2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Логикалық амал-тәсілдер арқылы оқушылардың тілін дамыту

Логикалық амал-тәсілдер арқылы оқушылардың тілін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Логика- адам ойлауын өзінің нысанасы ретінде қарастылған ғылым. Алайда оны философия, психология, әлеуметтану, кибернетика, жоғары жүйке қызметінің физиологиясы және басқа ғылымдар да қарастырады. Қазақ тілінің теориялық болмысын қазақ тіл білімінің негіздері арқылы танып жатқан мектеп оқушыларының ойлау заңдарын қазақ тілін оқу-оқыту үдерісінде дамыту, сол арқылы логика мен қазақ тілін оқытуды байланыстырудың жолдарын зерделеу осы жұмыстың мақсаты болып қойылды.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

28 жалпы орта білім беретін мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нуржанова Эльвира Сейткаримовна


Логикалық амал-тәсілдер арқылы оқушылардың тілін дамыту



Логика- адам ойлауын өзінің нысанасы ретінде қарастылған ғылым. Алайда оны философия, психология, әлеуметтану, кибернетика, жоғары жүйке қызметінің физиологиясы және басқа ғылымдар да қарастырады.

Қазақ тілінің теориялық болмысын қазақ тіл білімінің негіздері арқылы танып жатқан мектеп оқушыларының ойлау заңдарын қазақ тілін оқу-оқыту үдерісінде дамыту, сол арқылы логика мен қазақ тілін оқытуды байланыстырудың жолдарын зерделеу осы жұмыстың мақсаты болып қойылды.

Қазіргі уақытта қазақ мектептерінде ана тілін оқытудың жаңа бағыттары мен жаңа арналарын іздестіру мәселесі күн тәртібіне өзектілікпен қойылып отыр. Қазақ тілін дәстүрлі жүйеде оқытудың олқылық тұстары анықталып, оны болдырмаудың, әдістемені ғылымын сапалы деңгейге өсірудің сан-сапалы жолдары айқындалып келеді. Соның бірі ретінде оқушылардың ойлауын дамытуда логикалық ойлау мәдениетін дамыту мәселесі өзекті болып табылмақ.

Қазақ тілін оқытуда тіл дамыту, тіл ұстарту, шешендікке баулу сабақтары логиканың амалдарын игертуге негізделеді. Мысалы, сөз тіркесі синтаксисін оқытудаоқушылар таныған заңдылықтарын баяндауы мен оларды дәлелдеуде, ережелер менжаттығулар орындауда өз ойларын жүйелі, дәлелді және сендірерліктей етіп баяндауы арқылы теориялық білім мазмұнын қаншалықты меңгергенін көрсетеді.Дамыта оқытуда оқушылардың себеп-салдардың байланысын тануға үйретудің орны үлкен. өйткені, тіл жүйесіндегі тақырыптар бірінен екіншісі туындап жатады. Мысалы, сөздердің байланысу тәсілдерін үйретуден сөздердің байланысу түрлерін түсіндіру мәселесі туындайды.

Құбылыстың себеп-салдарын іздеу оқушының теориялық ұғым жасай алуға қажетті болатын маңызды қабілеті. Бұл ретте біз оқушыларға сөз тіркесі мүшелерінің байланысу тәсілдері мен түрлерінің ішкі қасиетін аңғарту мақсатымен компоненттік талдау бойынша нақтылайық. Мысалы: «күміс ер» деген сөзге анықтама ұғым береді.

1. Күміс ер: ұғымы, мазмұны

1. Күмістелген, күміспен көмкерілген зат.

2. Бағалы металл.

3. Заттың сыны.

4. Күміс бұйым.

2. Ер: ұғымы, мазмұны.

1.Атқа отырғанда астына салатын құрал.

2. Ағаш пен теріден өрнектеліп жасалған атқа салатын (ерттейтін) жабдық.

3. Күміс және ер сөздерінің орын тәртібі тәсілі арқылы қабыса байланысуқан ат әбзелі.

Талдауда әрбір жекелеген атау сөздің ұғымдық анықтама жасайтын танымдық тәжірибесін игере отырып, оқушы сол тәжірибенің көмегімен жаңа таным нысанын меңгертудің әдістері мен заңдарын игеруге бағыт алады. Сөйтіп, логикалық ұғым, пайым,ой қорытындылары адамның шындықты тануының нәтижесі мен олардың қасиеттерін, қызметі мен ерекшеліктерін игеруге негіз болатын ойлау әдісіне айналады. Ойлау – тіл арқылы хабарланады.

Логикалық амал-тәсілдер, логикалық ұғымдар мен категориялар оқытуда таза түрдегі жүйесі байқала бермейді. Ол сабақта ұйымдастырылатын оқу-оқыту әрекеттерінде араласыпта қолдана алады. Сондықтан біз логикалық амалдарды сөйлеу әрекетін үйрету үдерісі ретінде қарастырамыз.

Тұжырымдағанда, кез-келген ұғымын қай түрге жататынын анықтау үшін, оған логикалық сипаттама беру керек. Айталық, «Қазақстан» деген ұғымға логикалық сипаттама былай беріледі: ол – жекеше, нақты, оң және қатыссыз ұғым. Ұғымдардың мұндай логикалық сипаттамасы олардың мазмұны мен көлемін анықтап, олардың білдіретін сөздерді мүмкіндігінше дәлірек қолдануға көмектеседі.

2. Логикалық ой тұжырымдарын және индукция, дедукция, аналогиялық қорытындыларды жасауға жаттықтыру

Келесі қарастыратынымыз - ойлаудың ой тұжырым пішіні. Ой тұжырымының бір пайымдаудың екіншісімен байланысуы негізінде пайда болатындығы туралы жоғарыда айттық. Ой тұжырымы - оқушылардың интеллектуалдық амалдың күрделі түрін меңгеруі барысында жасалады, мұғалім оны әрдайым есінде сақтауы тиіс. Ой тұжырымының құрылымы мынадай болып келеді: 1) алғы шарттары болады; 2) қорытындысы болады; 3) дәнекері болады. Мұндағы алғышарттар дегеніміз - жаңа пайымдаулар жасалуына негіз болатын пайымдаулар.

Қорытынды дегеніміз – алғы шарттардан жасалған пайымдаулар. Дәнекер дегеніміз - алғы шарттар мен қорытынды арасындағы мағыналы байланысты көрсететін, алғышарттардан қорытындыға өту жолын көрсететін жалғаулық. Оқушыларға ой тұжырымын жасауды таныту мен үйретуді мына мысалды талдаудан көруге болады:

1-мысал: Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестік толықтауыштың қатынасты білдіреді.«Отанды сүю» - меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркесі.Ендеше, «Отанды сүю» деген сөз тіркесі толықтауышты қатынасты білдіреді.

2-мысал: Ілік септікті сөз бен тәуелдік жағауы сөздің байланысуы матасуды білдіреді.«Білімнің көзі» сөз тіркесі — ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысып тұрады. Ендеше «білімнің көзі» матаса байланысқан сөз тіркесі.Берілген мысалдарды оқушыларға мынадай символдар арқылы формулалауға үйретіледі:

Сондай-ақ оқушыларға ой қорытындыларын мәтін бойынша да игертуге болады.

3.Мәтіннің қорытынды бөлімін ажыратып танытуға үйрету.

Мәтіннің соңғы бөлімінде үш түрлі ой қорытындысының бірі жасалады. Олар: индуктивті, дедуктивті және аналогиялық.

Оқушылар мәтіндегі сөйлемдерді пайдалана отырып, субъект пен предикаттың қатынасын баяндайтығын, хабарлайтындаған, суреттейтіндігін анықтайды. Осы әрекеттер арқылы түрлі пікірлерді салыстырады, талдайды, соның нәтижесінде жеке не жалпы ой қорытындысын жасайды.

Индуктивті ой қорытындысын жасауға үйретуде жеке деректер мен құбылыстарды зерттеп, тексеруге сүйене отырып, жалпы заңдылықтар мен ережелер шығару жолы игеріледі.

3. Шығармашылық қабілетті жетілдіретін жаттығулар. Баланың қиялын, шығармашылығын дамыту тапсырмалары «берілген сөзден сөйлем құра» немесе «берілген суреттен әңгіме құра» деген сияқты ойды жаттықтыру қызметін атқарады. Шығармашылық қабілетті дамыту үшін бала ойдан шығарып, соны сезініп қуанатындай болуы керек.

Шығармашылық қабілетті жетілдіретін жаттығулар мәтінді құрастыруға үйрету әдістері арқылы жүргізіледі. Мәтінді құрастыруға үйрету әдістеріне мыналар жатады.

1. «Ұйқас сөздер мәтінін құрастыруды» оқыта-үйрету әдісі;

2. «Теңеу сөздер тіркесін құрастыруды» оқыта-үйрету әдісі;

3. «Жұмбақ мәтіннің құрастыруды» оқыта-үйрету әдісі;

4. «Сурет бойынша сипаттау мәтінін құрастыруды» оқыта-үйрету әдісі;

Мәтінді құрастыру арқылы жүргізілетін жұмыстар арқылы оқушыныңшығармашылық ойлау қабілетін жетілдіруге, өз ойын жүйелеп, байланыстырып жазуға үйретуге болады.

Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорында көбінесе зат есім, етістік болады да, сын есім, үстеу, есімдік сияқты сөз таптары сирек кездеседі.Сондықтан да байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысында заттың түр-түсін, пішінін, әр түрлі белгілерін бейнелейтін сөздерді (сын есім) қолдануға үйретудің маңызы зор. Сын есім сөздер арқылы қоршаған ортадағы заттың ерекше белгілері ашыла түседі. Құрастырған мәтінінде көркем сөздерді дәл тауып қолдану сөйлеудің мәнерлігіне жатады. Сөйлеудің мәнерлігін, көркемдігін жақсарту үшін салыстыруды үйрету керек. Сол себепті де заттың белгілерін салыстыра отырып, теңеу сөздер тіркесін құрастыруға, оны

сөйлемдегі ойға байланысты логикалық қисынды сөйлеуге жаттықтырады.

Логикалық білімдер деп ойлаудың логикалық амалдары мен қалыптары,

тәсілдері, ғылыми танымның жалпы әдістері, ғылым негіздерінің табиғаты

туралы білімдер жиынтығы ретінде түсініледі. Бұларсыз қазақ тілін оқыту

үдерісінде оқушылардың оқу танымдық қызметі жетіле алмайды. Анықтама

арқылы тани білу, пайымдаулар, индуктивті және дедуктивті ой қорытулар

жасау, олардың дұрыстығына көз жеткізуі, т.б. яғни бұл білімдердің барлығы да

сөйлеу әрекетіне, тіл білімдерімен біте қайнасып жатады. Сондықтан тіл білімі

негіздерін игерумен бір мезгілде логикалық білімдермен және ғылыми

танымның жалпы әдістерімен құралдану да жүзеге асырылады.

26 Наурыз 2025
75
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі