрбиесі. - Алматы: Рауан, 1991.

  4. Демьяненко Ю.К. Физическая подготовка. - Москва: Военное издательство, 1987.

  5. Сарсания С.К., Селуянов В.Н. Физическая подготовка в спортивных играх.-М.; 1991.



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі